«ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі



жүктеу 144.42 Kb.
Дата16.10.2017
өлшемі144.42 Kb.


«ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2015 ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі – қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни конфессиялар арасында өзара сыйластықты, ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторинг, талдау және болжау жасап, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттауды, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын, Үкімет бағдарламаларын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыс әкімдерінің ішкі саясат мәселелері бойынша қабылданған шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, 2015 жылы төмендегідей жұмыстарды атқарды.
Жолдауды насихаттау жұмыстары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша Жаңаөзен қаласы және Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарында ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, құрамы жергілікті мекеме басшылары, қала әкімінің орынбасарлары, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар төрағалары, ауыл, қала ақсақалдары, орган басшыларынан жасақталды.

Осы топтардың 2014 жылдың аяғы мен жыл басынан бері қалалық деңгейде 45 кездесуі өтті. Жиналыстар мектеп ғимараттарына, мәдениет орталықтарында, мекеме ғимараттарында білім саласы қызметкерлерімен, коммуналдық сала қызметкерлерімен, арнаулы оқу орындарының қызметкерлері және студенттерімен, медицина саласы қызметкерлерімен, банк бөлімшелері қызметкерлерімен, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның және оған қарасты басқармалары қызметкерлерімен, 4 мұнай өндіру жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжымдарымен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, әділет басқармасы, қалалық зейнетақы төлеу орталығы, қалалық мұрағат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен, салық басқармасы, СЭС, ХҚКО қызметкерлері, өнер ұжымдарымен, байланыс саласы қызметкерлері, қала кәсіпкерлері, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және еңбек ардагерлері және ақсақалдарымен өткізілді.

Жиналыстар барысында сауалнамалар алынып, буклеттер таратылып, слайдтар арқылы Жолдаудың басым бағыттары көрсетілді. Жолдауды насихаттау бойынша әдістемелік құралдар жасақталып, таратылды.

Әр кездесуге жергілікті телеарна, газет, облыстық газеттердің меншікті тілшілерін шақырып, шаралар БАҚ-тың беттерінен көрініс тапты. Осындай жұмыстардың нәтижесінен, «Жаңаөзен» газетіне және «Қазақстан Жаңаөзен» телеарнасында барлығы 30-дан астам мақала мен түсірілімдер жарияланды. Барлық жиналыстар нәтижесінде ақпараттық-насихаттау топтарының кездесулерінде 10 000-нан астам адам қамтылды.

2015 жылы 30 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына өзінің жолдауын жариялады. Бұл жолдау қазіргі күнге дейін Жаңаөзен қаласының активтері, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінде (қала мектептері), «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның қызметкерлерімен кездесуде, «Жанарыс» ЖШС-і, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі, медицина саласы қызметкерлері (№1,2 емхана), мәдениет, әділет, спорт, азаматтардың хал ахуалын тіркеу бөлімдері арасында 6 кездесу өткізіліп, насихатталды.

Сондай-ақ , ағымдағы жылдың 15 маусымы күні Жаңаөзен қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы – ұлт жоспарын насихаттау бойынша жиын өткізілді. Жиын «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының бірінші орынбасары Ғ. Байжановтың төрағалығымен өтті. Аталған жиынға қала активтері – мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, кәсіпкерлер, ардагерлер мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысты. Бұл салтанатты жиналыста Теңге ауылының әкімі Ү. Максимов, «Жаңаөзен қалалық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р. Мұхашева, Ардагерлер ұйымының төрағасы Қ. Бекмағанбетов өз баяндамаларын оқып, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының маңыздылығын атап кетті.

Жоспар бойынша жиын соңында 26 сәуір күні өткен ҚР Президенті сайлауына зор үлес қосқан бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Елбасымыздың «100 нақты қадам» атты 5 институционалдық реформасын түсіндіру мақсатында қала мен ауылдарда ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, кездесулер кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес білім саласы қызметкерлерімен, коммуналдық сала қызметкерлерімен, арнаулы оқу орындарының қызметкерлері және студенттерімен, медицина саласы қызметкерлерімен, банк бөлімшелері қызметкерлерімен және мұнайшылар арасында барлығы 15 жиналыс өткізілді.

Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау бойынша

2015 жылы 4 маусым күні - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні атап өтілді. Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мақсатында қала әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында салтанатты жиналыс өткізілді. Сондай-ақ, қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен мерекеге орай патриоттық флеш-моб акциясы ұйымдастырылды. Онда 100-ге жуық жастар қатысты.

Осы шара Жаңаөзен қаласына қарасты үш ауылда өз жалғасын тауып, ҚР Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау бойынша шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиналыс өтіп, құттықтаулар, Рәміздердің маңыздылығы туралы ақпараттар берілді.

Қала көшелеріне Мемлекеттік Рәміздер тақырыбында билбордтар жасақталып, кермелер ілінді, олар ұдайы түрде жаңартылып отырады.

2015 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік мекеме, органдар ғимараттарында ораналасқан ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің дұрыс орналасу, стандартқа сай болуына байланысты бір облыстық және бір қалалық тексеріс өткізілді. Барлық тексерулер ойдағыдай өтіп, стандарттарға сай екенін көрсетті. Бөлім тарапынан барлық мемлекеттік мекеме және органдарға ҚР Мемлекеттік Рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалау бойынша телефонхаттар, ескертулер ұдайы жолданып отырды.

Сонымен қатар, барлық мекемелерлерде Мемлекеттік Рәміздердің дұрыс орналасуын қадағалау, ауыстыру, жою бойынша комиссиялар жұмыс жасайды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы
«Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» МКҚК 10 жылдың үстінде қаламызда жастар саясатын жүзеге асырып келе жатқан жалғыз мекеме. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-мәдени, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жыл сайын қарқынды жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мекемеде 12 адам қызмет атқарады.

2014 жылы орталықта жоспарға сәйкес 12 ай ішінде 120-ға тарта іс-шаралар ұйымдастырылып, оған барлығы 15500 жас тартылды. Ал ағымдағы жылы 200 іс-шара өткізіп, шара барысында қамтылған жастар саны 22338 азаматқа жетті. Қаламызда түрлі бағытта, алуан мақсатта жұмыс жасайтын «Азаматтық бастама», «Кең дала», «Патриоттық бастама», «Бақ Жұлдыз», «Жарқын сәуле», «Бала қазына», «Ана мен бала», «Тұтынушылар құқығын қорғау», «Желтоқсан», «ІТ-Дем», «Ақ ниет», «INTEGRAL-SK», «Мұнай тамшылары», «Қанағат», «Мүгедектер мен зағиптар орталығы», «Батыс барысы» ҮЕҰ-ры бар.

Жастар және дін тақырыбында да мектеп пен колледж қабырғаларында үнемі кездесулер мен жиындар өтіп тұрады. Оған қаламыздың жастар қоғамдық бірлестіктері, партияның қалалық филиалының өкілдері, қалалық мешіт пен ішкі істер басқармасының өкілдері де қатысып тұрады.

Жалпы, Жаңаөзен қаласында қазіргі кезде 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 38 340 адамды құрап отыр. Ауыл жастары - 7290 адам. Жылдың соңына қарай жастар саны 38745, оның ішінде қала жастары 7225 құрап отыр.



Жыл басынан бері тіркелген жұмыссыз жастардың жалпы саны 1235 адам, соның ішінде қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға – 558, жастар практикасына - 155, тұрақты жұмысқа - 131 адам жіберіліп, жұмыс істеуде.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тоқталар болсақ, 2013 жыл бойынша 5 маман, 2014 жылы 5 маман жұмысқа жолданды. Биыл да жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 6 дәрігер және 12 мұғалім мамандықтары бойынша мамандар жұмысқа орналастырылды.

Жаңаөзен қалалық жастар орталығына 2014 жылы жергілікті бюджеттен барлығы 51 162 000 бөлінсе, оның ішінде 18 900 000 теңгесі іс-шараларға жұмсалды. Ал 2015 жылы Жастар орталығы 29 839 000 теңгеге қаржыландырылып, оның 13 955 000 теңгесі іс-шараларға жұмсалды.


Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асыру туралы
Бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып келетін "Жасыл ел» бағдарламасы үстіміздегі жылдың 10 маусымы күні бастау алды. Қаламыздың 200 жасы 2 ай бойы қаламыздағы «Өркен», «Көктем», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», «ЗА» шағын аудандарында және қалаға қарасты елді мекендерде орналасқан үйлердің кіреберісіне және айналасына тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Биылғы «Жасыл ел» бағдарламасына қалалық әкімдік тарапынан аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3,750 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 3, 925 млн. теңге бөлінді. Барлығы маусым-шілде айларында екі кезең бойынша 250 бала жұмыспен қамтылып отыр.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссия жоспар бойынша жұмыстарын жасайды. Өткізілген комиссия отырыстарында күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, шешімдері орындалды.
Дін мәселелері жөнінде
Біздің ел көп ұлттың Отаны бола білген зайырлы мемлекет болғандықтан, діни ахуал қашанда басты назарда. Сондықтан да бүгінгі таңда біздің елде конфессияаралық, дінаралық татулық орнап, дәстүрлі діндер зор қолдауға ие болуда. Елбасының бұл бағытта жүргізіп отырған саясаты барысында бүкіл әлемге үлгі боларлық жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.

Кейінгі жылдары Қазақстан әлемдік деңгейдегі діни мәселелерді үлкен мінберге шығарып қана қоймай, оны шешу жолында аянбай күш жұмсап келеді.

Бұндай бағыттағы жұмыстар Жаңаөзен қаласында да жүзеге асырылып отыр.

Ислам дініне қатысты керағар пікірлердің қалыптасуымен тұрғындардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің өзге ағымдағы діндерге кіріп кетуіне, алдымен, көпшілік арасында діни сауаттылықтың төмендігі болып отыр. Осыған байланысты қала әкімдігінің алдына қойып отырған негізгі мақсаты – жасөспірім буынды адасушылықтан сақтау, оның алдын алу, өзгенің жетегінде кетуден абай болуға шақыру.

Ақпараттық-насихат тобының бекітілген кестесі бойынша қаладағы жастар мен жасөспірімдер арасында, арнаулы оқу орындары және орта мектептерде аталған мәселелер бойынша дәстүрлі түрде кездесулер ұйымдастырылады. Онда Ислам діні туралы айтылып, діни секталардың іс-әрекеттері, мақсат-мүдделері жайында түсінік беріліп, көкейлеріне түйген сұрақтарына жауап беріледі. Бұл кездесулерге имамдар, құқық қорғау және мемлекеттік мекеме өкілдері, «Нұр Отан» партиясының ЖҚФ, ҮЕҰ-дар төрағалары, ардагерлер мен жастар ұйымдары өкілдері тартылады. 2015 жылдың 12 айы бойы барлығы тұрғындармен 67 кездесу өтті. Ондағы қамтылған адамдар саны 9000-ға жуық.

Сонымен бірге, қаладағы арнаулы және жалпы білім беру ұйымдарында тұрғындар назарына арнайы деректі фильмдер ұсынылып, талқыға салынды. Атап айтсақ, «Адасқандар», «Соқыр сенім», «Діннен адастырар ағымдар» сияқты тағы көптеген бейнероликтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілді.

Діни бірлестіктердің тарапынан қала бойынша қалалық, Теңге ауылы, Қызылсай ауылы мешіттерінде қайырымдылық және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 22 шілдесі күні Жаңаөзен қаласындағы «Алтын Дария» мейрамханасында Жаңаөзен қаласы әкімінің ауызашары өтті. Ауызашарға мешіт имамдары, қала-ауыл ақсақалдары, мемлекеттік, бюджеттік және өндірістік мекемелер қызметкерлері шақырылды. Қасиетті рамазан айында жайылған салтанатты дастарханды Жаңаөзен қаласы орталық мешітінің бас имамы Қайрат Мамамбаев құран бағыштап, азан шақырып ашып берді. Шара барысында қала әкімінің орынбасары, қала зиялылары мен ақсақалдары сөз сөйлеп, лебіз, тілектерін білдірді. Ауызашар кеші ары қарай жыр-термемен жалғасты.


Қала әкімі жанындағы комиссиялар жұмысы туралы
2012 жылы 11 сәуірдегі Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Жаңаөзен қалалық Мәслихаттың № 4/41 шешімімен комиссия құрамы мен мүшелері бекітілді. Жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге орай, комиссия мүшелерінің құрамы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
2012 жылы 11 сәуірдегі Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Жаңаөзен қалалық Мәслихаттың № 4/41 шешімімен комиссия құрамы мен мүшелері бекітілді. Жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге орай, комиссия мүшелерінің құрамы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысы негізінде кеңес құрылды. Ол кеңес құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық Кеңес құру туралы» қаулысы негізінде кеңес құрылды. Ол кеңес құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі қалалық комиссиясын құру туралы» қаулысы негізінде комиссия құрылды. Ол комиссия құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс
ҮЕҰ-дар қаланың тыныс-тіршілігінің барлық саласына ат салысып, тиісінше жұмыстарын жүргізді. Олардың үшеуі: О.Құлбеков, Р.Мұқашева, Л.Аманбаева қалалық сот жанынан құрылған медиация тобында жұмыс жасауда.

Қала әкімдігі жанында ҮЕҰ-мен байланыс жөніндегі комиссия тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.



Бүгінгі таңда 2015 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жаңаөзен қаласында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, азаматтық бастаманы дамыту, Діни экстримизмнің алдын алуы бойынша іс-шаралары жүргізу, Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, маскүнемдік және құқықбұзушылықтың алдын алу және рухани адамгершілікке тәрбиелеу, Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мехнизмдері, Жаңаөзен қаласының өзекті мәселелері бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу тақырыптары бойынша барлығы 6,667 млн. теңге көлемінде конкурс жарияланып, 3 лот бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазіргі таңда, келісім-шарт жасақталуда. Діни экстримизмнің алдын алуы бойынша іс-шаралары жүргізу және Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мехнизмдері лоттары бойынша әкімдіктің ресми сайтына қайта конкурс жарияланып, өтінімдер келіп түспеді, бөлінген қаражат мемлекет бюджетіне кері қайтарылды.

  1. «Жаңаөзен қаласының өзекті мәселелері бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу» лоты бойынша жеңімпаз – «INTEGRAL SK» ҚБ, Қожахметов Серік. Бөлінген қаражат көлемі – 1 200 000 теңге. Барлығы 5 тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді: «Жаңаөзен қаласындағы коммуналдық қызмет көрсетулердің сапасына бағалау жүргізу», «Дін және жастар», «жолаушылар көліктерінің сапасын бағалау», «Тұрғындардың құқықтық ақпараттандырылғандығын бағалау», «Жаңаөзен қаласындағы нашақорлықтың жағдай және даму үрдісі».

  2. «Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, маскүнемдік және құқықбұзушылықтың алдын алу және рухани адамгершілікке тәрбиелеу» лоты бойынша жеңімпаз – «Батыс барысы» ҚБ, Бурамбаев Сапар. Бөлінген қаражат көлемі – 1 300 000 теңге. Барлығы Жаңаөзен қаласының жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 24 іс-шара, соның ішінде спорттық сайстар өткізілді.

  3. «Жаңаөзен қаласында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, азаматтық бастаманы дамыту» лоты бойынша жеңімпаз – «Жаңаөзен қалалық азаматтық бастама» ҚБ, Мұхашева Райыс. Бөлінген қаражат көлемі - 1 400 000 теңге. Мемлекеттік бағдарламаларды, Елбасы жолдауын насихаттау бойынша Жаңаөзен қаласы және оған қарасты үш ауылда тұрғындармен 5 кездесу өтті. Қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өткізілді. Және де, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 10 күндік компьютер курсттары ұйымдастырылды.


Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс
Жаңаөзен қаласы аумағында 3 БАҚ –ры жұмыс жасайды. Оның бірі - «Қазақстан – Жаңаөзен» телеарнасы, екеуі: «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы» газеттері. Сонымен бірге қала әкімдігінің, қаладағы ҮЕҰ-дың сайттары жұмыс жасайды.

«Қазақстан – Жаңаөзен» телеарнасы жетекшісі Әндірғалиев Мәлік Тезбергенұлы. Қазіргі таңда, жергілікті телеарнада 14 адам қызмет атқарады. Жалақы мөлшері атқаратын кызметтеріне байланысты 70 000-нан – 120 000 теңге көлемінде.

Арнада күнделікті жаңалықтармен бірге, түрлі бағдарламалар жүріп отырады.

«Жаңаөзен» газеті - 1990 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады. Маңғыстау облысы әкімінің 28.08.2012 жылғы № 198-1 қаулысына сәйкес, «Маңғыстау – Медиа» ЖШС-гі құрылып, аталған басылым 06.02.2013 ж. бастап серіктестік құрамына енді.

«Жаңаөзен» газеті – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ақпарат және мұрағат комитетіне 06.02. 2013 жылы № 13359-Г куәлігімен тіркелді. Қазіргі таңда, газет редакторы Бөлекбаева Гүлназ Жәйбергенқызы.

«Жаңаөзен жаршысы» газеті 2006 жылдан бастап шығып келеді. Басылымның бас редакторы - Есболаев Қыдырхан.

Басылым Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ақпарат және мұрағат комитетіне 30.12.2013 жылы № 9743-Г куәлігімен қайта тіркелді.

Сонымен қатар, қаламызда бір қатар, облыстық, республикалық басылымдардың меншікті тілшілер жұмыс жасайды. Олар: «Мұнайлы мекен» газетінің тілшісі – Бөбекбаева Бибігүл, «Маңғыстау» газетінің тілшісі Исағұлов Закария, «Президент және халық» газетінің тілшісі – Диханбаева Маусымжан, «Дала» республикалық журналының өкілі – Айнагүл Күшікбаева.

Үстіміздегі жылдың 26 маусымы күні Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер және Баспасөз, теледидар және байланыс қызметкерлері күні мерекелеріне орай аталған сала қызметкерлері арасында боулингтан жарыс өтті. 4 топтың арасында өткен сайыста бас жүлдені – байланыс қызметкерлері, бірінші орынды – құқық қорғау органдарының қызметкерлері, екінші орынды – әкімдік ұжымы және үшінші орын – телеарна ұжымы иеленді

Жаңаөзен қаласында «Нұр Отан» ХДП Жаңаөзен қалалық филиалы қызмет етуде. Партия құрамында 8 350 қала тұрғындары мүшелік етеді. Партияға қарасты 45 бастауыш партия ұйымы бар.

Сонымен қатар, партия филиалы Жаңаөзен қаласындағы барлық саяси-экономикалық, мәдени шараларға ат салысуда.

Ұлттық телекөрсетілім сапасын дамыту мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес аналогтық көрсетілімнен бас тартылып, орнына сандық телехабар тарату қызметі жүзеге асырылды. Осыған орай, Жаңаөзен қаласы тұрғындары 95,4 пайызға, Теңге ауылы тұрғындары 95,6 пайызға, Қызылсай ауылы тұрғындары 96,3 пайызға «Отау ТВ» ұлттық жолсеріктік желісімен қамтылды.


«2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерекесін атап өту
«2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялануына орай, ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бірдей уақытта «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының» салтанатты бастау алды синхрон-акциясы өтті. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қала әкімінің, өзге ұлт өкілдерінің құттықтау сөзімен, сондай-ақ концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20 ізгілікті ісі» акциясы атты тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, игілігіне пайдалануға бағытталған «Заңғар» сауда орталығы ашылды.



3 ізгілікті іс:

Акция аясында Теңге ауылында тұратын 1 мүжәлсіз отбасының үйіне көпшілік болып асар жасалды.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қалалық политехникалық колледжінің директоры Т. Болатбаева қайырымдылық мақсатында 20 мүжәлсіз отбасына азық-түлік пакеттерін табыстады.

Мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері Хомейра Сарсенбайдың гидронифроз (бүйрек) ауруымен ауыратын баласы Нұржан Сарсенбайға көмек ретінде 1 күндік жалақы мөлшерінде есепшотына қаражат аударды.


Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өту
2015 жылы 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қала көлемінде жоғары дәрежеде атап өтілді. Жаңаөзен қалалық жастар орталығы қала жастарымен бірге «70 жылдыққа – 70 тал» акциясын жүзеге асыру мақсатында Даңқ аллеясында 70 тал орналастырды. 9 мамыры күні Бейбітшілік көшесінде Жеңістік 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты шеру өтті, концерттік бағдарламалармен жалғасты. ҰОС-ның 4 ардагерлері Бекпанов Ыбырай, Итіман Қаржаубаев, Кеңесбай Еңсегенов, Қуанбай Бөбекбаевтың үйлеріне барып сый құрмет көрсетілді.

«Алтын жүрек – 2015» номинациясы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Жанарыс» ЖШС, «Халық Банкі» АҚ ЖҚФ марапатталды.



«Жыл адамы – 2015» байқауы номинациясы бойынша өз саласында жоғарғы көрсеткішке ие болған 16 маман марапатталды.

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай, бірқатар қала тұрғындарына «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Олар: Жақсылық Али, Көңілімқосұлы Жақсылық, Қызамбаев Көшбай, Айдаров Жоламан, Бердаулетов Сүлеймен, Жалымбетов Құдайберген.
Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9
uploads -> Серебряков Александр Владимирович, отставной профессор: Александр Филиппенко


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет