«ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі



жүктеу 195.82 Kb.
Дата16.10.2017
өлшемі195.82 Kb.


«ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2016 ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі – қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни конфессиялар арасында өзара сыйластықты, ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторинг, талдау және болжау жасап, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттауды, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын, Үкімет бағдарламаларын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыс әкімдерінің ішкі саясат мәселелері бойынша қабылданған шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, 2016 жылы төмендегідей жұмыстарды атқарды.
Жолдауды насихаттау жұмыстары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылы 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына өзінің жолдауын түсіндіру бойынша Жаңаөзен қаласы және Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарында ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, құрамы жергілікті мекеме басшылары, қала әкімінің орынбасарлары, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар төрағалары, ауыл, қала ақсақалдары, орган басшыларынан жасақталды.

Осы топтардың 2016 жыл басынан бері қалалық деңгейде 28 кездесуі өтті.

Әр кездесуге жергілікті телеарна, газет, облыстық газеттердің меншікті тілшілерін шақырып, шаралар БАҚ-тың беттерінен көрініс тапты. Осындай жұмыстардың нәтижесінен, «Жаңаөзен» газетіне және «Қазақстан Жаңаөзен» телеарнасында барлығы 50-дан астам мақала мен түсірілімдер жарияланды. Барлық жиналыстар нәтижесінде ақпараттық-насихаттау топтарының кездесулерінде 4 000-нан астам адам қамтылды.

2016 жылдың сәуір айы бойы ҚР Жер кодексіне енгізілген кейбір өзгерістер мен толықтыруларды қала тұрғындарына түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық насихаттау тобы өз жұмысын жүргізді. Ақпараттық насихаттау тобының мүшелері қала бойынша еңбек ұжымдарымен кездесіп барлығы 17 кездесу өткізді.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу байланысты заңнаманы түсіндіру бойынша 26.09.- 25.11.2016 ж. күндері аралығында қала активтерінің қатысуымен ауылдарда, мұнай мекемелерінде, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжымдарында, медицина саласы қызметкерлері, білім беру, кәсіпкерлер, байланыс саласы қызметкерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері және жастар арасында 21 кездесу өтіп, түсіндіру жұмыстары жүрді.


Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау бойынша

2016 жылы 4 маусым күні - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні атап өтілді. Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мақсатында қала әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында салтанатты жиналыс өткізілді. Сондай-ақ, қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен мерекеге орай патриоттық флеш-моб акциясы ұйымдастырылды. Онда 100-ге жуық жастар қатысты.

Қала көшелеріне Мемлекеттік Рәміздер тақырыбында билбордтар жасақталып, кермелер ілінді, олар ұдайы түрде жаңартылып отырады.

2016 жылы тоқсан сайын Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік мекеме, органдар ғимараттарында ораналасқан ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің дұрыс орналасу, стандартқа сай болуына байланысты бір қалалық тексеріс өткізілді. Барлық тексерулер ойдағыдай өтіп, стандарттарға сай екенін көрсетті. Бөлім тарапынан барлық мемлекеттік мекеме және органдарға ҚР Мемлекеттік Рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалау бойынша телефонхаттар, ескертулер ұдайы жолданып отырды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы

«Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» МКҚК 10 жылдың үстінде қаламызда жастар саясатын жүзеге асырып келе жатқан жалғыз мекеме. Қазіргі уақытта мекемеде 12 адам қызмет атқарады.

2016 жылы орталықта жоспарға сәйкес жыл ішінде 326-ға тарта іс-шаралар ұйымдастырылып, оған барлығы 41 842 жас тартылды. Ал 2015 жылы 200 іс-шара өткізіп, шара барысында қамтылған жастар саны 22338 азаматқа жетті. Барлығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 30 954 млн.тг. бөлінген.

Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 38 053 адамды құрап отыр. Ауыл жастары – 12 685 адам. Ерікті жұмысшы жастар саны – 77 адам.



Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асыру туралы

Бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып келетін "Жасыл ел» бағдарламасы 2016 жылдың 15 маусымы күні бастау алды. Қаламыздың 100 жасы 2 ай бойы қаламыздағы «Өркен», «Көктем», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», «ЗА» шағын аудандарында және қалаға қарасты елді мекендерде орналасқан үйлердің кіреберісіне және айналасына тазалық жұмыстарын жүргізеді.

2016 жылғы «Жасыл ел» бағдарламасына қалалық әкімдік тарапынан аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2,836 млн.теңге бөлінді.
Дін мәселелері жөнінде

Ақпараттық-түсіндіру тобының бекітілген кестесі бойынша қаладағы жастар мен жасөспірімдер арасында, арнаулы оқу орындары және орта мектептерде, мекемелерде аталған мәселелер бойынша дәстүрлі түрде кездесулер ұйымдастырылып отырады. 2016 жылы ұйымдастырылған 103 кездесуде 49759 тұрғын қамтылды. Ал 2015 жыл бойы барлығы тұрғындармен 67 кездесу өтті. Ондағы қамтылған адамдар саны 9000-ға жуық.

Сондай-ақ, қаланың орталық көшелеріне 5 дана билборд және Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарына 3 данадан билборд орнатылды. Билборд мәтіні «Біз-дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіре білген халықпыз», «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігінің кепілі» «Жастар діни экстремизмге және терроризмге қарсы» деп аталады. 2016 жылдың 10 маусым күні Жаңаөзен қаласындағы «Атамекен» мейрамханасында Жаңаөзен қаласы әкімінің ауызашары өтті.
Қала әкімі жанындағы комиссиялар жұмысы туралы

2012 жылы 11 сәуірдегі Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Жаңаөзен қалалық Мәслихаттың № 4/41 шешімімен комиссия құрамы мен мүшелері бекітілді. Жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге орай, комиссия мүшелерінің құрамы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.

2012 жылы 11 сәуірдегі Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Жаңаөзен қалалық Мәслихаттың № 4/41 шешімімен комиссия құрамы мен мүшелері бекітілді. Жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге орай, комиссия мүшелерінің құрамы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысы негізінде кеңес құрылды. Ол кеңес құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық Кеңес құру туралы» қаулысы негізінде кеңес құрылды. Ол кеңес құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылы 5 сәуірде №138 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі қалалық комиссиясын құру туралы» қаулысы негізінде комиссия құрылды. Ол комиссия құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылы 15 тамыздағы №498 «Жаңаөзен қаласының терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» қаулысы негізінде комиссия құрылды. Ол комиссия құрамы жыл сайынғы кадрлық өзгерістерге байланысты уақытылы қалалық мәслихат сессиясымен жаңартылып отырады.
Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс

2016 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 7 лот бойынша барлығы 7,134 млн. теңге көлемінде конкурс жарияланды.



2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурста жарияланған лот тақырыптары:

1. Жаңаөзен қаласында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, азаматтық бастаманы дамыту, бөлінген қаражат – 1 000,000 теңге - жеңімпаз «Жаңаөзен қаласының азаматтық бастамасы» ҚБ – Р. Мұхашева;

2. Діни экстремизмнің алдын алуы бойынша іс-шаралар жүргізу, бөлінген қаражат – 1 000,000 теңге - жеңімпаз "Асар" АТО" ЖММ – С. Бесінбаев;

3. Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, маскүнемдік және құқықбұзушылықтың алдын алу және рухани адамгершілікке тәрбиелеу, бөлінген қаражат – 1000,000 теңге - жеңімпаз "Қаракөз" жастар шығармашылық орталығы" қоғамдық қоры – Қ. Кемерова;

4. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері, бөлінген қаражат – 1 000,000 теңге - жеңімпаз Маңғыстау облысы бойынша "Азаматтық құқық" ҚБ – А.Көшенова;

5. Жаңаөзен қаласының өзекті мәселелері бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу, бөлінген қаражат – 1 134,000 теңге - "Қолдау-Қазақстан" КСКЕХі" ЖММ – Л. Досметова;

6. Жаңаөзен қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларды әлеуметтік желілер арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу, бөлінген қаражат – 1 000,000 теңге - жеңімпаз "RTF-19" ҚБ- Ж. Ташкараев;

7. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар және зерттеулер жүргізу, бөлінген қаражат – 1 000,000 теңге - жеңімпаз "Қолдау-Қазақстан" КСКЕХі" ЖММ – Л. Досметова.

2017 жылға жоспарланған қаражат көлемі – 11 633,0 млн.тг.
Партия туралы

Жаңаөзен қаласында «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы қызмет етуде. Партия құрамында 9 139 қала тұрғындары мүшелік етеді. Партияға қарасты 40 бастауыш партия ұйымы бар.

2016 жылы № 2 МГӨБ-ның бастауыш партия ұйымы республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында ІІІ орын және 150 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Жаңаөзен қалалық партия филиалы жанында «Партиялық бақылау комиссиясы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес» жұмыс жасайды.

Жаңаөзен қаласында «Ауыл» ХДП Жаңаөзен қалалық филиалы қызмет етуде. Партия құрамында 20 қала тұрғындары мүшелік етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс

Жаңаөзен қаласы аумағында 4 БАҚ –ры жұмыс жасайды. Оның бірі - «Қазақстан – Жаңаөзен» телеарнасы, екеуі: «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы» газеттері және «Жаңаөзен жұлдыздары» журналы. Сонымен бірге қала әкімдігінің, қаладағы ҮЕҰ-дың сайттары жұмыс жасайды.

«Қазақстан – Жаңаөзен» телеарнасы жетекшісі Әндірғалиев Мәлік Тезбергенұлы. Қазіргі таңда, жергілікті телеарнада 14 адам қызмет атқарады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындауға «Қазақстан РТРК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының Жаңаөзен қаласындағы өкілдігінің жұмысына 2016 жылға 22,381 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілді.

«Жаңаөзен» газеті - 1990 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады. Маңғыстау облысы әкімінің 28.08.2012 жылғы № 198-1 қаулысына сәйкес, «Маңғыстау – Медиа» ЖШС-гі құрылып, аталған басылым 06.02.2013 ж. бастап серіктестік құрамына енді. Қазіргі таңда, газет редакторы Бөлекбаева Гүлназ Жәйбергенқызы. Редакцияда 8 адам жұмыс жасайды.

«Жаңаөзен жаршысы» газеті 2006 жылдан бастап шығып келеді. Басылымның бас редакторы - Есболаев Қыдырхан. Редакцияда 3 адам.

«Жаңаөзен жұлдызы» журналы – 2016 жылы құрылды. Редакторы – Айнагүл Күшікбай. Редакцияда 1 адам қызмет жасайды.

Сонымен қатар, қаламызда бір қатар, облыстық, республикалық басылымдардың меншікті тілшілер жұмыс жасайды. Олар: «Мұнайлы мекен» газетінің тілшісі – Бөбекбаева Бибігүл, «Маңғыстау» газетінің тілшісі Исағұлов Закария, қазіргі таңда, Аманқосова Қаламқас бекітілді. «Президент және халық» газетінің тілшісі – Диханбаева Маусымжан, «Дала» республикалық журналының өкілі – Айнагүл Күшікбаева.

Үстіміздегі жылдың 26 маусымы күні Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер және Баспасөз, теледидар және байланыс қызметкерлері күні мерекелеріне орай аталған сала қызметкерлері арасында боулингтан жарыс өтті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласының және оған іргелес жатқан ауылдарының толықтай дерлік абоненттері «ОТАУ-ТВ» ұлттық цифрлық телехабар тарату желісіне көшірілді.

Өзіңізге мәлім, 2014 жылғы екі жақты қол қойылған салыстыру актісінің нәтижесінде: Жаңаөзен қаласының 95,4%, Қызылсай ауылының 96%, Теңге ауылының 95,8% және Рахат ауылының 95,6% «ОТАУ-ТВ» желісімен қамтылған болатын.

2016 жылы жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуы мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығынан 40 жас бөлініп, оларға телеқондырғылардың шетелдік IntelSat-904 жерсерігінен отандық KazSat-3 жерсерігіне ауыстыру жұмысы үйретілді. Олар топ топқа бөлініп, қалаға қарасты 3 ауылда отандық KazSat-3 жерсерігіне көшіру жұмыстарын ілгерілетуге ат салысты. Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімімен де қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеуге 3 жас жұмысқа қабылданып, олар да аталған шараға жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қаламызда ү.ж. 23 желтоқсаны күні «Әбіш Қожа» атындағы 1200 адамдық сыйымдылығы бар мешіт ашылды. Аталған шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев және Облыстық дін істері басқармасының басшысы Е. Есбергенов және де Әбіш Қожа ұрпақтары қатысты. Ары қарай, келген қонақтарға «Бозай» мейрамханасында арнайы қонақ асы берілді.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын

атап өту

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылыдығы аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын «Өзен» теміржол бекетінде қарсы алып, халықпен кездесу өткізілді.

21 қараша-16 желтоқсан аралығында Жаңаөзен қаласы және оған қарасты іргелес ауылдарда ҚР Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігінің «Ұлы Дала Елі –Тәуелсіздіктің 25 Негізі» атты 25 жұлдызды күндер бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасақталып, дайындық жұмыстары басталды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мақалалар мен хабарлар, арнайы бағдарламалар жарияланды.

21-30 қараша аралығында барлық білім беру ұйымдары мен мәдениет ошақтарында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Дара тұлға», «Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы», «Ғасырдың ғажап азаматы», «Ел мерейі-ер мерейі» атты әдеби-музыкалық және тақырыптық кештер, сынып сағаттары, мерекелік концерттер, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, конференциялар , шығармашылық конкурстар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.


25 қарашада «Жастар» орталағының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық «Ауыл-жастары-2016» бизнес форумы өтті.

30 қарашада «Мұнайшы » МҮ –де және ауылдық мәдениет үйлерінде 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлты ұлықтаған-ұлы тұлға» , «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы » атты салтанатты жиналыс, мерекелік концерттер өтті.

2-15 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдары мен мәдени ошақтарда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдігімнің айнасы», «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік», «Тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-музыкалық және тақырыптық кештер, сынып сағаттары, мерекелік концерттер,дөңгелек үстелдер, конференциялар , шығармашылық конкурстар өткізу, флешмобтар, КТК ойындарын және жастар акциялары ұйымдастырылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық көрмелер:

- мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы және жаңа Астананың салынуындағы рөлі;

- жалпыұлттық бірліктің,татулық пен келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық моделі;

- зайырлы мемлекет және биік руханият;

- Жалпыға ортақ еңбек қоғамы;

- индустрияландыру және инновациялар негізінде экономиялық өсім;

- Қазақстан халқының тарихи,мәдени және дәстүрлік тұтастығы;

- Ұлттық қауіпсіздік және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешудегі бастамалары.

12 желтоқсанда «Мұнайшы» МҮ –де және ауылдық мәдениет үйлерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы!», «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты жиналыс, мерекелік концерт.

13 желтоқсанда «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті.

16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы Неке сарайы ғимаратында АХАЖ бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа өмірге келген нәрестелерге туу туралы және жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға неке қию куәліктерін табыстау рәсімі өтті.

17-18 желтоқсан аралығында Р.Өтесинов атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өткізілді.

26 желтоқсанда «Жастар» орталығының ұйымдастырумен студенттер арасында «Жыл үздігі-2016» ІІІ қалалық жастар сыйлығы табыстау рәсімі өтті.

27 желтоқсанда Дәстүрлі жыл үздіктерін таңдау «Жыл адамы-2016», «Алтын жүрек-2016» қала әкімінің марапатын табыстау рәсімі өтті. 2016 жылы қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар сала үздіктері таңдалып, арнайы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.

7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің ұланы»,«Әскер – ел қорғаны» атты кітап көрмелері, мерекелік шаралар, «Жас ұлан» саптық байқауы өтті.

Қызылсай ауылында №2018 әскери бөлімшенің қызметкерлері және Отан алдындағы борышын өтеуші әскерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері және мектеп оқушылары қатысты. Ауыл тұрғындарына арналған «Ел қорғаны сайып қыран сарбаздар» атты мерекелік концертпен мерекелік шара жалғасын тапты.

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Теңге ауылында тұратын ҰОС және еңбек майданы (тыл) ардагерлеріне арналған мерекелік концерті өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Али Жақсылықұлы ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға гүл шоқтары мен сый – сияпаттарын ұсынды.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбында мерекелік шаралар өткізілді. «Қазақ елі» мейрамханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды. Көркемөнерпаздар концерттік бағдарлама қойды. Әрі қарай «Даңқ»аллеясында мерекелік шеру өтіп, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арнап қалалық мешітте құран бағыштап, «Мәңгілік алау отына» гүл шоқтарын қойды. Бұл мереке еліміздің өмірінде алатын оны ерекше. Аталарымыз қалыптастырған бейбіт өмірдің маңызы өте жоғары. Ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнегесі мол үлгі. Қызылсай ауылы «Шаңырақ» мәдениет үйінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты тыл ардагерлерге арналған мерекелік концерт өткізіді. Теңге ауылы «Атамұра» мәдениет үйінде Жеңіс мерекесіне арналып «Ерлігің сенің мәңгілік!» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Әскери-патриоттық әндері, халықтың ерлігін және жауынгерлік дәстүрін кеңінен таныту, насихаттау. Рухани және мәдени мұрамызды насихаттау арқылы жастардың отансүйгіштік, азаматтық отанына адал қызмет етуге дайындық сезімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерінің үлгісімен Қазақстандық Отансүйгіштікті насихаттау. Шығармашыл жастардың өсуіне және ауылдық мәдени шараларға белсене қатысуына ықпал ету.




Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық бірлестіктер туралы ақпарат




Атауы

Басшысы

Байланыс телефоны

1

«Жаңаөзен қалалық азаматтық бастама» ҚБ

Мұқашева Райыс

+77015834577


2

«Ақ ниет» мұнайшылар ҚБ

Құлбеков Орынбасар

+77015664528

3

«Рухани бірлік» ҚБ

Абдрахманова Гүлсім

+77752082082

4

«Бақ жұлдыз» ҚБ

Диханбаева Маусымжан

+77022982406

5

«Кең дала» ҚБ

Байжанова Жанар

+77015588123

6

«Гүл – гүл қазына» ҚБ

Ерназарова Тойгүл

+77024467998

7

«ӨзенМұнайГаз» АҚ

«Жас мамандар кеңесі» ҚБ



Ноғаев Асқар


+77024328988

8

«Cyber Spase» ақпараттық технологиялар орталығы» ҚБ

Мұхаммед Бақытжан

+77021668889

9

«Мұнай тамшылары» ҚБ

Қалбаев Арғынбек

+77013565353

10

«Патриоттық бастама» ҚБ

Айтжанов Ғалымжан

+77002220011

11

«Жарқын Сәуле» ҚБ

Аманбаева Лейла

+7705 2365519

12

«Желтоқсан» ҚБ

Джилкибаев Елемес

+77014612524

13

«Бала қазына» ҚБ

Изенова Айман

+77058739033

14

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ ЖҚФ

Бекмағанбетов Қуандық

+77014526543

15

«Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ

Құлсариев Сәтбай

+77013914447

16

«Маңғыстау облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ЖҚФ

Айдаров Николай

+77023566082

17

«Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ ЖҚФ

Адиловa Тұрсынай

+77016282215

18

«Қанағат» жеке қайырымдылық қоры

Д. Саргулова

+7775 881 31 89

19

«Батыс барысы» ҚБ

Бурамбаев Сапар

+7701 616 49 85

20

«RTF-19» ҚБ

Тачкараев Жамбыл

+7702 259 58 55

21

«Мүгедектер және соқырлар» ҚБ

Кубиев Амантай

+7701 585 16 58

22

«Қарақөз» ҚБ

Кемерова Қаракөз

+7701 349 93 68



Діни бірлестіктер туралы



Атауы

Басшысы

Байланыс телефоны

Сенімі

1

Жаңаөзен қалалық орталық мешіті

Маманбаев Қайрат

87011717807

Ислам

2

Әбіш Қожа атындағы қалалық мешіт

Абдалиев Құрбанбек Лашкарбекұлы

87016534379

ж/т.: 56-877



Ислам

3

Рахат ауылындағы «Ислам» мешіті

Манғалбаев Шахабуддин

87024909014

Ислам

4

Теңге ауылындағы

«Қосай ата» мешіті



Қалдыбаев Наурызбай

87012972607

Ислам

5

Қызылсай ауылындағы мешіт

Нұрмұхаммед Бахрамұлы

87759358585

Ислам

6

«Живое слово»

Герасимов Игорь

87014139190

Христиан

Бұқаралық ақпарат құралдары



Атауы

Редактор

Байланыс телефоны

1

«Қазақстан» РТРК Маңғыстау облыстық филлиалы Жаңаөзен қаласындағы өкілдігі

Әндірғалиев Мәлік

87756598575

Газеттер

1

«Жаңаөзен» газеті

Бөлекбаева Гүлназ

87058330440

2

«Маңғыстау» газеті

Исмагулов Закария

87779194922

3

«Жаңаөзен жаршысы» газеті

Есболаев Қадырхан

87022959234

4

«Жаңаөзен жұлдыздары» журналы

Айнагүл Күшікбай

87014754172

Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9
uploads -> Серебряков Александр Владимирович, отставной профессор: Александр Филиппенко


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет