Жаңартылған бағдарлама аясында курста алған білімімді болашақта қалай пайдаланамын? Бұл сұрақты талқыламас бұрын жаңартылған бағдарламаны екі жақты қарастырайық



Дата26.04.2022
өлшемі14.75 Kb.
#173300
Байланысты:
эссе


Жаңартылған бағдарлама аясында курста алған білімімді болашақта қалай пайдаланамын? Бұл сұрақты талқыламас бұрын жаңартылған бағдарламаны екі жақты қарастырайық.


    Бірінші жақ ол мұғалім,яғни біздің көзімізбен. Жаңартылған бағдарлама оқушыға ғана емес, оқытушыға да ізденісті міндеттейді өйткені 40 мин ішінде оқушыға жаңа тақырыпты түсіндіріп,тапсырмалар жазғызып,үйге берген тапсырмаға бағыт беріп, келесі күні оны әр баланың деңгейімен қарастыру керек жәнеде бұның бәрі өзіңізге де, оқушыларға да қызықты әрі ұтымды болуы тиіс. Сабақты күнде қызықты қылып өткізу үшін бойдағы бар  "криативті" жинап түрлі слайд,ойындар,сергіту сәттерін жоспарлау керек. Бәлкім, бұл яғни жаңа бағдарлама алғашқы кезде өз кемшілігін,қиыншылдығын көрсетер бірақ , сол кемшілікті тауып өзгерту, қиыншылықты қуанышқа айналдыра білу оқытушы міндеті осы себептенді бұл мамандық тапқырлықты,шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар оқушының жаңа бағдарламаны игере алуы тікелей оқытушыға байланысты.
    Қазіргі кезде цифорлық Қазақстан сөзі актуалды болғандықтан мұғалімдер компьютерді жақсы меңгеруі тиіс "заманыңа қарай тақияңды түзе" демекші бұрынғы қағаз журналдар қазір электронға айналуды бұлда өз кезегінде жұмысты қиын әрі қызықты қылады деп есептеймін.
      Енді екінші жақ яғни оқушы көзімен қарасақ. Қазіргі күннің оқушыларының көбісі электронды гаджеттерді қалай пайдалану керектігін жетік біледі. Жаңа бағдарламада сол ерекшеліктерге қарап құрастырылған. Балалардың ізденісін дамыту,қызығушылығын ояту. Бірақ , жаңа бағдарламада оқып жүрген оқушы сіңілімнен сұрағанда, үнемі ескі бағдарламаның жақсы екенін айтады. Оның айтуы бойынша: көбінесе берілетін тапсырмалар кітапта да, ғаламторда да  болмайды, қазақ тілі көп жағдай да бұрмаланып келіп тапсырманы түсінбейтін кезімізде болады. Ал тоқсансайын тапсыратын Бжб,Тжблар оқуға деген ұмтылысты өшіріп керісінше оқуды жек көруге ықпал етеді. Ескі бағдарламада көп тапсырмалар министрліктен емес, оқушының өзі ойлап тауып, әр баланың деңгейіне сай тапсырма беретін еді. Ал қазір тапсырма қиындаған сайын, көшіру де,алдау да көбейіп кетті деп есептеймін.
      Осы сөздерді естігеннен кейін мектеп оқытушыларының жаңа бағдарламаны дұрыс игермеуі тек бір оқушыға ғана емес барлық системеаға кері әсер ететінін түсіндім сол себепті болашақта оқыған курсты жетік менгеріп, бұндай пікірлер естімес үшін айанбай еңбек ету керектігін түсіндім

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет