Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі



жүктеу 158.61 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі158.61 Kb.

Сұрақ №16

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

Кәсіпорын өз өндірістің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-базасын жасайды,яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеументтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін «Жабдықтаушылар және мердігерлер есеп айырысу» шотын пайаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейінде және нысандарына (алдын ала төлем-ақы, инкасса, аккредитивтер, чектер)қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызыметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671- шоттың кредиті бойынша –есеп айырысу,валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Сұрақ № 3

Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру.Құжаттау және есептік регистрлер

Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субьектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субьектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субьекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:


  • есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1БЕС белгіленген ережесімен сәйкес келетіндігі;

  • қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;

  • тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;


Сұрақ № 20

Қаржылық инвестициялардың есебі

Қаржылық инвестициялардың есебі 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 «Акциялар» , 402 «Облигациялар» және 403 «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.

401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады.Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.

Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Сұрақ № 39

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.



Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 511-ші «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздардың сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы.
Сұрақ № 43

Инвестициялардың есебі

Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар – бұл субьектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).



Сұрақ № 44

Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.

№ 13 БЕС сәйкес «Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекететіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген сетіктестіктердің мәліметі консолидалынған қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Сұрақ № 45

Тауардың, дайын өнімнің есебі және оларды сатумен байланысты шығыстар

Дайын өнімнің есебі

Дайын өнім- негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 221 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Аяқталмаған өндірістің есебі

Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.

Басқару бухгалтериясының 90-шы «Негізгі өндіріс» , 91-ші «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Қосымша шығындар» , 94 «Әлеуметтік сала», 95 «Өндірістегі ақаулар» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.

Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру 211,212,213,214-шоттарының дебеті бойынша 900 «Негізгі өндіріс», 910 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 920 «Көмекші өндірістер», 950 «Өндірістегі ақаулар» шоттарының кредиті бойынша (егер де, ақауды өндірісте жөндеу немесе түпкілікті ақауды талдау аяқталмаған жағдайда) бейнеленеді.


Сұрақ № 47

Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар

Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік есеп және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Сұрақ № 18

Бюджетпен есеп-айырысудың есебі

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі 63-«Бюджетпен есеп айырысулар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. ҚР Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.95 ж. Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде) жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:



  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

  2. ҚҚС; (қосымша құнға салық).

  3. Акциздер

  4. Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы. Жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар

  1. Жер салығы;

  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;

  3. Көлік құралдарына салынатын салық;

  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың тіркегені үшін алым;

  5. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;

  6. Аукциондық сатудан алынатын алым;

Салықтық кіріс – салық заңдарына сәйкес анықталған, есептік кезеңдегі кіріс немесе шығыс сомасы.

Салық заңдарының талаптары бухгалтерлік есептің талаптарынан ерекшеленеді де, нәтижесінде бухгалтерлік кіріс пен салықтық кірістерді анықтаудағы айырмашылықтар туындайды.


Сұрақ № 6

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі.

Еңбекақы бойынша есеп айырысуды есепке алудың мәні мен міндеттері

Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа).

Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.

Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:


  1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау;

  2. Субьектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу;

  3. Жалақыдан дер кезінеде және дұрыс ұстап қалу;

  4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;



Сұрақ № 7

Жұмыс уақытының есебі

Жұмыс уақытының есебін табельдерде жүргізеді. Табельді есептік деректері еңбек тәртібін сақтауға, жұмысқа келу мен кетудің уақтылығына бақылау жасауға, жұмыспен өтелген уақыт туралы және жұмысқа себепті және себепсіз келмеу туралы еркін деректермен қамтамасыз етуге, жалақы есебін жүргізуге қажет. Кәсіпорындарда табельдердің мынадай түрлері қолданылады:

№ Т -12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға және есептік деректерді өңдеудің механикалық әдісі негізінде жалақыны есептеп шығаруға арналған;

№ Т -13 нысаны, жалақыны есептеусіз жұмыс уақытын пайдалану есептерін есепке алуға арналған;

№ Т -12 нысаны, тұрақты айлық кесімді жалақысы немесе ставкасы бар қызметкердің жұмыс уақытын есепке алуға арналған.

Бақылау әдістері:



  1. Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегімен

  2. жетондық, табельдік жетондар мен маркілерді пайдалану арқылы

  3. Өткізу, мұндай кезде кіріп-шығуға рұқсат қағаз беру жұмыс күнінің басында және аяғында жүргізіледі

  4. Рапорттық-ведомостік, бөлішме бастығының рапорттары мен табельдік ведомостерін пайдалану арқылы

  5. Бақылау-өткізу қағаздарының көмегімен


Сұрақ № 11, Сұрақ № 9, Сұрақ № 23

Қаржылық есеп беру негіздері

Қаржылық есеп берудің маңызы

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы № 2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресустардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.

Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды.


Есеп берудің құрамы.

Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субьектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.


Сұрақ № 33

Негізгі құралдардың есебі. Ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі

Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы.

Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі.

Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға.

Жалдау шарты – бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім.

Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:



  1. Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық (қаржыландырылатын) болып бөлінеді.

Жай лизинг – жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді.

Қаржылық (қаржыландырылатын) лизинг – жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.

Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің үш нысаны болады.


  1. орташа мерзімді жал (хайринг) – бұл жалгердің мүлікке меншік құқынсыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.

  2. Қысқа мерзімді жал (рейтинг, чартер) – мүлікті жалгердің кейінгі сатып алу құқынсыз жалдау, жалдау мерзімі 1 жылға дейін созылады.


Сұрақ № 36, Сұрақ № 17

Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі
Материалдық емес активтерді бағалау:

    1. басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

    2. кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;

    3. жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі;

Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 10-бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

  • 101 – лицензиялық келісімдер;

  • 102- бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • 103- патенттер;

  • 104 – ұйымдастыру шығындары;

  • 105 – гудвилл;

  • 106 – басқалар;

Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған № 1 нысанадағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:



  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы

  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні

  3. Обьектінің сипаттамасы

  4. Бастапқы құны

  5. Амортизация нормасы


Сұрақ № 21

Тауарлы – материалды құндылықтар есебі

Тауарлы – материалдық қорларды бағалау

Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.

Материалдар номенклатурасы – бұл атауы мен тиісті деректемелері (сорты, мөлшері) көрсетілген материалдық әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгілеп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді.

Материалдық ресустардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:



  1. осы ресустарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін процент төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары;

  2. Коммерциялық, делдал ұйымдар төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар;

  3. Тауар биржаларының қызмет құны;

  4. Кедендік баж;

  5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.

Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бағасы бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік - әзірлеу шығындарынан құралатын болады.
Сұрақ № 15

Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі

Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.

Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.

Бірінші әдіс – сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі.

Екінші әдіс – сальдолық (жедел –бухгалтерлік) әдіс. Материалдық құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді.

Үшінші әдіс – материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (құрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша М19А нысанындағы материалдық есепті ай сайын жасайды, есеп беруде 20 (материалдар) – бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі.


Сұрақ № 27

Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі

Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі карточкаларында және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабы мен ведомосі) бір ған құжаттардың негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдық жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген №10 ведомосі жасалады.



Сұрақ № 8

Касса операцияларының есебі

Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субьектісінде касса болады. Касса – бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларынын есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды- жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойылған КО №1 нысанадағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі.
Сұрақ № 4

Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі

Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қолма –қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субьектінің бухгалтериясына өткізуге міндетті. Қолма-қол ақша қаражаттарын есеп беруге беру тек кәсіпорын қызметкерлеріне және бұрын есеп беруге берілген ақшалар бойынша толық есеп бергенде жүргізіледі. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгілі уақытта тапсырмаған және аванстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған тұлғаларды бухгалтер заңда көзделген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Есеп беретін сомалардың жоғарғы үлес салмағы қызмет бабындағы іссапарға қатысты болады.

Іссапарға жіберілген қызметкердің:


  1. іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындарын;

  2. тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;

  3. тәулік ақысын;

  4. ұсынылған құжаттарға (сақталым, кеңсемен, офиспен сөйлесудің шоты және т.б.) сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субьектісі өтейді.


Сұрақ № 28

Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі

Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді.

Коммерциялық несиені шаруашылық субьектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.

Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем Сұрақ № 4

қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субьект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі.

Нақты бір банкке қарыз үшін жүгінбес бұрын субьект:



  1. оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруға;

  2. несие беру мерзімдері, проценттік ставквалардың мөлшері мен басқа талаптар тұрғысынан әртүрлі банктердің несие беруінің және өтеуінің талаптарын бағалап алуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет