Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісіне арналған қызметтік нұСҚаулық



жүктеу 69.06 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі69.06 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



А.С.Имангалиев

03.09.2011 ж.




ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРМЕН, МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ТҮСІМДЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ СЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕПШІСІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ

Орал, 2011


5 беттің 2-сі

АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:
1. Дайындалды: 01.09.2011 ж. Бегеева М.К.

2. Құжаттың орнына енгізілді: 13.09.2005



  1. Енгізілген уақыты: 09.09.2011

4. Қайта қаралды:09.09.2014

5. Өзгертулер:






Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









5 беттің 3-сі



Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


  5. Сипаттаулар

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

5 беттің 4-сі


1 МАҚСАТ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіна, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепші бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің қызметтерінің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған.



2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-нің жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепші үшін жарамды.


3. ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған қызметтік нұсқаулықтардағы терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.




4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
4.1 Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі жауапты:

4.1.1 201, 206, 208, 122, 123, 124, 125 материалдық есепшот бойынша тіркеу есебін жүргізуге;

4.1.2 есептер мәліметін бас кітаппен салыстырып тексеруге;

4.1.3 әр тоқсан сайын жабдықтаушылар мен мердігерлерді тіркеу операцияларын салыстыруға;

4.1.4 сенімхат кітабын жүргізуге;

4.1.5 жалға алушылардың келісім-шарт талаптарын орындауын қадағалауға;

4.1.6 жалға алу төлемін және 334/2 есебі бойынша коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлемдердің төленуін жүргізуге;

4.1.7 ақылы қызмет көрсетулердің негізгі және негізгі емес кірістерін бақылауға және тіркеу жүргізуге;

4.1.8 есеп беру үшін тоқсандық мағлұматтардың ақшалай көрсеткішін көрсетуге, жалға алу бойынша тоқсандық есеп, 1-Н жылдық санақ есебін құруға;

4.1.9 университеттің сапа жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыруға.

4.1.11 СМЖ қызмет етуіне.

4.2. Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі құқылы: 201, 206, 208, 122, 123, 124, 125 материалдық есепшот бойынша тіркеу есебін жүргізуге; есептер мәліметін бас кітаппен салыстыруға; әр тоқсан сайын жеткізушілер мен мердігерлердің тіркеу операцияларын салыстыруға; сенімхат кітабын жүргізуге; жалға алушылардың келісімшарт талаптарын орындауын қадағалауға; жалға


5 беттің 5-сі


алу төлемін және 334/2 есебі бойынша коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлемдердің төленуін жүргізуге; ақылы қызмет көрсетулердің негізгі және негізгі емес кірістерін бақылауға және тіркеу жүргізуге; есеп беру бойынша тоқсандық мағлұматтардың ақшалай көрсеткішін көрсетуге, жалға алу бойынша тоқсандық есеп, 1-Н жылдық санақ есебін құруға.

4.2.1 СМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;


5.СИПАТТАУЛАР



5.1.Бағыныстылығы

5.1.1. Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі тікелей бас есепшіге бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2 Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі болмаған кезінде оның жұмысын осы сектордың басқа бір есепшісі жүзеге асырады.

5.3. Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі мынаны білуі тиіс: өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің жұмыс істеу тәртібін реттейтін ҚР құқықтық нормативтік актілерін, ҚР-ның салық саясатын, ҚР салыққа қатысты әдістемелік материалдарын, есепшілік тіркеу меншігі ұйымдарының әдістемелік материалын, есеп беру құрылымы мен шаруашылық операцияларын, құжаттарды ресімдеу тәртібі мен есепшінің есепке алу операциясының нақтылығын, негізгі қаржының қозғалысымен байланысты тауарлық-материалды құндылықтар және ақшалай құралды қарастыруды.

5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі 1 дәрежелі есепшісінің жоғары кәсіби (қаржылық, экономикалық) білімі болуы тиіс.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.

5.5.1 Жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа түсімдермен есеп айырысу секторының есепшісі БҚМУ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.
6. ЖАЗБАЛАР

-

7. ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР
7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Біліктілік анықтамалығын пайдалану жөніндегі қызметшілер лауазымы;

Бухгалтерлік есептің стандарттары; Бухгалтерлік есеп туралы Заңы; Қазақстан Республикасының «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы» Кодексі;

7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

«КЕЛІСІЛДІ»

Басшылықтың сапа жәнеэкология жөніндегі өкілі



____________ А.С Тасмағамбетов.

02.09.2011 г.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет