Жайма ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарымен кездесу жиынындағы баяндамасы



жүктеу 32.04 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі32.04 Kb.

Жайма ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасының ТЕЗИСІ

Құрметті ауылдастар! Сіздерге 2016 жылы округ бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті баяндамамды оқып беруге рұқсат етіңіздер.

Жайма ауылдық округінің жер көлемі 109977 гектар, округ бойынша барлық халық саны 315 адам. Тұрғындарымыздың көбі мал шаруашылығымен айналысады.Округіміздегі 23 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып, мал басын жылдан жылға көбейтіп келеді.

Ауылшаруашылығы саласы: 2016 жылы Жайма ауылдық округі бойынша «Берік», «Ержан», «Ағзам», «Қорғанбай» шаруа қожалығы ірі қараның тұқымдық түрленуі бойынша субсидия алса, «Меруерт» шаруа қожалығы асыл тұқымды қошқарлар сатып алу бойынша субсидия алды . «Қорғанбай» шаруа қожалығы лизинг бойынша жаңа тырнауыш және шөп шапқыш , «Еділ», шаруа қожалықтары шөп шапқыш сатып алды. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мал өсімінің көсеткіштері толық орындалды, айта кеткенде тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша 2017 жылдың 1-ші қаңтарына мал саны барлығы:

ірі қара – 1710 бас, аналығы -1069 бас.

ұсақ мал -8335 бас, аналығы – 6928 бас.

жылқы – 903 бас, аналығы- 367 бас.

Округіміздегі шаруа қожалықтары тұрғындардан демеушілік көмектерін аямайды, шөппен, отынмен қамтиды, округтегі әр-түрлі іс-шараларға демеушілік жасау мақсатында 18 шаруа қожалығымен 1 млн.теңгеге ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Күнделікті тұтынатын азық түліктердің бағасын негізгі бағасынан 10 пайыздан көтерілмеу үшін патентпен жұмыс істейтін 2 кәсіпкермен меморандум жасалып, баға қадағаланып тұрады.

Округ бойынша жергілікті салықтарды жинау барысы:
Жоспар Орындалуы

Мүлік салығы- 7000 теңге 14391 теңге /206 пайыз/

Жер салығы - 36000 теңге 43513 теңге / 121 пайыз/

Көлік салығы - 235000 теңге 551884 теңге /203 пайыз/


Білім беру салаларына келсек 1 негізгі мектебімізде 47 бала оқиды,13 мұғалім жұмыс істейді, 7 студентіміз бар. Әкімдік пен мектеп ұжымы тығыз байланыста жұмыс істейді, оқушылардың сабаққа қатысу барысы, жас өспірімдер арасында тәртіпті сақтау, қылмыскерліктің алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторымен мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі бірлесе жұмыс істейді.Әр мейрамдарда, Жаңа жыл, Наурыз, қарттармен мүгедектер күні, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жұмыстарына әсіресе шаруа қожалықтарымен «Жастар» ұйымының мүшелері атсалысады. Аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып марапатталды.Қарттар күнін, Тәуелсіздік күні мейрамындары жоғарғы деңгейде өткізілді, Семей қаласында мәдениет саласында жұмыс істейтін ауылымыздың түлегі Б.Түктібаев келіп, концерт өткізіп кетті.Округте волейбол, баскетбол, теннис секциялары жұмыс істейді, спорттық шаралар мектеп ұжымымен бірлесе, жанжақты спонсорлық көмектер көрсетіліп, ұйымшылдықпен өткізіледі.Округте Жайма ауылдық округінің ақпарат тобының мүшелері округ тұрғындарымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформа, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізді.

Ауыл жастары жаздық спартакияда ойындарына қатысты.Сонымен қатар округте әкім жанынан құрылған Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар кеңесі жұмыс істейді. Суықбұлақ пен Жайма ауылын қамтитын учаскелік полиция инспекторымыз бар.Ауыл тұрғындарымен, жастармен кездесіп, тығыз байланыста.Округте қылмыскерліктің алдын алу комиссиясы жоспарлы түрде жұмыс істейді.



Денсаулық сақтау саласы: округ бойынша 1 мед.пунктте 1 фельдшер жұмыс істейді. Округте қан қысымы ауруымен-10 адам, онкология ауруымен 2 адам, туберкулез ауруымен 2 адам тіркелген.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысында ауыл тұрғындары Ж.Раймбеков,А.Рахимбаеваның отбасы мал шаруашылығымен айналысу мақсатында алған несиелерін уақытында қайтару жұмыстарын аяқтады. Жұмыспен қамту орталығында есепте 2 адам тіркелген, кезекпен қоғамдық жұмыстар атқаруда. Округ бойынша жылдың басынан 10 адам жұмысқа орналасты, тұрғындардың дені зейнеткерлер, мұғалімдер,шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, жаз айлары, науқан кезінде жастарымыздың көбі шөп шабу, тиеу жұмыстарына шығады. Тұрғындарымыздың көбі мал шаруашылығымен айналысады. Аталған бағдарлама аясында Жайма ауылының «Жеңіс» алаңы қоршалды, оған 26700 теңге, Жайма –Суықбұлақ ауылдары аралығындағы 18 шақырым жол жөнделді, оған 15 млн. қаражат жұмсалды.

Ауылда байланыс жақсы жұмыс істеп тұр,барлығы округта 51 телефон бар. Тұрғындар «ОТАУ-ТВ» телеарнасын көруде.

Біздің негізгі міндетіміз ауыл шаруашылығын дамытып, халыққа жағдай жасау, табысты даму жолын одан әрі жалғастыру болып табылады.



2017 жылға жоспарлап отырған даму жұмыстарымыз:

  1. Жайма ауылының «Жеңіс» алаңын көріктендіру.

  2. Жайма ауылының көшелерін жарықтандыруды жалғастыру.

  3. Балалар алаңын жасау.


Округ әкімі С.Ахметжанов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет