Жалаң және жайылма сөйлемдер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата22.04.2019
өлшемі167.5 Kb.
#110105
түріСабақ

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың  ойлау қабілетін дамытып, сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

2. Дамытушылық: Түрлі әдістер арқылы балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,салыстыру,сұрақ-жауап,сөздер банкасы, ең керемет жарнама, екі жақты түсіндірме күнделік стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, стикер, маркер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

4. Оқушыларды 3 топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасы

1. Үйге  берілген  жаттығуды сөздік диктант арқылы тексеру.

2. Дөңгелек үстел стратегиясы. Оқушыларға ақ парақ беріп, оған үйге берілген тапсырмадан білгендерін қағазға жазып, әр топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

3.«Даналық ағашы» (сұрақ – жауап)

1. Жай сөйлем дегеніміз не?

2. Жай сөйлемнің түрлері қандай?

3. Жақты сөйлем дегеніміз не?  Мысал  келтір

4. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?  Мысал  келтір

5. Оқшау сөздер дегеніміз не?

6. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

7. Айқындауыш мүше дегенімізне?

8. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

9.Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

10.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақтаға сөйлемдер жазып, сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.

Жаңбыр жауып тұр.

Күн күркіреді.

Қар жауды.                                     
Ұшақ көтерілді.                             
Мұғалім кірді.                                
Күн жылынды.                                

- Қандай ерекшелік байқадыңдар?

- сөйлемдерде тұрлаусыз мүше жоқ.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.

Оқушылар мынадай ережелер шығарады:

1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.

Жаңбыр себелеп жауып тұр.  

Күн қатты күркіреді.                              

Қар қалың жауды.

Ұшақ биікке көтерілді.

Мұғалім сыныпқа кірді.

Күн көктемде жылынады.

Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.

   Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.

1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

            Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге

 айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем

болмайтындығын көрдік.

Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.

 


IV. Сабақты бекіту

1- кезең. Оқулықпен жұмыс.

1-топ. Сыныптастарының өнерін, қасиетін қатыстырып сөйлемдер айтады, ауызша сөйлем мүшесіне талдайды
2-топ. 78-жаттығу. 5 жалаң сөйлем жазу. Сөйлем мүшесіне талдау
3-топ. 78-жаттығу тапсырма. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
Тапсырмалары бойынша әр топтан 1 оқушы тақтада орындап, сөйлемдерін талдап, дәлелдейді.
2-кезең. ВЕНН диаграммасы

 

3-кезең. Сергіту сәті. «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Ойынның шарты: Экранға суреттер беріледі. Сол суретке қарап отырып, қандай мақал-мәтелді көрсетіп тұрғанын оқушылар айтады.



V. « Білгірлер» сайысы

1. Анықтауыш болатын сөз таптары?

А) Сын есім, етістік

Б) Есімдік, тұйық етістік

В) Сын есім, сан есім, зат есім



2. Бір ғана тиянақталған ойды білдіретін сөйлем не деп аталады?

А) Сөз тіркесі Б) Жай сөйлем В) Құрмалас сөйлем



3. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі ?

А) Жақты сөйлем Б) Жақсыз сөйлем В) Жалаң сөйлем



4. Оқшау сөздердің негізгі қызметі қандай?

А) Сөйлем мүшесі бола алады.

Б) Сұраққа жауап береді.

В) Сөйлемге түрлі мағына береді.



VI. «Сөздер банкасы» ойыны.  Қима қағаздарға әр түрлі сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемнің ішінен жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырату.   
Ауа райы салқындай бастады.
Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.
Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
Оның бүгін келуі мүмкін.
Олардың бұл араға қонғысы келмеді.
Таңертең сабақты оқыдым.
Оқушылар мектептен қайтты.
Әсел үйіне қайтты.
Бәсе, дұрыс айтасың.
Айжан мені кітапханада күтеді.
VII.  «Ең керемет жарнама»

3-топқа үш заттың суреті беріледі (сағат, компьютер, қобыз). Әр топ осы заттарды жарнамалайды. Негізгі шарты: ол заттың атын атамауы тиіс. Басқа топтар жарнамаға қарап, ол заттың не екенін табады. Жарнама ішінен жалаң, жайылма сөйлемдерді табады.



VIII.  “Екі жақты түсіндірме күнделік” стратегиясы. Стратегия шарты бойынша оқушылар әр сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

  • Жалаң және жайылма сөйлемдер құрмалас сөйлемнің түрлері  ме?(жоқ)

  • Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұра ма?(ия)

  • Құрамында тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлем жайылма сөйлем бола ала ма?(Жоқ)

  • Жалаң сөйлем тек екі сөзден тұруы міндетті ме?(жоқ)

  • Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де қатысқан сөйлем жайылма сөйлем бола ала ма?(ия)

  • Бүгінгі сабақты түсіндіңдер ме?

IX. Үйге тапсырма.

    1. Ереже жаттау.

    2. Жалаң сөйлемге 10 мысал, жайылма сөйлемге 10 мысал жазып, сөйлем мүшесіне талдау.


X. Бағалау. Сабақтың кезеңдері бойынша әр топтың бағасын шығару.Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы



Оқушылардың

аты-жөні


Тапсырмалар


Қорытынды

бағалар

Үй жұмысы

Оқулықпен

жұмыс

Венн диаграммасы

Білгірлер

сайысы

Сөздер банкасы

Ең керемет

жарнама



Екі жақты

түсіндірме күнделік

«5»-5-6

«4»-3-4

«3»-2-3
































































































































































































Хасанова Меруерт

«Кәусар» гимназия мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Ордабасы ауданы Темірлан ауылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Қызылорда қаласы №140 қазақ орта мектебі Нұрманова Мереке Серікбайқызы Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет