Қарағанды ​​облысының тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, Қарағанды облысының тұрғынын ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен 2024 жылғы 3 қаңтарда ұстаған.

  • Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
  • "Бас шыршаның жанына жарылғыш зат қойған": Қырғызстанда екі жасөспірім теракт пен қарулы шабуыл жасамақ болған

“Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деді ҰҚК.

Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.