Жамбыл облысы Жуалы ауданы жер бедері мен геологиялық құрылымын қашықтан зондтау арқылы болжау



жүктеу 80.67 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі80.67 Kb.

УДК 631.528.24.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы жер бедері мен геологиялық құрылымын

қашықтан зондтау арқылы болжау
Сенников М.Н., Омарова Ғ.Е., Аханбике П., Джуманазарова А.,

Курмантаева Д., Сугуралиев Д.

М.Х.Дулати ат. ТарМУ, Тараз қ.


Зерттелетін территорияның қазіргі жер бедері ширек кезеңнің басы мен үшінші кезең соңынан бастап қалыптаса бастады. Үштік кезеңнің екінші жартысында солтүстік – батыс бөлігі Қаратау жотасы болып табылатын Тянь-Шань тауының көтерілісіне әкеліп соғатын тектоникалық қозғалыстар болады.

Билікөл ауыл округінің негізгі учакесінің территориясын геоморфологиялық белгілеріне байланысты келесі аудандарға бөлуге болады:



  1. Таулы бөлініс массиві;

  2. Тауалды еңіс жазықтық;

  3. Билікөл ойысы: асса өзенінің жайылма үсті террасасы, әлсіз толқынды өзен аңғар жазықтығы, жазық құмдар.

Үстірт топырақ құраушы саздақты және механикалық саз құрамының ұсақ топырақтың элювиальды құрылымының жіңішке жабынымен (50-100 см) жабылған кембрийлік және тас-көмірлік қалың жыныстарынан тұрады. Топырақ құрамы гумустік горизонты айқын білінетін ашық қоңыр түсті.

Билікөл ауылдық округі жерлері екі участтен тұрады: Негізгі және Таулы. Негізгі бөлігі Жуалы ауданының солтүстік бөлігін алып жатыр, бұл территорияға Билікөл, Шақпақата, Жетітөбе, Күреңбел округтері, сонымен қатар мал жайылым жерлері де кіреді, кадастрлы бөлігін қамтиды.

Билікөл ауылдық округі Билікөл совхозның базасында құрылды. Ауылдық округтің админстративті орталығы – Қарабастау ауылы. Билікөл ауылдық округінің негізгі учаскелі жерлері шығыс және солтүстік бөлігінде Талас ауданы жерлерімен, солтүстік-шығыс және жерлері Жамбыл ауданымен, ал оңтүстік бөлігінде Жамбыл ЛХПП жерлерімен шектесіп жатыр.

Батыс бөлігінің Таулы учаскелі жерлері Қошқарата ауылдық округімен, солтүстік және солтүстік-шығысы Жамбыл ЛХПП жерлерімен, ал оңтүстік-шығыс және оңтүстігі Боралдай ауылдық округімен шекараласып жатыр (сурет1).

Өсімдіктер картасы нақты шаруашылық нысандарын қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша нормативтік жобалық құжаттардың бір бөлігі бола бастады.

Өсімдіктерді бағалық картографиялау оны зерттеуде теориялық және әдістемелік тұрғыда терең көзқарастарды талап етті.



Сурет 1. Шолу картасы
Өсімдіктер тобының экологиялық мағыналық функцияларын анықтау және баға беруге назар артты, сондай-ақ өсімдік жамылғысының антропогендік бұзылулар мәселесі және оның әр түрлі антропогендік факторларға, төзімділік мәселелеріне көңіл бөлінді.

Қазіргі кезде үлкен назар ерекше қорғалатын аймақтар өсімдіктерін картографиялауға аударылып отыр. Сондай-ақ, көп мағына қорықтық территориялардың табиғи динамикасын көрсететін карталарға беріліп отыр.

Ірі масштабты геоботаникалық карта өсімдіктердің қазіргі жағдайының артып жатқан техногендік пресс шарттарында жасалған айрықша құжат болып табылады. Ол өсімдіктердің бірден және антропогендік себептерін анықтауға мүмкіндік береді, функционалдық және экологиялық арақатынасын анықтауға және өсімдік жамылғысының өзгерісін болжауға мүмкіндік береді.

Өсімдіктерді картографиялаудағы жаналық болып климаттық өзгерістермен байланысты болжамдық картографиялау саналады. Геотүрлілік пен оның картографиялық бейнеленуін бағалауда жұмыс жасалуда. Алайда, күні бүгінге дейін өсімдіктердің синтаксономикалық бірліктерін жекелеп бейнелейтін инвертаризацияланган ірімасштабты карталар үлкен сұранысқа ие. Олар, әсіресе, ерекше қорғалатын аймақтар үшін аса маңызды. Қазіргі өсімдіктер мен олардың экологиялық байланысы мен динамикалық тенденцияларын бейнелейтін әмбебап ірі масштабты геоботаникалық карталардың рөлі одан сайын артты, себебі кез келген барлық мазмұндағы карталарды жасау әмбебап геоботаникалық карталар негіз ретінде қолданылады. Эпиассоциация мен эпиформация – өсімдіктердің динамикалық жағдайының әр түрлі жолдарын көрсететін экологиялық-динамикалық жүйе ретінде түсіндіріледі. Эпитаксондарда басты болып, олардың жүйелік қалыптастырушы байланыстары саналады: кеңістіктік-экологиялық және географиялық, сукцессионды немесе флуктационды-динамикалық, т.б. Бұл байланыстар әр бір берілген жүйенің кеңістікте бір бүтін, тұтас және байланыстырады. Бұл оны картаға бейнелеуге мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты карта ормандардың қазіргі құрамы мен жағдайы туралы бағалы ақпарат береді, олардың негізінде дұрыс болжам жасап, қазіргі жағдайға дұрыс баға беруге болады.

Өсімдіктерді картографиялаудың дамуындағы жаңа кезең ГАЖ технологияларды енгізу мен карта құрастырудың және болжаудың компьтерлік әдістерін дамытумен байланысты. Қазіргі автоматтандырылған компьютерлік геоақпараттық жүйе карта жасау және болжау функциясын атқарады. компьютерлік және сандық картография әдістері өте кең қолданылады. Олардың сөзсіз артықшылықтары көп. Бұл үлкен көлемдегі ақпаратты оперативті-автоматы түрде және қабаттап бір картаға бейнелеу, картаның әртүрлі қабаттарындағы мәліметтерді барынша обьективті түрде салыстыруға мүмкіндік беретін картографиялық болжам жасау, осы арқылы өсімдіктердің экологиялық факторлармен байланысты анықтау мүмкін болады. Бірақ мұның мазмұндық картографиялауда обьективті шектеулері бар әдістер жиынтығы ғана екенін ескеруіміз қажет. Қазіргі көптеген картографтардың осы әдістер көмегімен жасаған өсімдіктердің өзіндік қасиеттері мүлде жоғалған, жалпы экологиялық мәліметтер базасына тағы да дұрыс әдістемелік тұрғыда бағыт алу және экожүйелік тұрғыдан мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер жасау қажет.

Тақырыптық картографиялаудың болашағы – техникалық тұрғыда дамуы болып табылады. Тәжірибе жасауда нәтижеге жету пішін жағынан ғана емес, мазмұны тұрғысына болуы шарт. Мұндай жетістікті жұмыстар Ресей мен шетелдерде жетерлік. Бірақ мұндай жұмыстардың өзі картограф, программист және геоботаник бірлесе отырып жұмыс жасағанда пайда болады және олар біздің тақырыптық картографияны, сондай-ақ геоботаникалық картографиялауды әлемдік деңгейге шығарып, осы карталардың мазмұны екенін ұмытпауы тиіс.

Аналитикалық карта құрастыру көбіне әмбебап картаны болжаудың тереңдетілген әдісі ретінде қарастырылады. Жалпы ұсақ масштабты әмбебап картаның кеңістікте өсімдік жамылғысының жекелеген түрдегі бөліктерінің өзгеруін қадағалап отыру, географиялық заңдылықтарды көрсетіп беру, белгілі бір категорияға жататын өсімдік түрін айыра білу және оның қоршаған ортамен байланыстыру өте қиынға соғады.

Ірі масштабты карталарда нысандарды жекелеген түрде бейнелеу тән, сонымен қатар қазіргі кезде жаңа компьютерлік бағдарламаларды қолдану аясы күннен күнге артып келеді.

Аналитикалық карталарды бір нысанды зерттеуде бірнеше тұрғыдан қолдануды бүкті ормандар мысалынан көре аламыз. Бұл ормандар – Батысеуропа геоботаниктерінің сүйікті және барынша зерттеген нысаны. Ол әмбебап карталарда 1:2500000 масштабты карта мүмкіндігінен асатын дәлдікпен көрсетілген. Сонымен қатар 3 аналитикалық карталар көмегімен тек қана синтаксономикалық географиялық алуан түрлілігін көріп қоймай, сондай-ақ табиғи факторлармен кейбір негізгі байланыстарын көруге болады. Бірінші карта рельефтің биіктік деңгейлерімен бүкті ормандардың таралуын көрсетеді. Оның легендасында бары таралуын көрсетеді. Оның легендасында бары 3 номер: жазық ормандары, тауалды және таулы биік таулы ормандар. Екінші карта евтровты бүкті ормандардың таралуын сипаттайды, онда картографияланған бірліктер географиялық аудандар бойынша топтарға біріктірілген. Әр бір бөлік әмбебап картаның 1-ден 5-ке дейін картографияланатын бірліктерін біріктіреді. Барлық 24 бірлік бейнеленген. Барлық спектрдің жарық түстерін жасылдан қызылға дейін қолдану арқылы географиялық топтар жақсы оқылады және бірден кейбір географиялық байланыстарды көруге болады. Сөзсіз бұл жерде карта жасауға басқаша көзқарас қажет етеді, ол - үлкен геометриялық генерализация. Келесі карта дәл осы әдіспен олиго және мезотрофты ормандар үшін құрастырылған. Барлық үш карта бір масштабта құрастырылған, сондықтан салыстыруға болады, алайда оларға болжам жасау үшін қабат ретінде қарау мүмкін емес, себебі бірдей түстер әр түрлі категориялар үшін қолданылған. Үш картаның басты кемшілігі – географиялық негіз қатты бөлшектенуі, ол әсіресе ареалдар шекарасына болжам жасауға қиын.

Бұл карталар «Биоалуантүрлілілік» бағдарламасында да қолданылды. Картаны локалды және далалық зертеулермен байланыстыра отырып, нақты түрлі құрылым туралы анализ ала аламыз. Атап өтетініміз, қазіргі заманғы компьютерлік әдістер карталар анализін мүлде жаңаша түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Өсімдіктер картасы бұл жағдайда биоалуантүрліліктің биогеографиялық құрылымының зерттеу нысаны ғана емес, сондай-ақ биоалуантүрлілікті ұйымдастырушы негіз ретінде қолданылады, ол анализді әр түрлі деңгейде жасауға мүмкіндік береді – жеке топтардың түрлік құрылымынан ірі фитохорологиялық категорияларға дейін – бір жүйеде.

Геоақпараттық жүйелердің ақпараттық қамтамасыздануы цифрлік форматтағы карталар, түрлі масштаб пен түрлі мезгілдегі аэроғарыштық суреттер, координаттық торға байланған жер бетінен бақылау материалдарынан құралады, олар физикалық-географиялық мәлімет банкін құру үшін қажет. Жаңа ГАЖ құру кезіндегі шығынның 90% ақпаратты ЕЭМ-ға енгізу мен оны жинауға жұмсалады. Соның ішінде аэроғарыштық суреттерге толығырақ тоқталсақ, оны ГАЖ-де үш бағытта қолдануға болады.


  • сурет – геоақпараттық жүйенің негізгі қабатты, ол мәлімет базасындағы информацияны кеңістік байланысты тіркеу үшін қолданылады;

  • ГАЖ технологияларының көмегімен суреттерді өңдеу нәтижелері мәлімет базасында жаңа картографиялық қабаттарды құру үшін қолданылады;

  • қойылған міндеттерді орындау үшін суреттер – ақпарат көзі ретінде қолданылады.

Барлық геоақпараттық жүйелерде кеңістікке байланысты ақпараттың векторлық және растрлық типтері пайдаланылады. Бұлар ерекше талдауды қажет етеді. Әр қабатында векторлық нысандары бар (нүкте, сызықтар мен полигондар) қабаттардың жиынтығында тақырыптық жеке–жеке карталар жасауға мүмкіндік береді. Осы қабаттар концепциясын бүкіл ГАЖ қабылдайды. Мысалы, бір жүйеде ол қабаттар тек нүктелі нысандарды сақтайды, ал басқа жүйедегі қабаттарда түрлі типті нысандарға бірге орналасуы мүмкін. Растрлық мәлімет - бізге үйреншікті біртұтас бейнелер. Көбінесе ол топографиялық негіз, аэроғарыштық суреттер, сонымен қатар статистикалық мәліметтер де болуы мүмкін - яғни белгілі бір территорияда берілген тақырыпқа байланысты көрсеткіштің таралуы. Осы растрлар ГАЖ-де картаның векторлық қабаттарының негіздемесі болады. Оның компьютердегі форматтары көпшілікке мәлім - BMP, GIF, TIFF, JPEG, Targa, PCX, т.б. Осы ГАЖ-арқылы өңделетін ақпараттың негізгі көзі – дистанциялық бақылау әдістері, сондықтан ақпараттың алыну жолдары туралы да айта кеткен жөн. Дистанциялық бақылау мәліметтері, өзіміз білетіндей, планетамыздың қоршаған ортасын зерттеу үшін қолданылады. Жердің қоршаған ортасы - жер беті, жер қыртысының жоғарғы қабаты мен атмосфера. Бұларды кез келген ұшқыш аппараттан дистанциялық бақылау әдістері (аэроғарыштық әдістер) арқылы тікелей түсіру (фотосъемка) мен электромагниттік толқындарды қабылдауды қолдана отырып тіркеуге болады.

Дистанциялық бақылау үш кезең тұрады: суретке түсіру (съёмка) материалдарын алу, оларды өңдеу, өңдеу нәтижелері бойынша карталар мен картографиялық емес материал алу. Қолданылатын құрал - жабдыққа қарай дистанциялық бақылау әдістері визуальді, фотографиялық, фотографиялық емес, картографиялық және көп зоналы болып бөлінеді.

Көп зоналы түсіріс - 0,4-1,1 мкм аралығында сәуле шығаратын объекттерді тар спектрлық диапазондағы 4-6 каналды қолдана отырып жүргізілетін съемка түрі.

Түсіріс материалдары алынғаннан кейін, оларды өңдеу жүргізіледі:



  • суреттерді геодезиялық-географиялық координатттарға байланыстыру;

  • физикалық, аппаратуралық және навигациялық (биіктік бойынша жіберіліп қателер, ұшудың азимутының жылдамдығы, т.б.) параметрлерге байланысты жіберілген геометриялық бұрмалауды жою немесе есепке алу;

  • бейнелерді қолайлы түрге келтіру және оларды дешифрлеу

  • Осы функцияларды ГАЖ-бағдарламаларының көмегімен жүзеге асыруға болады.


Әдебиет


  1. Инструкция по проведению крупномасштабных почвенных изысканий земель Республики Казахстан. Алматы, 1995.

  2. Инструкция по проведению крупномасштабных (1:1000 -1:100000) геоботанических изысканий природных кормовых угодий Республики Казахстан. Алматы, 1995.

  3. Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорны Кешенді Іздестіру Бөлімі (ЕМК Мемжерғылөнорталығы КІБ).

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Ahmetov
Ahmetov -> Қашықтықтан зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстанның оңтүстік аймақ жерлерінің болжамдық негіздеулері Омаров Е. О., Сенников М. Н., Омарова Ғ. Е., Колбачаева Ж. Е., Мейрбекова А., Мейрманов А.,Қалкеева А
Ahmetov -> Әож 658. 562: 011. 56 Бөгетсіз бастоғанды гидротехникалық құрылымдарындағы апаттар қаупін талдау
Ahmetov -> Шу өзенінің су ресурстарын бағалау Естаев Қ., Пернебай А
Ahmetov -> А., Гранкин Ю. Я. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жшс, Тараз қаласы
Ahmetov -> ӘӨЖ 581. 6: 71 Қалаларды көркейтудегі жасыл желектердің маңызы
Ahmetov -> АөК шаруашылықтың ұйымдық құқық нысандарының экономикалық тиімділігі
Ahmetov -> Қазақстанның шөлейтті аймағындағы жайылымның жер асты су көздері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет