Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама



жүктеу 76.48 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі76.48 Kb.
түріСабақ

Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама

және оның емдік қасиеттері

1 Кіріспе

1. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаты

Жантақ (АIhagi) – бұршақ тұқымдасының туысы. Оны бұталы немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер қатарына жатқызуға болады.Сабағының төменгі жағындағы тікендері қысқа әрі мықты, жоғарғы тікендері жіңішке шөп тәрізді, ұштары жоғары қараған. Оның жапырақтары сопақша,шеттері бүтін,сабақтары мен тікендердің түп жағына орналасқан.Гүлдері қызыл түсті,гүл сабақтары ұзын, гүл тостағаншасы қоңырау сияқты әрі тістері бар болып келеді.

Жантақтың жапырақ топтамаларының кішкентай және түкті болуы ыстыққа төзімділігін арттырады.Жантақтың тамыр жүйесі кіндік тамыр болғандықтан оның тамырлары өте тереңдеп кетеді.Жантақ тамырының ұзындығы 25-30см-ге дейін жетеді.Жантақ тамыры арқылы көбейіп отыратын көп жылдық өсімдікке жатады.Жантақтың кейбір жапырақтары түрін өзгертіп,тікенге айналады.Жантақ өсімдігі тамыз айында гүлдейді.Қыркүйек,қазан айларында масақ түсіп,дән байлайды.Оның дәні құрғақ,қоңырқай түсті, бұршақ тәріздес,дәмі қышқылтым болады. 







2.Жантақ өсімдігі таралған аймақтар.

Жантақ өсімдігі шөл шөлейт жерлерге өседі.Жантақтың түрлері көп болады.Америка шөлінде жеті түрі,ТМД-елдерінде 5-түрі,Қазақстанда 4 түрі кездеседі.Жантақ өсімдігінің биіктігі 40-120см-ге дейін барады.Қазақстанның Каспий,Арал,Ембі,Ертіс,Оңтүстік Қазақстан,Маңғыстау, Мойынқұм,Іле-шу,Балқаш-Алакөл аймақтарында өседі.Қазақстанның Оңтүстік және Орталық аймақтарында қырғыз жантағы,және сирек жапырақты жантақ түрі,ал Республикамыздың батыс бөлігінде парсы жантағы көп кездеседі.



II Негізгі бөлім.

1.Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттері туралы.

Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін халқымыз ерте заманнан-ақ пайдаланып келген.Біздің Оңтүстік аймақта өсетін жантақ-түйетікен деп те аталады. Оның себебі түйе малының ең сүйіп жейтін шөбі болғандықтан «вервлюжая колючка» деп те атап кеткен.

Жантақ шөбінің тамыры да оның сабағы мен масақтарының да емдік қасиеттері мол. Жантақ өсімдігінің құрамында С витамині каротин, эфир майлары, гликозидтер, фловоноид сапонин заттары, қант, суда еритін органикалық заттар С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі.

Медицина саласында жантақтың жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады. Жантақ сабақтарын құрғатып, ұнтақ күйінде дәрілік препараттар жасайды. Жемісі мен тамырынан дәрі-дәрмек өндіреді.

Жантақтың іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жантақ өсімдігінің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Жантақтың тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады.

Жантақтың жаңа гүлдеген кезінде гүлін жинап алып суға қайнатып, асқазан, ішек ауруларына қарсы ішеді. Жантақтың тамырын да суға қайнатып тізе, буын ауруларына, жүрек соғысы нашарланғанда және тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланылады. 20 грамм тамыр үгітіндісін 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 30 минут бұқтырып, сүзіп, ас алдында әр жолы 3 ас қасықтан, күніне 3 рет ішеді. Мұны бүйректе тас-құм байланса, жүрек қызметінің нашарлауынан денеге ісік шықса, ас алдында бір ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Жантақтан қайнатпа (отвар) жасайды. Ангина, экземаларды, әйел адамдардың спецификалық ауыруларына қарсы, асқазан язвасына қолданылады. Жантақтың суыққа қарсы, ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Іші қатып ауыратындар жантақтың алдын ала кептіріліп, ұсақталған тамырының 2 шәй қасығын 1 стакан қайнаған суға араластырып, 7 минут қайнатады. Қараңғы жерде 30 минуттай тұндырып, суытады. Содан соң осы қайнатпаның бәрін аш қарынға бірден ішіп қою керек. Ішті жақсы жүргізеді. Кейін білдік, жатыр мойнының эрозиясы, іріңді отит кезінде жантақ ваннасын қабылдау керек екен. Ол үшін 500 миллилитр қайнаған суға жантақтың 4 ас қасығын салып, оны екі сағат тұндырып қояды. Содан соң онымен ауырған жеріңізді жуасыз. Дегенмен оны пайдаланбас бұрын емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алғаныңыз да дұрыс шығар.



2. Жантақ өсімдігінің мал шаруашылығын

өркендетудегі алатын орны

Жантақ өсімдігі ыстық климат пен жартылай шөлейт, құмды климатта өсетін болғандықтан қолайсыз климаттың өзінде өзі тұқымын түзуге өте бейімді келеді. Сондықтан бұл өсімдікті ксерофиттік өсімдік деп те атайды. Жантақ шөл және шөлейт далаларда өмір сүретін жануарлардың азығы болып саналады. Далалық жердің топырағының құнарлылығы мен эрозияға ұшырау дәрежесі тікелей жантақ өсімдігінің жамылғысына тәуелді. Сондықтан да жантақ өсімдігінің табиғаттағы орны ерекше. Ара жәндіктері жантақтың гүлдерінен бал жинайды. Оның дәмі кермектеу болады. Адам ағзасы үшін әсіресе жантақ гүлінен жиналған балдың маңызы зор.

Жоғарыда айтып өткендей түйетінен (вервлюжья колючка) яғни жантақ – түйе малының сүйіп жейтін азығы. Түйетүлігінен өндірілетін шұбат пен қымыранның адам өміріндегі ас ретінде қолдануынан бастап, ағзаның имунитетін көтеретінін, кейбір жеңіл науқастардың бойға дарымауына септігі мол екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. Сондай-ақ адам бойындағы күш – қуатын арттырып отыратындығы ерте заманда –ақ белгілі болған. Жантақ өсімдігін ұсақ малдарда (қой, ешкі) сүйіп жейді. Үнемі жантақ өсімдігімен қоректенген ұсақ малдарды қосымша емдеудің қажеті жоқ. Олар жемдеген малдан бетер қоңды болып, еті өте дәмді болады. Сондақтан ауылдық жерлердің тұрғындары мал азығы үшін көбісі жантақ өсімдігін гүлдеп, дән байлаған кезде орып, малға қыстық азық үшін жинап алады.

Жантақ туралы ел аузындағы аңыз.

Сонау ерте заманда қатыгез хан өмір сүріпті. Сол қатігез хан қарауындағы барлық халықты жинап, мынадай бұйрық береді. “Елдегі барлық алпыстан асқан қариялардың көзін жою керек” Бұл бұйрық тыныш жатқан халықты дүрліктіреді. Өзінің туған баласы не оның туған туысы бұл бұйрыққа мойын ұсынбасқа лажы қалмай, орындауға тиіс болды.Қаншама уақыт өтсе де бұл дәстүрге айналады. Жазықсыз 60-қа келген қариялар туған – туыстарымен, бала-шағасымен қоштасып, дүниеден оза береді.Бұл қатыгез ханның бұйрығы болатын. Мұндай қатыгездік баланы әкеге жау ретінде көрсетті.

Бұл күні кезегі келген жігіт үйінде тұра алмай жатқан әкесін арқасына салып арқалап, жолда келе жатты. Жігіттің сілесі қатып, шаршап, демалуға бір тастың жанына тоқтап, арқасындағы арқалап келе жатқан әкесі салынған сандықты жерге қояды. Сол кезде сандық ішінде жатқан әкесі бар дауысы мен қарқылдап күледі. Түкке түсінбеген баласы, - “ -

--- “Қымбатты әкешім, өлімге бара жатып, мұнша шаттанып күлгенің не?” – деп сұрайды. Әкесі сонда:

--- Ұлым менің, сенімен қоштасар күн де санаулы қалды.Әрі қорқынышты, әрі аянышты. Сонда да айтайын. Халқымызда “Әкеңе не істесең, алдыңнан сол келеді”, - деген нақыл сөз бекер айтылмаған екен. Сол сөздің шындық екеніне енді көзім жетті. Мен де кезінде әкемді сен сияқты өлімге арқалап келе жатып, осы сен отырған тасқа демалып едім.

Соның айнымай өз басыма келгеніне күлдім, - дейді. Халқымыз не деген данышпан еді. Сол кезде баласы:



--- “Әке, сенің айтқан сөздеріңе қарап, осы қасірет менің де басыма келеріне көзім жетті. Сондықтан сізге құдайдың өзі ажал жібергенше жан баласы көрмейтін жерге сақтайын, соған рұқсат етесіз бе?” – деп сұрайды. Баласының жүрек жарды сөзін қимай, әкесі үнсіз келісімін береді. Түн қараңғысында үйіне қайтып келіп, жер асты үңгір қазып, әкесін сонда жасырады.

Сол жылдары елге жау шауып, ел әбден күйзеледі.Ақыл айтып сабырға шақырар қариялар болмаған соң, ел тоз-тоз болып бөлініп көше бастайды.Көшіп жатқан елге қосылып, әкесін сандыққа салып алып, бала да үй-ішінен көшкен керуенге қосылады. Көшіп келе жатқан керуен ұзақ жүріп, шөлейт жерге кез болады. Айналада құрғақшылық, ішерге су жоқ, ел қырылуға айналады. Бала әкесіне бар хабарды айтып, әкесін құлақтандырып отырған. Суға шыдамай мал да, адам да, қырыла бастайды. Баласы шыдай алмай, әкесінен ақыл сұрайды. Әкесі мән жайды түсінген соң баласына. “Елдің бәрін тоқтатып, сабырға шақыр, су табылады” - деп айт,- дейді. Сонда баласы әкесін сөзін дегбірлері қашқан елге жеткізеді. Халық көштерін тоқтатып сол жерге аялдауға келісіп, жас баланың ақылын тыңдайды. Бала әкесінің айтуымен екі өгізді босатып жібереді де, олардан көз алмай қадағалап тұрады. Қос өгіз жұлқынған бойдан бір топ тікеннің түбін аяқтарымен шаңғытып теуіп, өкіріп-өкіріп жібереді. Сол кезде бала өгіздердің көрсеткен жерінен құдық қазу керектігін айтады. Халық сеніңкіремей тұрса да баланың айтқанын орындауға келісіп, құдық қазады.

Тікеннің тамырын қуалай қазған олар көп кешікпей жер асты суына жетеді. Қарияның берген ақылының арқасында жұрт жұттан аман қалады. Сол жерге көштерін тоқтатып, қоныстанады. Тікен тамырын бойлай қазған құдықтан су шығып халық апаттан аман қалады. Халықтың қырылудан аман қалуына бала әкесінің ақылы себепші болғандығын, жұртқа паш етеді. Бұл сөз патшаға да жетеді.Сол оқиғадан кейін патша жарлығын өзкертіп, жасы 60-тан асқан қарттарды өлім жазасына кесетін жарлығын өзгертіпті.

Содан бері бұл тікенді халық « Жансақ»

(жан сақтау) деп атап кетіпті. Ал қазіргі кезде бұл тікен жантақ деп аталып жүр.

Жантақ шөбі туралы ел аузындағы аңызда былай айтылады.

Ерте көктемде қыстаудан жайлауға көшкен ел ұзақ жүріп, бір төбенің баурайына дамылдайды. Төбе баурайында жантақ қалың өскен екен.

Қыстауға қайтар кезде шөлдеп қиналмас үшін көшкен ел ішінен бір қарт кісі жантақтың тамырға ұштасқан сабақтарын жарып, ортасына қауын шопағын ендіріп, оларды ауа кірмейтін етіп бекіттіреді. Қарт жұртқа «Үш айдан кейін қыстауға қайтара көшкенде осы араға тоқтап, қауын жейтін боламыз» дейді.

Қарт айтқандай дәл үш ай өткен соң елдің көші әлгі төбе баурайына дамылдайды. Жұрт қараса шопақ ендірген жантақ сабақтарынан қауын өркен жайып, пәлектеп, түйін салып, пісіп тұр екен.

Ұзақ жолдан шалдығып – шаршап келе жатқан жұрт көкенісеке қарық болып қалады.

Осы оқиғадан кейін сусыз жердегі өскен жантаққа қауын егіп алу үрдісі қалыптасса керек.

III. Қорытынды.

Халық медицинасында дәрілік шөптерді қолдану кейінгі кезеңде етек алды. Қазірдің өзінде біздің өлкемізде, яғни Қаратау аймағында, дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің 200-ден аса түрі белгілі болып отыр. Оның ішінде біздің өңірде дала өсімдіктерінің кеуіл, алтын тамыр, андыз, дермене, итбүлдірген, қызыл долана, шайшөп, шегіргүл, мойыл, таңқурай, жалбыз, теңгежапырақ, түймедақ, сарымсақ, меңдуана, шашыратқы, атқұлақ, бақбақ, бәйшешек, киікоты, бүрген, қырықбуын, балшытыр, жер сабын, қарамық, ермен, зире (тмин), зығыр, итсигек, көкпек, қалампыр, қарақат, қалақай, қырықбуын, маралшөп, мыңжапырақ, бүлдіген, құлқайыр, ошаған, теңге жапырақ, қазтабан, рауғаш, таупісте, тау шие, шырмауық, шытыр т.б. түрлері көп кездеседі. Халық медицинасында оларды түрлі ауруларды емдеуге кеңінен қолданылады.

Олардың ішінде халық арасында емдік қасиеті үшін көптеген ауруларға қолданатын жантақ өсімдігіне тоқталдық. Жантақ өсімдігінің тек адам өмірінде ғана емес ауыл шаруашылығының саласын өркендетуге де пайдасы бар екендігін талдадық.

Дәрілік өсімдіктердің Қазақстанда таралу картасына қарайтын болсақ, табиғи дәрілік өсімдіктердің көп шоғыры Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Петропавл, Көкшетау жерлерінде көп кездесетіні байқалады.

Біз сөз етіп отырған жантақ өсімдігі әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында, жартылай шөлейт алаптарда атап айтқанда Түркістан, Ордабасы, Бәйдібек, Сөзақ аудандарының далалы алқаптарында қалың болып өседі. Осы жерледің экологиялық жүйесін қорғауда да жантақ өсімдігінің маңызы зор.

Қорыта айтқанда жантақ өсімдігінің қасиеттері – табиғат сыйы. Оны орынды пайдалану біздің міндетіміз.



«Туған жердің тасы да ыстық» демекші өлкемізде өсетін жантақ өсімдігінің пайдасын игілігімізге орынды пайалану - өскелең ұрпақ борышы.
Каталог: uploads -> doc -> 0a52
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a52 -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования
0a52 -> Отбасылық ТӘрбие, оның тарихи негіздері
0a52 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет