Украинамен соғыстың екінші жылында Владимир Путин жауын міндетті түрде жеңетінін айтты. Оның айтуынша, жаулары — НАТО, АҚШ және Еуропалық Одақ. Ал Украинадағы жағдай – Ресейдің бейбіт өмір сүруі үшін болып жатқан әділ соғыс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

BBC журналисі Стив Розенбергтің айтуынша, 20 жыл бұрын Путин мүлде басқа адам еді. Ол НАТО-мен одақ құруды қолдайтын және ұжымдық халықаралық қауіпсіздік қажеттігі туралы сөз қозғаған еді.

Осы уақыт ішінде оған не болды және Батыс пен НАТО-ға деген көзқарасы неге сонша өзгерді? Осы сұрақтарды журналист НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Джордж Робертсонға жолдады. Сондай-ақ ол Ресейдің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қашан шақырылатынын сұрады. 

Джордж Робертсонның айтуынша, ол кездескен Путин қазір іс жүзінде маньякқа айналған. 

"Ол кезінде жақсы істер жасаған еді. Ресей-НАТО кеңесін құрған Путин қазіргі [Путиннен] мүлде бөлек. Менің ойымша, ол өте сезімтал және еліне қатысты үлкен амбициясы бар. Көп жағдайда шындыққа жанаспайтын амбиция – КСРО-ның баламасы болу. Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік держава болып саналды, қазіргі Ресейді бұлай айта алмайсың. Меніңше, осы нәрсе оның эгосына нұқсан келтірді", – деді НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы. 

  • "Түпкілікті нәтижеге күмән жоқ": Ресейде өтетін президент сайлауы туралы айтқан Тоқаев Путиннің "беделді басшылығын" атап өтті
  • "Ешқашан тумайтын жақсы өмірді күтеміз": Түрмеде көз жұмған Путиннің "қас жауы" Навальный туралы не білеміз

Сондай-ақ Джордж Робертсон Путинмен екінші рет кездескен сәтін есіне алды. 

"Ол екінші кездесуде Ресейді НАТО-ға қашан шақырасыз? деп сұрады. Мен "елдерді НАТО-ға кіруге арнайы шақырмаймыз, олар өздері өтініш береді" деп жауап бердім. Ол: "Жақсы, біз маңызы жоқ елдермен қатар тұрмаймыз" деді. Ол менің Ресейді НАТО-ға өз еркіммен шақыруымды қалады. Өйткені ол Ресейдің әлемдік аренадағы ұлы мемлекет екеніне сенетін", – деді Робертсон. 

НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Джордж Робертсон, Путиннің Батыс НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтпеу туралы уәдесін бұзғанын айтты. 

"Мысалы, ол Горбачевті алдап кетті. Ельцин Хельсинки келісімдеріне, Будапешт меморандумына, Париж келісімдеріне, Ресей-НАТО кеңесін құру актісіне қол қойғанда ішімдік ішкен болуы мүмкін дейді. Бірақ Владимир Путиннің өзі Рим декларациясына қол қойды. 2002 жылы 28 мамырда Путин мен қол қойған құжатқа қол қойды. Онда аумақтық тұтастық пен басқа елдердің ісіне араласпау қағидаттары бекітілген. Оған өзі қол қойған, оған өзінен басқа кінәлі адам жоқ! Егер Ресей Украинаны жеңіп, өзіне бағындырса, Владимир Путин мен әлемнің авторитарлық режимдері мұнымен тоқтап қалмайды. Біз оларға қажетті уақытта дұрыс сигнал жіберуіміз керек", – деді НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Байденнің Путинді "есі ауысқан иттің баласы" деп атағаны туралы жазған едік. Демеушілерден тұратын шағын топтың алдында сөйлеген сөзінде Байден ядролық қақтығыс қаупі әрқашан бар екенін, бірақ климат адамзат үшін одан да маңызды қатер болып қала беретінін айтқан.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.