Жаратылыстану-математика факультеті деканы



жүктеу 1.07 Mb.
бет14/16
Дата19.09.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 106 -112 б.
9 практикалық сабақ

Тақырып:Физикалық-география секциясы.

Мақсаты:жергілікті жер табиғат компоненттерінің өзара байланыстылығын зерттеу

Практикалық сабақ мазмұны

1.Жергілікті жер табиғатының жеке компоненттерінің өзара байланысын анықтау.


1.1.Рельефпен топырақ-өсімдік жамылғысының байланысын

1.2.Атмосфералық жауын шашынмен жергілікті жер суларының байланысын

1.3.Атмосфералық жауын-шашынмен рельеф, ағын сулардың эрозиялық шаю әрекетін

1.4.Ауа райымен өсімдіктер мен жануарларлардың фенологиялық кезеңі арасындағы байланысын



Әдістемелік нұсқау:

Жергілікті жерде бақылау жүргізу нәтижелері бойынша рельефпен топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесінің өзара таралу заңдылығымен байланыстылығы, атмосфералық зерттеу нәтижелерінің су ағынымен байланыстығын көрсететін графиктер, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі фенологиялық өзгерістер анықталады.


Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 113 -122 б.
10 практикалық сабақ

Тақырып:Экономикалық география секциясы.

Мақсаты:Жергілікті жердің халқын, елді мекенін, шаруашылығын зерттей білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Елді мекен, халқы, халық шаруашылығы және жергілікті жерге экономикалық географиялық сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау:

Жергілікті жер халқы және орналасуы, саны, еңбекке жарамдысы, балалар, ересектер саны, ерлер және әйелдер саны, ұлттық құрамы, сауаттылығы жөнінде сипаттама беріледі. Шаруашылығына сипаттама берген жағдайда ауыл шаруашылығының түрлеріне, дақылдар түрлеріне және мал түрлеріне, санына, көлеміне толық сипаттама беріледі.


Әдебиет:


Н.Г.Николаев, Е.В.Ишкова Краеведение М., 1961 123-129 б.
11 практикалық сабақ

Тақырып:Туристік жорықтарды ұйымдастыру.

Мақсаты:Туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізе білуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Туристік құрал жабдықтармен танысу.


2.Рюкзакты жабдықтау ережесімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша:туристік құрал жабдықтардың түрлерімен танысып, жеке және топқа арналған, арнаулы құрал жабдықтар тізімі жазылып алынады.

2-тапсырма бойынша:рюкзакты жабдықтау ережесімен танысып, рюкзакка салынатын заттар тізімі беріледі.

Әдебиет:


В.В.Титов Туристско- краеведческие кружки в школе. М., 1988 127-131 б.
12 практикалық сабақ

Тақырып:Туристік шатыр.

Мақсаты:туристік лагерді дұрыс орналастыру және туристік шатырды құруға дағдыландыру

Практикалық сабақ мазмұны

1.Туристік шатыр орнату ережесімен және техникасымен танысу.


Әдістемелік нұсқау:

Туристік шатырдың дұрыс құрылу үшін оның дұрыс жиналуы қажет. Шатырды тегіс жерге жайып, тартып түзеп, құралдар арқылы жан-жағынан жерге бекіту керек. Шатырдың екі жанынан тартпа бауларын тарту арқылы (шатырда бірде бір қыртыс болмауы қажет) бекітеді.


Әдебиет:


В.И.Курилова Туризм. М.,1988

В.В.Титов Туристско- краеведческие кружки в школе. М., 1988

13 практикалық сабақ

Тақырып:Жергілікті жерді бағдарлау.

Мақсаты:жергілікті жерді карта, компас арқылы бағдарлау әдісімен анықтауға үйрету

Практикалық сабақ мазмұны


1.Жергілікті жерді бағдарлау әдістерімен танысу.

2.Туристік жорықтарда бағдар беру.



Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша жергілікті жерде компас арқылы азимутты есептеу, үлкен шоқ жұлдыз арқылы бағытты анықтауға арналған тапсырмалар орындалады.

2-тапсырма бойынша топографиялық карталарды оқи білуге үйрену, көзбен бағдарлау съемкаларын жүргізе білуге арналған тапсырмалар орындалады.

Әдебиет:


В.И.Курилова Туризм. М.,1988

А.К.Уварова, О.Б.Мазбаев, А.Р.Жұмаділов Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау. Алматы 2004


14 практикалық сабақ

Тақырып:Туристік жарыс техникасы.

Мақсаты:туризмді насихаттауда көрнекті үгіттеу құралы ретінде қызығушылықты туғызу, оқушыларға спорттық дайындықты нығайту негізде шаралар өткізуге үйрету

Практикалық сабақ мазмұны

1.Туристік жарыс техникасына қысқаша сипаттама беру.


2.Конкурс түрлерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма бойынша: “палатка құру”, “аспалы өткел”, “беткей бетімен төмен –жоғары көтерілу”, “алғашқы көмек”, “су өткелдерінен өту” т.б. сияқты техникалық жарыс түрлерінің өту шарттарына қысқаша сипаттама беріп, қажетті құрал жабдықтар жазып анлынады.

2-тапсырма бойынша:”мектептегі ең үздік туристік өлкетану қойылымы үшін”, “ең үздік туристік жорық”, “ең үздік фотомонтаж немесе ең үздік туристік фотосурет”, “ең үздік музыкалық қойылым”, “ең үздік безендірілген бивак” т.б. конкурс түрлеріне қысқаша сипаттама беріледі.

Әдебиет:


В.И.Курилова Туризм. М.,1988 178-182 б
15 практикалық сабақ

Тақырып:Экскурсияны өткізудің әдістемелік жоспары.

Мақсаты:экскурсияның өтілуінің әдістемелік жоспарын құруға үйрету

Практикалық сабақ мазмұны


1.Оқу экскурсияларын ұйымдастырумен өткізудің жоспарын жасау.

2.Тарихи, архитектура, экономикалық өндірістік объектілерге арналған экскурсия мазмұнын дайындау.



Әдістемелік нұсқау:

Оқу экскурсияларын ұйымдастырумен өткізудің жоспары.

Оқу экскурсияларын ұйымдастыру 3 кезеңнен тұрады:

1.Экскурсияны ұйымдастыру

кезең экскурсия тақырыбын анықтаумен, мақсатымен, міндетімен анықталады сонымен қатар экскурсия маршруты сызылып, қажетті құрал жабдықтар тізімі жазылады.Экскурсия жоспарын төмендегідей үлгімен жасауға болады.



Экскурсия кезеңі

сағаты

Зерттелетін

объектілер



Бақылау және зерттеу жүргізу

Коллекция үшін жиналатын материалдар














2.Экскурсияны жүргізу

Алдын ала дайындалған экскурсия бағдарламасы маршруты бойынша жеке оқушы тапсырмаларды өз бетімен орындайды.



3.Экскурсияны қортындылау

Экскурсия соңынан жиналған материалдар өңделеіп, теориялық бөлімі қортындалынып, жиналған материалдар бойынша суреттер, альбомдар, графиктер, сызбалар жасалады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет