Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Дәрістің мазмұны 1.Өлкетану туралы түсінік, оның мәні мен мақсаты



жүктеу 1.07 Mb.
бет6/16
Дата19.09.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Дәрістің мазмұны

1.Өлкетану туралы түсінік, оның мәні мен мақсаты.


2.Мемлекеттік, қоғамдық және мектеп өлкетануы.

Мақсаты:өлкетану туралы түсінікті кеңейту, мәнін ашу

Тірек сөздер:туған өлке, туған жер, мемлекеттік, қоғамдық, мектептік.

Негізгі сұрақтар:Өлкетану дегенді қалай түсінесің?

Гоеграфиялық өлкетанудың айырмашылығы неде?

1.Өзінің туған жері дегенде оқу барысында және кластан тыс жұмыстар кезінде тікелей бақылау жүргізуге болатын, радиусы 7-8 км шамасындағы мектеп төңірегі есептеледі. Өзінің туған жері деген ұғым ауылдың, қала типтес елді мекеннің , шағын қаланың, қалалық ауданның іргелес жатқан жасыл алқабын немесе ауылдың бір бөлігін қамтуы мүмкін.

Туған өлке деп – саяхаттар мен экскурсиялар кезінде тікелей байқау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өлкетану әдебиеттері мен картографиялық материалдар арқылы танысатын өзінің әкімшілік облысының территориясын айтады.

Географиялық өлкетанудың мақсаты: студенттердің мектепте өлкетану географиялық жұмыстарды методикалық дұрыс ұйымдастыруын және өлкетану материалдарын география сабақтарында пайдалана білулерін қалыптастыру болып саналады.

Ғылыми әдістемелік мәні: ол география, биология және т.б. пәндердің теориялық білімдеріне сүйеніп және географияны оқыту методикасымен тығыз байланыста болады. Гоерафиялық өлкетану 2 бөлімнен тұрады:1)өзі тұрған жерінің өлкетану-географиялық зерттеу әдісінен; 2) мектептегі өлкетану жұмыстарынан тұрады.( Сам термин “краеведение” означает , что изучается территория, определяемая понятием “родной край”. А.С.Барков рассматривал как “малую географию” точнее как “малое страноведение”) Л.С.Берг өлкетануды туған өлке географиясы деп те атады. Өлкетану деп айтқанда көбінесе географиялық тұрғыдан түсінеді, ал оған туған жерді жан-жақты зерттеу жатады. Географиямен байланыстығы – жергілікті жер, территория терминдерімен байланысты.

А.С.Барков “өлкетану мазмұны және зерттеу әдісі бойынша әр түрлі, туған өлкені жан-жақты танып білу басты міндет болатын ғылыми пәндердің комплексті жиынтығы” – деді. Өлкетанумен тарихшылар, жаратылыстанушылар, тіл мен әдебиет мамандары, архитекторлар, этнографтар, мәдениет саласындағы адамдар шұғылданады. Сондықтан өлкетану әр түрлі салалрға бөлінуі мүмкін: мысалы: тарихи өлкетану, әдеби өлкетану т.с.с.

2.Өлкетану қалыптасу процесінде мемлекеттік, қоғамдық және мектептік өлкетану деп бөлінеді. Мемлекеттік өлкетану - өлкетану мұражайы, мәдениет бөлімінің басқармасы, ғылыми зерттеу мекемелері, облыстық кітапханалардың жергілікті жерді зерттеумен шұғылданатын мекемелерден тұрады. Қоғамдық өлкетану – жергілікті жерді зерттеуші өлкетанушылар, туристер,қоғамдық ұйымдар (географиялық қоғам бөліктері, табиғатты қорғау қоғамы т.б.) арқылы жүргізіледі.



Мектептік өлкетану – жергілікті жерді зерттеу мектеп мұғалімінің жетекшілік етуімен жүргізіледі.

Өлкетану ұйымдастыру формалары.



Мемлекеттік Мектептік Қоғамдық
мұражай аймақтық туризм өз күштерімен
Балалар

экскурсиялық туристік

станциясы
Оқу бағдарламасы Кластан тыс

бойынша анықталған міндетті оқу-тәрбие

міндеттер жоспарымен беркітіледі

өлкетану үйірмесі

сабақтық сабақтан тыс туристік жорық экспедиция
Класс оқушыларының Класс оқушылары

барлығының қатысуы өз еркімен қатысады.

міндетті.
Мектеп бағдарламасы бойынша өлкетанудың өз алдында 2 міндеті бар:1) өз облысын жан жақты зертттеу оқу экскурсиялары кезінде өлкетану материалдарын жинау, жергілікті жерге практикалық жұмыс жасап, бақылау, 2) өлкетану материалдарын географияны оқытуда пайдалану.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Мемлекеттік өлкетану дегеніміз не?


Қоғамдық өлкетану дегеніміз не?

Мектептік өлкетану дегеніміз не?

2 дәріс

Тақырып:Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысы.

Дәрістің мазмұны

1.Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысы.


Мақсаты:Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысын анықтау

Тірек сөздер:туризм, өлкетану, экология

Негізгі сұрақтар:Туризмнің өлкетанумен байланысы қандай?

Туризмнің экологиямен байланысы қандай?

Мектептік туризм және өлкетану деп оқу бағдарламасына кіретін, мектеп немесе мектептен тыс ұйымдардың педагогикалық мақсатта сабақтан тыс жүргізілетін оқушылардың туристік өлкетану іс әрекетімен түсіндіріледі. Туризммен өлкетанудың байланыстылығын туризмге оқушылар шығу кезінде жас өспірімдердің демалыс формасы түрінде табиғатпен үйлесімділікте жергілікті жерді танып білумен ұштасады. (П.В.Иванов” Педагогические основы школьного краеведа”. По мнению П.В.Иванова, “между краеведением и туризмом полный практический контакт и единство целей, при которых в условиях местного края туристы часто становятся краеведами, а краеведы туристами. Туризм в большой степени способствует познавательному и исследовательскому краеведению, а краеведение обращается и к туризму как одной из весьма популярных и педагогически ценных форм”.) Жақсы ұйымдастырылған туристік-өлкетану жұмыстары оқушыларға терең білім береді, ой өрісін кеңейтеді. Туризм- бұл спорттық және денсаулықты сауықтыру негізінде оқу – тәрбие мақсатымен біріктірілген, жергілікті жермен танысу процесі бойынша мақсатқа жететін саяхат немесе жорық. Туристік жорықтарда оқушылар өзі тұратын елді мекен табиғатына бақылау жасап, адамдардың шаруашылық әрекетін анықтайды. Туризм өлкетанушыны өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелейді, бақылауға, жергілікті жерге бағдар жасауға үйретеді. Туризмнің экологиямен байланыстылығы қарапайым ережелердің сақталмауынан туындайды.мысалы: жас турист жорыққа шығу ережелерімен таныс болуы қажет, жорыққа шыққан кезде қоқысты кез келген жерге тастамау қажет, табиғатқа зиян келтіру арқылы сол жердің топырақ және өсімдік жамылғысын, кейбір топырақта мекендейтін жануарларға да зиянын келтіреді.

Туристік жорыққа шыққан әр жас турист өз артынан табиғатқа зиян келтіріп отырады, қарапайым өзін өзі ұстау ұстау ережелерін білмейді. Мысалы:сынған ағаш, құстың ұясы, балтамен шабу, ағашқа жазу т.б.

Туристік-өлкетану экспедициясының мәні зор. Оқушыны жеке тұлға ретінде педагогикалық тәрбиелеудің бір түрі экологиялық бағытта туристік өлкетану іс әрекеті арқылы жүргізіледі. Бұл экологиялық орталық, натуралистер, туризм және өлкетану орталықтары және т.б. мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Турситік өлкетану әрекеті жеке тұлғаны дамытудың үйлесімді комплексті түрі. Ол оқушының табиғатпен байланысын, коллектившіл, қарым қатынас (общительность), қайсарлық (настойчивость), шешім қабылдағыш (решительность), шыдамдылыққа (терпеливость), дайындыққа (готовность), көмектесуге т.б. қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Туристік өлкетану экспедициясы-экологиялық тәрбие берудің негізгі формасы ретінде дамиды. Зерттеудің міндеттері мынадай:1.туристік өлкетану экспедициясы экологиялық мәдениеттің қалыптасуының мүмкіндігін анықтау, 2.туристік өлкетану экспедициясының – экологиялық моделін құру, 3.туристік өлкетану экспедициясының экологиялық тәрбие беруді қалыптастыру және қолдану.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:туристік өлкетанудың ролі қандай?

3 дәріс



Тақырып:Туризмнің даму тарихы.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет