2022 жылғы ресми статистика елімізде қант, джем, бал, шоколад пен кондитерлік өнімдерді пайдалану айтарлықтай азайғанын көрсетті. Бұл өнімдерді тұтыну 2018 жылмен салыстырғанда 11%, ал 2021 жылмен салыстырғанда 6,5% азайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Economy kz Тelegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tolqyn.kz

Бір қызығы, өңірлер бойынша көрсеткіш әртүрлі. 2022 жылы ең жоғарғы көрсеткіш Ұлытау (жылына жан басына шаққанда 52,6 келі), Жетісу (45,5 кг) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (11,27 кг) тіркелген. Тәттіні ең аз тұтынатын өңірлер – Шымкент қаласы (28,7 кг), Абай (32,3 кг) және Атырау облысы (32,6 кг) болып шықты. 

Бұл сандар тұтынушылардың әдеті мен талғамы әр өңірде әрқалай өзгергенін көрсетіп тұр. Оған экономикалық, әлеуметтік-мәдени және демографиялық факторлар да әсер етуі мүмкін. 

Тұтынушылардың іс-әрекетін талдауға әлемдегі жағдай да айтарлықтай әсерін тигізеді. Қант бойынша халықаралық ұйымның дерегінше, в 2021 жылы қантты тұтыну 168,5 млн тоннаға дейін артқан. Оған дейін үш жыл бойы көрсеткіш төмендеп кеткен еді. Дегенмен жан басына шаққанда әлем бойынша орташа тұтыну көлемі 21,4 келі болған. Сәйкесінше 2020 жылмен салыстырғанда 0,2 келі аз. 

Еске салайық, бұған дейін диетолог маман Екатерина Бурляева денсаулыққа зиян тәттілерді пайдалысымен алмастыруға болатынын айтқан. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.