Катар мен Иордания құрамасы Азия кубогінің финалына шығып, басты кубокті сарапқа салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан сарықұрлықтың басты додаларының бірі саналатын Азия кубогінің финалистері белгілі болды. Иордания құрамасы жартылай финалда Кореяны 2:0 есебімен ұтса, Катар Иранды 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Катар құрамасы қатарынан екінші жыл Азия кубогінің финалына шықса, Иордания өз тарихында алғаш рет алтын жүлде үшін ойнайды.

  • Футболдан Қазақстан құрамасына Еуропаға қарағанда Азияда ойнаған тиімді ме – Футболшылар пікір білдірді
  • Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді

Финал 10 ақпан күні "Лузаил Айконик" стадионында өтеді.

Айта кетейік, Азия кубогі финалға шыққан Катар құрамасының елінде өтіп жатыр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.