Танымал продюсер Баян Мақсатқызының шоу-концертіне киген Ерке Есмаханның сахналық көйлегі сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Жақында 50 жасын атап өткен продюсер шығармашылық жолынан сыр шертетін мюзикл-шоу ұйымдастырды. 

“Декрет демалысында 3 ай отырып, сахнаға оралдым. Қатты қобалжып тұрмын. “Айша бибі” әнін орындаймын. Менің өнер жолымның басталуына, үлкен сахнаға шығуыма, жеке әнші боп қалыптасуыма себепші болған жетекшім, продюсерім Баян Мақсатқызының шоуы. Мен сияқты қыздардың жұлдызын жаққан сәттерді еске түсіріп, өзінің өнердегі карьерасын шоу етіп көрсетті. Баян Мақсатқызы, сізге ұзақ өмір, денсаулық, осындай үлкен сәтті жобалар тілеймін!”, – деп жазды Ерке Есмахан. 

  • "Құранды жатқа біледі": Нұрлан Абдуллин алғаш рет балалары туралы айтты

  • "Аяғын шығарып алды": Белгілі әнші жер сілкінісі кезінде жарақаттанып қалды

Ерекше образда өнер көрсеткен сылқымдардың көйлегі желі қолданушыларының сынына қалды. Біріне ханшайымдар киетін бас киім ұнамаса, енді бірі стилисті сөкті. 

“Стилистерді түсінбей кететін шығармыз?!”, “Еркенің әні әдемі, бірақ көйлегі онша емес”, “Көйлек сыртындағы тор сымдар не үшін екен?!”, “Біз концертте болдық, әнші қыздар өте керемет көйлектер киіпті”, “Жанды дауыста әнінен ештеңе таппағасын, халық киімге тиісіп жатыр”, “Стилист емес, “сварщик” тіккен сияқты”, – деп жарыса жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, продюсер мюзикл-шоу өткізіп, эстрададағы біраз сылқымның басын қосқан еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.