Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев жастық шағын еске алды. Өнер иесі ріптестерінің арасынан Мақпал Жүнісоваға ғашық болғанын да жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

  Фото: Өнер иелерінің жеке парақшаларынан коллаж

Композитор халық әртісіне арнап, “Мәңгілік махаббатым” деген ән шығарған. 

“Мен шын ғашық болсам, ұрып-жығатын қасиетім бар. Әзіл-шыны аралас, Мақпалға ғашық болғаным рас. Қуыршақтай қыз еді. Осыдан 33 жыл бұрын “Мәңгілік махаббатым” деген әнді Әбдірахман Асылбекке жаздырдым. 21 жастағы Мақпал сол әнді орындаған. Қыз күнінде салмағы 50 келіге де жетпейтін. Алақанға салып, көтеріп тұруға келетін, шынашақтай қыз еді. Бірақ жүрегі кең, өнерге тазалығы көрініп тұратын. “Гүлдерде” дүркіреп тұрған кезінде ұнатқаным бар. Бірақ жүректі ғашық болдым деп бөле алмайсың. Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққасын жеңге болды. Қазір ағамыздың көзі кеткесін ол мені “аға” деп жүр”, – деп әзілдеді композитор. 

  • "Шахизадаға сеніп, сан соғып қалған әншілер бар": Заңгер қаржылық ұйымға алданып қалған эстрада жұлдыздары туралы айтты

  • "Балаларын мойындамай, жария еткеніме ашуланғаны рас": Сандуғаш Стамғазиева сазгер Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын жасырмады

Сондай-ақ халық әртісі де бұл сөзді растап, жастық шағын еске алған еді. 

“Ертеректе, 20 жас кезімізде Алтынбек ағам ән ұсынған еді. "Мен саған ғашықпын" деп сол кезде айтатын. Бірақ жеңгемізден қорықты ма, жақындай алған жоқ. Сырттай ғашықпын деп жүретін. Сол кезде "Мәңгілік махаббатым" деген әнді саған арнадым" деп алып келгені есімде. Қазір жеңгеміз қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді", – деп күлді Мақпал Жүнісова. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.