Құжат № Бекітілген күні: 2014 жыл



бет1/2
Дата14.03.2018
өлшемі0.54 Mb.
#20959
  1   2




Құжат №___________________

Бекітілген күні: «___»____________2014 жыл

Мәртебесі: түпнұсқа

Бет /жалпы бет: /

Атауы: «Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін банктік қызмет көрсету кешенді шарты (Қосылу шарты)







«Астана-финанс» Банкі» АҚ

Басқармасының шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

«__» __________2014 жылғы №__ хаттама
«Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін банктік қызмет көрсету кешенді шарты (Қосылу шарты)


  1. Жалпы ережелер

    1. Осы Банктік қызмет көрсету кешенді шарты (бұдан былай мәтін бойынша – Шарт) «Астана-финанс» Банкі» АҚ (бұдан былай – Банк) уәкілетті органы бекітетін және Банктің Интернет желісіндегі www.bankastana.kz мекенжайындағы ресми веб-сайтында, Банк Бөлімшелерінде орналастырылатын Банкте қызметтер ұсынудың стандартты талаптарын анықтайтын қосылу шарты болып табылады.

    2. Шарт онымен, Клиентпен анықталатын мына немесе басқа Қызмет түріне қосылу туралы қол қойылған Өтініш берілгеннен кейін және Банктің уәкілетті қызметкерінің қолымен, мөртаңбасымен куәландырылғаннан кейін жасалған деп саналады. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 2 (екі) данада құрастырылады. Бір данасы Банкте қалады, екінші данасы Клиентке беріледі.

    3. Клиент Өтінішке қол қоя отырып, өзіне барлық талаптарды қабылдайды, Шартқа қосылады, сондай-ақ Клиент Шартты алды, оқып шықты, қандай да бір ескертусіз және қарсылықсыз толық көлемде қабылдады, осы Шарттың барлық ережелері толық көлемде Клиенттің мүддесі мен еркіне толық сәйкес келеді деп растайды.

    4. Тараптар қол қойған Өтініш Шарттың бөлінбес бір бөлігі болып табылады.

    5. Осы Шарттың шеңберінде келесі қызмет түрлері ұсынылады:

- ағымдағы шоттар ашу және қызмет көрсету;

- жинақ шоттар ашу және қызмет көрсету.



    1. Клиент Өтінішке қол қоя отырып, Банкке жеке деректерін жинауға, өңдеуге, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, жинауға, (жазуға), жинақтауға, сақтауға, өзгертуге (жаңартуға, нақтылауға), толықтыруға, жүйелендіруге, пайдалануға, таратуға, жасыруға, блоктауға, жоюға, трансшекаралық беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес басқа да әрекеттер атқаруға келісімін береді.

Жинауға және өңдеуге жататын жеке деректердің тізімі: Клиенттің сауалнамалық және биографиялық деректері; төлқұжат деректері; тіркелген /тұрғылықты жерінің мекенжайы; үй телефоны, сондай-ақ Шартты орындау үшін қажетті, Клиент Банкке берген құжаттардағы басқа жеке деректер.

Клиент қажет болғанда жеке деректер немесе жеке деректерді қамтитын құжаттар «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған негіздер бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңында аталған тұлғаларға және мемлекеттік органдарға, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингін жүргізетін мемлекеттік органға; сондай-ақ келесілерге, бірақ бұлармен шектелмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Банкке қатысты жүргізетін аудит шеңберінде аудиторларға; Банк кеңесшілеріне берілуі мүмкін деп мойындайды және растайды, осыған байланысты Клиент жеке деректерді /жеке деректерді қамтыған құжаттарды жоғарыда аталған органдарға /тұлғаларға беру туралы қосымша келісімді алу қажеттілігінің жоқтығымен келіседі және растайды.



    1. Клиент салық резиденттігін анықтау үшін қажетті құжаттарды және/немесе мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда Банк операция жүргізуден және қызметтер ұсынудан бас тарта алады деп шартсыз келісімін білдіреді.

    2. Банк Клиенттің салық резиденттігін анықтау үшін Клиент мәліметтер /дұрыс мәліметтер бермесе, Банк және/немесе басқа қаржы мекемелері Клиентке тиесілі сомалардан қандай да бір сомаларды ұстап қалғанда Клиент ешқандай қарсы шағым бермеуге міндеттенеді, сондай-ақ осы арқылы Клиент Банк Шарттың осы тармағында аталған жағдайларда ертеректе жасалған Шартты бұзуға құқылы деген талапты қабылдайды.

    3. Клиент көрсетілген ұялы телефонының нөміріне және/немесе электронды мекенжайына банктік қызметтер туралы ақпарат алуға өз келісімін білдіреді.

    4. Салым сақтандырылған жағдайда Клиент банктік құпияны құрайтын Салым жөніндегі мәліметтерді сақтандырған Сақтандыру компаниясына құпия ақпаратты Банктің ашуына келісімін білдіреді.



  1. Осы Шартта, Қосымшаларында, осы Шарттың шеңберінде жасалатын Өтініштерде қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесіні білдіреді:

    1. Салымшы /Клиент – жасалған Шарт талаптарына сәйкес Банк қызметін пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және/немесе резиденті болып табылмайтын жеке тұлға;

    2. Салым енгізуші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және/немесе резиденті болып табылмайтын жеке тұлға, Салымшының заңды өкілі немесе Сенімді тұлғасы;

    3. Сыйақы – Өтініштің талаптарымен анықталатын мөлшерде есептелетін және Салымшыға тиесілі Салымшының мүддесі;

    4. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген (нақты құн) сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережелеріне сәйкес есептелетін қызметтер бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы мөлшерлемесі;

    5. Сенімді тұлға – Клиент – Салымшы берген шот ашу және (немесе) өкімдік ету құқығына нотариуспен куәландырылған сенімхаттың негізінде Шот ашу және/немесе ол бойынша операциялар жүргізу кезінде Клиент – Салымшының мүддесін танытуға уәкілетті жеке тұлға. Заңнамаға сәйкес шот ашуға уәкілетті жеке тұлғаға (ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне) сенімхат беру талап етілмейді.

    6. Шарт – осы Шарт, соның ішінде Банк пен Клиент арасында жасалған, Салымды орналастырудың және /немесе ағымда Шот жүргізудің стандартты талаптарын, Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын Қосымшалары;

    7. Өтініш (№4 қосымша) – үлгі нысанын Банк анықтаған, Жинақ шот бөлігінде: ақшаны орналастырудың нақты талаптарын: Салымшының деректерін, Салым түрін, алғашқы жарна сомасын, төмендетілмейтін қалдық мөлшерін, Шарт жасалған күнді, Жинақ шот валютасын, сыйақы мөлшерін, төлеу тәртібін, айырбастау талаптарын, мерзімінен бұрын бұзу талаптарын, Салымның осы түрі үшін талаппен қарастырылған Салым бойынша операциялар жүргізу үшін комиссияларды, қол қою арқылы Салымшы Шарт талаптарын қабылдайтындығын растайтын Шарттың күшінде болу мерзімін, ал Ағымдағы шот бөлігінде: Клиенттің негізгі деректемелерін, Клиенттің жеке сәйкестендіру кодын /Ағымдағы шоттың валютасын, Банк комиссияларын қамтитын, жинақ және/немесе ағымдағы Шот ашу, Шартқа қосылу туралы өтініш;

    8. Код сөз – Жинақ шоттағы Салымды заңсыз беруден қосымша қорғау ретінде қолданылатын мәтіндік немесе сандық хабар;

    9. Айырбастау бағамы – айырбастау күні Банк белгілеген мультивалюталық Салымдар бойынша сомаларды қолма-қол ақшалай емес айырбастау бағамы;

    10. Төмендетілмейтін қалдық – Салымшы Өтінішке сәйкес Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Шотта сақтауға міндетті Салым сомасы. Салым бойынша төмендетілмейтін қалдық түрлі валюталардағы түрлі Шоттардағы бірнеше сомамен берілуі мүмкін, бір бөлігін алу күні есеп бағамы бойынша теңгемен есептелетін олардың жалпы сомасы Банк белгілейтін төмендетілмейтін қалдық сомасына сәйкес келеді;

    11. Жоспарлы күн – Шарт жасалған ай күні;

    12. Төлем карточкасы (бұдан былай – ТК) – сыйақы төлеу үшін арналған, Банкте Салым ашылғанда Салымшының қалауымен берілетін төлем карточкасы қолданылып жүргізілетін банктік операциялар көрсетілетін банктік шот;

    13. Шарт мерзімін ұзарту – орналастыру мерзімі аяқталғанда жаңа мерзімге Салымды орналастыру;

    14. Жұмыс күні – банктер Қазақстан Республикасында операциялар жасайтын күнтізбелік күн (ресми демалыс және жұмыс істемейтін күндерді есептемегенде);

    15. Тарап – Банк немесе Клиент;

    16. Тараптар – Банк және Клиент.

  2. Қызмет түрлері

    1. Ағымдағы шоттар ашу және қызмет көрсету

      1. Клиенттің Өтініші негізінде Банк Клиентке ЖСК (бұдан былай мәтін бойынша – Шот) беріп, ағымдағы шот ашады, Банк Шот бойынша операциялар жүргізеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес банктік қызметтер ұсынады, ал Клиент банктік операция жүргізу кезінде қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес Банк ұсынатын қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

      2. Банкте Ағымдағы шот ашудың стандартты талаптары, Банктің және Клиенттің құқықтары мен міндеттері осы Шарттың №1 қосымшасында анықталады.

    2. Жинақ шоттар ашу және қызмет көрсету

      1. Клиенттің Өтініші негізінде Банк Салымшыға жинақ шот ашады, ал Салымшы осы Шартпен және Өтінішпен белгіленген сомада, мерзімде және талаптарда Салымды орналастырады.

      2. Банкте Жинақ шот (бұдан былай – Салым/Жинақ шот) ашудың стандартты талаптары, Банктің және Клиенттің құқықтары мен міндеттері таңдап алынған Салым түріне байланысты осы Шарттың №2 қосымшасымен және/немесе №3 қосымшасымен анықталады.




  1. Банктің Салымға кепілдік беруі

    1. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және депозиттерге міндетті кепілдік беретін уәкілетті орган берген депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне Банктің қатысуын растайтын куәліктің негізінде әрекет етеді.

    2. Салымға кепілдік беру талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.



  1. Банктік құпия

    1. Банктік құпия осы Шартпен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және негіздерде ашылуы мүмкін, сондай-ақ Клиент Банк кеңесшілеріне, Банкке қатысты жүргізілетін аудит шеңберінде аудиторларға банктік құпияны құрайтын ақпаратты Банктің ашуына келісімін береді.

    2. Банк банктік шоттардың болуы, нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Клиентке қатысты басқа да мәліметтерді Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттың талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органға бере алады.




  1. Форс-мажор

    1. Міндеттемелерді орындау нәтижесінде Банктің өз міндеттерін орындауы заңсыз немесе заңға қайшы болатындай ҚР немесе басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, ҚР Ұлттық Банкінің немесе басқа мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің қандай да бір заңнамалық немесе нормативтік актілер, шешімдер, т.б. қабылдауы, жариялауы немесе өзгертуі (соның ішінде, шетел валютасын айырбастау және аудару бойынша шектеулер), сондай-ақ саботаж, өрт, су басу, жарылыс, табиғат апаттары, азаматтық толқулар, ереуілдер, жұмыскерлердің кез келген қарсы шығулары, көтеріліс, тәртіпсіздіктер, соғыс немесе өкіметтің әрекеттері немесе Банктің ақылға қонымды бақылауынан тыс кез келген басқа жағдайлар сияқты, бірақ бұлармен шектелмейтін форс-мажор жағдайларының («Белгісіз күш жағдайлары») туындауына байланысты мүмкін емес болса немесе қиын болса, Банк Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Тараптар басқаша жазбаша келіспесе, Белгісіз күш жағдайлары басталғанда Банк Белгісіз күш жағдайлары тоқтағанға дейін Белгісіз күш жағдайларының әсеріне ұшыраған осы Шарт бойынша міндеттемелерін тоқтатуға құқылы.




  1. Дауларды шешу тәртібі

    1. Тараптар Шартты іске асыру барысында Банк пен Клиент арасында туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді ерікті және өзара келісім қағидаларында реттеу үшін бар күшін салады. Банк пен Клиент арасындағы келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілмесе, осы мәселелер Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына беріледі.

    2. Соғыс, әскери әрекеттер, лаңкестік актілер, табиғат апаттары, ереуіл, электр энергиясының ажыратылуы, байланыс желісінің бүлінуі, сондай-ақ Тараптардың Шарт бойынша міндеттерін орындауына кедергі келтіретін заңдарды, жарлықтарды, қаулыларды, нұсқауларды мемлекеттік органдардың қабылдауы сияқты тараптардың еркінен тыс басқа жағдайлар кедергі келтірсе, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.




  1. Қорытынды ережелер

    1. Банк өзі мен Клиент арасындағы қазіргі бар немесе болашақта жасалатын шарттар бойынша талап ету құқықтарын кез келген түрде берген жағдайда Клиент Шартқа негізделген Банкке бір рет қарсы қойылған талаптарды есепке алу арқылы осы шарттар бойынша міндеттемелерін тоқтатуды талап етпейді.

    2. Шарт стандартты үлгі нысан болып табылады, Клиенттердің тарапынан өзгертілмейді. Банк Шартты қайта қарастыра алады / өзгерте алады. Бұл орайда, Банк кем дегенде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Банктің ресми веб-сайтына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты орналастыру арқылы тиісті өзгерістердің енгізілуі туралы Клиенттеріне хабарлауға тиіс.

    3. Клиент Шарттың өзгерістерімен келіспеген жағдайда Банкте белгіленген процедура бойынша Шартты бұзу туралы Банкке жазбаша хабарлап, Шартты бұзуға құқылы. Шарттың жаңа талаптары күшіне енгенге дейін Банк Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алмаса, Банк осы жағдайды Клиент өзгертілген талаптармен келісті деп санайды.

    4. Осы арқылы Клиент Банктің ресми веб-сайтында тиісті ақпарат беру арқылы және Банктің үй-жайларындағы жарнама стендтерінде көрнекі ақпарат беруі арқылы сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі, Салым бойынша комиссия мөлшерлері, банктік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуы туралы хабарлауына келісімін білдіреді.

    5. Тараптар комиссияның және (немесе) сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері өзгерсе, Банктің үй-жайындағы жарнама стендтерінде қайтадан беріп, Банктің ресми веб-сайтында ақпарат орналастырылған кезден бастап шартқа тиісті өзгерістер енгізілген деп саналады деп бір келісімге келді.

    6. Клиент Өтінішке қол қоя отырып, қандай да бір қарсылықсыз, ескертусіз қабылдай отырып, Шарттың барлық талаптарымен келісетіндігін растайды.




  1. Қосымшалар

«Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін Ағымдағы шоттың стандартты талаптары (№1 қосымшасы);

«Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін «Астана» салымының стандартты талаптары (№2 қосымшасы);

«Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін «На вырост» салымының стандартты талаптары (№3 қосымшасы) ;

Өтініштің үлгі нысандары (№4 қосымша).

«Астана-финанс» Банкі» АҚ

жеке тұлғалар үшін банктік қызмет көрсету

кешенді шартының (Қосылу шартының)

1 қосымшасы


«Астана-финанс» Банкі» АҚ

жеке тұлғалар үшін Ағымдағы шоттың стандартты талаптары



  1. Мәні

    1. Банк Клиентке ЖСК (бұдан былай мәтін бойынша – Шот) беріп, ағымдағы шот ашады, бұл Клиенттің ағымдағы шот ашуға еркі болып табылады.

    2. Банк Шот бойынша операциялар жүргізеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес банктік қызметтер ұсынады, ал Клиент банктік операция жүргізу кезінде қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес Банк ұсынатын қызметтерді төлеуге міндеттенеді.


2. Шотты жүргізу

    1. Банк келесілермен байланысты Шот бойынша келесі операцияларды жүргізеді:

      1. Клиенттің пайдасына ақша қабылдаумен (есепке қосумен);

      2. валюталық заңнама талаптарын сақтай отырып, Шартпен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімдерін орындаумен. Ақша ағымдағы валюталау күнімен және Клиенттің Өтінішінде көрсетілген, бірақ 7 күнтізбелік күннен аспайтын болашақтағы валюталау күнімен аударылады. Валюталау күні жұмыс күніне сәйкес келмесе, осы күн келесі жұмыс күні деп саналады.

      3. Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындаумен;

      4. Клиенттің және/немесе үшінші тұлғаның қолма-қол ақшалай және/немесе қолма-қол ақшалай емес аударуы арқылы, соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа банктерден аударуы арқылы Шотты толтыруымен және Шартпен белгіленген тәртіпте Клиентке қолма-қол ақша берумен;

      5. Клиенттің талап етуі бойынша оның Шоттағы ақша сомасы және ол бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат берумен;

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған Клиентке басқа банктік қызмет көрсетумен.

    2. Банк Шот бойынша барлық операцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес рәсімделген Клиенттің нұсқауларының негізінде жүргізеді.

    3. Шот бойынша барлық шығыс операциялар Шоттағы ақша қалдығы шегінде жүргізіледі.


3. Банктің құқықтары мен міндеттері

    1. Банк құқылы:

      1. Клиент өз Шоты бойынша операциялар жүргізгенде Клиент қолтаңбасының жеке басын куәландыратын құжаттағы қол қою үлгісімен сәйкестігін салыстыруға;

      2. Банк ұсынатын қызметтер үшін Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес, соның ішінде осы Шартта қарастырылма қызметтер үшін Банкте қолданылатын тарифтерге сәйкес Клиенттің Шотынан комиссияларды ұстауға;

      3. Банктің қызмет көрсету тарифтеріне бір тарапты тәртіпте өзгерістер енгізуге;

      4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Шотқа қойылған үшінші тұлғалардың нұсқаулары негізінде акцептсіз ақша алуға;

      5. Клиент осы Шартқа қол қоя отырып, Клиенттің кез келген банктік шоттарынан, соның ішінде Банкте және Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі басқа банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдарда) ашылған жинақ шоттан (төмендетілмейтін қалдықты қоса алғанда) Клиенттің Банк алдындағы міндеттемелері бойынша бүкіл Берешек сомасын акцептсіз алу (есептен шығару) шартсыз құқығын Банкке береді.

Клиенттің банктік шотында ақша болмаса немесе жеткілікті болмаса, Банк картотекадағы төлем құжаттары (төлем ордерлері, төлем талаптары – тапсырмалар, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған, акцептсіз тәртіпте орындалатын басқа төлем құжаттары) бойынша міндеттемелерін толық өтегенге дейін жинақтау арқылы Клиенттің Банк алдындағы міндеттемелері бойынша Берешек сомасы шегінде банктік шот бойынша Клиенттің шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

      1. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған шаралар қабылдау мүмкін болмағанда, соның ішінде келесілермен шектелмейтін жағдайларда шот ашудан және/немесе операция жүргізуден бас тартуға:

1) Банк Клиентті немесе клиент жүргізетін банктік операцияны тиісті түрде тексере алмаса;

2) Клиент күмәнді /күдікті операциялар жүргізсе;



3) нәтижесінде жүргізіліп отырған операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген талаптарға қайшы/бұзады деп болжауға Банктің дәлелдері бар басқа негіздер бойынша.

      1. Келесі жағдайларда себебін түсіндірмей Клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатуға, Клиенттің шотын жабуға және/немесе Шот бойынша операция жүргізу туралы Клиенттің өкімін орындаудан (операция жүргізуден) бас тартуға:

        1. Клиент Банк сұраған мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тартса немесе күші жоқ және/немесе шынайы емес мәліметтер берсе;

        2. оларға қатысты лаңкестік және экстремистік қызметке немесе лаңкестікті, экстремизмді қаржыландыруға қатысқан деген уәкілетті орган берген мәліметтер бар тұлғалар тізімінде Клиент болса;

        3. Клиент оларға қатысты лаңкестік және экстремистік қызметке немесе лаңкестікті, экстремизмді қаржыландыруға қатысқан деген уәкілетті орган берген мәліметтер бар тұлғалар тізіміне енгізілген ұйымның немесе тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет етсе;

        4. Клиент лаңкестікті және экстремизмді қаржыландырған немесе оның лаңкестікпен және экстремизммен байланысы бар деген күдік болса;

        5. Клиент заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстату және лаңкестікті қаржыландыру тұрғысынан тәуекелі жоғары операциялар (күмәнді, күдікті) жүргізсе;

        6. Клиент тиісті тексеру шеңберінде күдікті немесе жалған ақпарат берсе;

        7. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған басқа негіздер болса.

      2. Алушы немесе мәміле тарапы оған қатысты халықаралық санкциялар қолданылатын мемлекеттің резиденті болса (жеке және заңды тұлға), шот бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға;

      3. жеке деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісімді кері алған жағдайда операцияларды жүргізуден бас тартуға;

      4. осындай операцияларды жүргізу салдарынан Банк беделіне нұқсан келу қауіпі туындағанда операциялар жүргізуден бас тартуға және Шотты жабуға;

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларда операциялар жүргізуден бас тартуға және/немесе тоқтатуға;

      6. Клиенттің Шотына (-тарына) ақшаның қате есептелу фактісі анықталған жағдайда заңнамаға және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Клиенттің Шотынан (-тарынан) акцептсіз есептен шығару арқылы ақшаны қайтаруға.

    1. Банк міндетті:

      1. Клиент немесе уәкілетті өкілі тиісті құжаттарды ұсынғанда Клиентке Шотты ашуға;

      2. Клиент немесе Клиенттің пайдасына үшінші тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы енгізетін ақшаны Шотқа есепке қосуға, бұл орайда, Клиент Банкке үшінші тұлғалар енгізетін ақшаны шотқа есепке қосу құқығын береді.

      3. Клиенттің немесе нотариуспен куәландырылған сенімхаттың негізінде әрекет ететін өкілдерінің Шоттан ақша аудару туралы тапсырмасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте орындауға;

      4. Клиенттің немесе өкілдерінің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ақша төлеуге;

      5. Банк тарифтері әр өзгерген сайын Банк филиалдарында Банк тарифтерінің өзгеруі туралы ақпарат орналастыруға және Клиент Банкке келгенде немесе телефон арқылы сұрағанда Клиенттің танысуы үшін беруге;

      6. Клиенттің ақшасына тыйым салу, алу, Шоттар бойынша операцияларды тоқтату, Клиенттің ақшасынан тыйым салуды алып тастау және Шоттар бойынша операцияларды жаңарту туралы уәкілетті органдардың заңды нұсқауларын орындауға;

      7. Клиент жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұрса, салық қызметінің органдарына Клиенттің банктік шотының нөмірі және оның жабылуы туралы ақпарат беруге;

      8. Клиенттің ақшасының сақталуын және Клиенттің Шоты бойынша жасалатын операциялардың қатаң құпиялығын қамтамасыз етуге. Клиенттің банктік шоттары бойынша операцияларға қатысты мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғана үшінші тұлғаларға белгілі болады.

      9. Клиентке қызмет көрсету жөніндегі барлық операцияларды Банк белгілеген операциялық күн ішінде жүргізуге, бұған болашақ валюталау күнімен жасалатын ақша аударымдары жатпайды, оларды орындау валюталау күні басталғанда жүргізіледі.

      10. Клиентке қызмет көрсеткенде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      11. Клиенттің немесе нотариуспен куәландырылған сенімхаттың негізінде әрекет ететін өкілдерінің Өтініші негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларда Шотты жабуға.


4. Клиенттің құқықтары мен міндеттері

    1. Клиент құқылы:

      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шекте Шоттағы ақшаға дербес өкімдік етуге;

      2. осы Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім бойы Шотты толықтыруға, қолма-қол ақша алуға, осы Шоттағы ақша қалдығы шегінде Шоттан қолма-қол ақшалай емес, сондай-ақ Клиенттің басқа шоттарынан Шотқа қолма-қол ақшалай емес ақша аударуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ақша айырбастауға;

      3. Шотының ағымдағы жайы туралы ақпарат алуға;

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сенімхат рәсімдеу арқылы басқа тұлғаға Шотқа өкімдік етуді сеніп тапсыруға;

      5. Банкте бірнеше ағымдағы шотқа ие болуға.

    2. Клиент міндетті:

      1. Шоты бойынша операциялар жүргізгенде Банкке жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шот бойынша кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметпен, жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операциялар жүргізбеуге;

      3. 1 000 000 (бір миллион) теңгеден немесе шетел валютасындағы баламасынан асатын сомада Шотынан қолма-қол ақша алу жөніндегі операцияны болжамды жасау күніне дейін қалған 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банкке міндетті түрде хабарлауға;

      4. Банк ұсынатын қызметтер үшін, соның ішінде Шартта қарастырылмаған барлық комиссияларды Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төлеуге;

      5. Шот бойынша операциялар жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанда нұсқаулар қоюға;

      6. филиалдарда немесе Банктің анықтама қызметінің телефондары арқылы Банк тарифтерінің өзгеруі туралы дербес білуге;

      7. Банктің талап етуі бойынша Шоттағы ақшаға қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге;

      8. оған сәйкес Клиент қате есептелген сомалар туралы білуі мүмкін немесе білуге тиісті ақпаратты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке қате есептелген сома туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, осы Шартпен белгіленген тәртіпте қате есептелген соманы қайтаруға;

      9. оған сәйкес Клиент төлем құжатының қате орындалуы туралы білуі мүмкін немесе білуге тиісті ақпаратты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке табылған қате туралы хабарлауға;

      10. Банкке Клиенттің тұрғылықты жерінің мекенжайының, байланыс телефонының, аты-жөнінің, жеке басын куәландыратын құжаттардың барлық өзгеру жағдайлары, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттардың /Шарттың өзіндегі бар данасының түпнұсқасының жоғалуы немесе ұрлануы, Клиенттің сенімхат бойынша Сенімді тұлғаға берілген өкілеттіктерінің тоқтауы туралы хабарлауға.

5. Сенімхаттың негізінде Шот бойынша операциялар жүргізу

    1. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес сенімхат бойынша операциялар жүргізеді.

    2. Сенімді тұлға Шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Банкке жеке басын куәландыратын құжатты, Клиент Сенімді тұлғаға шотқа өкімдік етуге берген, нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын көрсетуге міндетті. Клиенттің Мұрагері (Клиент қайтыс болған жағдайда) шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Банкке жеке басын куәландыратын құжатын және Мұраға құқығы туралы куәлігінің түпнұсқасын көрсетуге міндетті.

    3. Клиент сенімхаттың өзгертілуі немесе күшінің жойылуы туралы, тиісті нотариуспен куәландырылған құжаттың түпнұсқасын көрсету арқылы сенімхаттың негізінде Шотқа өкімдік етуге уәкілетті тұлғалардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы Банкке 1 (бір) күн ішінде өзі хабарлауға міндетті.

    4. Клиент келесі жағдайларда Сенімді тұлғаның шоты/-тары бойынша операциялар жүргізуден бас тарту құқығын Банкке береді:

      1. сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделмеген болса;

      2. Сенімхаттағы Клиенттің қойылған қолы Банктегі қол үлгілері бар құжатқа сәйкес келмесе;

      3. Сенімді тұлға сенімхаттың түпнұсқасын көрсетпесе.

    5. Клиент Шартқа қол қою арқылы Клиенттің сенімхатты беру фактісін анықтау шараларын атқару, Сенімді тұлға немесе Клиент Банкке сенімхатты көрсеткен кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шот /-тар бойынша операциялар жүргізбеу құқығын Банкке береді.

    6. Клиент қайтыс болса, Банк бұл факт туралы білмесе, Клиент осы Қосымшаның 5.3 т. талаптарын орындамаса, Банк Сенімді тұлғаның шоттарынан сомаларды аудару/беру үшін жауапкершілік көтермейді.


6. Валюталық операцияларды жүргізу тәртібі

    1. Банк Қазақстан РеспубликасыныңеспубликасынңРеспуб қолданыстағы валюта заңнамасына сәйкес Шот бойынша валюталық операциялар жүргізеді.

    2. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестігіне міндетті валюталық бақылаудан өткеннен кейін ғана ақша аударылады.

    3. Аударылатын валюта қолма-қол ақшалай емес жолмен келіп түскен ақшаны есепке қосқанда бенефициар шотының валютасынан басқа болса, аударылатын сома шұғыл айырбастау бағамы бойынша банктік шот валютасына автоматты режимде айырбасталады.

    4. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес Шотқа келіп түскен ақшаны есепке қосады.

    5. Тіркеу куәлігін талап ететін валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған ақша Клиенттің пайдасына келіп түскенде Банк ақшаны арнайы шотқа есепке қосады және Клиентке талап етілетін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.

    6. Клиент Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды Банкке тапсырғанға дейін Банк арнайын банктік шоттағы ақшаны блоктайды.


«Астана-финанс» Банкі» АҚ

жеке тұлғалар үшін банктік қызмет көрсету

кешенді шартының (Қосылу шартының)

2 қосымшасы


«Астана-финанс» Банкі» АҚ жеке тұлғалар үшін

«Астана» салымының стандартты талаптары

  1. Мәні

    1. Банк Салымшыға жинақ шот ашады, ал Салымшы осы Шартпен және Өтінішпен белгіленген сомада, мерзімде, талаптарда Салымды орналастырады.

    2. Жинақ шот бойынша Салымшының кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметті, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметін атқаруымен байланысты операциялар жүргізуіне жол берілмейді. Шарттың осы тармағының ережелерін бұзғаны үшін Салымшы жауапкершілік көтереді (Банк осы қызметпен байланысты Жинақ шотқа қойылатын нұсқауларды орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді).

    3. Салымшыны сәйкестендіру мақсатында заңсыз беруден Жинақ шоттағы ақшаны қосымша қорғау ретінде Банк «Код сөзді» қолданады.

    4. Салымға келесілер өкімдік ете алады:

  • Салымшы;

  • Салымшының өкілдері – тиісті түрде рәсімделген сенімхаттың негізінде /заңды өкілдері, қамқоршылары – өкілеттіктерін растайтын құжаттардың негізінде;

  • Салымшы қайтыс болған жағдайда – заңды мұрагерлері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.




  1. Салымның негізгі шарттары

    1. Есептеу үшін 360 күнге тең шартты жыл және 30 күнге тең шартты ай қабылданған.

    2. Шарт бойынша салымға /шоттарға қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар ұсталынған жағдайда, Банк сыйақы мөлшерлемесін өзгерткен жағдайда тиімді сыйақы мөлшерлемесі шот бойынша жүргізілетін операцияларға сәйкес ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.

    3. Шартқа қол қойылған күні өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар төлемнен кейін Салымшының талап етуі бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеу кезінде есепке алынады. Комиссиялар Салымшыға төленуге тиісті сомалардан ұсталынуы мүмкін.

    4. Салым бойынша нөлдік қалдықпен Салымды ашу мүмкіндігі қарастырылған.

    5. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшы және/немесе үшінші тұлға Салымның кез келген валютасындағы ақшаны қосымша жарналар арқылы Салымды толықтыра алады. Ақшаның қосымша жарналары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес әдістермен енгізіледі. Валюта түріне сәйкес алғашқы жарна үшін Салым талаптарымен белгіленген ең аз мөлшерді міндетті сақтау талабымен Шотқа алғашқы жарна енгізіледі.

    6. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшы салымның бір бөлігі алынған күні Банк белгілеген есептік бағам бойынша теңгеде есептелген Шоттардағы ақшаның жиынтық қалдығынан және Шартта көрсетілген төмендетілмейтін қалдық сомасынан аспайтын мөлшерде салымның кез келген валютасында Салымнан ақшаның бір бөлігін ала алады.

    7. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшының жазбаша өтінішінің негізінде Банк салым Шоттарындағы сомаларды Шартпен қарастырылған басқа валюталарға айырбастау күні Банк белгілеген айырбастау Бағамы бойынша қолма-қол ақшалай емес айырбастайды.

    8. Салымдарды қолма-қол ақшалай емес айырбастау сенбі мен жексенбіні, жалпы белгіленген мереке күндерін, сондай-ақ айырбасталуға тиісті валюталардың бірі бойынша валюталау жүргізілмейтін күндерді есептемегенде барлық жұмыс күндері күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 15.00 дейін жүргізіледі.




  1. Салым және сыйақы төлеу

    1. Салым бойынша сыйақы есептеу бойынша мерзімді есептеу Салымшының Жинақ шотына ақша келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен басталып, Шарттың күші тоқтаған күні аяқталады.

    2. Салым бойынша сыйақы есептеу Салымның әр валютасы үшін белгіленген Салымның сыйақы мөлшерлемелері бойынша Шоттардағы ақшаның әр қалдығы үшін жеке жүргізіледі.

    3. Қосымша жарнаның сомасына сыйақы Шотта ақшаның нақты сақталу мерзімі үшін есептеледі.

    4. Ақшаның бір бөлігі алынған жағдайда /сомалар басқа валюталарға айырбасталғанда сыйақы есептеу бір бөлігі алынған /сомалар айырбасталған валюталар үшін Шартта /Өтініште көрсетілген негізгі салымның сыйақы мөлшерлемелері бойынша Шоттардағы нақты ақша қалдығына жүргізіледі.

    5. Банк төлем карточкасын (Банктің техникалық мүмкіндігі болса) қолданып, банктік шотқа немесе ағымдағы шотқа Салым бойынша сыйақы төлейді. Салымшы сыйақыны капиталдауды таңдағанда Банк Шоттардағы ақша қалдығына әр Шот бойынша есептелген сыйақыны аударады.

    6. Салым Шарт күшінде болатын мерзім аяқталғаннан кейін төленеді, мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, бір бөлігі алынған жағдайда Салымшының өтініші келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді. Салым Шоттардағы ақша қалдығы бар валюталарда төленеді.

    7. Салымшы Шарттың күші аяқталған күні Салым сомасын талап етпесе, Банк сол күні автоматты түрде мерзімі аяқталған Шарттың мерзімін ұзартып, Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен басқа Салым сомасын капиталданғанда және есептелген сыйақыны ұқсас валюталардағы ұқсас Салымға, мерзімі аяқталған Шартпен белгіленген ұқсас мерзімге аударады. Банк Шартты ұзарту күні қолданылатын талаптарға сәйкес сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

    8. Банктің уәкілетті органы банктік Салымның тиісті түрінің күшін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда Банк қолданысы аяқталған Шарттың мерзімін ұзартпайды. Шарттың күші аяқталған күннен бастап салым сомасы мен есептелген сыйақы клиенттің ағымдағы шотына аударылады.

  2. Мерзімінен бұрын бұзу

    1. Шарт Салымшының бастамасымен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сыйақы ақша нақты сақталған мерзім үшін Шартта көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

    2. Банк комиссия ұстамай айырбасталған соманы төлейді және/немесе қолма-қол ақшалай емес келіп түскен соманы төлейді.

    3. Салымшының бастамасымен осы Шарт бұзылғанда күшінде болу мерзім ұзартылғаннан кейін Салым бойынша сыйақы Шарт ұзартылған күні қолданылатын талаптарға сәйкес есептеледі, бұл орайда Салымды орналастыру мерзімі Шарттың күшінде болу мерзімі ұзартылған кезден бастап есептеледі.

  3. Банктің Салымға кепілдік беруі

    1. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және депозиттерге міндетті кепілдік беретін уәкілетті орган берген депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне Банктің қатысуын растайтын куәліктің негізінде әрекет етеді.

    2. Салымға кепілдік беру талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.

  4. Банктің құқықтары мен міндеттері

    1. Банк құқылы:

      1. Шарттың күшінде болу мерзімі ұзартылғанда Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін бір тарапты тәртіпте өзгертуге;

      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Шарт бойынша Салымға кепілдік беру талаптарын бір тарапты тәртіпте өзгертуге;

      3. Салымшыға Шоттар ашқанда Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттарды талап етуге;

      4. Салымшы Шоттары бойынша операциялар жүргізгенде (Салымның ағымдағы жайы туралы ақпарат алу /Салымды толықтыру /сомаларды айырбастау /Банктік Салым шартының күшінде болу мерзімі аяқталғанда немесе мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Шотты жабу) Салымшының қойған қолының Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы қолымен бірдей болуын салыстыру, сондай-ақ «Код сөзді» хабарлауды талап етуге. Қолтаңба және/немесе «Код сөз» сәйкес келмеген жағдайда жайттар анықталғанға дейін Шоттар бойынша операциялар жүргізбеуге;

      5. Банк тарифтеріне сәйкес Салымшының Шоттарынан Шартпен қарастырылған комиссияларды ұстауға. Шарт мерзімінен бұрын бұзылғанда ұсталуға тиісті комиссия сомасы Салымшының Шоттарындағы ақша қалдығынан асатын болса, Банк Салымшыға Шартты мерзімінен бұрын бұзудан бас тартуға құқылы;

      6. Банк осы Салым түрі бойынша ұтыс (акция) өткізген жағдайда ұтыс (акция) өткізудің ережелері мен процедураларын, сыйлық қорының сапалық және сандық құрамын, ұтысқа қатысу талаптарын, ұтыс жеңімпаздарын жариялау тәртібі мен мерзімін, сыйлық алу талаптары мен негіздерін, ұтыс (акция) өткізу үшін басқа да қажетті талаптарды, кез келген өзгерістері мен толықтыруларын дербес белгілеуге;

      7. Салымшы Шартқа/Өтінішке қол қоя отырып, Салымшының кез келген банктік шоттарынан, соның ішінде Банкте және Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі басқа банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдарда) ашылған жинақ шоттан (Шарт бойынша төмендетілмейтін қалдықты қоса алғанда) Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша бүкіл Берешек сомасын акцептсіз алу (есептен шығару) шартсыз құқығын Банкке береді. Берешекті акцептсіз өндіріп алу (алу) нәтижесінде Шарт бойынша төмендетілмейтін қалдықты ұстап тұру талаптары бұзылған жағдайда Шарттың күші мерзімінен бұрын тоқтатылады және Салымның барлық Шоттары бойынша ақша қалдығы ағымдағы шоттарға аударылады, бұдан кейін сыйақы есептеу жүргізілмейді. Салым Шоттарындағы қалдық шетел валютасында ғана болса, Банк өтеу күнгі есептелген бағам бойынша берешекті өтеу үшін қажетті соманы айырбастайды. Бұл орайда, Банк жоғарыда аталған жағдайлар басталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы туралы Салымшының Өтініште көрсетілген деректемелері бойынша Салымшыға хабарлайды.

      8. Салымшының банктік шотында ақша болмаса немесе жеткілікті болмаса, Банк картотекадағы төлем құжаттары (төлем ордерлері, төлем талаптары – тапсырмалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, акцептсіз тәртіпте орындалатын басқа төлем құжаттары) бойынша міндеттемелерін толық өтегенге дейін жинақтау арқылы Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша Берешек сомасы шегінде банктік шот бойынша Салымшының шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

    2. Банк міндетті:

6.2.1. Салымшыға Шот ашуға, Салымшы және /немесе үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы енгізген ақшаны осы Шоттарға есепке қосуға;

6.2.2. осы Шарттың және Өтініштің талаптарына сәйкес Салымшыға Салым бойынша сыйақы есептеуге және төлеуге;

6.2.3. Салымшының жазбаша өтініші негізінде Салымшының Шоттарындағы сомаларды басқа валюталарға айырбастауға;

6.2.4. Салымшының ақшасының сақталуын және Салымшының Шоттары бойынша жүргізілетін операциялардың қатаң құпиялығын қамтамасыз етуге. Салымшының Шоттары бойынша жүргізілген операцияларға қатысты мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғана үшінші тұлғаларға белгілі болуы мүмкін;

6.2.5. Салымшының ақшасына тыйым салу, Шоттар бойынша операцияларды тоқтату, Салымшының ақшасынан тыйым салуды алып тастау, Шоттар бойынша операцияларды жаңғырту туралы уәкілетті органдардың заңды нұсқауларын орындауға;

6.2.6. Салымшы жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұрса, Салық комитетіне Салымшының банктік шотының нөмірі туралы ақпарат беруге;

6.2.7. Банк тарифтері әр өзгерген сайын Банк филиалдарында және Банктің интернет-ресурсында Банк мөлшерлемелері және тарифтері туралы ақпарат орналастыруға және Салымшы Банкке келгенде немесе телефон арқылы сұрағанда Салымшының танысуы үшін беруге;

6.2.8. Салымшының бастамасымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Шоттарды жабуға.



  1. Салымшының құқықтары мен міндеттері

7.1. Салымшы құқылы:

7.1.1. Салымды және Шарт талаптарына сәйкес ол бойынша есептелген сыйақыны алуға;

7.1.2. Салымының ағымдағы жайы туралы ақпарат алуға;

7.1.3.Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сенімхат рәсімдеу арқылы заңды өкілдеріне, қамқоршыларына немесе басқа тұлғаға Салымға және ол бойынша сыйақыға өкімдік етуді сеніп тапсыруға;

7.1.4. болжамды бұзу күніне дейін қалған кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде Банкке ескертіп, Шартты мерзімінен бұрын бұзуға.

7.2. Салымшы міндетті:



      1. Шот /-тар ашу үшін Банкке Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттарды тапсыруға;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шот бойынша кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операцияларды жүргізбеуге;

      3. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім бойы Шартта көрсетілген кез келген Шоттарға Шартпен белгіленген мөлшерде қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы Шартпен белгіленген мөлшерде ақша енгізуге.Салымшының қалауы бойынша валюталардың бірінде Салымға алғашқы жарнаны енгізуге болады;

      4. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім бойы Өтініште көрсетілген төмендетілмейтін қалдық сомасын Шотта сақтауға;

      5. сомаларды Салымның басқа валюталарына айырбастауға белгіленген үлгідегі жазбаша өтінішті Банкке беруге;

      6. Шоттар бойынша операциялар жүргізгенде (Салымның а,ымдағы жайы туралы ақпарат алу /Салымды толықтыру /Шоттарды жабу, т.б.) Банкке Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге және «Код сөзді» хабарлауға;

      7. Банкке Клиенттің тұрғылықты жерінің мекенжайының, байланыс телефонының, аты-жөнінің, жеке басын куәландыратын құжаттардың барлық өзгеру жағдайлары, Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттардың /Өтініштің өзіндегі бар данасының түпнұсқасының жоғалуы немесе ұрлануы, сенімхат бойынша Сенімді тұлғаға берілген өкілеттіктерінің тоқтауы және/немесе берілген сенімхат күшінің жойылуы туралы міндетті түрде хабарлауға;

      8. мерзімінен бұрын бұзғанда, Шоттағы қалдық комиссияны өтеу үшін Шоттағы қалдық жетпесе, Шотқа жетпейтін соманы қолма-қол ақшалай енгізуге немесе комиссияның жетпейтін сомасын есептен шығару үшін Салымның кез келген қалған Шоттарын көрсетуге;

      9. 1 000 000 (бір миллион) теңгеден немесе шетел валютасындағы баламасынан асатын сомада Шотынан қолма-қол ақша алу жөніндегі операцияны болжамды жасау күніне дейін қалған 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банкке міндетті түрде хабарлауға;

      10. операция жасаған кезде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Банк қызметтерін төлеуге;

      11. филиалдарда немесе Банктің анықтама қызметінің телефондары арқылы Банк мөлшерлемелері мен тарифтерінің өзгеруі туралы дербес білуге;

      12. Шарттың күшінде болу мерзімі аяқталғанда немесе Салымшының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылғанда Банкке өзіндегі бар Өтініштің данасын қайтаруға және Банкке осы Қосымшаның 7.2.6 т. көрсетілген құжаттарды тапсыруға.




  1. Сенімхаттың негізінде Салым бойынша операциялар жүргізу

    1. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес сенімхат бойынша операциялар жүргізеді.

    2. Сенімді тұлға Салымшының пайдасына Шоттар ашқанда Банкке келесі құжаттарды тапсыруы керек: Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттар; Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; Салымшының атына жинақ шотты ашу және Салым енгізу құқығын Салымшы Сенімді тұлғаға берген, нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

    3. Сенімді тұлға Шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Сенімді тұлға Банкке келесі құжаттарды тапсыруға: Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, Салымға өкімдік етуге Салымшы Сенімді тұлғаға берген, нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын, «Код сөзді» хабарлауға міндетті. Салымшының Мұрагері (Салымшы қайтыс болған жағдайда) шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Банкке келесілерді тапсыруға міндетті: Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты, мұраға құқық туралы Куәліктің түпнұсқасы.

    4. Салымшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті сенімхаттың өзгертілуі немесе күшінің жойылуы туралы, тиісті нотариуспен куәландырылған құжаттың түпнұсқасын беру арқылы сенімхаттың негізінде Салымға өкімдік етуге уәкілетті тұлғалардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы Банкке өзі хабарлауға міндетті.

    5. Салымшы келесі жағдайларда Сенімді тұлғаның шот/-тар бойынша операция жүргізуінен бас тартуға:

    • Сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделмесе;

    • Сенімді тұлға «Код сөзді» хабарламаса, бұл орайда Сенімді тұлға «Код сөзді» ауыстыруға құқықсыз;

    • Сенімхаттағы Салымшының қолы Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы қол қою үлгісіне сәйкес келмесе;

    • Сенімді тұлға сенімхаттың түпнұсқасын тапсырмаса.

    1. Салымшы Өтінішке қол қою арқылы Салымшының сенімхатты беру фактісін анықтау жөніндегі шараларды атқару, сондай-ақ Сенімді тұлға Банкке сенімхатты тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шот /-тар бойынша операциялар жүргізбеу құқығын Банкке береді.

    2. Салымшы қайтыс болса, Банк бұл факт туралы білмесе, сондай-ақ Салымшы осы Қосымшаның 8.4 т. талаптарын орындамағанда Банк Сенімді тұлғаның шоттарынан сенімхат бойынша соманы беру үшін жауапкершілік көтермейді.


«Астана-финанс» Банкі» АҚ

жеке тұлғалар үшін банктік қызмет көрсету

кешенді шартының (Қосылу шартының)

3 қосымшасы



«Астана-финанс» Банкі» АҚ

жеке тұлғалар үшін «На вырост» салымының стандартты талаптары

  1. Мәні

    1. Банк бір Шарт шеңберінде Шоттар арасында ақшаны айырбастау мүмкіндігімен бірнеше валютада (теңге, АҚШ доллары, еуро) жинақ шоттар (бұдан былай мәтін бойынша – Шот/тар) ашады, ал Салымшы осы Шартпен және Өтінішпен белгіленген сомада, мерзімде, талаптарда Салымды орналастырады.

    2. Шот бойынша Салымшының кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметті, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметін атқаруымен байланысты операциялар жүргізуіне жол берілмейді. Шарттың осы тармағының ережелерін бұзғаны үшін Салымшы жауапкершілік көтереді (Банк осы қызметпен байланысты Шотқа қойылатын нұсқауларды орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді).

    3. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың атына ашылған шоттарға заңды өкілдері келесі құжаттарды ұсынған жағдайда өкімдік ете алады:

1) операциялар жүргізу үшін (Салымның ағымдағы жайы туралы ақпарат алу /Салымды толықтыру):

a) Ата-ана: жеке басын куәландыратын құжат;

b) асырап алушылар /қамқоршылар: жеке басын куәландыратын құжат, асырап алу немесе қамқоршы болу фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (соттың тиісті шешімі немесе қамқорлық пен қамқоршылық органының шешімі);

2) 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның Салымы бойынша операция жүргізу үшін (Шоттан ақшаның бір бөлігін алу /Шоттан сомаларды айырбастау /салымды мерзімінде /мерзімінен бұрын жабу):

a) Ата-ана: жеке басын куәландыратын құжат және қамқорлық пен қамқоршылық функцияларын атқаратын органның Салымға өкімдік етуге берген рұқсаты (операция ата-ананың екеуінің де қатысуында жүргізіледі);

b) асырап алушылар /қамқоршылар: жеке басын куәландыратын құжат, асырап алу немесе қамқоршы болу фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (соттың тиісті шешімі немесе қамқорлық пен қамқоршылық органының шешімі) және қамқорлық пен қамқоршылық функцияларын атқаратын органның Салымға өкімдік етуге берген рұқсаты.



    1. Салым енгізуші (Салым енгізушінің заңды өкілі емес) келесі құжаттардың негізінде Салым бойынша операциялар жүргізеді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) Салымшының заңды өкілдері немесе Салымшының өзі (14 жасқа толмағанда) Салым енгізушіге (сенімді тұлғаға) Салымға өкімдік етуге берген, нотариуспен куәландырылған сенімхат;

3) қамқорлық пен қамқоршылық функцияларын атқаратын органның Салымға өкімдік етуге берген рұқсаты. Салымшының өзі (14 жасқа толғанда) нотариуспен куәландырылған сенімхат берген жағдайда қамқорлық пен қамқоршылық функцияларын атқаратын органның талап етілмейді.


    1. 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның Салымы бойынша операцияларды оның заңды өкілдері жүргізеді және Салымшының өзі жүргізбейді.

    2. Кәмелеттік жасқа толмаған Салымшы Салым бойынша операцияларды:

- 14 жасқа толғанда туу туралы куәлігінің негізінде;

- 16 жасқа толғанда жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде және заңды өкілдерінің қатысуында жүргізеді.



    1. Салымшы (18 жасқа толған, кәмелеттік жасқа толған тұлға) Салымы бойынша операцияларды өзі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде немесе үшінші тұлға арқылы сенімхат бойынша жүргізеді.




  1. Негізгі талаптар

    1. Есептеу үшін 360 күнге тең шартты жыл және 30 күнге тең шартты ай қабылданған.

    2. Шарт бойынша салымға /шоттарға қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар ұсталынған жағдайда, Банк сыйақы мөлшерлемесін өзгерткен жағдайда тиімді сыйақы мөлшерлемесі шот бойынша жүргізілетін операцияларға сәйкес ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін

    3. Шартқа қол қойылған күні өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар төлемнен кейін Салымшының талап етуі бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеу кезінде есепке алынады. Комиссиялар Салымшыға төленуге тиісті сомалардан ұсталынуы мүмкін.

    4. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшы және/немесе үшінші тұлға Салымның кез келген валютасындағы ақшаны қосымша жарналар арқылы Салымды толықтыра алады. Ақшаның қосымша жарналары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес әдістермен енгізіледі. Валюта түріне сәйкес алғашқы жарна үшін Салым талаптарымен белгіленген ең аз мөлшерді міндетті сақтау талабымен Шотқа алғашқы жарна енгізіледі.

    5. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшы Өтініште көрсетілген Салым Шоттарының бірінде төмендетілмейтін қалдықты сақтау талабымен салым валюталарының кез келгенінде Шоттан ақшаның бір бөлігін ала алады. Төмендетілмейтін қалдық талаптары бұзылған жағдайда осы Шарттың 4-тарауымен қарастырылған тәртіпте Шарт мерзімінен бұрын бұзылады.

    6. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзім ішінде Салымшының жазбаша өтінішінің негізінде Банк салым Шоттарындағы сомаларды Шартпен қарастырылған басқа валюталарға айырбастау күні Банк белгілеген айырбастау Бағамы бойынша қолма-қол ақшалай емес айырбастайды.

    7. Салымдарды қолма-қол ақшалай емес айырбастау сенбі мен жексенбіні, жалпы белгіленген мереке күндерін, сондай-ақ айырбасталуға тиісті валюталардың бірі бойынша валюталау жүргізілмейтін күндерді есептемегенде барлық жұмыс күндері күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 15.00 дейін жүргізіледі.




  1. Салым және сыйақы төлеу

    1. Салым бойынша сыйақы есептеу бойынша мерзімді есептеу Салымшының Шотына ақша келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен басталып, Шарттың күші тоқтаған күні аяқталады.

    2. Салым бойынша сыйақы есептеу Салымның әр валютасы үшін белгіленген Салымның сыйақы мөлшерлемелері бойынша Шоттардағы ақшаның әр қалдығы үшін жеке жүргізіледі.

    3. Қосымша жарнаның сомасына сыйақы Шотта ақшаның нақты сақталу мерзімі үшін есептеледі.

    4. Ақшаның бір бөлігі алынған жағдайда /сомалар басқа валюталарға айырбасталғанда сыйақы есептеу бір бөлігі алынған /сомалар айырбасталған валюталар үшін Шартта /Өтініште көрсетілген негізгі салымның сыйақы мөлшерлемелері бойынша Шоттардағы нақты ақша қалдығына жүргізіледі. Банк Шартқа /Өтінішке сәйкес ақша шотта нақты сақталған мерзім үшін Шартты мерзімінен бұрын бұзу мөлшерлемесі бойынша бір бөлігі алынған сомаға сыйақы есептейді.

    5. Капиталдау және Шотқа сыйақыны аудару ай сайын сыйақы есептелген айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

    6. Салым енгізуші /Салымшы Шоттағы (-тардағы) ақша қалдығы бар валюталарда. Салым және есептелген сыйақы сомасын алу мақсатында Банкке өтініш берген жағдайда Банк Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Салымды және сыйақыны төлейді. Салымшының /Салым енгізушінің қалауы бойынша Шоттағы (-тардағы) ақша қалдығы осы Қосымшаның 2.6 және 2.7 т. сәйкес қолма-қол ақшалай емес айырбастау арқылы Салымның кез келген валютасында төленеді.

    7. Салым Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, мерзімінен бұрын бұзылғанда, бір бөлігі алынғанда Салымшының өтініші келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

    8. Салым енгізуші /Салымшы Шарттың күші аяқталған күні Салым сомасын талап етпесе, Салымға кепілдік беру талаптарын, сыйақы мөлшерлемесін есептемегенде ұзарту кезінде қолданылатын ұқсас мерзімге және ұқсас Салым талаптарында Шарт ұзартылған деп саналады. Шарт ұзартылғаннан кейін сыйақы Шарт ұзартылған күні қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Салымға кепілдік беру талаптары ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.

    9. Банк келесі жағдайларда Шарт мерзімін ұзартпайды:

    10. Салымшы 18 жасқа толса. Соңғы рет ұзарту Салымшы 18 жасқа толатын күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

    11. Банктің Уәкілетті органы Салымның осы түрінің күшін тоқтату /уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаса, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күні Салымның және капиталданған сыйақы сомасын Салымшының атына ашылған ағымдағы шотқа аударады.

    12. Салымшының Шотына (-тарына) ақшаның қате есепке қосылу фактісі анықталған жағдайда Банк заңнамаға және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Салымшының Шотынан (-тарынан) ақшаны акцептсіз есептен шығару арқылы ақшаны қайтарады.

  1. Мерзімінен бұрын бұзу

    1. Салым Шарты Салымшының (14 жасқа толғанда)/ Салым енгізушінің бастамасы бойынша болжамды бұзу күніне дейін қалған 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде Банкке ескертіп, мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

    2. Шарт Салымшының /Салым енгізушінің бастамасымен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда Банк ақша Шотта нақты сақталған мерзім үшін Өтініште көрсетілген мерзімінен бұрын бұзу кезіндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы төлейді.

    3. Банк комиссия ұстамай айырбасталған соманы төлейді және/немесе қолма-қол ақшалай емес келіп түскен соманы төлейді.

    4. Салымшының бастамасымен Шарт бұзылғанда күшінде болу мерзім ұзартылғаннан кейін Салым бойынша сыйақы осы Қосымшаның 4.2т. аталған талаптарға сәйкес есептеледі, бұл орайда Салымды орналастыру мерзімі Шарттың күшінде болу мерзімі ұзартылған кезден бастап есептеледі.

  1. Банктің құқықтары мен міндеттері

    1. Банк құқылы:

      1. Шарттың күшінде болу мерзімі ұзартылғанда Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін бір тарапты тәртіпте өзгертуге;

      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Шарт бойынша Салымға кепілдік беру талаптарын бір тарапты тәртіпте өзгертуге;

      3. Салымшыға Шоттар ашқанда Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттарды талап етуге;

      4. Салымшы / Салым енгізуші Шоттары бойынша операциялар жүргізгенде (Салымның ағымдағы жайы туралы ақпарат алу /Салымды толықтыру /сомаларды айырбастау /Банктік Салым шартының күшінде болу мерзімі аяқталғанда немесе мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Шотты жабу) Салымшының/ Салым енгізушінің қойған қолының Салымшының/Салым енгізушінің жеке басын куәландыратын құжаттағы қолымен бірдей болуын салыстыру, Шартпен қарастырылған басқа сәйкестендіруге. Салымшыны /Салым енгізушіні сәйкестендіру мүмкін болмағанда жайттар анықталғанға дейін Шоттар бойынша операциялар жүргізбеуге;

      5. Банк осы Салым түрі бойынша ұтыс (акция) өткізген жағдайда ұтыс (акция) өткізудің ережелері мен процедураларын, сыйлық қорының сапалық және сандық құрамын, ұтысқа қатысу талаптарын, ұтыс жеңімпаздарын жариялау тәртібі мен мерзімін, сыйлық алу талаптары мен негіздерін, ұтыс (акция) өткізу үшін басқа да қажетті талаптарды, кез келген өзгерістері мен толықтыруларын дербес белгілеуге;

      6. Салым енгізуші Шартқа/Өтінішке қол қоя отырып, Салымшының кез келген банктік шоттарынан, соның ішінде Банкте және Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі басқа банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдарда) ашылған жинақ шоттан (Шарт бойынша төмендетілмейтін қалдықты қоса алғанда) Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша бүкіл Берешек сомасын акцептсіз алу (есептен шығару) шартсыз құқығын Банкке береді;

      7. Салымшы Шартқа /Өтінішке қол қоя отырып, Салымшының кез келген банктік шоттарынан, соның ішінде Банкте және Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі басқа банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдарда) ашылған жинақ шоттан (Шарт бойынша төмендетілмейтін қалдықты қоса алғанда) Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша бүкіл Берешек сомасын акцептсіз алу (есептен шығару) шартсыз құқығын Банкке береді. Берешекті акцептсіз өндіріп алу (алу) нәтижесінде Шарт бойынша төмендетілмейтін қалдықты ұстап тұру талаптары бұзылған жағдайда Шарттың күші мерзімінен бұрын тоқтатылады және Салымның барлық Шоттары бойынша ақша қалдығы ағымдағы шоттарға аударылады, бұдан кейін сыйақы есептеу жүргізілмейді. Салым Шоттарындағы қалдық шетел валютасында ғана болса, Банк өтеу күнгі есептелген бағам бойынша берешекті өтеу үшін қажетті соманы айырбастайды. Бұл орайда, Банк жоғарыда аталған жағдайлар басталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы туралы Салымшының Өтініште көрсетілген деректемелері бойынша Салымшыға хабарлайды.

    2. Банк міндетті:

      1. Салымшыға Шот ашуға, Салымшы және /немесе үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы енгізген ақшаны осы Шоттарға есепке қосуға;

      2. осы Шарттың және Өтініштің талаптарына сәйкес Салымшыға Салым бойынша сыйақы есептеуге және төлеуге;

      3. Салымшының жазбаша өтініші негізінде Салымшының Шоттарындағы сомаларды басқа валюталарға айырбастауға;

      4. Салымшының ақшасының сақталуын және Салымшының Шоттары бойынша жүргізілетін операциялардың қатаң құпиялығын қамтамасыз етуге. Салымшының Шоттары бойынша жүргізілген операцияларға қатысты мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғана үшінші тұлғаларға белгілі болуы мүмкін;

      5. Салымшының ақшасына тыйым салу, Шоттар бойынша операцияларды тоқтату, Салымшының ақшасынан тыйым салуды алып тастау, Шоттар бойынша операцияларды жаңғырту туралы уәкілетті органдардың заңды нұсқауларын орындауға;

      6. Салымшы жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұрса, Салық комитетіне Салымшының банктік шотының нөмірі туралы ақпарат беруге;

      7. Банк тарифтері әр өзгерген сайын Банк филиалдарында және Банктің интернет-ресурсында Банк мөлшерлемелері және тарифтері туралы ақпарат орналастыруға және Салымшы Банкке келгенде немесе телефон арқылы сұрағанда Салымшының танысуы үшін беруге;

      8. Салымшының бастамасымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Шоттарды жабуға.

  1. Салым енгізушінің және Салымшының құқықтары мен міндеттері

    1. Салым енгізуші құқылы:

      1. Салымшының Шотын толықтыруға (Шотқа қолма-қол ақшалай немесе Шотқа қолма-қол ақшалай емес аудару жолымен жарна енгізу арқылы), салым Шоттарындағы сомаларды осы Шарттың талаптарына сәйкес басқа валюталарға айырбастауға.

    2. Салым енгізуші міндетті:

      1. Шарт күшінде болатын бүкіл мерзімде Шартта аталған Шоттардың кез келгеніне қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару арқылы Шартпен белгіленген мөлшерде ақша енгізуге. Салымшы қалауы бойынша Салымға валюталардың бірінде алғашқы жарнасын енгізе алады;

      2. Банкке Салымшының / Салым енгізушінің аты-жөнінің, тұрғылықты жерінің мекенжайының, байланыс телефонының, Салым енгізушінің жеке басын куәландыратын құжаттың өзгеруі /жоғалуы / ұрлануы туралы міндетті түрде хабарлауға;

      3. осы Шарт бойынша барлық міндеттерін орындауға және оның талаптарын сақтауға;

      4. 1 000 000 (бір миллион) теңгеден немесе шетел валютасындағы баламасынан асатын сомада Шотынан қолма-қол ақша алу жөніндегі операцияны болжамды жасау күніне дейін қалған 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банкке міндетті түрде хабарлауға;

      5. операция жасаған кезде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Банк қызметтерін төлеуге;

      6. филиалдарда немесе Банктің анықтама қызметінің телефондары арқылы немесе Банктің ресми веб-сайтынан Банк мөлшерлемелері мен тарифтерінің өзгеруі туралы дербес білуге.

    3. Салымшы 14 жасқа толғанда құқылы:

      1. осы Шарттың талаптарына сәйкес Салым мен сыйақы алуға;

      2. осы Шартпен қарастырылған тәртіпте өзіне ашылған Шоттарға /енгізген Салымға дербес өкімдік етуге.

    4. Салымшы 14 жасқа толғанда міндетті:

      1. тұрғылықты жерінің мекенжайының, байланыс телефонының, аты-жөнінің өзгеруі; Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың /осы Шарттың өзіндегі бар данасының түпнұсқасының өзгеруі/жоғалуы/ ұрлануы туралы міндетті түрде хабарлауға;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шот бойынша кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операцияларды жүргізбеуге;

      3. сомаларды Салымның басқа валюталарына айырбастауға белгіленген үлгіде жазбаша өтінішті Банкке беруге;

      4. Мерзімінен бұрын бұзылғанда, Шоттағы қалдық комиссияларды өтеу үшін жеткіліксіз болса, жетпейтін соманы Шотқа қолма-қол ақшалай енгізуге немесе комиссияның жетпейтін сомасын есептен шығару үшін қалған кез келген салым Шоттарын көрсетуге;

      5. осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындауға және талаптарын сақтауға;

      6. операция жасаған кезде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Банк қызметтерін төлеуге;

      7. филиалдарда немесе Банктің анықтама қызметінің телефондары арқылы Банк мөлшерлемелері мен тарифтерінің өзгеруі туралы дербес білуге.




  1. Сенімхаттың негізінде Салым бойынша операциялар жүргізу

    1. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес сенімхат бойынша операциялар жүргізеді.

    2. Сенімді тұлға Салымшының пайдасына Шоттар ашқанда Банкке келесі құжаттарды тапсыруы керек: Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттар; Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; Салымшының атына жинақ шотты ашу және Салым енгізу құқығын Салымшы Сенімді тұлғаға берген, нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

    3. Сенімді тұлға Шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Сенімді тұлға Банкке келесі құжаттарды тапсыруға: Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, Салымға өкімдік етуге Салымшы Сенімді тұлғаға берген, нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын, Салымшының Мұрагері (Салымшы қайтыс болған жағдайда) шоттар бойынша операциялар жүргізгенде Банкке келесілерді: Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты, мұраға құқық туралы Куәліктің түпнұсқасын тапсыруға міндетті.

    4. Салым енгізуші /Салымшы (14 жасқа толғанда) 1 (бір) жұмыс күні ішінде сенімхат өзгертілген немесе күші жойылған, нотариуспен куәландырылған құжаттың түпнұсқасын көрсету арқылы сенімхаттың негізінде Салымға өкімдік етуге уәкілетті тұлғалардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы Банкке өзі хабарлауға міндетті.

    5. Салым енгізуші /Салымшы (14 жасқа толғанда) келесі жағдайларда Сенімді тұлғаның шот /-тар бойынша операциялар жүргізуіне бас тарту құқығын Банкке береді:

    • Сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделмесе;

    • Салымшының Сенімхаттағы қолтаңбасы Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы қол қою үлгісіне сәйкес келмесе;

    • Сенімді тұлға сенімхаттың түпнұсқасын бермесе.

    1. Салым енгізуші Өтінішке қол қою арқылы Салымшының /Салым енгізушінің сенімхатты беру фактісін анықтау жөніндегі шараларды атқару, сондай-ақ Сенімді тұлға Банкке сенімхатты тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шот /-тар бойынша операциялар жүргізбеу құқығын Банкке береді.

    2. Салымшы қайтыс болса, Банк бұл факт туралы білмесе, сондай-ақ Салымшы /Салым енгізуші осы Қосымшаның 7.4 т. талаптарын орындамағанда Банк Сенімді тұлғаның шоттарынан сенімхат бойынша соманы беру үшін жауапкершілік көтермейді.

«Астана-финанс Банкі» АҚ жеке тұлғаларға арналған

Банктік қызмет көрсету кешенді шартына (Қосылу шартына)

4 Қосымша

1 Өтініштің үлгі нысаны

Приложение №4

к Комплексному договору банковского обслуживания

(Договор присоединения) для физических лиц в АО «Банк «Астана-финанс»

Типовая форма заявления №1




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет