Жаттыєу «Єажапќа толы сиќырлы орман»



жүктеу 33.67 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі33.67 Kb.

Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.

Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз. Сараптама:

Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?



Тренинг тақырыбы: «Жеміс-жидек»

Тренинг мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.

Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.

Тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, – деп тренинг аяқталады.

Тренинг тақырыбы: «Карусель»

Тренинг мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.

Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

Тренинг тақырыбы: «Өзін-өзі таныстыру»

Тренинг мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Тренинг барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»

Оқушылардың қарым-қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау, қарым-қатынас өрісін дамытып, қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру үшін тренинг ұйымдастыруға болады. Өйткені, қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірімен білімдерін, тәжірибелерін, пікірлерін алмастыру мақсатындағы әрекеттері. Қарым-қатынас адамның өзін адам екенін сезіну үшін қажет. Сондықтан мен «Сенімен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» тақырыбында тренинг өткізіп, онда оқушыларға «Қарым-қатынас жасай білесіңдер ме, оны өздеріңнің құрбыларың жақсы біледі, ендеше сендер қарым-қатынаста қандайсыңдар?» деген сауалдар қойылды. Оны тест ойыны арқылы анықтауға тырыстық.



Шарты: Тренингке қатысушылардың әрқайсысында қатысушы бала санына қарай парақ қағаз болуы керек. Кесте бойынша әр баламен қалай қарым-қатынас жасайсыз, бағалайсыз.

Кесте:

+2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте жағымды.

+1 – сен қарым-қатынаста ашықсың.

0 – білмеймін, сенімен көп қарым-қатынас жасамаймын.

–1 – сенімен қарым-қатынас жасау кейде жағымсыз.

–2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте қиын.

Қатысушы әр бала түгеліне дерлік бағалауы қажет. Әр қағаз бүктеліп, бағаланған адамның аты жазылып өзіне беріледі.

Әркім бағалап болған соң – тер мен – тер жеке саналып есептелінеді. Соңынан балалардың өз пікірлері тыңдалады. Соның нәтижесінде сынып ішіндегі қарым-қатынаста жағымды, жағымсыз балалар анықталады.



Жаттығу: Сол жағыңда тұрған балаға қолыңды беріп, сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап, ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз» деп айтады.

Әрдайым жылы шыраймен, күлімдеп адамдармен қарым-қатынас жасасаңыз, қарым-қатынас сәтті болмақ.



Бүгінгі сабақтан не өзгертер едің? – деген сұраққа байланысты балалардың пікірі тыңдалады.
Каталог: uploads -> doc -> 0786
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет