Депутат Ислам Сұңқар 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап Отбасы банкі аралық қарыз беру шарттарын өзгерткенін, бұл шешімнің қазақстандықтар үшін әділетсіз шешім болғанын айтты. Клиент тұрғын үй құнының 50%-ын бірден алып келе ме, әлде бұл оның депозиттегі жинақтары ма, банктің сыйақысы кредит сомасының 100% есептеледі. Депутаттың пікірінше, азаматтарға өз ақшаларын өздеріне қарызға беріп яғни пәтердің толық құнының пайызын есептеп, банк комиссияларын алу әділетсіз шешім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин

Депутат банк мұндай қадам қазақстандықтарды ұзағырақ және тәртіпті үнемдеуге ынталандыру үшін жасалғанын мәлімдегенін айтты. Банк салымшылардың наразылығына клиент енгізген сома депозитте жатады және қарыз бойынша қамтамасыз ету туралы күмәнді түсініктемелер береді. 

“Бұл сомаға депозит бойынша сыйақы және мемлекет сыйлықақысы есептелетінін, ол клиентке табыс әкелетінін айтады. Біз мұны қаржылық қулықтан басқа ештеңе деп санамаймыз. Біз шарттар бойынша осы депозиттің пайыздық мөлшерлемесі жылдық небәрі 2% құрайтынын көреміз, ал мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі сомаға есептеледі. Сонымен қатар 2023 жылы қазақстандық ірі банктер арасында өз капиталының пайдасын ұлғайту бойынша дәл осы Отбасы банкі көш бастап тұр. Өсім 87,9%, яғни 107,5 млрд теңге. Сонымен қатар бұл қарапайым салымшыларға әсер етпейді. Сондықтан екінші әділ сұрақ туындайды, кірісті кім алады? Банк немесе Қазақстан азаматтары? Біз банк клиенттердің ақшасын төмен мөлшерлемемен депозитте пайдаланып, миллиардтаған табыс табатынын және оны клиентке бермей өз қалауы бойынша пайдаланатынын деп әділетсіз деп санаймыз”,- деді депутат. 

Депутат Ислам Сұңқар үш ұсыныс айтты:

1.​Екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылыс жинағына лицензия беру мүмкіндігін қарастыру. Клиенттер банктер ұсынған ең жақсы шарттарды таңдай алатындай депозиттер мен қарыздар бойынша бәсекелестік қажет.

2.​Исламдық ипотека беретін банктерге тұрғын үй қарыздарын беруге қатысуды көздеу, бұл кейіннен сатып алумен жалға алуды білдіреді.

3.​Реттеудің нақты ережелерімен елде кредиттік және тұрғын үй-жинақтаушы кооперативтер құру мүмкіндігін қарастыру.

Бұған дейін Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын жазған болатынбыз. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.