Жеке тұлғалардың табысы мен мүлкіне жалпыға бірдей декларациялау не үшін енгізіледі?



Дата10.05.2019
өлшемі225 Kb.
#142598

Сұрақ:

Жеке тұлғалардың табысы мен мүлкіне жалпыға бірдей декларациялау не үшін енгізіледі?

Жауап:

Қазіргі уақытта табысы мен мүлкі туралы декларацияны шектелген тұлғалар ауқымы (мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар) ұсынады, бұл декларацияда көрсетілген кірістер мен мүліктердің шығу көздеріне тиімді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін бермейді, өйткені заңсыз алынған кірістер мен мүлік декларация тапсыруға міндетті емес басқа тұлғаларға қайта ресімделуі де мүмкін.



Барлық жеке тұлғалардың өз активтерін және міндеттемелерін біржолғы тіркеу мен кейіннен табыстарын жыл сайын декларациялау мен мұндай активтердегі өзгерістер салық салудан жалтаруды анықтау мақсатында толық құнды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сұрақ:

Жалпыға бірдей декларациялау қашан басталады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 71-тарауымен белгіленген жалпыға бірдей декларациялауды ендіру Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сұрақ:

Жалпыға бірдей декларациясының жүзеге асыру кезінде кім декларацияны тапсыруға міндетті болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтар, оралмандар, тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатындар;



кәмелетке толмағандар - олардың тіркелген мүлкі болған немесе олардың алған табысы болған жағдайда;

шетелдіктер - Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкінің болуы немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің болуы жағдайда жеке тұлғалар декларацины тапсыруға тиіс болады:


Сұрақ:

Жалпыға бірдей декларациясының жүзеге асыру кезінде жеке тұлға қандай нысанды декларацияны табыс етуі қажет?


Жауап:

2020 жылы жалпыға бірдей декларациясының жүзеге асыру кезінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның міндеттемелері меншік құқығындағы мүлкі, сондай-ақ пәтерлер, автокөліктер, банктердегі депозиттер және т.б., көрсетілген активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады.


Сұрақ:

Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырғаннан кейін қай нысанды декларацияны тапсыруға тиіс болады?

Жауап:

Болашақта тұлғалармен алынған табыстар, сатып алынған мүлік бойынша жылдық декларацияны тапсырулары тиіс.



Сонымен қатар, жалақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа табыстарға ие болмаған немесе мүлікті сатпаған тұлғалар қандай да бір сан көрсетпей-ақ бір парақтағы қысқа декларацияны ұсынады. Егер тұлғада неғұрлым кең шеңбер табыс болса, ол толық декларация ұсынуы қажет.
Сұрақ:

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде, декларациясын ұсынбаған жеке тұлғалар үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?


Жауап:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін мерзімде ұсынбау, активтер мен міндеттемелер туралы толық емес мәліметтерді ұсыну әкімшілік жаза ескерту түрінде жасалады .
Сұрақ:

Егер ескертуден кейін декларация қайта тапсырылмаса жеке тұлғалар үшін қандай жауапкершілік көзделген?

Жауап:

Әкімшілік жаза ескерту түрінде жасанғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет жеке тұлғаларға – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (272-бабына тармағы 2-2.).


Сұрақ:

Жалпыға бірдей декларациясының жүзеге асыру кезінде шетелдік азаматтар декларацияны тапсыруға міндетті ме?

Жауап:

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында мүлкінің болуы және/немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің болуы жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға міндетті.


Сұрақ:

Электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) жарамдылық мерзімі қандай?

Жауап:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті орталығын куәландыратын электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары үш күнтізбелік жылға беріледі;



Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сертификаты бір күнтізбелік жылға беріледі.
Сұрақ:

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қайдан алуға болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті орталығын куәландыратын ЭЦҚ алу үшін салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына электрондық салық төлеушіні, оның ішінде жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орнын тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсыну қажет.



Ұлттық куәландырушы орталығының ЭЦҚ «Азаматтарға арналған үкімет» ҰОО (ХҚКО) кез келген бөлімінен алуға болады
Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация не үшін кажет?


Жауап:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация Қазақстан Республикасының аумағындағы одан тысқары жерлерде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну күннің алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның активтері, талаптары мен міндеттемелері туралы мәліметтерді декларациялау жүйесіне кіргізу үшін арналады.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жыл сайын ұсыныла ма немесе ұсынудың басқа да мерзімдері бар ма?

Жауап:

Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны барлық жеке тұлғалар декларациялау жүйесіне кірген кезде (2020 жылы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша), егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе бір рет ұсынады.



Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардағы мәліметтер қай күнге көрсетілуі тиіс?

Жауап:

Барлық жеке тұлғалармен, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе 2019 жылғы 31 желтоқсан айына көрсетіледі.


Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыру кезінде «бастапқы» декларация түрін жеке тұлға қандай жағдайда көрсетеді (250.00-нысан)?

Жауап:

Салық кодексінің 630 бабының 6 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның «бастапқы» түрін (250.00-нысан) алғаш рет ұсынылған жағдайда көрсетеді.



Сұрақ:

Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырғанда қай кезде «кезекті» декларация түрін көрсетеді (250.00-нысан)?


Жауап:

Салық кодексінің 630 бабының 6 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұлғалардың активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін «кезекті» түрін ұсынады.


Сұрақ:


Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру кезінде «қосымша» декларация түрін қандай жағдайда пайдаланады (250.00-нысан)?

Жауап:


Салық кодексінің 630 бабының 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер деректері өзгерілсе және (немесе) толықтырулар болған жағдайда декларацияның «қосымша» түрін ұсынып пайдаланады.

Сұрақ:


Қандай жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері «қосымша» декларация түрінде тасыруға болмайды (250.00-нысан)?

Жауап:


Салық кодексінің 211-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаға салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды:

жеке тұлғаның дебитор немесе кредитор болып табылатын қарыз берешектері болса. Яғни жеке тұлғалардың активтер және міндеттемелері туралы бастапқы немесе кезекті декларацияларында көрсетілген берешекті қоспағанда, жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлғаның алдындағы берешегін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде жеке тұлғаға салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.


Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды толтыру кезінде жеке тұлға «хабарлама бойынша қосымша» декларация түрін қандай жағдайда көрсетеді (250.00-нысан)?

Жауап:

Салық кодексінің 630 бабының 6 тармағының 4 тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның «хабарлама бойынша қосымша» түрін мемлекеттік кіріс органдары жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бұрын табыс етілген декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықтағанда көрсетіледі. Онда мемлекеттік кірістер органдары қойған хабарламаның нөмірі мен күні көрсетілген арнайы жол толтырылды.


Сұрақ:

Кәмелет жасына толмаған адамдарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру қажет пе?

Жауап:

Салық кодексінің 630 бабының 5 тармағына сәйкес кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлдерiнiң бiрi тапсырады:



меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкінің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда);

тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің болуы;

банктік шоттарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жиынтығы барлық банк салымдары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;

айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын басқа тұлғалардың осы адам алдындағы берешек (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы адамның басқа тұлғалар алдындағы берешек (кредиторлық берешек) сомасының болуы.


Сұрақ:

Кәмелетке толмаған адам жеке өзі кірістер мен мүлік туралы декларация ұсын?

Жауап:

Салық кодексінің 633 бабының 3 тармағына сәйкес кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілі мынадай жағдайлар болған кезде табыстар мен мүліктер туралы декларацияны ұсыну қажет:



мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылар, өтемақылар, стипендиялар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер, лицензия негізінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақылар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары түріндегі кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде кірістер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алу;

мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде иеліктен шығару және (немесе) сатып алу және (немесе) өтеусіз алу;

тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін қосып, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) өтеусіз алу;

есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жиынтығы барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) сомасының болуы.
Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаның берілмеуіне жол беріле ме (250.00-нысан)?

Жауап:

Салық кодексінің 208 бабының 11 тармағына сәйкес декларацияға, есеп айырысуға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. Осыған байланысты көрсетілген қосымшаларда активтер мен міндеттемелер болмаған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларды ұсынбауға жол беріледі (250.00-нысан).


Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыру кезінде «Хабарламаның нөмірі мен күні» ұяшықтарын жеке тұлғамен қандай жағдайда толтырады (250.00-нысан)?

Жауап:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның аталған ұяшықтары (250.00-ұяшық) «хабарлама бойынша қосымша декларация» ұсынылған жағдайда толтырылады. Осы ұяшықтарда камералдық аудит нәтижелері бойынша немесе камералдық бақылау мен орындалуы үшін берілетін хабарлама нөмірі мен күні көрсетіледі.


Сұрақ:

Салық кодексінің 630 бабына сәйкес он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам үшін жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) Қазақстан Республикасы аумағындағы банктік шоттарда айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен жоғары ақша болған жағдайда заңды өкіл ұсынады.

Осы жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларация толтырылған кезде қай жолда және қандай қосымшада кәмелетке толмаған адамның ақша қаражатын көрсету қажет?

Жауап:


Салық кодексінің 630 бабында белгіленген нормаларына сәйкес он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның заңды өкілдерінің бірі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған кезде ұсынады.

Осы жағдайда кәмелет жасына толмаған адамның заңды өкілі Қазақстан Республикасындағы банк шоттарында ақшаның болуы туралы белгісі бар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынады. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы банктік шоттарда айрықша ақша сомасы болған жағдайда қосымшаны толтыру талап етілмейді.


Сұрақ:

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының банктік шотында депозит түріндегі ақша жинағы бар. Жеке тұлға декларацияда көрсетілген жинақты көрсетуіне міндетті ме? Осы жағдайда декларацияға қандай қосымша толтыру қажет?

Жауап:

Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының банктік шоттарында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда ақшаның болуы туралы белгіні көрсету қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында банктік шоттарда айрықша ақша сомасы болған жағдайда қосымшаны толтыру талап етілмейді.


Сұрақ:

ҚР тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымдары бар тұлғалар тұрғын үй құрылысына қатысушы болып табыла ма? Тиісінше Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрылыс салушысы бола ма?

Қазіргі уақытта көптеген жеке тұлғалар ақшаларын депозитке салады және бірнеше уақыттан кейін ипотека бойынша пәтер алады.

Жауап:


ҚР тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит түріндегі салым ҚР банк шоттарындағы ақша ретінде көрсетілуі тиіс, тиісінше Қазақстан Республикасының банктік шоттарында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда ақшаның болуы туралы белгі көрсетілуі тиіс (нысан 250.00).
Сұрақ:

Егер ақшаның жалпы сомасы айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын болса, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (нысан 250.00) қолма-қол ақшаның толық сомасын көрсетуге бола ма?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларациясында қолма-қол ақша жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 мөлшерінен еселенген жиынтықты түрде асатын ақша сомасы көрсетілуі тиіс.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (нысан 250.00) қолма-қол ақша бойынша мәліметтерді жасау кезінде айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын қолма-қол ақшаның жалпы сомасының мөлшерін қай бағанда көрсетуге болады?

Жауап:

Айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын ақша қаражатын банк шотына орналастыру қажет және осы қаражатты банк шоттарында декларациялау немесе кез келген активке қайта құру және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсету қажет.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға «Кредиторлық берешек» қосымшасында банкте алынған тұтынушылық кредит түріндегі банк алдындағы жеке тұлғаның берешегі көрсетіле ме?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың берешегін қоспағанда көрсетіледі.



Осыған байланысты банкте ресімделген кредит болған кезде Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осы кредиттік берешек көрсетілмейді, өйткені осы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына екінші деңгейлі банктермен ұсынылатын болады.

Сұрақ:


Растау құжаты (қолхат, шарт) болмаған жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда дебиторлық берешекті көрсетуге бола ма (менің алдымдағы басқа тұлғаның берешегі)?

Жауап:


Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың берешегін қоспағанда, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асқан жағдайда көрсетіледі.
Сұрақ:

Жеке тұлғалар үшін қағаз жүзінде ұсынған (нысан 250.00) активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын табыс ету мерзімі қандай?

Жауап:

Салық кодексінің 632 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз түрінде тапсырылған жағдайда, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей тапсырылады.


Сұрақ:

Жеке тұлғалар үшін электрондық түрде ұсынған (нысан 250.00) активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын табыс ету мерзімі қандай?

Жауап:

Салық кодексінің 632 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз түрінде тапсырылған жағдайда, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.


Сұрақ:

Почта бойынша декларацияны қағаз тасығышта ұсынған кезде қандай күн декларацияны ұсыну күні болып есептеледі: мемлекеттік кірістер органына жеткізілген күні ме немесе почта мөртабасы қойылған күні ме?

Жауап:

Салық кодексінің 209 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес почта арқылы қағаз тасығышта келген декларация почтамен немесе байланыс ұйымымен қабылданып, қабылдау белгісі қойылған күні тапсырылған болып есептеледі.


Сұрақ:

Егер декларация электронды түрде салық органына жұмыс күні аяқталғаннан кейін берілсе, ол уақытында ұсынылды деп есептеледі ме?

Жауап:

Салық органдарына телекоммуникация желісі бойынша тапсырылған электрондық есептілік салық кодексі бойынша, келесі күннің жиырма төрт сағат мерзіміне дейін табыс етілген есептілік, уақытында тапсырылған деп саналады.
Сұрақ:

Қандай ақпарат болмаған жағдайда, жеке тұлғаның декларациясы ұсынылмаған деп есептеледі?

Жауап:


Салық нысандары, мынадай жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде тапсырылмаған болып есептеледі :

1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;

2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;

3) салық нысанында салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

4) салық нысанында салықтық кезең көрсетілмесе;

5) салық нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасалған күні белгіленбесе;

6) салық нысанында салықтық есептіліктің түрі көрсетілмесе;

7) салықтық есептілікке қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы бар мөрмен куәландырылмаса;

8) форматтық-логикалық бақылаудың салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдамаған кезде салықтық есептілікте «Өндеуден бас тартылды» деген өңдеу белгісі болса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.

Сұрақ:


Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі банктік шоттардағы ақша туралы мәліметтерді толтырған кезде банктің БСК қалай білуге болады?
Жауап:

С кестесі шот ашылған банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсету үшін арналған SWIFT BIC (сегіз немесе он бір мәнді әріптік-цифрлы код) болып табылады. Ашылған банктік сәйкестендіру коды (БСК) деп көрсетіледі. Ол болмаған кезде елішілік идентификаторына (ABA, BLZ жүйелер және т.б.) болып белгіленеді. Банктік сәйкестендіру коды банктік шот шартында және «Банктік деректемелер» бөліміндегі банктің веб-сайтында көрсетіледі.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларда көрсету үшін шетел валютасының кодын қалай дұрыс анықтау керек? Мұндай жіктеуді бекітетін ресми құжат бар ма?

Жауап:

Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта сыныптауышы» 23-қосымшасында белгіленген үш мәнді әріп кодтаушыға сәйкес көрсетіледі. Мәселен, KZT – қазақстан теңгесі, EUR – еуро, USD – АҚШ доллары, RUB – ресей рублі; CHF - швейцар франкі.


Сұрақ:

Бір шетел банкіндегі банктік шоттарда жатқан әртүрлі валютада ақша қаражаты қалай көрсетіледі?

Жауап:

Берілген


жағдайда әрбір валюта бойынша ақша қаражатының қалдықтары әртүрлі жолдарда көрсетіледі. Бұл ретте мұндай жолдарда шоттар ашылған банктің БСК көрсетіледі.
Сұрақ:

Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында (250.00-нысан) әртүрлі валютадағы «Ақшаның болуы»: теңге мен АҚШ долларындағы ақшаның болуы қалай көрсетіледі? Осы жағдайда қолма-қол ақшаның жалпы сомасы қалай анықталады?

Жауап:

Әр түрлі валютадағы қолма-қол ақша әртүрлі жолдарда көрсетіледі.



Бұл ретте валюта коды Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешімімен бекітілген «Валюталар сыныптауышы» 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріп кодтаушысына сәйкес көрсетіледі. Мысалы: KZT – қазақстандық теңге, EUR – еуро, USD – АҚШ доллары, RUB – ресей рублі.

Жалпы соманы анықтау мақсатында және шетел валютасындағы қолма-қол ақша белгіленген шекке сәйкес келтіру үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылы алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге ауыстырылады.

Сұрақ:

Декларация тапсырган кезде активтер мен міндеттемелер ипотекалық кредит бойынша сатып алынған болса және толық өтелмесе, пәтер кепілде болса, көрсетіп ескерту қажет пе?



Жауап:

Жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларациясында ұсыну жылынан алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығы болған жағдайда, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті активтер мен міндеттемелер туралы декларациясының мәліметтер деректерінде көрсету қажет.


Сұрақ:

Әуе кемесін (ұшақ, тікұшақ және т.б.), теңіз кемесін, ішкі су жүзу кемесін, «өзен-теңіз» жүзу кемесін жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларациясында (250.03-нысан) жылжымайтын мүлік ретінде неге көрсету қажет?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, ғарыш объектілері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылады.


Сұрақ:

49 жылға алынған шартты жер үлесін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсету қажет пе?

Жауап:

Жеке меншік құқығында табылатын жер учаскелері ғана көрсетуі тиіс, жерді уақытша пайдалану құқығындағы учаскелер көрсетілмейді.


Сұрақ:

Жеке тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке мұра ретінде иеленді. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырған кезде мұраға алынған мүлік мұрагерлік іс ашылған күннен бастап немесе мемлекеттік тіркеу күнінен бастап көрсетілуі тиіс пе?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 238-бабына сәйкес мүлiк алушының меншiк құқығы заң құжаттарында, немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап меншік құқығына ие болады.



Егер шарт бойынша иеленушінің мүлікті меншік құқығы мемлекеттік тіркелуге жататын болса, онда мүлікті иеленушінің меншік құқығы, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, осындай тіркеу жасалған кезден бастап туындайды.

Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншiк құқығы тiркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап пайда болады , ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу де қажет болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады.

Осыған байланысты жылжымайтын мүлік мемлекеттік органда тіркелген күннен бастап декларацияда көрсетуге жатады.
Сұрақ:

Қазақстан Республикасында егер де жылжымайтын мүлікте кадастрлық немесе басқа да сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда мүлік бойынша қандай ақпарат көрсетіледі?

Жауап:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікте кадастрлық немесе басқа да сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда елді мекендер мен көшелердің (даңғыл, қиылыс және т.б.) атауы бөлігінде жылжымайтын мүліктің мекенжайы көрсетіледі.



Жер учаскесіне, ғимаратқа (үйлер, гараждар, саяжайлар, коммерциялық ғимарат және т.б.), ғимарат бөлігі (пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі орынтұрақ орыны және т.б.) құрылыстарға қатысты орналасқан орнының мекенжайы, әуе кемесіне (ұшақ, тікұшақ және т.б.), теңіз кемес

іне (ұшақ, тікұшақ және т.б.) суда жүзу кемесіне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне қатысты базалау орнының немесе тіркеу портының мекенжайы, жылжымайтын өзге де мүлікке қатысты тіркеу орнының мекенжайы көрсетіледі.


Сұрақ:

Жеке тұлғаның шетелде жылжымайтын мүлкі бар. Активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсету үшін жылжымайтын мүлікті тіркеу елінің кодын қалай дұрыс анықтауға болады? Мұндай сыныптауышты растайтын ресми құжат бар ма?

Жауап:

Ел коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» 22-қосымшасында белгіленген екі мәнді әріптік кодтау арқылы көрсетіледі. Мәселен, KZ – Қазақстан Республикасы, DE – Германия Федеративтік Республикасы, GB – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі.


Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда Қазақстан Республикасында тіркелген кадастрлық нөмірі немесе басқа да сәйкестендіру нөмірі жоқ жылжымайтын мүлікті қалай көрсетуге болады?

Жауап:

Осы жағдайда тұрғылықты елді-мекеннің және көшенің (даңғылдың, қиылыстың және т.б.), үйдің нөмірі (корпустың, құрылымның және т.б.), пәтер нөмірі (кеңсе, бөлме және т.б.) Қазақстан Республикасында тіркелген және кадастрлық немесе басқа да сәйкестендіру нөмірі жоқ жылжымайтын мүліктін мекенжайы көрсетілуі тиіс. (повторяется ?)


Сұрақ:

Қандай мүлік «үлестік» болып саналады?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 209-бабына сәйкес екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Бұл ретте, меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi бар ортақ меншік құқығындағы мүлік «үлестік» меншік болып табылады.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда сенімгерлік басқару белгісін көрсету қажет. Мүлікті сенімгерлікпен басқарылуына негізгі себепне болып табылады?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 883-бабына сәйкес мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.



Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға осындай мән-жайлар ықпал етеді:

1) мәміле (атап айтқанда, шарт бойынша өсиет, өсиетті орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы);

2) сот актiсi (яғни банкроттық немесе оңалту басқарушысы тағайындалып, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қамқоршы ретінде тағайындалады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа мән-жайлар ықпал етеді );

3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады.

Егер жылжымайтын мүлік көрсетілген нормаларды сақтай отырып берілген жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға декларацияда көрсетілген бағаны міндетті түрде көрсету қажет.
Сұрақ:

Жыл бойы (іске асырылғанға дейін) құқық меншігіндегі есепті жылдың желтоқсан айында іске асырылған жылжымайтын мүлікті активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсету қажет пе?

Жауап:

Салық кодексінің 630 бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынудың алдынғы жылындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша толтырылады.



Осыған байланысты жылжымайтын мүлік декларация ұсынылатын жылдың алдағы жылының 31 желтоқсанына дейін іске асырылған, мұндай жылжымайтын мүлік декларациялауға жатпайды.
Сұрақ:

Жеке тұлға 2019 жылғы қарашада меншік құқығындағы көлік құралын сатты. Осы жағдайда жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілген көлік құралын көрсетуге міндетті ме?

Жауап:

Жеке тұлға есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығындағы көлік қаражаты болмаған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көлік құралы көрсетілуге жатпайды.


Сұрақ:

Жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары көлік құралын сатып алды. Есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көлік құралы шетелде тіркеу есебінде тұр. Осы жағдайда жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көлік құралын көрсетуге міндетті ме?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасында және одан тысқары мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ құқығы және (немесе) мәмілесі мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.



Осыған байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары тіркелген көлік құралы болған жағдайда жеке тұлға декларацияда осы көлік құралын көрсетуге міндетті.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасау ережелеріне сәйкес көлік құралы немесе тіркемелер тіркелген ел кодын көрсету қажет. Ел коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» 22-қосымшасында белгіленген екі мәнді әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі. Мәселен, KZ – Қазақстан Республикасы, DE – Германия Федеративтік Республикасы, GB – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі.


Сұрақ:

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікте VIN-коды болмаған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда қандай сәйкестендіру нөмірін көрсету қажет?

Жауап:

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікте VIN-коды болмаған жағдайда механикалық көлік құралдары үшін қозғалтқыш нөмірін, теміржол көлігі үшін жылжымалы құрамның зауттық нөмірін не көлік құралының басқа да сәйкестендіру нөмірін көрсету қажет.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда тұрғын үй құрылысына қатысу бойынша мәлімет қандай жағдайда толтырылады?

Жауап:

Қазақстанда және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін меншігіне беруге міндетті (мысалы, пәтер) тараппен келісім, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім, болған жағдайда толтырылады.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның қатысу үлесі бойынша мәліметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, көрсету қажет. Сұрақ: осы жағдайда акционерлік қоғамдар неге қосылмаған, бұл немен негізделген?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 85-бабының нормаларына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.



«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабымен акциялар мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарға жатқызылған

Тиісінше, акционерлік қоғамдарға қатысу үлесі активтер мен міндеттемелер туралы деғкларацияда бағалы қағаздар жөніндегі мәліметтерде көрсетіледі.


Сұрақ:

Заңды тұлғадағы қатысу үлесін қалай анықтауға болады? Мәселен, егер жеке тұлға ЖШС басшысы болып табылса, бірақ бұл ретте ол құрылтайшы болып табылмаса, 2 қосымшаны мұндай жеке тұлға толтыруға міндетті ме?

Жауап:

2 қосымша заңды тұлғада қатысу үлесі болған кезде толтырылады. Егер жеке тұлға заңды тұлғаның басшысы бола тұрып, заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылмаса, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осы мәліметтерді толтыру көзделмеген.


Сұрақ:

Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқаруға берілген ЖШС қатысу үлесі бар. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда ЖШС-ның қатысу үлесін қалай көрсетуге болады? (250.00-нысан)?

Жауап:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес, заңды тұлғадағы қатысу үлесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) 250.00-нысанның 2 қосымшасы декларациялауға арналған.



Осыған байланысты, акционерлік ұйымдарды қоспағанда заңды тұлғадағы қатысу үлесі бойынша мәліметтерді көрсету қажет. Бұл ретте, егер осы жолда көрсетілген қатысу үлесі сенімгерілік басқаруға берілсе, декларацияда көзделген белгіні көрсету қажет.

Сұрақ:


Бағалы қағаздарға не жатады?

Жауап:


Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес (Жалпы бөлім) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы болып табылады.

Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Азаматтық Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.


Сұрақ:

№ 3 қосымшасында сенімгерлік басқаруға берілген акциялар бойынша ақпаратты қалай көрсетуге болады?

Жауап:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес бағалы қағаздарды (пайлық инвестициялық қорлардың пайларын қоспағанда), оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан, декларациялау үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздар бойынша мәліметтерді көрсету қажет (сәйкестендіру нөмірі, тіркейтін ел, бағалы қағаздар саны, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздар саны).


Сұрақ:

Пай деген не?

Жауап:

«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.


Сұрақ:

Пайға ие бола отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда инвестициялық пай қорында сәйкестендіру нөмірін толтыру үшін мәліметтерді қайдан алуға болады?

Жауап:

«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.



Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 254 қаулысымен бекітілген Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру ережесіне сәйкес пайлардың шығарылымы тіркелген жағдайда уәкілетті орган пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясымен пайлық инвестициялық қор пайларының ұлттық сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып пайлардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне осы шығарылым туралы мәліметті енгізеді.

Тиісінше пайлық инвестициялық қордың сәйкестендіру нөмірі пайларды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетіледі.


Сұрақ:


Менде айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген сомадан асатын дебиторлық берешек бар (басқа адамның менің алдымдағы берешегі). Алайда осы операция тиісінше ресімделмеген, яғни растау құжаттары жоқ.

Осы жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айтылған соманы көрсете аламын ба?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес дебиторлық берешек республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.


Сұрақ:

Жеке тұлға екінші адамға пайыздарын есептеп және нотариалды куәландырылған қарыз шартын ресімдей отырып, ұзақ мерзімге айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген ақша сомасынан асатын борышты берген. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда есептелген пайызы бар берешек сомасын көрсетуге бола ма?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес дебиторлық берешек республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.



Сондай-ақ Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес осы декларацияда есептелген сыйақы сомасын қоса (пайыздарын), Сіздердің алдарыңыздағы басқа тұлғалардың берешек сомасын көрсетуге жатады.
Сұрақ:

Жеке тұлғаның дебиторлық берешегінің сомасы екі берешек бойынша жиынтықта айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген сомасынан асады: бірінші тұлға бойынша берешек – айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген сомасынан астам, екінші тұлға бойынша – айлық есептік көрсеткіштің 3380 еселенген сомасынан асады. Осы жағдайда Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларында мұндай берешекті көрсетуге бола ма?


Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес дебиторлық берешек республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.

Тиісінше, айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген сомасы мөлшеріндегі сомадан асатын жиынтықтағы дебиторлық берешек активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетуге жатады.
Сұрақ:

Егер дебитор шетелден болып табылса, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда мұндай дебиторлық берешекті көрсетуге болады ма?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес дебиторлық берешек республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.



Осыған байланысты басқа елде тіркелген дебитор туралы мәлімет көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетуге жатады.

Сондай-ақ жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес (250.00-нысан) С бағанында дебитордың тіркелген елін көрсету қажет.

Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктер алдындағы кредиторлық берешек сомасы көрсетіле ме?



Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерін қоспағанда, кредиторлық берешек республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.

Осыған байланысты банктерден алынған несиелер активтер мен міндеттемелер декларацияда көрсетілмейді.

Сұрақ:


Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен жоғары кредиторлық берешек сомасы әрбір кредитор немесе бірнеше кредиторлардың жиынтығы бойынша жасалуы тиіс пе?

Жауап:


Белгіленген сомасы айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен жоғары кредиторлық берешек банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерін қоспағанда, барлық кредиторлармен бірге жиынтықта және міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі.
Сұрақ:

Қарыз щартын ресімдеу кезінде, қарыз сомасы ұлттық валютада көрсетілген. Алайда, іс жүзіндегі қарыз сомасы шетел валютасында алынған болатын (АҚШ доллары). Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда кредиторлық берешек сомасы қандай валютада көрсетіледі?

Жауап:

Кредиторлық берешек сомасы міндеттемелер немесе талаптар туындауында негіз болып табылатын құжатта көрсетілген валютада активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуі тиіс.



Бұл ретте, Банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға берешекті қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде кредиторлық берешекті декларациялауға арналған жағдайда көрсетіледі.
Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктердің кредиторлық берешегі неге көрсетілмейді?

Жауап:

Жеке тұлғаға ұсынылған кредиттер туралы мәліметтер сыйақыны қоса өтеу сомасын мемлекеттік кірістер органдарының сұрау сауалдары бойынша банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктермен және ұйымдармен ұсынылатын болады.


Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 4 қосымшасында «Басқа да мүлік туралы ақпарат» қандай мүлік түрін көрсету қажет?

Жауап:

«Басқа да мүлік туралы ақпарат» 4 Қосымшасы мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіркеуге жататын Қазақстан Республикасынан тысқары немесе активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның басқа қосымшаларында көрсетілмеген осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес шетел мемлекетінің мемлекеттік органдарында декларациялауға арналған, мәселен, зияткерлік меншік саласында (авторлық құқық, сабақтас құқықтар және т.б.).


Сұрақ:

Авторлық құқық деген не? Авторлық құқық объектілеріне не жатады?

Жауап:

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары.



Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыка-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.


Сұрақ:

Сабақтас құқықтардың объектілері не болып табылады?

Жауап:

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қойылымдар, орындаушылықтар, фонограммалар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсаты, мазмұны мен сапасы, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысаны сабақтас құқықтар объектілері болып табылады.



Сұрақ:

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда «Өзге де мүліктер» мәліметтерінде қандай мүлікті көрсету қажет?

Жауап:

Салық кодексінің 631 бабының 1 тармағы талаптарына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптарды ескертеді:



биологиялық активтер (жануарлар немесе өсімдік) мұндай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық төлқұжат немесе өзге құжат болған кезде көрсетіледі;

мәдени құндылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарға мұндай мүлікті жатқызу туралы мәдениет саласындағы уәкілетті органының қорытындысы болған кезде көрсетіледі;

қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарға, олардан жасалған зергерлік бұйымдарға, және қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдары бар басқа да заттарға, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариатқа, аталған мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен артқан жағдайда – мұндай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған кезде;

жоғарыда көрсетілмеген өзге мүлікке, аталған мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен артқан жағдайда – мұндай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған кезде басқа мүлік көрсетілуі мүмкін.


Сұрақ:

Бағалы металлдар, суреттер және басқа да қолдағы антиквариаттар бойынша декларация толтыруға қатысты мұндай мүліктің құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда кім құнын бағалайды және қалай бағаланатыны көрсетілмеген.

Жауап:

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет бағалау қызметі болып табылады.



Осыған байланысты, мүлікті бағалауды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыратындар ұсынады.
Сұрақ:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда «Өзге де мүліктер» мәліметтерін толтыруда биологиялық активтер ретінде иттерді, мысықтар мен экзотикалық хайуанаттарды көрсетуге бола ма?

Жауап:

Осындай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорт немесе өзге де құжат болған кезде биологиялық активтер көрсетіледі. «Биологиялық атив – өмір сұретін хайуанат немесе өсімдік» ХҚЕС анықтамасына сәйкес.


Сұрақ:

Хайуанаттардың ветеринариялық паспорты деген не?

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ветеринарлық паспорт – ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, жасы көрсетiледi.


Сұрақ:

Мәдени құндылықтарға не жатады?

Жауап:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес мәдени құндылықтарға мыналар жатады:



1) археология ескерткiштерi, археологиялық табылулар (кәдiмгі және құпиялы табылуларды қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;

2) сирек коллекциялар және өсiмдiктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның үлгілерi және палеонтология үшiн қызығушылық тудыратын заттар;

3) археологиялық табылулар (кәдiмгі және құпиялы табылуларды қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;

4) аса қызығушылық тудыратын (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) жеке немесе коллекциялардағы сирек қолжазбалар, көне кiтаптар, құжаттар мен басылымдар;

5) елу және одан көп жылда жеке немесе коллекциялардағы пошта маркалары, салық маркалары және соған ұқсас маркалар;

6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;

7) көне және қайталанбас музыкалық аспаптар;

8) дыбыс-, фото-, бейне-, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;

9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;

10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;

11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;

12) Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрiндегі тарихи оқиғалармен, қоғамның және мемлекеттiң дамуымен, ғылым мен техниканың тарихымен, сондай-ақ көрнекті ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты объектiлер, соның iшiнде мұражай заттары және мұражай коллекциялары;

13) кез келген негізге және кез келген материалға қолмен салынған полотнолар, картиналар және суреттер түрiндегі көркемдiк құндылықтар (сызбалар мен өнеркәсiп бұйымдарын, қолдан жасалған әсемдiк заттарын қоспағанда);

14) мүсiн өнерiнiң кез келген материалдан жасалған бiрегей туындылары;

15) бiрегей гравюралар, эстамптар мен литографиялар;

16) бөлшектенген көркем және тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың құрамдас бөлiктерi.


Сұрақ:

Жеке тұлға мемлекеттік қызметке түскеннен кейін, декларациялау жүйесіне енеді. Жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер жайлы декларациясы (нысаны 250.00) қай күнге тапсырылады?



Жауап:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 2 және 3 тармақшаларына сәйкес, жеке тұлға мемлекеттік қызметке (тағайындау (сайлау) арқылы түскен лауазымына он бес жұмыс күнi iшiнде декларацияны табыс етiледi. Мемлекеттік органның (тағайындау (лауазымға сайлау) қабылдау күнінен бастап жеке тұлға өзінің активтері мен міндеттемелерін декларацияда көрсетеді.
Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет