Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К



жүктеу 50.83 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі50.83 Kb.

ӘОЖ 687.016
Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау
Есімбаев О.Ж., Садыков Б.Н., Дауренбекова С.К.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Аннотация
В данной статье приведены вопросы и методика выбора технических характеристик ветроэнергетических установок, выполнение предшествующих данной методике условий. Определение коэффициента использования энергии ветра, а также мощность вырабатываемой генератором электрической энергии, удельное годовое производство электрической энергии.

Объем статьии: 4 стр.

Жел энергетикалық қондырғылардың техникалық параметрлерін таңдау алдында мына төменде келтірілген шараларды орындау қажет:

а) метеорологиялық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты, метеорологиялық ай сайынғы статистикалық ақпаратты немесе эксперименталдық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты бастапқы ақпарат ретінде пайдалана отырып, желдің орта жылдамдығы туралы метеорологиялық ақпаратты статистикалық өңдеу;

б) жел ағынының меншікті қуатының мәндерін есептеу;

в) жел жылдамдығының градациялары бойынша бақылау уақытын анықтау;

г) жел ағынының меншікті энергиясының жылдық және айлық мәндерін есептеу;

д) жел энергетикалық қондырғысы жылдамдығының есептік мәндерін анықтау;

е) жел дөңгелегінің номиналдық қуатын, диаметрін және жел энергетикалық қондырғысы (ЖЭҚ) мұнарасының биіктігін анықтау;

ж) каталог бойынша алынған нәтижелерге сәйкес жел қондырғысын таңдау;

и) жел ағынының энергетикалық сипаттамалары мен номиналдық техникалық параметрлеріне сәйкес жел энергетикалық қондырғысының жылдық электр қуатын өндіру мүмкіндігін есептеу.

Жел электрлік қондырғылардың есептік қуаты мына төмендегі өрнекпен анықталады:


(1.1)

Жел энергетикалық қондырғылар жел ағынының кинетикалық энергиясының белгілі бір бөлігін ғана электр энергиясына түрлендіре алады. Түрлендіру дәрежесі жел энергетикалық қондырғының техникалық сипаттамаларына, жел энергиясын пайдалану коэффициентіне, сонымен қатар электр энергиясы генераторы мен беріліс қорабының пайдалы әсер коэффициентіне тәуелді болып келеді.

Жел энергиясын пайдалану коэффициентінің мәні жел қозғалтқышының аэродинамикалық сипаттамаларына сәйкес нақты бір жел энергетикалық қондырғы үшін анықталады. Жел энергиясын пайдалану коэффициенті қондырғының техникалық деңгейіне байланысты 0,20 дан 0,45 аралығында жатады.

Жел жылдамдығына байланысты электрлік генератордан алынатын қуатты төмендегі өрнек бойынша анықтаймыз:





ν< νmin 0

νmin ν νн.р. ηжалпы 1/2ερν3А

болған кезде PГ = (1.2)

νн.р. ν νmах Рном

ν > νmах 0

Көп агрегатты жел энергетикалық станцияларын салған кезде желдің бағытын есепке алу қажет. Жалқы жел энергетикалық қондырғы үшін бұл шарттың орындалуы қажет емес.

Жылдық электр энергиясын өндіру төмендегі өрнекпен анықталады:

бұл жерде ( п,m) – есептік мәннен төмен жә vнa < v < vр шегінде жатқан жел жылдамдығының градациясы;

Pi - есептік мәннен төмен, vi жел жылдамдығына сәйкес жел ағынының қуаты;

tj - vp v vmax шегінде жатқан жел жылдамдықтарына сәйкес уақыт;

(k ,1) - vp v  vmax қатынасына сәйкес жел жылдамдықтарының градациясы;

Рн – есептік немесе номиналдық қуат.

Жел энергетикалық қондырғысының негізгі параметрлерінің бірі болып жел жылдамдығының бастапқы, есептік және максималдық сандық мәндері саналады. Бастапқы жылдамдық жел энергетикалық қондырғы электр энергиясын өндіре бастаған кездегі жел жылдамдығын анықтаса, максималдық жылдамдық электр энергиясын өндіру процессінің аяқталуына сәйкес жел жылдамдығын анықтайды. Жел жылдамдығы қуат пен жел қондырғыларының электр энергиясын өндіруіне тікелей әсер ететін анықтаушы фактор болып табылады.

Номиналдық қуат өндірілетін жел ағынының есептік жылдамдығын анықтау тәсілін қарастырайық.

Жел энергетикалық қондырғысының есептік жылдамдығын келесі шарт бойынша анықтауға болады:



  1. өндірілетін қуаттың максималдық мәніне қол жеткізу,

  2. тұрақталған қуатты максималды пайдалану мүмкіндігі бойынша жыл бойы немесе басқа бір уақыт аралығында максималдық жұмыс істеу мерзімі.

Айта кететін бір жай, егер өндірілген қуатты аккумуляциялау мәселесі шешілген болса, жел электрлік қондырғысының есептік жылдамдығын анықтау критерийі болып қуаттың максимумын алу саналады. Жеткілікті, сенімді аккумулятор болмаған жағдайда жел қондырғысының есептік жылдамдығы технологиялық процесстердің жүру уақытымен, қажетті қуат пен энергияның, сол сияқты жел электрлік қондырғының номиналдық қуатымен сәйкестендірілген болуы керек.

Жел қондырғысының есептік жел жылдамдығын анықтау үшін меншікті жылдық электр энергиясын өндірудің бірінші туындысын алып, оны нөлге теңестіру қажет:


(1.3)
Меншікті жылдық электр энергиясын өндіру мына өрнекпен анықталады:
(1.4)
бұл жерде vp – желдің есептік жылдамдығы;

vmin – желдің бастапқы жылдамдығы;

 - жел энергиясын пайдалану коэффициенті;

г – генератордың пайдалы әсер коэффициенті;

п – беріліс қорабының пайдалы әсер коэффициенті.

Интеграл белгісінің астында тұрған шамалар дифференциалдауға келмейді, сол себептен Wмен.жыл функциясының максимумын анықтау үшін функция экстремумын анықтаудың графикалық тәсілін қолдану қажет болады.



Wмен жыл = f(vp/vmin) тәуелділігінің максимумына сәйкес жел жылдамдығы электр қуатын өндірудің максимумын қамтамасыз ететін желдің есептік жылдамдығының сандық мәнін анықтайды.
Әдебиет


  1. ДроздовО.А., Васильев В.А., Кобышева Н.В. и др. Климатология.- Л.: Гидрометеоиздат, 1989. – 568 с.

  2. Ветроэнергетика: Новейшие разработки/Под ред. Д.де Рензо.-М: Энергоатомиздат. 1982 г.

  3. Шефтер Я.И. Использование энергии ветра.-М:Энергоатомиздат. 1983г.

  4. Дж. Твайделл, А. Уэйр. Возобновляемые источники энергии.- М.: Энергоатомиздат, 1990. – 389 с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Dulaty2012 III-tom -> Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері
Dulaty2012 III-tom -> Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет