Жерге жеке меншік қҰҚЫҒының ТҮсінігі және жалпы сипаттамасы онғарбаева А. К



Дата22.04.2019
өлшемі72 Kb.
#111811

УДК 340.132,233
ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Онғарбаева А.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Жер құқық қатынастары қоғамдық қатынастардың ерекше сипатына тән. Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатады. Құқық нормаларымен реттелген жер қатынастары құқық қатынастарының түрін алады. Сондықтан жер құқық қатынастары – меншіктің ерекше объектісі ретінде жерді пайдалану саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндылығының заңдық нысаны және идеологиялық ерікті қоғамдық қатынастары ерекше Н.Б. Мұхитдинов құқықтық қатынастардың негізгі белгілерін тексере келіп, құқықтық қатынастар шын мәнінде белгілі құқық салаларымен реттелетін қатынастар ретінде көрінеді, олардың арақатынасын ажырататын негізгі нақты қоғамдық қатынастар бар деп тұжырымдаған[1]. Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының ерекшелігі жердің әлеуметтік – экономикалық маңызы және табиғи қасиеті жер заңдарымен реттелетіндігімен айқындалады.Жер құқық қатынастарының түрлері дегеніміз – жер құқық қатынастарының құрамдас бөлігі. Ол жер құқық қатынастарының құрамдас бөлігі. Ол жер құқық қатынастарының қырларын көрсетеді, соған орай олардың өзгешіліктерін айқындайды. Жер құқық қатынастарын Т.А. Аксенок екі топқа бөледі. Бірінші–жерге меншік құқық қатынастары, яғни жерді билеу және басқару қатынастары.Екіншісі – жерді пайдалану құқық қатынастары. Сондықтан жер пайдалану құқық қатынастар жерге мемлекеттік меншігі құқығынан туындайды, әрі оған бағынышты дейді [2]. Жер құқық қатынастары нарықтық экономикаға байланысты жерге жеке меншік құқығы, мүлік құқығы жер пайдалану құқығын сату-сатып алу, кепілдікке беру және басқа да жер құқық қатынастарының пайда болуы жер құқық қатынастарының ауқымының кеңеюімен бірге олардың реттелуіне өзгерістер енгізеді. Бұрын болмаған жер құқығында жаңа институттар (жерге жеке меншік институты, жер салығы мен алымдар туралы институты, жер сервитуты) және мазмұны өзгерген жақа жер құқық қатынастары пайда болады. Олар жер құқық қатынастарын реттейтін заңдарда орын алады. Жер құқық қатынастарының мұндай сипаты оның күрделілігінде. Оны осыған орай ықшамдап, бөліп-бөліп қарамаса, оларды мүмкіндігіне қарай, бір жүйеге келтіру, түрлерін көрсету қиын болады. Жер құқық қатынастарын осы турғыдан қарау оның мазмұнын толық ашып беруге көмектеседі.

Барлық құқық жүйелері өзінің реттейтін құқықтық қатынастарының түріне байланысты бір-бірімен өзгешеленеді. Бірақ құқықтық қатынастар арасында қонылған және болуы мүмкін емес. Себебі, барлық құқықтық қатынастар шынжыр сияқты бір-бірімен жалғасып, құрамдасып жатыр. Олардың арасын тек қатынастар аясына қарай ажыратуға болады. Соның өзінде де олар саналық ерекшеліктермен тарамданып, араласып отырады.Бұл заңдылық Қазақстан Республикасының құқық жүйелерінің жалпы конституциялық бағыттары мен әлеуметтік және экономикалық жүйесінің бірлігінде жатыр. Барлық құқықтық қатынастар осыларға келіп тіреледі және негізделеді. Жер құқық қатынастарының азаматтық құқық қатынастарымен арақатынастары өте тығыз байланысты. Жалпы азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастары реттейді. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны жөнінде көптеген пікірлер бар. Кейбір ғалымдар азаматтық құқық азаматтар арасындағы мүліктік қатынастарды реттеу керек десе, ал кейбір ғалымдар азаматтар арасындағы және азаматтар мен ұйымдар арасындағы мүліктік қатынастар шаруашылық құқық саласында реттелуі керек деп тұжырымдайды.Азаматтық құқық қатынастар мүліктік қатынастар негізінде орын алады, бірақ құқықтық қатынастарда оның құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың қатарына “меншік”, “материалдық” ұғымы бар. Осы ұғымдар “мүліктік жауапкершілік”, “материалдық жауапкершілік”, “азаматтық жауапкершілік” деген жауаптылықтардың түрлері пайда болған. Мұндай ұғымдардың құқықтық мәні әлі терең зерттелген жоқ.Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының ерекшелігі жердің әлеуметтік – экономикалық маңызы және табиғи қасиеті жер заңдарымен реттелетіндігімен айқындалады.

Жер құқық қатынастарының түрлері:


  • жерге меншік және мүліктік құқықтар қатынастары;

  • жер қорын басқару органдарының құзыретін реттейтін жер құқық қатынастары;

  • жерге меншік және мүліктік құқық иелерінің құқықтары мен міндеттері туралы қатынастар;

  • жерді пайдалануға бақылау жасау және жерді қорғау саласындағы қатынастар;

  • жер қоры және оның түрлері туралы қатынастар;

  • жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры саласындағы жер құқық қатынастары;

  • жерге меншік және заңды мүлік иелерінің құқықтарын қорғау саласындағы жер құқық қатынастары;

  • атап өткен жер құқық қатынастарының түрлерін мазмұнына қарай қысқартуға болар еді. Мысалы, “жер қорын басқару органдарының қызметін реттеу жер құқық қатынастары” меншік және мүліктік құқық қатынастарында қарауға болады;

  • жер қорының меншік объектісі болғандықтан оны жерге меншік иесінің құқығының мазмұнынан туындайтын билеу элементі қатарында да қарауға болады.

Сол сияқты жер тентасы қатынастары да мемлекеттің жерге меншік құрығынан туындайтын қатынастар жатады. Жерге орналастыру, жер мониторингісі, жер кадастры саласындағы жер құқық қатынастарында жерді басқарудың құқықтық елементтері де кездеседі. Жер пайдаланушылардың құқығын қорғау саласындағы қатынастар жерге меншік құқығы, жерге мүліктік құқық иелерінің құқығынан туындайды.

Жер құқық қатынастарының мұндай сипаты оның күрделілігінде. Оны осыған орай ықшамдап, бөліп-бөліп қарамаса, оларды мүмкіндігіне қарай, бір жүйеге келтіру, түрлерін көрсету қиын болады. Жер құқық қатынастарын осы турғыдан қарау оның мазмұнын толық ашып беруге көмектеседі. Барлық құқық жүйелері өзінің реттейтін құқықтық қатынастарының түріне байланысты бір-бірімен өзгешеленеді. Бірақ құқықтық қатынастар арасында қонылған және болуы мүмкін емес. Себебі, барлық құқықтық қатынастар шынжыр сияқты бір-бірімен жалғасып, құрамдасып жатыр. Олардың арасын тек қатынастар аясына қарай ажыратуға болады. Соның өзінде де олар саналық ерекшеліктермен тарамданып, араласып отырады. Бұл заңдылық Қазақстан Республикасының құқық жүйелерінің жалпы конституциялық бағыттары мен әлеуметтік және экономикалық жүйесінің бірлігінде жатыр. Барлық құқықтық қатынастар осыларға келіп тіреледі және негізделеді. Конститутциялық құқық, конституциялық нормаларда, яғни мемлекеттік құрылысқа, құрылымға оның жүйесіне қатысты қатынастарды қарауды міндетті етіп қояды. Оның ішінде аумақтардың шектерін ұйымдастыру мен белгілеу мемлекеттік билікті жүзеге асырудың негізгі мәселелері бар, жерлерді басқару жүйесі мемлекеттік қатынастар ауқымында қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастарда жер әкімшілік басқару органдарының кызметі есебінде қарайды. Жерді беру, алу сияқты қатынастар әкімшілік – аумақтық үкімет-әкімшілік билігінің бар саласы ретінде жүзеге асырады. Жер құқық қатынастарында мемлекеттік өкілді және атқарушы органдардың және мемлекеттік басқару органдары жүйесінің жер қатынастарындағы атқаратын қызметі мен өкілдіктері ұйымдастыру сипатында атқарады. Жер құқық қатынастарында үкімет билігі жерді бөліп береді, бақылау және басқа да тек шаруашылық – ұйымдастыру құзыреттерімен шектеледі.

Аграрлық құқық саласында да жер құқық қатынастары едәуір орын алады. Оның басты есебі ол құқық норма болғандықтан бірнеше институттан тұрады. Оның негізі арқауы-ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты құқықтық қатынастар. Жер -өндіріс санасында негізгі өндіргіш күш және өндіріс құралы. Жер осы мақсаттарға және осы өндірістердің қажеттіліктерін, сондай-ақ оған қатысушылардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін өтеу үшін немесе оларға күтім жасау үшін беріледі. Соған қарсы жер құқық қатынастары пайда болады және реттеледі. Қорыта келгенде, жер құқық қатынастары- аграрлық құқықтың бір саласы болып табылады. Жер құқық қатынастарында ауыл шаруашылығына берілген жер нысаны бар. Бұл салада да жер мақсатты пайдаланылып, ауылшаруашылығына қызмет етеді.Жалпы алғанда, құқық салаларының пайда болуы мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, алға қойылған мәселелері мен оған жетудің заңды жолдарын белгілеп алуға байланысты. Сонымен, жер құқық қатынастары өз алдына жер құқығын құрайтын сала. Оның нормаларында біріне-бірі байланысты құқық салаларының тек жерге байланысты «құқық» нормалары болуы – заңды қоғамдық құбылыс. Оларды бөліп ашу – бір саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуде түсініксіз, немесе қатынастарды қорғау толық қамтылмаған болып шығады.

Табиғат объектілерін пайдалану мен қорғау саласындағы барлық қатынастардың бір-бірімен ұқсастығы бар. Бірақ олардың араларында ерекше айырмашылықтары жоқ деуге де болмайды” деген тұжырымдамасы жер құқық қатынастары мен басқа табиғи ресурстарды пайдалануға саласындағы қатынастар арасындағы қатынастарды дұрыс сипаттаған.

Жер құқық қатынастарының қағидалары – заңдарда бекітілген негізгі басылымдар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастарының қағидаларына қайшы келетін тұжырымдары болуы керек. Экология құқығының қағидалары – мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының ұйымдардың және басқа құрылымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы болып табылады.

Жер құқық қатынастары – экологиялық құқық қатынастардың бір саласы, жер құқығының өз құқығының саналық бөлігі болғандықтан жер құқық қатынастарының қағидаларымен ұштасып жатады.

Жер заңдарымен қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:


  • жерді табиғат объектісі, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізгі есебінде сақтау және қорғау;

  • жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалану;

  • жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын сөзсіз іске асыру;

  • ауылшаруашылық жерлердің басымдылығы;

  • жерге жердің меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу;

  • ақылы жер пайдалану;

  • жер нарығы тәртіптерін сақтау;

  • жерді табиғат объектісі

Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізгі есебінде сақтау және қорғау. Бұл қағида негізі экологиялық қағидалардан туындайды.Жер–адам өмірінің тіршілігі, оның әлеуметтік және экологиялық барлық қажеттіктерін қанағаттандыру үшін пайдалану объектісі. Оны қорғамай және сақтамай, аталған әлеуметтік және экономикалық қажеттерді іске асыру мүмкін емес. Жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын іске асыру. Бұл қағидадан бірнеше қағида туындайды.Бұрынғы Кеңес Одағында, Қазақстан Республикасында толып жатқан атом жарылыстары жүргізілді. Табиғатты пайдалану күйзеліске келтіру салдарынан жердің құнарлылығы төмендеді. Арал және Семей өңірінде экологиялық апат аймағына айналды. Көптеген өндіріс орындары экологиялық шараларды қолданбайды, жер, су, ауаға өндіріс қалдықтары мен кір суларды, улы заттарды жібереді. Соның салдарынан Республикамызда экологиялық жағдай қанағаттарлықтай емес. Сондықтан жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын іске асыруды қағида етіп жоғары көрсету - өте қажетті [3]. Жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалану қағидасы арқылы жер меншіктерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Жерді басқару органының осы салада құзыреті айқындалады. Жерге меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жерлерді мақсатты, және ұтымды пайдалану жолдарын іздестіріп, оларды жүзеге асыру шараларын белгілеуді жүктейді.Ауылшаруашылық жерлердің басымдылығы онда тауарлы ауыларуашылық өкілдерін өндіру, сол арқылы халық әл-ауқатын арттыруды көздейді. Сондықтан ауылшаруашылық мақсаттағы жерді басқа мақсаттарға пайдалануға шек қойылады. Мүмкіншілігі болса, ондай жерлер мемлекеттік және қоғамдық мақсаттарға алынбауы керек. Егер алынатын болса, ауылшаруашылық өндірісінің орнын толтыру шарасы белгіленеді. Жер қорында жер алдымен ауылшаруашылық мақсаттарға берінуі тиіс.

Жерге, жердің меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу қағидасы жер қатынастарда жерді құқықтық қорғау, жер иеленушілер мен пайдаланушылардың мүдделерін қорғаудан туындайды және ол арқылы жер қатынастарда заңдылық пен тәртіпті сақтау жүзеге асырылады.Ақылы жер пайдалану – жерге мемлекет меншік құқығының іске асыруы болып табылады. Мемлекет меншік құқығындағы жер учаскелерін жеке меншік сақтау, тұрақты немесе уақытша өтелуі немесе өтеусіз пайдалану құқығына беру осы меншік құқығының белгісі. Жер туралы басқа да заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ол өзге де құқық нысандарында іске асырыла берілуі мүмкін.Жер нарығы тәртібін сақтау. Жер нарық экономикасының құрамдас бөлігі және объектісі. Заңдарда көрсетілмеген реттерде жерді ақысыз жекеменшікке немесе пайдалануға құқығына беруге болмайды.Жерге кепілдік беру құқығы немесе жер ипотекасы, жерге меншік және пайдалану құқығын жүргізу сияқты жер құқық қатынастарында жер нарығы тәртіптік сақтау жер заңдарының міндеттерінен туындайды. Жалпы алғанда, құқық салаларының пайда болуы мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, алға қойылған мәселелері мен оған жетудің заңды жолдарын белгілеп алуға байланысты.Сонымен, жер құқық қатынастары өз алдына жер құқығын құрайтын сала. Оның нормаларында біріне-бірі байланысты құқық салаларының тек жерге байланысты «құқық» нормалары болуы – заңды қоғамдық құбылыс. Оларды бөліп ашу – бір саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуде түсініксіз, немесе қатынастарды қорғау толық қамтылмаған болып шығады.Жерді табиғат объектісі Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізгі есебінде сақтау және қорғау. Бұл қағида негізі экологиялық қағидалардан туындайды. Жер – адам өмірінің тіршілігі, оның әлеуметтік және экологиялық барлық қажеттіктерін қанағаттандыру үшін пайдалану объектісі. Оны қорғамай және сақтамай, аталған әлеуметтік және экономикалық қажеттерді іске асыру мүмкін емес.

Жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалану жерге меншік иелерінің жерлерді мақсатты, және ұтымды пайдалану жолдарын іздестіріп, оларды жүзеге асыру шараларын белгілеуді жүктейді. Жерге, жердің меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу қағидасы жер қатынастарда жерді құқықтық қорғау, жер иеленушілер мен пайдаланушылардың мүдделерін қорғаудан туындайды және ол арқылы жер қатынастарда заңдылық пен тәртіпті сақтау жүзеге асырылады.Жерге жеке меншік құқығына жалпылама түрінде түсінік беріп өтсек онда: меншік құқығы - меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиселі мүлікті өз қалауынш иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң қамтамасыз етеді. Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда - өсім, жеміс, төл алу өзге де түрде болуы мүмкін.Билік ету - мүліктің тағдырын шешудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі өзіне тиселі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруга, өзі меншік иесі бола отырып, басқаларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге қүқылы. Меншік иесі өзі өкілеттігін жүзеге асырғанда түлғалар мен мемлекеттің қүқықтары мен занды мүдделерін бүзбауға тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға зиян келтірмеуі керек. Меншік құқығының мерзімі шексіз.

Жеке меншік үғымын алсақ - жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес занды түлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заңды құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды түлғаларға тиесілі бола алмайтын жекеленген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.Жеке меншік қүқығын пайдалана отырып, жерді өмір бойы мүраға қалдырып иелену қүқы.Қазақстан азаматтарына белгіленген нормалар шегінде шаруа және жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын, жеке тұрғын үй мен саяжай құрлысын жүргізу үшін жерді өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығы тегін жүзеге асырылады. Ал бұл нормалар артқан учаскелерде жерді өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын азаматтар жергілікті әкімдерден сатып алуы мүмкін. Жер учаскелері өмір бойы мұраға қалдырып иеленуге берілген азаматтар жерді басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға сата, сыйға тарта, жалға және кепілдікке өткізе алады. Жер учаскелері пайдалануға немесе жалға берілген заңды түлғалар азаматтар мен басқа занды тұлғаларға жер учаскесін пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сата, жалға немесе кепілдікке өткізе алады. Азаматтар мен занды тұлғалар жер учаскесін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқын, пайдалану қүқын немесе жалға алу құқын тиісінше акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, кооперативтердің, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен, жарғылық қорына бере алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтары занды тұрде алган қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі [4].Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Әркімнің көсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды көсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Заңсыз түрде ешкімде өз мүлкінен айыруға болмайды.Жер заңдарына сәйкес, жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығы өкіметтің атқарушы органдарының актілеріне және заңдарда көзделген өзге де негіздерге сәйкес қабылданған актілері негізіне орай туындайды.Жер учаскелеріне жеке меншік қүқығын, сонымен қатар жер пайдалану қүқығын беруде ерекшеліктері де бар. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығы өкіметтің атқарушы органдарының құзырына және заңдарда көзделген өзге де негіздерге сәйкес қабылданған актілері негізіне орай туындайды. Жер учаскелеріне жеке меншік қүқығын беру - ақылы немесе тегін түрде жүргізіледі.

Жер учаскелері мемлекеттік кәсіпорындарға және белгіленген нормалар шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды үйымдарына, ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, азаматтарға жеке тұрғын үй салу, жеке қосалқы шаруашылығын, ұжымдық және жеке бау-бақша шаруашылығын, саяжай құрылысын жүргізу үшін және заңдарда көздеген өзге де жағдайларда тегін беріледі.

Азаматтар мен занды үйымдарға жер учаскелері мемлекет меншігіндегі жерлерден берілген жағдайларда аталған нормалар басшылыққа алынады. Жер учаскелерін жеке меншікке сату, оларды мемлекет түрақты жер пайдалануға беру, сондай-ақ мемлекеттің немесе мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер учаскерін жалға беруі барысында жер учаскелерін беру үшін төлем мөлшері "Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жерлері үшін төлем ставакаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N576 қаулысына сәйкес белгіленеді.

Пайдалануғадағы объектілерді кеңейтіу үшін жер учаскесіне құқық беруді ресімдеу барысында бүрын бөлінген учаскелердің пайдалану дұрыстығы, оларды беру шарттарының орындалуы, сондай-ақ бүлінген жерлерді жаңарту бойынша жұмыстардың жүргізілуі тексеріледі. Ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды өндеуге қосымша жер беру, ережеге сәйкес, бүрынғы пайдаланылған жер учаскелерін шаруашылыққа пайдалану үшін қалпына келтіргеннен және оларды акт бойынша қайтарған соң жүргізіледі.Ауыл шаруашылығы және орман алаптарын оларды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін алуға, жер пайдаланушылардың құқықтарын шектеулерден, заңды үйымдар мен жеке адамдар қызметінің нәтижесінде жер сапасының төмендеуінен туындайтын жер пайдаланушылардың шығындары мен ауыл шаруашылығы,орман шаруашылығы өндірісінің залалдары ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылығы және орман алаптарын алу барысындағы жер пайдаланушылардың шығындарын және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу тәртібі туралы. Ережеге сәйкес белгілене ал, шетел азаматтарына және мемлекеттік емес занды ұйымдарға құрылыс салуға немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен ғимараттар, салынған жер учаскелеріне, оларға қызмет көрсетуге арналаған жерлерді қоса алғанда, жеке меншік құқығы берілуі мүмкін, ал қалған жағдайларда жалдау шартымен жер пайдалану құқығы беріледі. Мемлекет меншігі жер учаскелеріне жер пайдалану және жеке меншік құқығын беру мына жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы өтініш қозғау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту; жер учаскелерінің шекараларын нақты түрде бекіту;жерге құқықты куәландыратын құжаттарды әзірлеу мен беру; жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу ретімен жүргізу. Конституция қабылданға дейін жер тек мемлекет меншігінде болса, қазіргі уақытта жер мемлекет, азаматтар мен занды тұлғалардың меншік объектісі болды, азаматтарға жерді иеленуге пайдалануға беру мемлекеттің алдына қойған мақсаттарының бірі болуда.


Әдибиет

1. Мухитдинов Н.Б. Правовые проблемы пользование недрами. – Алматы: “Наука”, 1972 ж, 19 б.

2. Т.А. Аксенок 3. Ералы Ә. Жер меншігінің құқықтық негіздері. – Алматы,1996, 48 б.,

3. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында көрсетілген.



4. Конституция 1995 жыл 30-тамыз
Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет