Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы



бет1/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау


Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы (Семей қаласының мысалында)
Мазмұны

Кіріспе 3


1. ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

    1. Бюджет және оның қалыптасуының теориялық аспектілері

    2. Бюджет жүйесі мен оның қызмет ету принциптері және бюджеттік құрылым

    3. Бюджеттік процесті ұйымдастыру және бюджет жобасының қалыптасу процессі.

2. ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Маңғыстау облысы Қазынашылық Департаменті қызметінің құқықтық сферасын талдау
2.2. Маңғыстау облысының 2005-2007 жылдар аралығындағы бюджетінің орындалуын талдау.
2.3. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жергілікті бюджеттің рөлі мен оның орындалуын талдау
2.4. Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1. Мемлекеттік және жергілікті бюджетті реттеудің шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастарын дамытудың жолдары
КІРІСПЕ

Елдің мемлекеттік құрылымында территориялық бөлінулердің көп болуы (муниципалиттер, префектурлар, штаттар, т.б. әкімшілік-территориялық бөліністер) олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың белгілі-бір көлемінің бөлінуінің қажеттілігіне негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйесі осындай құрылымды мемлекеттерде жергілікті қаржы және жергілікті бюджет звенолары құрылады


Жергілікті бюджеттер жергілікті қаржының құрылымдық бөлігі болып табылады. Жергілікті қаржылар бұл ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім құнын жергілікті басқару органдары мен басқарудың билігінде аккумуляциялау арқылы бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынасының жүйесі.
Өзінің құрылымы бойынша жергілікті қаржылар жергілікті басқару органдарының билігінде болатын әр түрлі деңгейдегі жергілікті бюджетті, арнайы бюджеттен тыс қорларды және кәсіпорын қаржысын қамтиды.
Жергілікті қаржы жағдайы әртүрлі факторларға байланысты. Оларға келесілер қатысты:

  1. елдің жалпы экономикалық жағдайы;

  2. сәйкес территорияның экономикалық потенциалы;

  3. жергілікті басқару және үкімет органдарының міндеттері мен құқықтарын реттейтін мемлекеттік заң деңгейі;

  4. жергілікті басқару және үкімет органдарының өздеріне берілген биліктерін жүзеге асыру компетенциясының дәрежесі.

Қазіргі уақытта үкіметтің жергілікті органдары жоғарғы деңгейде аймақтардың кешенді дамуын, ведомоствадан тыс территориялардағы өндірістік және өндірістік емес сфераның пропорциялы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы олардың координациялық функциясы көп мөлшерде өсуде. Бұл жергілікті басқару органдарының қаржылық базасын бекітуді және болашақтағы кеңейтуді, аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану әдістерін жетілдірумен байланысты мәселелерді шешудің қажеттілігін құрады.
Жергілікті басқару толықтай республика және облыс бойынша ерекшеліктердің барлық түрлері бойынша максималды есеп алуды жобалайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының болашақ прогресі көбіне-көп оның аймақтарының, әсіресе облыстарының даму деңгейімен анықталады. Республиканың әр облысы өзіндік әкімшілік-шаруашылық кешен болып саналады. Өндірістік дамудың территория аралық факторларын пайдалану негізінде масштабты-шаруашылық міндеттерді шешу үшін ол жеткілікті деңгейде ірі болып саналады. Екінші жағынан оның масштабы облыстық органдарға болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді жақсы байқауға және оперативті басқаруға мүмкіндік береді.
Міне сондықтан Қазақстанның аймақтарының қаржылық ресурстарын реттеу, қаржылық базаны қалыптастыру толықтай экономиканың және аймақтың экономикасының даму проблемаларын шешудің негізінің бірі болып саналады.
Берілген дипломдық жұмыс Маңғыстау облысының мысалында жергілікті бюджетті басқару құралдары мен талдауының мәселесін қарастыруға арналған. Жұмыста қазынашылық департаментінің, облықтық қаржы басқармасының, жергілікті қаржыны реттеу бойынша Қазақстан Республикасының заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің ресми сайтының материалдары пайдаланылды.
Жұмыс құрылымды түрде үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде «Экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негіздері» экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негізі, негізгі түсінігі қарстырылған. Бюджет, бюджеттік қатынас, бюджеттік процесс, бюджет жүйесі деген сияқты категориялардың экономикалық мағынасы ашылады.
Екінші бөлім «Жергілікті деңгейде бюджеттің орындалуын талдау» бюджет теңдігін қамтамасыз ететін мәселелерді оларды шешу жолдарын қарастырады. Дипломдық жұмыста 2005-2007 жылдар аралығындағы Маңғыстау облысының бюджетінің орындалуының және табысы мен шығынының толық талдауы жасалады.
Үшінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы бюджеттік реттеуді жетілдірудің жолдары» бюджетті реттеу бойынша экономикасы дамыған елдердің тәжірибелері, мемлекеттік және жергілікті бюджетаралық қатынасты жетілдіру жолдары қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет