Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

1. ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджет және оның қалыптасуының теориялық аспектілері

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше бейланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылыққарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.


Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбесі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптасу және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әртүрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде.
Мемлекеттің бюджеті қаржы жүйесінің негізгі, орталық буыны болып саналады. Оның мұндай деңгейі мемлекеттік бюджетте әр түрлі қарама-қайшылықтардың, экономикалық қызығушылықтардың әр түрлі түрлерінің – жалпы мемлекеттік, мемлекеттік, корпоративтік, топтық, жекеліктің шоғырлануына байланысты. Бұнымен қоса бюджеттің икемділігі, толықтығы, мобилділігі экономикалық қызығушылықтардың осы түрлерінің дамуы мен гармониясын қамтамасыз етеді.
Бюджет мінездемесі экономикалық категория ретінде келесілерге бағытталады. Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ақша қатынасы қалыптасады. Бұл ақша қатынастары әр түрлі түрде болады, бірақ оларға екі жалпыға ортақ мінездеме тән: біріншіден, олар бір қатысушы мемлекет болып табылатын, қайта бөлу процесінде пайда болады; екіншіден, олар жалпы мемлекеттік қателіктерді қанағаттандыру үшін бағытталған ақша бірлігінің орталықтандырылған қорының қалыптасуымен байланысты.
Бюджет (budget) термині ағылшын тілінен аударғанда белгілі бір кезеңдегі ақшалай табыс пен шығынның тізімін білдіреді. "Мемлекеттік" анықтамасы алынған тізімнің мемлекет иелігі екендігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының "бюджет туралы" заңының 1 статьясында бюджет – сәйкес заңдылықтармен бекітілген, салық және т.б. табыс көздері мен түсімдердің негізінде құрылатын, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған орталықтандырылған ақша қоры деп анықтама берілген. Берілген анықтама бюджеттік қатынастардың материалдық жағына мінездеме береді.
Мемелкеттің ақша бірліктерінің орталықтандырылған қорын қалыптастыру ұлттық табыстың қайта бөлуінің бірінші кезеңінде жүзеге
асырылады. Алғашқы бөлу процесінде мемлекет өз құзыретіне қосылған құнға салық түріндегі өсім құнын алады. Қайта бөлу нәтижесінде мемлекеттің орталықтандырылған қорына кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі салық түрінде, акциздер мен жинақтар түрінде жиналатын табысының бір бөлігі түседі.
Мемлекеттің ақша бірліктерінің орталықтандырылған қорының көлемі келесі факторларға тәуелді:

  1. экономиканың даму жағдайына;

  2. кәсіпорындарды басқару әдістеріне;

  3. экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу түріне;

  4. ұлттық-шаруашылық пропорциядағы құрылымдық жылжулардың масштабына.

Мемлекетік бюджет қаржылық жоспар ретінде келесі белгілермен сипатталады:

  1. заңды күшіне иемденеді;

  2. үкімет директивасын бейнелейді;

  3. негізделген болып табылады;

  4. оның сәйкестендірілуі мен орындалуы сол орындағы иннициативамен орталықтандырылған басқару сәйкестігіне негізделеді.

Осылайша, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ретінде ақша бірліктерінің ішкі бюджеттік қайта бөлу және материалдық өндіріс пен өндірістік сфераны бюджеттік қаржыландырумен жалпы мемлекеттік ақша қорының қалыптасуымен байланысты пайда болатын, өзара байланысты қайта бөлу қатынастарының толық кешенін түсінуге болады.
Мемлкеттік бюджет экономикалық категория ретінде қайта бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бюджеттің қайта бөлу функциясының көмегімен қаржылық ресурстарды территория аралық және салааралық бөлу жүзеге асырылады, арнайы бағытқа бағытталған қорлар құрылады және қолданылады. Территория аралық қайта бөлу бюджеттік табыстарды сәйкес мемлекеттік билік органдарына бекітілу және ішкі бюджеттік басқарудың әр түрлі формалары арқылы басқарылу (субвенция, дотация, пайыздық аударулар т.б.) арқылы жүзеге асырылады. Территория арқылы қайта бөлу нәтижесінде әрбір әкімшілік-территориялық бірлікте дербес бюджеттік қор құрылады.
Мемлекеттік бюджеттік қайта бөлу функциясы қайта бөлудің көп деңгейлілігімен ерекшеленеді, қоғамдық қатынастардың барлық сферасында көрінеді, экономиканың, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, денсаулық сақтаудың, қорғаныстың дамуында мемлекетпен пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясы болашақта экономикамен органикалық байланыста болатын бюджет жағымды және жағымсыз әсер ететін қайта бөлу процестерін көрсетумен бейнеленеді.
Мемлекеттік бюджет өз құрылымында төрт бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде ресми трансферттер мен несие қайтарудан түскен табыстардан құрылатын түсімдер бейнеленеді. Екінші бөлім шығындар мен несиелерден құралатын барлық шығындарды бейнелейді. Үшінші бөлімде бюджет дефициті (профициті) көрсетіледі. Төртінші бөлімде бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) бейнеленеді.
Бюджеттік шығындарды пайдалану бюджеттік бағдарламалар мен кішігірімбағдарламалар негізінде жүргізіледі. Бюджеттік бағдарлама – мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыру бойынша шаралар кешені бюджеттен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңы барлық деңгейдегі бюджеттер ағымдық бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларынан тұратынын қарастырады.
Дамудың бюджеттік бағдарламалары болып Қазақстан Республикасынң институционалдық және әлеуметтік-экономикалық дамуына сонымен қатар адам ресурсының дамуына бағытталған бағдарламалар табылады.
Қаржылық теорияда бюджеттік шығындар әр түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:

  1. қоғамдық өндірістегі рөлі бойынша;

  2. қызмет түрі мен өндіріс саласы бойыг\нша;

  3. қоғамдық бағыты бойынша;

  4. мақсатты бағыты бойынша.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, олардың функцияларының орындалу деңгейі, олармен шешілетін мәселелер түрлері, олардың көлемі мемлекеттік бюджеттегі орталықтандырылғанақша бірлігінің көлемінде көрінеді. Табысты және шығынды бөліктердің сәйкестігіне байланысты бюджет қорының жағдайы дефицит, профицит немесе теңестірілген болуы мүмкін.
Бюджет дефицитінің болуы бюджеттік түсімнен жоғары шығын жеңгейін жабатын жолды іздеуге мәжбүр етеді.
Бюджет дефицитінің көлемін төмендетудің тиімді әдістерінің бірі ретінде шығындар секвестер механизмін енгізу алынады.
Қоғамның дамуындағы мемлекетік бюджеттің рөлі, ең алдымен оның көмегімен жалпы мемлекет деңгейіндегі ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім құнын бөлу және қайта бөлуді жүзеге асыруға болатындығымен анықталады.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақща қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген – ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.
Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет