Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


Бюджет жүйесі мен оның қызмет ету принциптері және бюджеттік құрылым



бет3/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

1.2 Бюджет жүйесі мен оның қызмет ету принциптері және бюджеттік құрылым

Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын – бюджетті – қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.


2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:

  • республикалық бюджет;

  • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;

  • аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).

Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілген бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:

  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;

  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;

  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;

  • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық бану және т.б.)

  • мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.

Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Бюджеттің экономикалық мағынасы қоғамдық өндірісті оның рөлі мен орны, сонымен қатар Конституциямен анықталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қазақстанның бюджет құрылымы үшін негіз болады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген республикалық бюджет пен жергілікті бюджет жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.
Ынтымақтық принцип – бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі кезеңде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды.
Республика Аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екенін осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай құқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статистикалық жзәне қаржылық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.
Толығу принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетке қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы опреацияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде бұл принциптің лайықтылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы құралдарын қалыптастыруда орталықтандырылған әдіс қолданылады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бұрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен қуаттандыралған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пен оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады – ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржыға бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында олардың кірістері өзіндік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жұмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буындарының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет құралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану құқықтары қамтиды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен бекіткенде олардың тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін.
Бюджеттік жүйе қашанда болса тұрақты әрекетте болуы керек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумағындағы бұрын қабылданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір уақытта мемлекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті болады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сондықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылықты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оның керек екендігі болып бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістіктерді қамтамасыз ету табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан бюджеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы – бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Республикалық бюджет табысы салықтардан, міндетті төлемдерден, жинақтардан капиталдармен операциялардан түсімнен құралады.
Республикалық бюджеттен келесі мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі:

  • Президенттің, Парламенттің, Конституциялық кеңестің, есептік комитеттің, орталық сайлау комиссиясының, мемлекеттік басқару қызметінің басқа түрлерімен айналысатын органдардың қызметі;

  • сот жүйесі;

  • сыртқы саяси қызмет;

  • қаржылық және салық қызметі;

  • қолданбалы ғылыми қызметтер;

  • қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

  • республикалық деңгейде күтілмеген жағдай бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • республикалық деңгейде құқық қорғау қызмтеі;

  • республикалық деңгейде күтілмеген жағдай бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • әділет сферасындағы қызметтер;

  • жоғарғы білім;

  • республикалық деңгейде қосымша білім, орташа арнайы білім беру;

  • республикалық деңгейде білім беру саласындағы арнайы бағдарламалар;

  • орталық мемлекеттік органдардың арнайы ауруханалары;

  • республикалық деңгейде азаматтарға төлем ақысыз, кепілді медициналық қызмет көрсетулер;

  • зейнетақылық төлемдер;

  • заңдылықтарға сәйкес алынатын жеңілдіктер;

  • республикалық деңгейде мәдениет, спорт, ақпарат жинау сферасындағы қызмет; миграция сферасындағы қызмет;

  • республикалық деңгейде құрылыс объектілері, транспорт, өнеркәсіп облысында арнайы бағдарламалар;

  • жер игеру;

  • республикалық деңгейде жобалық қызметтер;

  • республикалық деңгейде жол жүйесін реконструкциялау, жөндеу және іске қосу;

  • гидрометеорологиялық мониторинг;

  • республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатын арнайы трансферттер.

Бұнымен қатар республикалық бюджеттен республикалық бюджет бағдарламасының әкімшілігін ұстап тұру шығындары қаржыландырылады.


Капиталмен операциялардан табыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан түсімдерден, мемлекеттік қордағы бидайды өзткізуден және мемлекет резервіндегі тауарларды алғаны үшін қарызды жоюдан түсетін түсімдерден құралады.
Бюджеттік құрылым дегеніміз – экономикалық және ұйымдық-құқықтық мемлекеттік бюджет ұйымы. Яғни, мұнда мемлекеттік бюджеттік ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану сферасын функционалды шектеу, өзара байланыс, сонымен қатар ұйым бюджетінің құқықтық және процедуралық жақтары да кіреді. Басқаша айтқанда бюджет құрылымы – бұл бюджет жүйесінің ұйымдастырылу, оны құру принципі. Бюджеттік құрылым – ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді. Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады. Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады. Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет