Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы



бет4/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

Бюджет құрылымы

1. Кірістер

2.Шығыстар

Салықтық түсімдер

Салықтық емес түсімдер

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

Трансферттерден түсетін түсімдер

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

Қорғаныс

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Білім беру

Денсаулық сақтау

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Көлік және коммуникациялар

Басқалар

3. Операциялық қалдық

4. Таза бюджеттік несиелеу

5. Қаржылық активтермен
болатын операциялар
бойынша қалдық

6. Бюджет тапшылығы (профициті)

7. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

Сурет 1.1. Бюджет құрылымы


Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілген ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерге мақсатты арнаулары болмайды.
Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады.Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.
Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы операциялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асып түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса – онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындарына даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің ортамерзімді фискалдық саясатпен анықталады.
Қазіргі уақытты ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.
Мемлекеттің қаржы активтерімен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (сальдо) деп аталады. Қаржы активтерімен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.
Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты азайтқанға тең.
Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.
Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар қралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет