Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


Бюджеттік процесті ұйымдастыру және бюджет жобасының



бет5/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

Бюджеттік процесті ұйымдастыру және бюджет жобасының

қалыптасу процессі

Бюджеттік процесс маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.


Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы-нормативтік актілермен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

  • тұтастық – оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;

  • дербестік – оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өзіндік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;

  • теңгерушілік – оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына.

Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс-әрекет салалары араларындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет – ол мемлекеттің барлық қаржы саясатының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметті-экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай – ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің функцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрінеді:

  • мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;

  • әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

  • салықты-фискалдық құралдарды жетілдіруде;

  • бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

  • республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;

  • жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

  • мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда.

Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс-әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

  • жеке салықтық пен басқа түсімдер бойынша және әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;

  • бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;

  • ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық тұрақтылықтың жалпы бағдарламасымен бюджетті қиыстыру;

  • экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқарту мен жою;

  • әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс-әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;

  • әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметті-экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;

  • заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.

Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша
өкілетті орган – ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саяатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша-несиелік пен фискалдық саясаттың негізгі бағыттарының негізінде жасалады.
Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімді жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару Тәртібімен басшылық етеді.
Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқықтарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс-әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс-әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:

  1. бюджет жобасын құрастыру;

  2. бюджетті қарау және бекіту;

  3. бюджетті атқару;

  4. бюджетті атқару жөнінде есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

Бюджет қалыптастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдар өз функцияларын орындауға қажетті ақша құралдарының көлемін анықтау мақсатпен әр деңгейдегі бюджеттердің жобасы құрастырылады. Бұл процеске дейін елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттары анықталады, жалпы экономика мен оның салалары және аймақтар дамуының болжамдық параметрлері жасалады, қаржы баланстар дайындалады. Бюджетті жасау үшін бастапқы көрсеткіштер ретінде алдымыздағы жылғы жалпы ішкі өнім көлемі мен оныі өсу қарқыны, инфляциялық процестер мен ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасты ортажылдық курсы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер пайдаланады.
Бюджет жобасы атқарушы биліктің органдарымен жасалады, яғни республикалық бюджетті – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган, ал жергілікті бюджеттерді – тиісті жергілікті органдар. Бюджет құрастыру барысында – ол елдің экономикасына әсері, қаржы ресурстардың әлеуметті-экономикалық бағдарламалармен келістілігін қамтамасыз ету, бюджеттік құралдар бөлудің қажетті пропорциялары мен басымдылықтарын және бюджет тапшылығын өтеу қайнар көздерін белгілеу сияқты саулдар шешіледі. Бюджет жобасын жасауда мемлекеттің әлеуметті-экономикалық саясатының бірізділік және ауыспалылық принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.
Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.
Келесі кезеңде жоғары және жергілікті атқарушы органдармен (Үкімет және тиісті әкімшілік) мақұлданған бюджет жобасы қарастыру мен бекітуге өкілдік органдарға (Парламент және тиісті маслихат) келіп түседі. Мұнда бюджет жобасы арнайы комитеттер мен комиссияларда қаралады, яғни бюджет баптары анықтап талданады, нәтижесінде тұжырым беріледі. Содан кейін бюджет жобасы Парламент палаталарында – Мәжіліс пен Сенатқа бюджет талқылауға түседі. Республикалық бюджет Парламент палаталарының бірге отырысында, ал жергілікті бюджеттер маслихаттар отырысында бекітіледі. Бюджеттік процестің осы кезеңінде алдыңғы қаржы жылғы республикалық бюджет жөнінде заң қабылданады.
Бюджетті атқару кезеңі бекітілген қаржы бөлуге сәйкес бекітілген кірістер алу мен шығыстарды іске асыру және бюджет тапшылығын қаражаттандыру мен профицитті пайдалану жасалады. Бұл кезең қаржы немесе бюджет деп аталатын күнтізбелі жыл бойы созылады. Бюджеттерді атқаруды Үкімет пен тиісті жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Осы әрекетте олар келесі принциптерді қолданады:

  • уақтылы принципі, яғни бюджет түсімдерін бекітілген мерзімде есепке қосу мен бюджет құралдарын уақытында пайдалануды талап ету;

  • бюджет құралдарын арнаулы пайдалану принципі, яғни бюджеттен бөлінген ақша құралдарын оларды іске асыруын реттейтін нормативті-құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес арнауда қатаң пайдалануды талап ету;

  • бюджетті бірқалыпты атқару принципі, яғни бюджеттік жыл соңында төлемдер көлемінің қорландыруын жібермеу үшін жыл бойы бюджет құралдарын анықтап бөлуді талап ету;

  • кассаның бірлестік принципі, яғни түсімдерді есепке алу мен шығындарды қаржыландыру бойынша жүргізілетін барлық қаржы операцияларды Ұлттық валюта арқылы біріккен қазыналық есеп шоттан іске асыруды талап етеді.

Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі – ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар – ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.
Қаржылық ғылымның көзқарасы бойынша бюджеттік процесс ретінде бюджеттің орындалуы бойынша есепті бекіту және орындалуы бойынша бақылау, орындау, қарастыру, құрастыру бойынша басқару және үкімет органдарының заңмен сәйкестендірілген қызметі түсіндіріледі.
Бюджеттік процесс келесі сатылардан тұрады:

  1. бюджет жобасын жасау;

  2. бюджет жобасын қарастыру

  3. бюджетті талқылау және бекіту;

  4. бюджетті орындау

  5. бюджеттің орындалуы бойынша есеп жасау және бекіту.

Іске қосылып тұрған отандық қаржылық заңдылықтарға «бюджеттік процесс» түсігінің орнына қаржылық тәжірибеге «бюджеттік процедура» түсінігі енді. 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңында бюджет процедурасы – бюджеттің орындалуы бойынша есепті бекіту және оны өңдеу, бақылау, орындау, қарастыру, құрастыру бойынша басқару және үкімет органдарының заңмен сәйкестендірілген қызметі.
Бюджет жобасын құрастыру бюджет жүйесінің барлық звеносында бір уақытта басталады.
Сәйкес қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттер жобасын өңдеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті орындаушы органдар республикалық комиссияны, жергілікті бюджет комиссияларын, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) комиссияларын құрайды.
Құрылған бюджет комиссиялары мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттің үш жылдық негізгі жобалық көрсеткіштерін анықтайды; алдағы үш жылдық кезеңге шығындар лимитін анықтайды; сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен салалық бағдарламалардың, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарламасының бюджет бағдарламаларының болашақта жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстарды қарастырады және дайындайды.
Мемлекеттік бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге жобалық көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің сәйкес қаржылық жылға көрсеткіштерін өңдеу сәйкес кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізінде жүргізіледі. Жергілікті бюджет жобасын өңдеу бюджет классификациясына сәйкес бюджеттік жоспарлау бірлігінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл мақсатта бюджеттік бағдарлама әкімшілігі сәйкес орындаушы органдарға алдағы үш жылдық кезеңге берілген шығын лимитінің шеңберінде бюджеттік тапсырыс береді, сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджет құрамы бойынша ұсыныстар береді.
Бюджеттік тапсырыс – бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне бюджетті өңдеу кезінде оны қаржы министрлігі бекіткен құрам мен форма бойынша қаржыландыру сомасын анықтау мен бюджет бағдарламасын негіздеу үшін ұсынылатын құжаттар жиынтығы.
Жергілікті орындаушы органдар бюджетті жоспарлау және экономика министрлігіне келісім үшін келесі жобалық көрсеткіштерді ұсынады: Астана және Алматы қалаларының, жергілікті бюджеттің құрамына келіп түсетін түсімдерді; есепті қаржылық жылының соңындағы жергілікті орындаушы органдардың қарызының көлемін,жергілкті орындаушы органдардың қарызын өтеу мен қызмет көрсету бойынша шығын көлемін т.б.
Бюджетті жоспарлау және экономика министрлігі Астана және Алматы қалаларының, облыстық бюджеттің жобалық көрсеткіштеріне келіседі, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне республикалық бюджет шығындарының лимитін, сонымен қатар республикалық бюджеттік бағдарлама мен Астана және Алматы қалаларының, жергілікті орындаушы органдардың әкімшілігіне алдағы үш жылдық кезеңдегі инвестициялық жобалардың республикалық бюджеттен тапсырыстарын қарастырып, шешім шығарады. Бұдан басқа республикалық бюджет комиссиясының назарына қарау үшін мемлекеттік бюджеттің алдағы үш жылдық жобалық көрсеткіштерін, шикізат секторының ұйымының тізімін ұсынады.
Бюджетті жоспарлау және экономика министрлігі республикалық бюджет жобасының ақырғы вариантының негізінде алдағы қаржылық жылға республикалық бюджет комиссиясымен бірге Республикалық бюджет туралы Заңның жобасын сәйкес жылға жасап, Қазақстан Республикасының үкіметіне ұсынады.
Қазақстан Республикасында қаржылық жыл 1 қаңтардан басталып 31 желтоқсанда аяқталады.
Сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасын үкімет Парламентке алдағы жоспарлы жылға арнап 15 қыркүйектен қалдырмай тапсырады.
Республикалық бюджет жобасын талқылау ең алдымен тұрақты жұмыс істеп тұрған комиссиядан және парламент комитетінен өтеді. Тұрақты комиссия мен Парламент комитеті бюджет жобасына статьяларға бөліп қарастырады және оған қорытынды жасайды.
Республикалық бюджет жобасы бұдан кейін алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта қаралады. Егер де алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң 15 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Парламентінде қабылданбайтын болса, Қазақстан Республикасының Президенті «алдағы қаржы жылының 1 кварталына арналған республиканың қаржылық жоспары туралы» нұсқауды шығаруға құқығы бар, ол республикалық бюджет парламентімен бекітіледі. Республикалық бюджет туралы Заң Парламентпен бекітілгеннен кейін Президентпен қол қойылады.
Осыған ұқсас жүйеде жергілікті бюджетті өңдеу де жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер жергілікті маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысы пайда пайда болу көздеріне қарай, мақсатты бағытына қарай әр түрлі болып табылады. Бюджеттің табыс пен шығысты толықтай республика деңгейінде есептеу және дұрыс жоспарлауды қамтамасыз ету үшін оларды классификациялайды.
Бюджетті классификациялау дегеніміз бюджет шығыны мен табысын белгілі-бір белгілері бойынша экономикалық топтарға бөлу.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жаңа бірлік бюджетті классификация іске қосылған.
Жаңа бюджеттік классификацияға сәйкес бюджетке түсім мен шығысты функционалды, ведомствалық және экономикалық мінездемелерін сәйкес топтастыру жүзеге асырылады.
Бюджет табысын классификациялау олардың категорияларын, класын, арнайы ерекшеліктерін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Табыстың 7 категориясын ажыратады: салықтан түсімдер, салықтан тыс түсімдер, капиталмен операциядан түсімдер, алынған арнайы трансферттер, мемлекеттік кәсіпорындардың қарыздары мен заемдарын жабу, жалпы қаржыландыру, бюджет бірліктерінің қалдығы. Табыстар категориясы түсім көздерін бейнелейді.
Бюджет шығысын экономикалық классификациялауда олардың категорияларын, класын, арнайы ерекшеліктерін ажыратады. Категория ағымдық шығындарды, капиталдық шығындарды, несиелер беруді,
қаржыландыруды қамтиды. Класс шығынның сипаттамасы мен мәнін бейнелейді. Арнайы ерекшелік бюджет бірліктерінің шығындалуының экономикалық бағытын бейнелейтін көрсеткіш.
Бұнымен қоса мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын ажыратуға болады. Бюджеттің кассалық орындалуы – бұл бюджет табысын есепке алу бойынша бюджет шоттарындағы бірліктермен операциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет