Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


II Жергілікті деңгейде бюджеттің орындалу жағдайын талдау



бет6/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

II Жергілікті деңгейде бюджеттің орындалу жағдайын талдау
2.1 «Маңғыстау облысы Қазынашылық» Департаментінің
қызметінің құқықтық сферасын талдау

Маңғыстау облыстық қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бюджетінің атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша опреацияларды есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.


Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазынашылық комитетінің бұйрықтарын (өкімдерін) және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді басшылыққа алады.
Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес ұлттық валютада және шетел валютасында банктерде шоттары болады.
Өз құрылымында мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылатын, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары бар тігінен-тік бағынысты аудандық, қалалық қазынашылық бөлімдері болады. Филиалдары мен өкілдіктері болмайды.
Департамент өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді бюджеттердің деңгейлері бойынша бөлу, жергілікті бюджеттердің шоттарын, жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын, олар үшін аударым операцияларын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдармен қарым-қатынаста болады.
Департамент туралы ережені, басқарманың құрылымын, штат санының лимиті мен штат кестесі, сондай-ақ басқарманың аумақтық бөлімшелерінің штат кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітеді.
Департамент туралы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бұйрығымен енгізіледі.
Департаменттің толық атауы:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облыстық қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі. Басқарманың заңды мекен-жайы: 466200, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағынаудан.
Қазақстан Республикасынң Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы 524 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының қазынашылық департаменті туралы Үлгілік ережеге сәйкес әзірленген Ереже департаменттің құрылтай құжаты болып табылады. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке осы мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық кесімдерден кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

  • республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыруды және оған бақылауды жақсарту;

  • мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету мәселелерінде алдын ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету;

  • бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі бақылау қызметін дамытуға және жетілдіруге қатысу.

Мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:

  • міндеттер мен төлемдер бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарын, жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығын жүргізу;

  • міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті егжей-тегжейлі жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттары бойынша ақпарат болса мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жүзеге асыру;

  • республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру бойынша операцияларын жүзеге асыру;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру;

  • жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бюджеттік түсімдерді қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара іс-қимыл жасауына негізделген және бірыңғай нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілетін бюджеттердің барлық деңгейлерінің біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық және дербестік қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын есепке алуды қамтамасыз ету.

Ұлттық және шетел валютасында мынадай жекелеген банктік операцияларды:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;

  • аударым операцияларын: заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;

  • есеп операцияларын: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелердің есепке алуды (дисконттауды);

  • заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;

  • аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;

  • Қазынашылық қызмет органдарының мамандарын қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысуға;

  • Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болады. Мекемеге бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Мекемеге заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектеулерде мүлікке билік жасау құқығы берілуі мүмкін.
Мекемені Заңнамаға сәйкес Қазынашылық комитеті төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
Бастықтың екі орынбасары болады, оларды заңнамаға сәйкес Департамент Бастығының ұсынымы бойынша Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарма негізге міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан, басқа мемлекеттік мекемелерден, сондай-ақ бюджеттік ақшаны алатын мемлекеттік кәсіпорындардан мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруға қажетті ақпаратты және мәліметтерді алуға;
ұсынылған бухгалтерлік есептемеге сәйкес бекітілген сметадан тыс қаражаттарды жұмсау туралы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінде жөнсіздіктер анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржы бақылау органдарының қарауына жіберуге;
бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды, нормативтік құқықтық кесімдерді, Қазынашылықтың қызметін және оның міндеттерінің орындалуын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті және жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі ақпаратты беруге;
мемлекеттік бюджеттің қаражатының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
облыстық бюджеттің шоттарынан республикалық бюджетке бюджеттік алулардың сомаларын есептен шығаруды жүргізуге;
қаржы бақылау органдарының кесімі мен қорытындысы негізінде бюджет қаражаттары қазынашылық рұқсаттарында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, оларды қайтарып алу;
тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және оның қаражаты есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру;
қаражаттар бойынша шоттарды және активтерді есепке алуды қамтамасыз ету;
салық және басқа да міндетті төлемдерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлуді және оларды түрлі деңгейдегі бюджеттерге есепке алуды қамтамасыз ету;
заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдардың аударылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік мекемелердің тапсырмалары бойынша ұлттық та, шетел валютасында да ақша аударымдарын, мемлекеттік мекемелер ұсынатын төлем құжаттарын бақылауды жүзеге асыру;
екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін қаражаттарды жедел жинау, өңдеу және талдау;
Қазақстан Республикасынң Ұлттық қоры бойынша жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есепті қалыптастыру;
Жергілікті атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы ақпаратты беру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазынашылықтың тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, оларды жүргізу кезінде заңнаманы сақтау бойынша тексерулер ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне мемлекеттік мекемелердің тиісті шоттары бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты беру;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есепті және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты беру;
республикалық бюджеттің атқарылу нәтижесі туралы ақпараттың әзірленуін қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттікбағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшелітер бөлінісінде бөлінген лимиттер және жүргізілген кассалық шығыстар туралы ай сайынғы ақпаратты беру;
жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс шоттарының жағдайы туралы күн сайынғы ақпаратты жаса;
бюджеттік бағдарламалардың әкімгерінің рұқсат беруімен және бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асыру;
мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру;
Департамент бастығы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылқ жасайды, департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.
Осы мақсатта мекеме бастығы:

  • өзінің орынбасарларының, мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ аудандық, қалалық бөлімдердің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

  • заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі бекітетін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес мекеменің, аудандық, қалалық бөлімдердің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

  • мекеменің бұйрықтарына қол қояды;

  • Үлгілік ереже мен Үлгілік құрылымның негізінде Департамент туралы ережені, департамент құрылымы мен штат кестесін әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасына бекітуге ұсынады;

  • Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді, Қазынашылық комитеті ұсынған Үлгілік Ереже мен Үлгілік құрылымның негізінде қазынашылықтың аудандық, қалалық бөлімдері туралы ережені, олардың құрылымын бекітеді;

  • мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;

  • мекемеде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  • заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Департамент қабылдайтын шешімдер Бастықтың немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделеді. Мемлекеттік мекеменің бастығының орынбасарлары бастық анықтаған өздерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шегінде нормативтік сипаты жоқ құжаттарға немесе материалдарға қол қояды. Мекеменің консультативтік-кеңестік органы болып табылатын Алқасы бар. Алқаның сандық және жеке құрамын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітеді.
Департаменттің Алқасы өзінің отырыстарында жұмыс әдістерін жетілдіру, мемлекетік бюджеттің кассалық атқарылуының тиімділігін және оны бақылауды жақсарту, қабылданған шешімдерді орындау мәселелерін қарайды, департамент бөлімдерінің, қазынашылықтың аудандық, қалалық бөлімдері бастықтарының жұмыстары туралы есепті, сондай-ақ алқалық қаруды және шешім қабылдауды қажет ететін басқа да мәселелерді тыңдайды. Алқаның шешімдері департамент бастығының бұйрығымен рәсімделеді. Алқа мүшелерінің арасындағы дауыс тең болған жағдайда, шешімді Алқа төрағасы қабылдайды.
Мекеменің жұмысын тексеруді бағынысты тәртіппен жоғары тұрған орган екі жылда бір реттен жиі емес мерзімділікпен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет