Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


Маңғыстау облысының 2005-2007 жылдар аралығындағы



бет7/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

Маңғыстау облысының 2005-2007 жылдар аралығындағы

бюджетінің орындалуын талдау
2005 жыл бойына Маңғыстау облысының барлық деңгейлі бюджетіне 60673,0 млн.теңге көлемінде салықтық және басқа да жинақтар келіп түсті, мұндағы жоспар 47521,8 млн.теңге немесе 127,7% болатын, оның ішінде бюджеттік тәркілену есебінен 49147,7 млн.теңге республикалық бюджетке аударылды. Маңғыстау облысының бюджетінің 2005-2007 жылға арналған бюджеттің орындалуын талдау нәтижесі 2.1 кестесінде келтірілген.
Кесте 2.1 2006-2007 жылдардағы Маңғыстау облысының бюджетінің
орындалуын талдау





Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқулар +/-

2007/2006,

Бюджет құрылымы

Ауытқулар +/-

2006

2007

2006

2007

1

Түсімдер

20575

25134

4559

122,2

100

100




1.1

ТАБЫСТАР

20526

24627

4101

120

99,8

98

-1,8




Салықтық түсімдер

20118

24271

4153

120,6

97,8

96,6

-1,2




Салықтық емес түсімдер

211

168

-43

79,6

1

0,7

-0,3




Капиталмен операциядан табыс

196

187

-9

95,4

1

0,7

-0,3

1.2

АЛЫНҒАН АРНАЙЫ ТРАНСФЕРТТЕР




432

432

-




1,7

1,7

1.3

НЕСИЕЛЕР ҚАЙТАРУ

50

76

26

152

0,2

0,3

0,1

2

ШЫҒЫСТАР

21886

25134

3248

114,8

100

100




2.1

ШЫҒЫНДАР

21801

25067

3266

115

99,6

99,7

0,1




Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметтер

505

587

82

116,2

2,3

2,3







Қорғаныс

212

199

-13

93,9

1

0,8

-0,2




Қоғамдық тәртіп пен дисциплина

641

711

70

110,9

2,9

2,8

-0,1




Білім беру

3561

4318

757

121,3

16,3

17,2

0,9




Денсаулық сақтау

2786

2756

-30

98,9

12,7

11

-1,7




Әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру

1223

1581

358

129,3

5,6

6,3

0,7




Тұрғын-үй коммуналдың шаруашылығы

1085

926

-159

85,3

5

3,7

-1,3




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

1024

1054

30

102,9

4,7

4,2

-0,5




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

94

178

84

189,4

0,4

0,7

0,3




Өнеркәсіп және құрылыс

99

136

37

137,4

0,5

0,5







Транспорт пен байланыс

300

492

192

164

1,4

2

0,6




Тағы басқалар

1272

1475

203

116

5,8

5,9

0,1




Арнайы трансферттер

9000

10651

1651

118,3

41,1

42,4

1,3

2.2

НЕСИЕЛЕР

85

67

-18

78,8

0,4

0,3

-0,1

3

БЮДЖЕТ ДЕФИЦИТІ (ПРОФИЦИТІ)

-1311




1311













Кестесінде ақшалай және қатысты түрдегі бюджет статьялары келтірілген. Кестеде көрініп тұрғандай, салықтық емес түсімдердің көп мөлшерде төмендеуі (-20,4) мен капиталмен операциядан табыстың азаюына (-4,6) қарамастан толықтай бюджетке түсім 22,2%-ға өсті, бұл біріншіден, салықтық түсімдердің өсуіне (20,6%) және екіншіден, 2006 жылы тіпті болмаған 432 млн. теңге көлеміндегі арнайы трансферттердің алынуына байланысты.


Бюджеттің шығын бөлігі де өскен, бірақ табыспен салыстырғанда -14,8 %-ға төмен. Оның себебі бюджеттік шығындардың 15%-ға ұлғаюында. Шығындардың барлық түрлері өскен жоқ тек қана жалпы түрдегі мемлекеттік қызметтер (16,2) қоғамдық тәртіп пен дисциплина (10,9%), білім беру (21,3%), әлеуметтік көмек пен қолдау (29,3%), мәдениет, спорт, туризм (2,9%), қоршаған ортаны қорғау (89,4%), өнеркәсіп пен құрылыс (37,4%), транспорт және байланыс (64%), басқалар (16%), арнайы трансферттер (18,3%). Басқа статьялар бойынша шығындардың қысқаруы байқалады. Шығынның барынша көп қысқаруы ТКШ – 14,7%, және несиелер – 21,2% статьяларында.
Алғашқы кезеңде 2005 жылы облыс бюджеті табыстар мен шығыстар бойынша толықтай 15929,7 млн.теңге көлемінде бекітілген болатын. Жыл бойына облыс бюджеті табыстың 3615,8 млн.теңгеге, шығынның 6287,1 млн.теңгеге көтерілуіне орай 4 рет нақтыланды. Олардың ішінде бюджет бірліктерінің еркін қалдығы 2671,3 млн.теңге.
Облыстың жергілікті бюджетіне жоба кезінде 19438,4 млн.теңге түсті. Мұндағы табыстар 20575,7 млн.теңге немесе 105,2 %, оның ішінде салықтан түсімдер 105,4%-ды, салықтық емес түсімдер 114,5%-ды, капиталмен операциядан табыс 118,7%-ды құрайды. Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке 9000,4 млн.теңге сомасында бюджеттік тәркілену аударылды.
Төлем көздерінен алынатын табыстардан жеке табыс салығы секілді ірі жергілікті салықтар бойынша түсімдер жоспар бойынша 5212,9 млн.теңге болса, ал нақтылай 5384,9 млн.теңгені немесе 103,3 %, әлеуметтік салық жоспар бойынша 10168,6 млн.теңге, нақтылай 10739,1 млн.теңге немесе
105,6%-ды құрайды.
1.01.06. ж. Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берілмей қалған салықтардың бөлігі 7474,8 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 1993,4 млн.теңге 1.01.05 жылмен салыстырғанда берілмей қалған салықтардың бөлігінің сомасы 2436,7 млн.теңгеге төмендеген. Мұндағы көп мөлшерлі төмендеуге заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 2811,7 млн.теңге және жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша 148,3 млн.теңгемен қол жеткізілген.
Облыстың салық базасының сенімділігі көбіне-көп ірі мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың және энергияхимиялық сала бойынша кәсіпорындардың жұмыстарына тәуелді. Олардың үлесі бюджеттік жалпы табыста 80%-ды құрайды.
Мұнай нарығында қалыптасқан жағымды әлемдік конъюктура мұнай көлемінің өсімін, мұнайдың экспортқа тасымалдануының көлемінің өсімін, кәсіпорындардың өндірістік көлемінің өсімін ынталандырады. Бұлардың барлығы облыс бюджетіндегі жоспар бойынша табыстардың түсіміне ықпал етті.
Табыс бойынша жоспарды артық орындау мен еркін қалдықтан түскен қосымша бірліктердің жалпы сомасы 6287,1 млн.теңге ең алдымен еңбек ақы қоры, коммуналдық қызметі, байланысы, тамақтандыруы, медикаменттері, сонымен қатар әлеуметтік сферада барынша маңызды объектілердің құрылысы мен жөндеуіне жетіспей тұрған мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бағытталды.
Облыс бюджеті шығын бойынша 21886,5 млн.теңге сомасында толықтырылған, нақтыланған жоспарда 22229,9 млн.теңге немесе 98,5 %.
Шығындар көлемінде ағымдық шығындардың орындалуы 9340,3 млн.теңгені құрайды, капиталдық шығындар 3545,8 млн.теңге бюджеттің табыс бөлігінің артық орындалуы мен бірліктердің алынбауы есебінен жыл
аяғындағы бюджет бірлігінің еркін қалдығы облыс бойынша барлығы 1360,3 млн.теңгені құрады.
Бұрынғыша бюджет бірліктерін шығындаудың приритетті бағыты болып әлеуметтік сфера шығындары табылады – білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек. Шығынның орындалуының жалпы көлеміндегі 3560,6 млн.теңге немесе жалпы шығынның 27,6% білім беру кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерді ұстап тұруға, денсаулық сақтауға 2786,2 млн.теңге – 9,5%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 1084,6 млн.теңге – 8,4%, мәдениетке, спорт және ақпараттық кеңістікке 1023,8 млн.теңге – 7,9%. жұмсалған. Алғашқы кезекті ағымдық шығындардан еңбек ақыға 3306,4 млн.теңге жұмсалды. Олардың ішінде мемлекетік мекемелерге 2309,6 млн.теңге, мемлекеттік кәсіпорындарға 996,8 млн.теңге, тамақтандыруға 414,5 млн.теңге, дәрі-дәрмекке 474,9 млн.теңге, коммуналдық қызметтерге 1234,4 млн.теңге.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 11.01.05 Қазақстан Республикасының үкіметінің №41 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жұмысшыларына еңбек ақының жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қаулының жақсы енгізілуі мен орындалуы үшін еңбек ақыға 344,5 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Облыс бойынша несиелік қарыз жоқ және оны болдырмау үшін арнайы жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша дебиторлық қарыздар алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда көп мөлшерде төмендеген және 1.01.06ж. жағдайында 107,1 млн.теңгені құрайды.
Облыс бюджетінен білім беруді ұйымдастыруға 353,5 млн.теңге көлемде сома бөлінді. Бұл қаржылар Ақтау қаласы мен Бейнеу ауданының мектептеріндегі спорт алаңдарын қайта жөндеуге, жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарға, колледждер мен облыстың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің капиталдық жөндеуіне жұмсалды. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, «ҚР жалпы білім беретін мектептерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар» қаулысын орындау мақсатында жергілікті бюджет бірліктерінен оқулықтарды жеткізуге 124,6 млн.теңге бөлінді. Осылайша, 2-6 сыныптарға арналған жаңа дәуір оқулықтарымен облыс мектептерінде оқитындардың барлығы толықтай қамтамасыз етілді.
Облыс бюджетінен 98 жалпы білім беретін мектеп қаржыландырылады. Өткен жылмен салыстырғанда білім беретінмектептерде оқитындардың өсімі табиғи өсім мен көрші ТМД және Иран елдерінен келген көп балалы жанұялардың миграциясының есебінен 4203 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының орындалуына сәйкес есептік жыл бойына мұқтаждарға әлеуметтік қорғау мен материалдық қолдау көрсету үшін 81,6 млн. теңге бөлінді.
Облыс бойынша оқытушылардың тамақпен қамтамасыз етілуіне 58,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде санаториялық-туберкулездық балалар бақшасы бойынша бір балаға келетін нақты шығын 200 теңгені, ал мектеп-интернаттарда 159 теңгені, ПТМ 175 теңгені құрады.
2006 жылы Қарақия ауданының Жетібай кентіндегі Мәдениет үйі, Маңғыстау ауданындағы Шебір аулындағы ауылдық клуб, облыстық филармония ғимаратындағы екі қатарлы құрылыс аяқталып, іске қосылды, бұл шығындар 72,5 млн. теңгені құрады. Мәдениетті ұйымдастырудың материалдық-техникалық базасын бекітуге 32,1 млн.теңге, мәдениет объектілерін капиталдық жөндеуге 18,1 млн. теңге бөлінді.
Өткен жылда облыста жұмыссыздық пен кедейлікпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді. Жергілікті бюджеттен жағдайлары төмен 47720 отбасы мен азаматтардың белгілі-бір категорияларына барлығы 584,7 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде жағдайлары төмен отбасылардың 32110 алушысына 437,3 млн.теңге, 72,9 млн.теңге көлемінде тұрғын үймен көмек және 58,6 млн.теңге сомасында азаматтардың белгілі-бір категорияларына әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Жергілікті деңгейде мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бюджеттен 3,7 млн.теңге шығын шығарылды.
«Қазақстан Республикасының ауылды дамыту, селолар мен агроөнеркәсіптік кешені туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауда жергілікті үкімет орындарының шешімімен ауылдық жердегі мамандар мен жұмыс жасайтындарға тарифтік бағам мен окладты 25 пайызға көтеру бекітілді. Жергілікті бюджет қаржысының есебінен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс жасайтындарға отынды сатып алуға 16,0 млн.теңге бөлініп әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жүйедегі заңдылықтарға сәйкес 20009 азаматқа 309,0 млн. теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жеңілдіктер төленген. Нақтыланған жоспарда 352,1 млн. теңге.
Жергілікті басқару және орындаушы органдардың шешімімен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тіс салдыру, дәрі-дәрмек алу, амбулаторлық емделу бойынша бір кезектік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жағдайлары төмен отбасылар мен азаматтардың белгілі бір категорияларына бір кезектік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Азаматтардың белгілі бір категорияларына әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет шығыны 58,6 млн.теңгені немесе жылдық жоспарға қатысты 97,1% құрады.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауын жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджет қаржысының есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 85,0 млн.теңге аударылды, оның ішінде 13,3 млн. теңгесі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бөлінген қаржыға 28 жоба жасалды, оның ішінде 20-өндіріс құруға және 8-қызметтің әртүрлі түрлерін көрсетуге жұмсалды.
Қазақстан Республикасының үкіметінің бағдарламасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету механизміндамыту мен жетілдіру, мал бағуды дамытудағы тұрақтылыққа қол жеткізу бойынша ауылдық жерлерде №89 әкімшілік жарғымен ауыл шаруашылығының облыстық басқармасында «Маңғыстау агросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылды. Бұл мекеменің жарғылық қорын құру үшін бюджет қаражатынан 50 млн. теңге бөлінді.
29.04.06 жылы №97 облыс әкімінің жарғысымен «Табиғатты пайдалану бойынша Маңғыстау облыстық басқармасы» жалпы адам саны 18 бірлік, бұдан басқа лимиті 20 адамды қамтитын ішкі саясат департаменті құрылды.
Облыстық қаржы басқармасымен облыстың мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерін қамсыздандыру мен тауарды, жұмысты, қызметті 2004-2006 жылдар аралығында сатып алуға бюджеттен бөлінген қаржыны дұрыс жоспарлау мен пайдалануды қадағалау бойынша облыстық қаржы басқармасымен белгілі бір жұмыстар жүргізілді. Бұл тексерісте облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 44 объект, Ақтау қаласының бюджетіне қаржыландырылатын 3 мемлекеттік мекеме қамтылды. Тексеріс нәтижесі бойынша жалпы сомасы 2257,4 млн.теңгені құрайтын заңсыз шығындар, 3029,0 млн. теңге сомасында көтерілген ассигнациялар, 13905,3 мың теңге сомасында мақсатсыз шығындар, және 300855,0 мың теңге сомасында тауарды, қызметті, жұмысты мемлекеттік сатып алудағы бұзушылық тіркелді. Ақтау қаласы бойынша заңсыз шығындар 260,9 мың теңгені құрады, ал бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану көлемі 8052,2 мың теңге. Бейнеу ауданы бойынша заңсыз шығындар 4388,0 мың теңгені құрады, ал бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану көлемі 44763,8 мың теңге.
Жүргізілген жұмыс бойынша нәтиже туралы соңғы ақпарат облыс әкімі мен облыстық маслихатқа берілді.
2007 жыл бойына Маңғыстау облысының барлық деңгейлі бюджетіне 63518,9 млн. теңге көлемінде салықтық және басқа да жинақтар келіп түсті, мұндағы жоспар 59949,2 млн.теңге немесе 108,9% болатын, оның ішінде бюджеттік тәркілену есебімен 51887,1 млн.теңге немесе 111,3% республикалық бюджетке аударылды.
Облыстың жергілікті бюджетіне жоба кезінде 11299,1 млн.теңге түсті. Мұндағы табыстар 25134,4 млн.теңге немесе 102,9%, оның ішінде салықтан түсімдер 102,9%-ды, салықтық емес түсімдер 105,5%-ды, капиталмен операциядан табыс 110,7%-ды құрайды. Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке 5189,3 млн.теңге сомасында бюджеттік тәркілену аударылды.
1.12.08 ж. салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берілмей қалған салықтар бөлігі 6881,2 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 2083,2 млн.теңге немесе оның үлес салмағы 30,3%-ды құрайды.
Облыс бюджеті бірінші жарты жылдықта табыстың 1615,9 млн.теңге, табыстың 2976,2 млн.теңгеге көбеюімен екі рет нақтыланды.
Облыстың салық базасының сенімділігі көбіне-көп ірі мұнай-газ өндіретін кәсіорындардың және энергияхимиялық сала бойынша кәсіпорындардың жұмыстарына тәуелді. Олардың үлесі бюджеттік жалпы табыста негізгі үлесті құрайды.
Табыс бойынша жоспарды артық орындау мен еркін қалдықтан түскен қосымша бірліктердің жалпы сомасы 3976,1 млн.теңге ең алдымен еңбек ақы қоры, коммуналдық қызметі, байланысы, тамақтандыруы, медикаменттері, сонымен қатар әлеуметтік сферада барынша маңызды объектілердің құрылысы мен жөндеуіне жетіспей тұрған мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бағытталды.
Облыс бюджеті шығын бойынша 25133,8 млн. теңге сомасында толықтырылған, нақтыланған жоспарда 25584,4 млн теңге немесе 85,2 %. Шығындар көлемінде ағымдық шығындардың орындалуы 9823,5 млн.теңгені құрайды, капиталдық шығындар 903,1 млн.теңге.
Бұрынғыша бюджет бірліктерін шығындаудың приритетті бағыты болып әлеуметтік сфера шығындары табылады – білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек. Шығынның орындалуының жалпы көлеміндегі 1912,2 млн.теңге немесе жалпы шығынның 34,5% білім беру кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері ұстап тұруға, денсаулық сақтауға 1131,4 млн.теңге – 20,4%, әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке 537,7 млн.теңге – 9,7%, мәдениетке, спорт пен ақпараттық кеңістікке 407,8 млн.теңге – 7,4%, қоғамдық тәртіп пен қорғанысқа 317,6 млн.теңге – 5,7% жұмсалған. Алғашқы кезекті ағымдық шығындардан еңбек ақыға 1946,6 млн.теңге жұмсалды. Олардың ішінде мемлекеттік мекемелерге 1401,5 млн.теңге, мемлекеттік кәсіпорындарға 545,1 млн.теңге, тамақтандыруға 235,3 млн.теңге, дәрі-дәрмекке 252,2 млн.теңге, коммуналдық қызметтерге 612,1 млн.теңге.
2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 04.11.06. Қазақстан Республикасының үкіметінің №1168 қаулысына сәйкес білім беру ұйымдарының жұмысшыларының жаңа типтік штаттары бекітілді. Берілген қаулының жақсы енгізілуі мен орындалуы үшін еңбек ақыға 37,0 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар» қаулысын орындау мақсатында жергілікті бюджет бірліктерінен оқулықтарды жеткізуге 77,7 млн. теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының орындалуына сәйкес есептік жыл бойына мұқтаждарға әлеуметтік қорғау мен материалдық қолдау көрсету үшін 61,2 млн.теңге бөлінді. Бұл шара жоспар бойынша облыс бойынша толықтай 135,7 млн.теңге қаралған.
Білім берудің сапасы мен дамытудағы маңызды рөлді жаңа ақпараттық технологиялар алады. Қазіргі күні жалпы білім беретін мектептер мен мекемелер жаңа дәуір компьютерлерімен толықтай жабдықталған. Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін жабдықтау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған шарамен жалпы ұлттық «Оқу спутниктік теледидары» сетіне қосылу үшін 34,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
Өткен жылда облыста жұмыссыздық пен кедейлікпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының «мемлекеттің адрестелген әлеуметтік көмегі туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен жағдайлары төмен 23599 отбасына барлығы 183,3 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек пен 23,4 млн.теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді. 20,8 млн.теңге сомасында азаматтардың белгілі-бір категорияларына әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Жүйедегі заңға сәйкес 20414 азаматқа 139,2 млн. теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жеңілдіктер берілді. Жұмыспен қамту ассигновациясы бағдарламасын жүзеге асыруда 55,5 млн.теңге алынды, оның ішінде 26078 жұмыссыздар қатысқан қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға 54,3 млн.теңге жұмсалды.
2006-2008 жылдары ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау механизмін дамыту мен жетілдіру, мал бағуды тұрақтылыққа қол жеткізу бойынша ауылдық жерлерде әкімшілік жарғысымен ауыл шаруашылығының облыстық басқармасында «Маңғыстау агросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Бұл мекеменің жарғылық қорын құру үшін бюджет қаражатынан 50 млн.теңге бөлінді.
Толықтай облыс бойынша қаралған бірліктердің дер кезінде орындалуы бойынша, тендерлердің жылдам жүргізілуі бойынша, берілген мерзімдегі жұмысқа ақы мен келісім-шарттарды бекіту бойынша белгілі-бір жұмыстар жүргізілді. Ол бюджетке қаралған қаржылардың толықтай қамтылуына мүмкіндік береді.
2006 жылы облыс бюджет дифицитін иемденді. Бұл кезде шығындар табыстан 1311 млн.теңгеге артық болды, ал 2007 жылы бюджет теңелді, бұл осы жылғы шығындардың жай өсуімен байланысты.
Егер де бюджет құрылымын қарастыратын болсақ, онда ол толықтай түрде айтарлықтай өзгеріске ие болған жоқ. Барынша көп өзгеріс 2 %-дан аспайды. Түсімдердің максималды үлес салмағын салықтық түсімдер алады, олар 2007 жылы 96,6 % құрады. Бюджеттік шығындардың үлкен көлемін арнайы трансферттерге, білім беруге, денсаулық сақтауға шығындар алады, олар 2007 жылы 42,4; 17,2; 11%-дан болды. Осыларды есепке ала келе келесідей қорытынды жасауға болады: облыстың игілігі негізінен облыс кәсіпорындарының қаншалықты төлем қабілетті екіндігіне байланысты. Шығын бөлігінің құрылымында шығындардың тең жартысы арнайы трансферттерге, яғни бұл қаржылар республикаға қайтарымсыз түрде беріледі, кеткені крініп тұр. Бұл жерден шығатын қорытынды Маңғыстау облысы донор-облыстарының қатарына жатады. Біздің көзқарасымыз бойынша қоршаған ортаны қорғауға (0,7 %) және әлеуметтік сфераға (6,3 %) қаражат аз бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет