Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жергілікті



бет8/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

2.3 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жергілікті
бюджеттің рөлі мен орындалуын талдау
Елдің мемлекеттік құрылымында территориялық бөлінулердің көп болуы (муниципалиттер, префектурлар, штаттар, т.б. әкімшілік-территориялық бөліністер) олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың белгілі-бір көлемінің бөлуінің қажеттілігіне негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйесі осындай құрылымды мемлекеттерде жергілікті қаржы және жергілікті бюджет звенолары құрылады. Жергілікті бюджеттер жергілікті қаржының құрылымдық бөлігі болып табылады. Осыған байланысты жергілікті бюджет құрылымын қарамас бұрын ең алдымен «жергілікті қаржы» түсінігін қарастырайық. Жергілікті қаржылар бұл ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім құнын жергілікті басқару органдары мен басқарудың билігінде аккумуляциялау арқылы бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынасының жүйесі. Өзінің құрылымы бойынша жергілікті қаржылар жергілікті қаржылар мемлекеттік қаржыға ұқсас. Олардың айырмашылығы жергілікті қаржыландырумен қамтылатын қаржылық қайта бөлу қатынасының тар сферасына байланысты. Жергілікті қаржының рөлі, олардың құрылымы ен құрамы жергілікті басқару органдарына берілген міндеттер мен функциялардың, сонымен қатар мемлекеттің әкімшілік-территориялық құрылымы мен оның саяси-экономикалық бағытына байланысты. Жергілікті қаржы жағдайы әртүрлі факторларға байланысты. Оларға келесілер қатысты:

  1. елдің жалпы экономикалық жағдайы;

  2. сәйкес территорияның экономикалық потенциалы;

  3. жергілікті басқару және үкімет органдарының міндеттері мен құқықтарын реттейтін мемлекеттік заң деңгейі;

  4. жергілікті басқару және үкімет орындарының өздеріне берілген биліктерін жүзеге асыру компетенциясының дәрежесі.

Жергілікті қаржының тұрақтылығының ең басты шарты болып жергілікті органдардың нақты қаржылық кезең мен нақты территория шеңберінде келіп түсетін табыстар мен шығыстар арасындағы теңдікті орнатумен байланысты.
Жергілікті қаржының негізгі звеносы болып жергілікті бюджет табылады.
Қазақстан Республикасыннда жергілікті бюджеттер (әкімшілік-территориялық бірлік бюджеті) облыстық бюджет, қалалық бюджет райондық бюджет ретінде ұсынылады. «Облыстық бюджет» түсінігімен қатар «облыс бюджеті» деген де түсінік бар. Облыс бюджеті бұл облыстық, қалалық, аудандық бюджеттердің өзара қарыз жою операцияларын қоспағандағы жиынтығы.
Жергілікті бюджеттер Қазақстанда мемлекеттік бюджет бірліктерінің жалпы көлеміндегі табыстың 45% және шығын бойынша 52% алады.
Жергілікті бюджеттер дегеніміз әкімшілік-территориялық бірліктің ақшалай қоры, ол оларға тапсырылған функциялардың жүзеге асырылуы үшін жергілікті орындаушы органдармен анықталатын, жергілікті бюджет орындаушы органдармен анықталатын, жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыру үшін бағытталған бюджет дефицитін (профицитті пайдалану) қаржыландыру мен түсімдер есебінен құралатын, сәйкес маслихат шешімімен бекітіледі.
Жергілікті бюджеттің табыс бөлігі ҚР «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес және нормативті түрде бекітілген салық түсімдерінен құралады.
Жергілікті бюджет таьысы келесілерден құралады:

  1. бюджетке міндетті төлемдердің, жинақтардың, салықтардың түсуі;

  2. салықтық емес түсімдер;

  3. капиталмен операциялардан түсімдер;

  4. алынған арнайы трансферттер;

  5. бұрын берілген несиелерді өтеу бойынша түсімдер;

  6. басқа да түсімдер.

Бюджетке міндетті төлемдердің, жинақтардың, салықтардың түсуі келесі түрлерден құралады және бекітілген пайыздық қатынас мөлшерінде құралады:

  1. Астана қаласының территориясында салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс, өндірілген өнімге қосылған құн бойынша салық - 50%;

  2. Спирттің барлық түрлеріне, алкагольді өнімдерге, темекі бұйымдарына т.б. қоспағанда табак бар барлық бұйымдарға; қызыл балық уылдырығы мен оның өнімдеріне; алтыннан, күмістен, платинадан жасалған зергерлік бұйымдарға; бензин мен дизель жанар-жағар майына; оқ және газ қаруларына; жеңіл автомобильдерге; ойын бизнестеріне; лотореяны ұйымдастыру мен жүргізуге акциздер;

  3. Жеке табыс салығы;

  4. Әлеуметтік салық;

  5. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық;

  6. Жер салығы;

  7. Бірлік жер салығы;

  8. Транспорт бірліктеріне салық;

  9. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін мемлекеттік жинақ;

  10. Аукциондардан жинақтар;

  11. Жергілікті деңгейдегі ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын жолақы жинағы;

  12. Су ресурстарын пайдалануға төлем;

  13. Орманды пайдалануға төлем;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет