Жергілікті бюджеттің қалыптасуы және орындалуы


Кесте 2.2 2004-2007 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің табысының құрамы



бет9/12
Дата22.06.2022
өлшемі485 Kb.
#174693
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

Кесте 2.2 2004-2007 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің табысының құрамы
(нақты орындалу) (млн.теңге)





Көрсеткіштер

Жылдар

2004

2005

2006

2007

1

2

3

4

5

6

1

Түсімдер-барлығы

151624

217575

314896

394099

2

Табыстар-барлығы

111153

185186

269290

340352

3

Салықтық түсімдер, оның ішінде

97569

173701

258312

322360

4

Корпоративті табыс салығы

20683

27380

81764

78366

5

Жеке табыс салығы

25260

34532

49818

68574

6

Әлеуметтік салық

-

68038

78864

124284

7

Қосылған құнға салық

11449

8230

11802

9098

8

Акциздер

11840

3877

4099

4258

9

Салықтық емес түсімдер

13118

10749

9892

14234

10

Капиталмен операциядан табыс

465

736

1086

3758

11

Оның ішінде













12

Республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіруден табыс

368

702

992

1152

13

Алынған арнайы трансферттер

40366

31987

43164

48126

14

Несиелерді қайтару

135

401

2441

5622




  1. Қозғалмайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуге жинақ;

  2. Механикалық транспорт бірліктерін мемлекеттік тіркеуге жинақ;

  3. Жергілікті деңгейдегі ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдалануға төлем;

  4. Тұрғындар пункті мен жергілікті жалпыға ортақ қоғамдық пайдаланудағы автомобиль жолдарының жиегінде сыртқы (визуалды) жарнама орнатуға төлем ақы;

  5. Жер участогын пайдалануға төлем;

  6. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем.

Жергілікті бюджеттің салықтан тыс түсімдерге келесілер жатады:

  • коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың табыстары;

  • коммуналды меншік болып саналатын дивиденттердің акция пакеттеріне түсімі;

  • жергілікті басқару органдарының шешімімен жүргізілетін мемлекеттік лотореядан табыстардың түсімі; жергілікті бюджеттен несие алып бергені үшін сыйақылар;

  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің көрсететін қызметінен түсімдер;

  • коммуналды меншік мүлігін арендаға беруден түсімдер;

  • мемлекеттік құрылтайшылармен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алудан түсетін түсімдер;

  • табиғатты пайдаланушылардан алынатын түсімдер;

  • қоршаған ортаны қорғау бойынша заңды бұзушылардан штрафтар;

  • заңсыз аң аулау мен балық аулаудан тәркіленген қару-жарақты өткізуден түсім;

  • жергілікті мемлекеттік ұйымдар жинайтын әкімшілік штрафтар мен санкциялар.

Жергілікті бюджеттік бағдарлама – сәйкес қаржылық жылға жергілікті бюджетке құрылатын, жергілікті үкімет орындарымен бекітілетін, мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүргізуге және жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған бюджеттік бағдарлама. Жергілікті бюджеттік бағдарлама даму және ағымдық бюджетке ажыратылады. Даму бюджетінің құрамына инновациялық қызмет пен инвестицияны қаржыландыруға ассигновация, онымен қатар территорияны әлеуметтік-экономикалық дамыту мен қоршаған ортаны қорғауға капиталдық салымдармен байланысты шығындар енеді. Ағымдық шығындар бюджетіне даму бюджетінің құрамына енбеген шығындардың барлығын қамтиды, оның ішінде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, білім беру мекемелерін, денсаулық сақтау мекемелерін, капиталдық жөндеу және ағымдық қамсыздандыру; ғылымды, мәдениетті және спортты, жергілікті басқару
органдарын әлеуметтік қамсыздандыру.
Бюджетаралық қатынас – бұл сәйкес бюджеттерді құру мен орындау бойынша бюджеттік процедураларды жүргізу процесінде мемлекеттік үкімет органдарымен жергілікті бюджеттік басқару органдары арасында пайда болатын қатынастар.
Бюджетаралық қатынас мемлекеттің әкімшілік-территориялық бөлінісіне негізделген көп звенолы бюджеттік жүйеде пайда болады. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік құрылымға байланысты ұйымдастырылған принциптерімен ажыратылады. Бәрімізге белгілі унитарлы және федеративтік бюджеттік жүйені ажыратады. Унитарлық бюджеттік жүйелерге бюджет бірліктерін орталықтандырудың жоғарғы деңгейі, үкіметтің төменгі органдарының азғантай бюджеттік құқығы тән. Федеративтік бюджеттік жүйелер тікелей қарама-қайшы негіздерде құрылады. Оларға жалпы мемлекеттік қызығушылық бірлігін қадағалау кезіндегі территориялық бюджеттердің дербестігінің жоғарғы деңгейі тән. Бюджеттік федерализмнің принциптері әр түрлі деңгейде жүзеге асырылатын федеративті мемлекеттерге Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Ресей Федерациясы, Австралия, Бельгия, Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Мексика және т.б. жатады. Классикалық федерализмге жеке саяси-территориялық құрылулардың автономдылығының жоғарғы деңгейі тән.
Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстан басқарудың унитарлы формасын иемденетін мемлекеттер қатарына жатады. Бюджеттік жүйе звеноларының қаржылық өзара байланысы келесі принциптерге негізделеді:

  • бюджеттік жүйе звенолары арасындағы билік пен функцияларды шектеу;

  • мемлекеттік және жергілікті қызметті, жергілікті бюджетке қаржылық көмекті есептеу нормативін, сонымен қатар салық төлеудің бірлік тәртібін ұсыну кезінде республикалық бюджетпен байланыс кезінде жергілікті бюджетке теңдікті қамтамасыз ету;

  • әр бюджеттің құрылуының дербестігі;

  • бюджеттік жүйенің звенолары арасындағы табыс көздерінің тұрақты негізін беіту;

  • бюджеттік жүйе деңгейі бойынша шығындарды бекіту және нақты түрде қайта бөлу.

Бюджеттік тәжірибеді осы позицияларды жүзеге асыру жергілікті басқару органдарын орталыққа қаржылық тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Айтылып кеткендей, жергілікті органдардың қаржылық базасы болып жергілікті бюджет табылады. Жергілікті маслтхаттардың әрқайсысының өз бюджетін иемденуі олардың экономикалық дербестігін нығайтады, экономикалық қызметті белсендіреді, алынған территориядағы әлеуметтік-шаруашылық инфрақұрылымды шешуге, аймақтың экономикалық потенциалын кеңейтуге, қаржылық ресурстар резервтерін анықтауға және оны пайдалануға мүмкіндік береді.
Аймақтар дегеніміз белгілі-бір бағыныштылықта тұрған экономикалық кешеннің бір бөлігі. Аймақтық қайта өндірістің мінездемесі мен оны жабдықтау барлық қоғамдық қайта өндірістің негізгі заңдылықтарымен анықталады. Сондықтан, басқаруды орталықтандыру қажеттілігі туындайды. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолютті болуы мүмкін емес. Ол әрқашанда қатысты, және аймақ қаншалықты шағын болса, осы дербестіктің деңгейі де саншалықты аз болады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік арақатынастың сол мезеттегі түрі, нарықтық экономикаға өту кезеңінің күрделілігі республиканың жергілікті бюджетінің көп бөлігінің шынайы дербестігін айтуға мүмкіндік бермейді. Әрбір әкімшілік-территориялық бірліктің дербестігі берілген аймақтың экономикалық қызығушылығын максималды мүмкіндікпен жүзеге асыруға байланысты критериймен белгілі бір тиімді деңгейді иемденуі тиіс.
Аймақтың экономикалық дербестігінің ең маңызды шарттарының бірі аймақтық ресурстарды қайта өндіру, табиғатты қорғау шараларын қаржыландыру үшін қажетті бірліктердің кепілді көзін құру. Аймақ экономикасын басқарудағы жергілікті және орталықтандырылған бастаманың тиімділігін анықтайтын жалпы принцип келесі түрде құралады: экономикалық даму стратегиясындағы орталықтандыру, оларды жүзеге асырудың дербестігі.
Бюджеттік жүйенің звенолары арасындағы табысты дәстүрлі қайта бөлу меншікті табысты бекіту мен реттеуші табысты пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттің меншікті табысы – жүйедегі заңға сәйкес бюджеттерге толықтай немесе бөлшектеліп, тұрақты негізде бекітілген табыстар түрі.
Бюджеттің меншікті табысына келесілер қатысты:

  • сәйкес бюджетке заңды түрде бекітілген салықтық табыстар;

  • территориялық және мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдаланудан түскен табысты қоспағандағы салықтан тыс табыстар;

  • қайтарымсыз аударулар.

Бюджеттік реттеуші табысы – бюджеттік жүйенің әр түрлі деңгейінде аударулар нормативі бекітілген салықтар мен басқа да төлемдер. Мұнымен қоса аударулардың мұндай нормативтері тұрақты негізде, ұзақ мерзімді негізде (3,5 жыл) немесе жыл сайын кезекті қаржылық жылға бекітіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі табыстар белгілі бір бюджетке тұрақты негізде бекітілген меншікті табыс негізінде құралады.
Бюджеттік реттеу – бұл белгілі бір деңгейдегі бюджет біріліктерін қайта бөлу және реттеуші табысты қайта бөлу жолымен территориялардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен төменгі территориялық деңгей бюджетінің табыстарын теңестіру мақсатында жорғарғы деңгейлі орындардың жүзеге асыратын процесі. Бюджетті реттеудің отандық
тәжірибесінде бір деңгейдегі бюджеттің бірліктерін екінші бюджетке бөлудің тек қана құралжары ғана қолданылады.
Бюджеттік жүйе звеноларының табыс көздерін реттеу процесі белгілі бір параметрлерге негізделуі керек екендігін айта кету керек. Мысалы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі, пайда болған территориялық пропорциялар, белгіленген құрылымдық жылжулар т.б. Реттеуші табыс көздерінен пайыздық аударуларды анықтау кезінде индикативті жоспар көрсеткіштеріне сүйену керек.
Бюджетаралық қатынастардың құралдарына қаржылық көмек көрсету, өзара есеп айыру, бюджет компенсациясы, бюджеттік тәркілеулер жатады.
Жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке берілетін қаржылық көмек дотация, субвенция, субсидия, трансферт т.б. түрлерінде болады.
Дотация – бұл ағымдық шығындарды жабу үшін қайтарымсыз негізде бір бюджеттен екінші бюджетке ұсынылатын бюджет бірлігі. Отандық бюджет тәжірибесінде дотациялар қолданылмайды.
Субвенция – бұл мақсаттық шығындарды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз негізде бір бюджеттен екінші бюджетке немесе заңды тұлғаға ұсынылатын бюджет бірлігі. Отандық бюджет тәжірибесінде субвенциялар белгілі бір мерзімге беріледі. Сонымен қатар басқа да шарттармен берілетін «негізделген субвенцияны» да ажыратуға болады.
Отандық бюджет тәжірибесінде субвенциялар бюджеттік жүйе деңгейлерінің қатынасында қолданылады, яғни трансферттер жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке бекітілген сомада жеткізіледі
Субсидия – бұл мақсаттық шығындарды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз негізде бір бюджеттен екінші бюджетке немесе заңды тұлғаларға мақсатты шығындарды үлестік қаржыландыру шарттарында ұсынылатын бюджет бірілігі. Отандық бюджет тәжірибесінде субсидиялар бюджеттен анықталған заңдылықтарға сай бөлінеді.
Дотациялар, субвенциялар, субсидиялар жергілікті бюджеттің қаржылық ресурстарын бөлу әдісі ретінде барынша жетілген әдіс болып табылмайды. Бюджеттік бірліктердің бұл көздеріне ынталандыру қасиеті тән емес. Бірліктерді бұлай аудару тәжірибесі жергілікті әкімшіліктің шаруашылық инициативасының дамуына мүмкіндік бермейді.
Дегенмен, оларды толықтай жергілікті бюджетті бөлу әдісі ретінде алып тастауға болмайды, бұл тұрақты кассалық бөлініске әкелуі мүмкін. Кассалық бөлініс – қаржылық жыл бойына шағын көлемінің көтерілуі, бюджетке түсім көлемінен негізгі қарыз сомасын жою.
Арнайы трансферттер – жоғары деңгейлі бюджеттен төменге деңгейлі бюджетке нақты мақсатын көрсетпей-ақ қайтарымсыз түсімдер.
Бюджеттік тәркілеулер – облыстық және Астана мен Алматы қалаларының бюджетінен республикалық бюджетке заңды актілермен анықталған сома шегінде берілетін арнайы трансферттер.
Шетелдік қаржылық тәжірибеде бюджеттік реттеудің бюджеттік ссуда, өзара есеп, бюджет компенсациясы секілді құралдары да қолданылады.
Бюджеттік ссуда - басқа бір бюджетке қайтарымды түрде қаржылық жылда белгілі бір мерзімге негізделіп берілетін бюджеттік бірлік (мысалы, Ресейлік бюджет жүйесінде ол алты айдан аспайтын мерзімге беріледі).
Өзара есеп айырысу – бюджетаралық қатынастардың күтілмегенмәселелері пайда болған жағдайында қолданылатын бюджеттік реттеу әдісі. Егер бюджеттің жыл бойына үкіметтің жоғарғы орындары осы жылы белгілі бір шешімді қабылдап, ол шешім бюджеттің құрылуында қолданылмай қалған болса, онда мұндай шешімдер бюджеттік клмпенсациямен немесе салықтың жеке түрлерімен жабылауы тиіс. Бюджеттік реттеудің мұндай түрі отандық қаржылық тәжірибеде 1999 жылға дейін қолданылып келді.
Бюджеттік компенсациялар – бір деңгейдегі бюджеттен екінші деңгейдегі бюджетке басқарушы органның шешімімен қосымша шығындарды жабуға немесе кетіп бара жатқан табысты орнына келтіру мақсатында бекітілетін
және берілетін сома.
Бюджеттік несиелер – қайтарымды және ақылы негізде төменгі деңгейлі бюджетке, заңды және жеке тұлғаларға бекітілген тәртіп бойынша бюджеттен бөлінетін бірліктер. Бұл кезде төменгі деңгейлі бюджетті несиелеу нөлдік бағам бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет