Жетіжар ауылдық округi әкiмiнiң 018 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылға жоспарлары туралы тезисі қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі



Дата12.05.2019
өлшемі75 Kb.
#146261

Жетіжар ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылға жоспарлары туралы

ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»» атты Жолдауын орындау мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты басымдылықтары белгіленген. Сонымен қатар 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, Бесқарағай ауданының бекітілген кестесімен 2019 жылғы қаңтар айында барлық ауылдық округтердің және аудан әкімдердің есеп беру кездесуі өткізіледі.

Ауылдық округтің аумағы 193805 га құрайды. Округке 4 ауыл кіреді, тұрғындарының саны-1525 адам. Округтегі аулалардың жалпы саны – 389. Округте зейнеткерлер саны 312 адам, 13 тыл еңбеккері, 1-Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-Ауған соғысының ардагері, 1- Чернобыль авариясын жоюға қатысушысы бар. 30-Алтын алқа, 28-күміс алқамен марапатталған, барлығы көп балалы аналар 60 адам.

Ауыл шаруашылығы

Есептік кезең ішінде ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығында келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:



Ірі қара мал 01.01.2018 ж– 3260 бас болса, 01.01.2019 ж– 3379 бас, немесе 104 %, 119 басқа көбейді;

ұсақ мал 01.01.2018 ж – 4066 бас болса, 01.01.2019 ж – 4292 бас немесе 105 %, 226 басқа өсті;

жылқы 01.01.2018 ж – 812 бас болса, 01.01.2019 ж – 1080 бас немесе 133 %, 268 басқа көбейді;

құс 01.01.2018 ж – 2320 бас болса, 01.01.2019 ж – 2322 бас немесе 100 %.

Ет өнімі 01.01.2018 ж – 4842 центнер болса, 01.01.2019 ж – 5783 центнер немесе 119 %, 941 центнерге көбейді;

сүт 01.01.2018 ж – 48559 центнер болса, 01.01.2019 ж – 48785 центнер немесе 100 %;

жұмыртқа 01.01.2018 ж – 237243 дана болса, 01.01.2019 ж – 239056 дана немесе 101%.

Округте 49 шаруа қожалығы, 7 ЖШС тіркелген.

2018 жылы «БескарагайАгро» ЖШС басшысы Смагулов Кайрат 75 га жерге жүгері егіп барлығы 15000 центнер жиналды, егін өнімі 1га/ 200 ц құрады, 100 га жерге арпа егіп, егін өнімі 1 га/ 10 центнер болды. Егінді жерлері жаңбырлы су бүркегіш техникаларымен суарылып тұрды. 2019 жылы егін көлемін көбейтуді жоспарлауда.

СТФ құрылысы басталды, бүгінгі күнге Актайлақ точкасында жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы аяқталды және СТФ жұмысшыларына 40 орындық жатқхана құрылысы басталды. 2019 жылдын күзінде 1 партия мал бастары әкелінеді.

«АсАй и К» ЖШС басшысы Мейримханова Светлана Мекеновна 407 бас «Герефорд» тұқымды ІҚМ бастарын өсіреді, 183 бас жылқысы бар. Өз қаражаттарына 2 Беларусь-892 тракторын, ПКУ-08М тиегіш техникасын, 3 пішен шабатын машинасын және тырма техникасын сатып алды.

«Бахшан» ШҚ басшысы Омирханов Асхат 186,4 га жерге күнбағыс егіп, 1864 центнер өнім алды, өнімділігі 1га/10центнер болды.

2018 жылы жаңадан «Манап и К» ЖШС ашылды. Басшысы Жумагазин Кайрбек Манапович. Бүгінгі күнге ҮҚМ -326 бас, жылқы – 16 бас бар. Келешекте ІҚМ бастарын алуды және жылқы бастарын көбейтуді жоспарлауда.

Жетіжар ауылының тұрғыны Кыдырашев Асылбек жер қатынастар бөліміне жер телімін алуға өтініш білдірді. Алдағы уақытта сол жерге мал сою аланын ашуды жоспарлап отыр.

Жетіжар ауылында жеке тұлға Марат Смагулович Едильканов өз қаржатына көкөніс қоймасының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күнге шүңқұры қазылып, төбесі жабылды, жылылау жұмыстары 2019 жылғы көктем айларында жалғасын табады.

Округ бойынша ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жоспар бойынша графикке сәйкес жүргізіледі. Оның ішінде: қан алу, биркалау, таврациялау және аусыл және сібір жарасына қарсы егу жұмыстары. 2018 жылы 25 бас бруцеллез ІҚМ шықты. Бруцеллезді болдырмау мақсатында анықталған үйлердің қораларына дезинфекция жасалды. Дезинфекция мал иелерінің келісуімен ақылы түрде 1 кв метрі / 25 теңге көлемінде болды. 2019 жылы қаңтар айына 350 бас ІҚМ-ға бруцеллезге қарсы РВ-51 вакцинасымен егу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі күнге «Жайжа» ЖШС, «Ас Ай и К» ЖШС және «Азамат» ШҚ жылқыларына таврациялау жұмыстары жасалды.

Кривинка ауылында ІҚМ және жылқылардың үш аралас табыны және ҰҚМ үш табыны бар. Малдарды мал иелері кезекпен бағады. Лесной ауылының тұрғыны Түсіпхан Жанарбек ҰҚМ және ІҚМ бағуға жеке кәсіп ашып, ауыл малдарын бағады.
Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес бойынша округте 13 шағын кәсіпкерлік саласында 14 адам жұмыс істейді. 2018 жылы Лесной ауылынын тұрғындары Түсіпхан Жанарбек мал бағу бойынша жеке кәсіп ашты, Қабдраш Кәбира бастау бизнес бағдарламасы бойынша оқып, жеке кәсіп ашты, бизнес жоспарын Өскемен қаласында қорғап, бүгінгі күні 240000 теңге көлемінде грантқа ие болды. Дүкен иелерімен үстеме бағаны 10% -дан асырмау туралы меморандумдар жасалған. Барлық дүкендерде күн көрісі төмен отбасыларды әлеуметтік бағамен қамтамасыз ететін әлеуметтік бұрыштар бар.



Инвестиция енгізу туралы

2018 жылы «Бахшан» шаруа қожалық басшысы А.Б.Омирханов 680 мың теңгеге ауылшаруашылығы жабдықтарын: тракторға тіркелетін пішен шабатын машина сатып алды. «Азамат» ШҚ басшысы Г.Данабаев 4 млн 880 мың теңгеге а/ш техникасын: тракторға тіркелетін пішен шабатын машина, 30 бас «Жабэ» тұқымды жылқы және жайпақтағыш станогын сатып алды.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған жалпы инвестиция

5 млн.560мың 000 теңгені құрады.


Инфрақұрылым және абаттандыру

Округ бойынша 2018 жылы аймақтарды дамыту бағдарламасымен жаңадан 16 шам жарықтары орнатылды.

Көктемде округ бойынша екі айлық санитарлық тазалық акциясы ұйымдастырылды. Округті елді мекендерді көркейтуге абаттандыру жұмыстарына (краскалау, гүлдерді егу) – 82 мың теңге, санитариялық тазалауға (қоқыс тастау орнын жинақтау тазарту жұмыстары) 200 мың теңге, қысқы уақытында жолдарды қардан тазалауға 160 мың теңге, қаңғыбас иттерді жоюға - 185 мың теңге қаражат жұмсалды. Қалған қаражат көше шамдарының ақысын төлеуге жұмсалды. Жетіжар ауылының орталық Горький көшесінде, Иманов және Нұртазин көшелерінің жолдарына грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. Ауылда үлкен ас беруге, той жасауға арналған ғимарат жоқтығына байланысты ескі мектеп ғимаратының спорт залының іші сырты майланып, есік, қабырға едені сырланды.

Бюджет

2018 жылы жергілікті бюджеттен 25207,5 мың теңге бөлінді, игерілді 25200,5 мың теңге, немесе 99,9 %.

Бесқарағай ауданының қаржы бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген аукционда Лесной ауылының ескі мектеп ғимараты жеке кәсіпкерге сатылды.

Жетіжар ауылдық округі әкімінің тұруына Жетіжар ауылынан қызметтік үй 800000 теңгеге, сонымен қатар 3 550 000 тенге көлемінде ВАЗ-21310 маркалы қызметтік автокөлігі сатып алынды.


Салық жинау

2018 жылғы 11 ай ішінде округ бойынша салық жинау жоспары 172 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 1700000 теңге болса, негізі 2928182,8 теңге жиналды. Оның ішінде: жер салығы жеке тұлғалардан – 89092,7 теңге, жер салығы заңды тұлғалардан- 17 528 теңге, мүлік салығы – 44 803,5 теңге, жеке тұлғалардын көлік салығы – 1 181 874 теңге, заңды тұлғалардан көлік салығы – 9620 теңге, жеке табыс салығы – 1 585 264,5 теңге жиналды.


Жұмыспен қамту

2018 жылы Жұмыспен қамту орталығында 15 адам тiркеуде тұр. Қоғамдық ақылы жұмысқа 23 адам тартылды.

Округ бойынша 32 жаңа жұмыс орны ашылды, 87 адам уақытша жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар жастар тәжирибесі бағдарламасы бойынша 1 адам ауылдық округ аппаратында қызмет етуде.

«Жетіжар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде тамыз айынан бастап жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жас маман Кайржанова Диана Серикболатовна жұмыс істейді.
Әлеуметтік қорғау

Ауылдық округте тұрмысы төмен отбасыларына, зейнеткерлер мен жалғыз басты қарттарға үлкен көңiл бөлiнеді.

Округ бойынша 20 - жалғыз басты қарттар тұрады оларға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 3 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. «Асыл» үкіметтік емес үйымының 1 қызметкері 12 зейнеткерге қызмет көрсетеді.

Бейсембай Жукин «Арман » шаруа қожалық басшысы жылда жалғыз басты қарттарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға картоппен көмектесуді.

Тұрмысы төмен отбасылар саны округ бойынша - 18 отбасы, оның ішінде 36 бала. Жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмекті 16 отбасы алады.

«Мектепке жол» акциясы аясында Кривинка орта мектебі және Семияр орта мектебінің ұстаздары және әкімшілік ұжымы 12 аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке қажетті заттар, спорттық формалар, мектеп сөмкелері сыйға тартты.

2018 жылы округімізге ағайынды 8 отбасы көшіп келді, оның ішінде 38 адам. Кривинка ауылына 5 отбасы, 27 адам, оның ішінде 12 үлкен адам 15 бала. Лесной ауылына 3 отбасы, 11 адам, оның ішінде 7 үлкен кісі 4 бала.

Сонымен қатар, оңтүстік аймақтардан көшіру бағдарламасы аясында округ аумағына 4 отбасы келді. Көтерме ақы алуға бұл отбасылар қажетті құжаттарын тапсырды. 2019 жылы осы бағдарлама бойынша тағы 5 отбасы келуі жоспарлануда.

Жетіжар ауылдық округі бойынша өзін-өзі қамтыған 117 адам, оның ішінде 87 адам зейнетақы қорымен келісім шартқа отырды, 72 адам бірінші жарнасын төледі. Округ бойынша 9 адам жарна төлеуден бас тартты, оның ішінде 2 адам тұрғылықты жері белгісіз округте тіркелгенімен,тұрамайды, 7 адамның қаражаты жоқтығы мәселесі бойынша бас тартты. Осы адамдарды Зейнетақы қорымен келісім шарт шасату үшін Бесқарағай ауылына апарып әкелуге мектеп автобусымен 3 рейіс ұйымдастырылды.

Жетіжар ауылының тұрғыны Черепанова Светлана Геннадьевна бүгінгі күнге ата-анасыз қалған 6 баланы қамқорлығына алу бойынша құжаттарын рәсімдеуде.


Мемлекеттік қызметтер

Ауылдық округ әкімінің аппаратымен есептік кезең бойынша 533 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:

1. жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама беру бойынша– 505;

2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну бойынша - 22;

3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер участкелеріне құқықтарды алу бойынша - 6;

Денсаулық сақтау

Округ аумағында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3-дәрігерлік пункт қызмет көрсетеді, оның ішінде 2 медициналық пункт Лесной және Грачи ауылдырында ғимараты жоқ. 6 медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2 жедел жәрдем автокөлігі бар.

2018 жылы ауылдық округте 8 бала дүниеге келді, 10 адам қайтыс болды, сәби және бала өлімдері болған жоқ, туберкулез ауруымен ауратындар да жоқ, Жүкті әйелдер саны- 4. Рентгендік диагностикадан 403 адам және де жылжымалы рентгендік диагностикадан 304 адам өтті. 0 ден 18 жасқа дейінгі балар 100% тексерілуден өтті. БСК, глаукома, қант диабеті, мамография, рак ауруларына скринингтен 100 % өтті. ПМК дан 116 адам өтті.

Білім беру

Ауылдық округте 2 мектеп жұмыс істейді. Оларда барлығы160 оқушы, оның ішінде 140 оқушы және 20 бала мектеп алды даярлық топта тәлiм-тәрбие алуда, 32 мұғалім және 2 тәрбиеші жұмыс істейді. 2018 жылы Семияр орта мектебінің 3 оқушы ҰБТ-ға қатысып, орташа - 92 балл құрады.Семияр орта мектебінің оқушысы Қазке Тілеген ҰБТ - қорытындысы бойынша 127 балл қорын жинады. Қазіргі уақытта «програмирование» мамандығы бойынша Астана қаласындағы Гумилев атындағы Евразия Университетінің 1-ші курс студенті. Лесной ауылынын 22 оқушысына Семияр орта мектебіне тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымалдау күніне 2 рет жүргізіледі. 28 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Мектептердің спорт залдарында волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, еркін күрес, тоғыз құмалақ, сурет үйірмелері жұмыс істейді.

Бесқарағай ауданында өткен пән аралық олимпиадаға Семияр орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысып, Искакова Еркежан физика пәнінен 2 орынға, Камзин Жаксылык биология пәнінен 1 орынға ие болды. Жетекшілері: физика пәнінің мұғалімі-Коныспеков Ерлік, биология пәнінің мұғалімі Оспанова Умытжан Нурлановна. «Бояулар құпиясы» атты облыстық конкурсқа 5 сынып оқушылары қатысып, 1 орынды Мукатаева Аружан, 3 орынды Рахымжанова Алима женді. Жетекшісі: Кабзолдина Ирина.

Дене шынықтыру мұғалімі Тасбулатов Азаматтын жетекшілігімен Семияр орта мектебінің 3 сынып оқушылары еркін күрестен Аманжолов Темирлан 2 орынға, Байдусенов Руслан 3 орынға ие болды.

2018 жылғы 29 қаңтар күні Щучинск қаласында «Балдаурен» РОСО базасында 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына қатысан Кривинка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Рамазанұлы Жандос1 орынға ие болды. Жетекшісі Баймолдинова Карлыгаш Жолдыбаловна.

Желтоқсан айында аудандық пәнаралық олимпиадада Кривинка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қабенов Женіс орыс тілінен 2 орын алды. Жетекшісі-Садуакасова Ажар Амангельдиновна. 10 сынып оқушысы Дайыр Жания қазақ тілінен 2 орынды женіп алды. Жетекшілері: Сатемирова Гульнар Шакоровна, Садвакасова Анаргуль Карсыбековна.


Мәдениет және спорт

Округте жыл сайын барлық мерекелер мен атаулы күндер мерекеленіп отырады. Жеңіс күніне арнап Жетіжар және Кривинка ауылдарында митингілер өткізіліп, соғыс құрбандарына ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, округтегі шаруа қожалық басшылары және жеке кәсіпкерлердің көмегімен дастархан ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына округ бойынша «Көктем шақырады» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 4 ауылдың тұрғындары қатысып, әрбір ауыл қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетті, соңынан әділқазы алқасы белсенді қатысқан тұрғындарды округ әкімінің мақтау грамоталарымен және сыйлықтармен марапаттады. 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Кривинка және Семияр орта мектептерінде мерекелік концерттер ұсынылды және балаларға округ әкімінің атынан тәтті тағамдар таратылды.

Аудан бойынша өткізілген «Округ күні» мерекесінде біздің округ мерекелік концертін, қол өнер көрмесін ұсынып, жәрменке ұйымдастырды.

2018 жылғы 2 қазан күні округ бойынша Қарттар күніне арнап қарт адамдарға мерекелік концерт және мерекелік дастархан жайылды.

Округ бойынша зейнеткер Ахмедиев Жасқайрат округ және аудан аумағында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады. Аудандық және облыстық шахматтан өткізілген жарыстарға және ауданда өткізілетін ат жарыстарға тұлпарларын қосып, жүлделі орындарға ие болады.

Қарттар күніне орай Глуховка ауылдық округіндегі демалыс орнында өткен іс-шарада Жетіжар ауылдық округінің тұрғындары: Ахмедиев Жасқайрат, Тулеубаев Касымжан «Бесқарағай ардагері» медалімен, Альжанова Мұндық, Рахметулина Балкумис және Нугманов Кумар Бесқарағай әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Семияр орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гульнара Темирбековна Шушпаева ауылдық округ әкімінің ұсынуымен 14 желтоқсан күні Өскемен қаласында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2018 жылғы 26 қазан күні Семияр орта мектебінде «Жер қойнауындағы жасырын тарих» атты конференция өтті. Конференцияға Бесқарағай ауданының тарих ұстаздары және археолог, өлкетанушы, тарихшы, тарих білімінің кандидаты, С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры В.К.Мерц қатысты.

Ауданда өткен «Тұңғыш Президент күніне» арналған Волейболдан жарыста Жетіжар ауылдық округінің жастары 2-ші орынды иеленді. Спорт ардагерлері Сатыбай Шарипов және Сержан Кургамбаев «Тұңғыш Президент күніне» орай ұйымдастырылған спорттық ісшараға белсене қатысты. Семияр орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізілді. Концерт соңында ауыл жастарының қыздар командасы және оқушылар арасында волейболдан жарыс болды. Мектеп оқушылары 1 орынды иеленді. Сонымен қатар тұрғындарымыз Өндіріс ауылына Алтын бауырсақ конкурсына қатысып келді, Бесқарағай ауданының 90 жылдығында Бесқарағай ауылында киіз үй құрылып, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтардың спонсорлық көмектерімен дастархан жайылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау
2018 жылы Жетіжар ауылдық округінің аумағында 2 қылмыс тіркелді мал ұрлығы бойынша: оның ішінде 1 ашылмаған Грачи ауылының тұрғыны Б.Улукпановтын малы табылмады. Барлығы 31 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген оның ішінде: отбасының шырқын бұзу – 1, тіркелу режимін бұзу –9, ЖЖЕ бұзу –11.

Сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында, округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің лаузымдық нұсқаулықтарының орындалуына ішкі бақылау ұйымдастырылған. Коррупцияға қарсы мәдениетін құру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан Республикасы коррупцияға қарсы стратегиясының орындалуы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарлары жоспарлы түрде өз құзреті шеңберінде орындалады.

Округ бойынша Қазақстан Республика Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттау топтары жұмыс істейді. 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардын әл-ауқатының өсуі: табыспен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 5 басымды бағыттағы өсуі белгіленді:


  1. Бірінші басымдылық- халықтын табысының өсуі

  2. Екінші басымдылық- өмір сүру сапасының өсуі

  3. Үшінші басымдылық- жайлы өмір сұру ортасын құру

  4. Төртінші басымдылық- халықтын сұранысына бейімделген –мемлекеттік аппарат

  5. Бесінші басымдылық- нәтижелі сыртқы саясат

Қауіпсіздікті сақтау үшін Жетіжар ауылдық округінің 2 мектеп ғимаратында және «Данара» дүкенінде бейнекамералар орнатылған.

2018 жылғы сәуір айында Жетіжар және Кривинка ауылдарында болған су тасқыны кезенінде Кривинка ауылында ұзындығы 2 шақырым, биіктігі 1,5-2 метр, жалпақтығы 3 метрге дейін құрайтын қиыршық тас аралас құм төгіліп Ертіс жағалауы бекітілді. Қарлар шығарылып, қауыпті участкелердің суы сорылды. Жолдағы су құбырлары тазартылып, 1200 қап инерттік материалдар дайындалды. Сонымен қатар мотопомпа (сорғыш), бұрғылау және электр қозғалтқышы сатып алынды. 2018 жылғы сәуір айында Кривинка және Жетіжар ауылдарында Ертіс өзендерінің бойында 6518,4 кг жарылғыш заттары «ВостокВзрывПром» қызметкерлерімен жару жұмыстары жүргізілді.

2018 жылғы 27 сәуір күні Грачи ауылында Ертіс өзеніңде қайық аударылып, 6 адам шығып, 1 әйел суға кетті. Оқиға себебі қайықтын жүктеме салмағы асып кетті.

2018 жыл бойы 4 өрт тіркелді, жалпы көлемі 156 га құрайды, залал келтірілген жоқ: оның ішінде Есенбай точкасында 15 га, Қошқарағай – 45 га, Мұздықұдықта -49 га, , Чиликтыкөл точкасында – 47 га. 2018 жылы көлемді дала өрті ол 14-15 қыркүйекте Мұздықұдық және Чиликтыкөл точкаларында болды, онда ПЧ 54 бөлімінің 2 АЦ-40 машинасы, 2-трактор Беген ауылдық округінен, 1 трактор Грачи лесхозынан, 2 – су тасығыш машина, 1трактор грейдер «ГорДорСтрой» ЖШС өрт сөндіруге қатысты және Беқарағай ауданының бөлімдерінің қызметкерлерімен басшылары, жақын орналасқан ауылдық округ әкімдерімен қызметкерлері көмекке келді. Қол үшін беріп, көмекке келген адамдарға ризашылығымызды білдіреміз.

Желтоқсан айынын 17 күнінен бастап Кривинка ауылында су қысымды мұнараның қозғағышы істен шығып, тұрғындар апта бойы сусыз қалды.

Ауылдық округ әкімінің аппаратымен жасөспірімдерді әскерге шақыру жұмыстары жүргізіледі. Күзгі шақыруда 3 адам қамтылып, әскерге 3 адам шақырылды, оның ішінде Салық Шынғыс Сабитұлы және Калиахметов Айбат Қанатұлы Кривинка ауылының тұрғындары, Байтемиров Айдар Калықұлы Жетіжар ауылының тұрғыны. Округ бойынша әскери міндеттілер саны – 182 адам.
Ауылдық округ әкімінің есеп беру жиналысында 1 ұсыныс айтылды:

Жетіжар ауылында су құбырларын жүргізу жөнінде;

Жетіжар ауылында су құбырларын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2020 жылға жоспарланған.
2019 жылғы міндеттер

- 2019 жылы мал және құс басын, оның ішінде асыл тұқымды мал бастарын көбейтуі жоспарлануда;

-Жетіжар ауылында мал сою алаңын ашу;

- егінді жерлер алқабын кенейту

- округ ауылдарын аббаттандыру

- онтүстік аумақтардан тұрғындарды шақыру



- Жетіжар және Грачи ауылдарында мал бағуды ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет