Жетістік философиясының МӘні дастанбекқызы Т., Омаров С. А



Дата22.04.2019
өлшемі34 Kb.
#110517

ӘОЖ 101.1+159.9
ЖЕТІСТІК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ МӘНІ
Дастанбекқызы Т., Омаров С.А.
Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы осы дүниенің қажеттіліктері (ақша, жетістік, үй, т.б.) әр адамның басына ауысып келе беретін дүниелер. Яғни, аумалы-төкпелі. Сонды мысалыға менің атам кезінде болыс та болған, айдауда да болған, ашаршылықты көрген дегендей, бірақ бүкіл ғұмырында бір-ақ үйде тұрған. Сонда сол үй атамның болыс болған кезінде фэн-шуй заңдылықтарына сай болған да, кейін айдауға кетіп, қуғынға ұшыраған кезінде аяқ астынан дұрыс орналаспаған болып шығады ма?! Бұл сұрақты оның өкілдеріне қойсаң, «онда атаңыз көтерілген кезде әжеңіз үй ішіндегі жиғаздарды өзгерткен шығар, яғни ол өзгеріс атаңыздың «стихиясына» сай болып шыққан шығар»,-деп сандырақтайды. Кеше электронды поштама ҚР діни басқармасынан: Әнәс: «Аллаһ елшісінің әл-Адба атты түйесі бәйгенің алдын бармейтін еді. Бір күні әлдебір бәдәуи алты жасқа да толмаған түйемен әл-Адбаны басып озды. Бұл оқиға мұсылмандарды жабырқатып тастады. Мұны байқаған Пайғамбарымыз оларға: Бұл дүниеде шыңның ең ұшар биігіне шыққанды Аллаһ тағала міндетті түрде төмен қарай құлдилатады – деп айтқан еді» – деген хадис келді. Бұл дегеніміз қазақ деген жетістікке жеткенді қаламау керек, ақшаны жақсы көрмеу керек деген секілді утопиялық ой емес. Қазақ та қазіргі қоғамның заңдылықтарына сай бай, сұлу, ақша тартатын, үйішілік проблемасы аз болса ғанибет, әрине. Тек осының бәріне қазақылықтан ажырамай талпынса. Себебі, бізде де құран оқылған үйге жын-шайтан жоламайды, ыдыс-аяқ, тамақтың бетін жауып жүру керек, сұқ көздерден сақтану үшін дұғада болу керек, құбылаға және судың ағысына қарсы қарап жатпайды, жетістікке жету үшін тілек тілеу керек, ақшаң көп, берекелі болу үшін адал жолмен табу керек деген секілді сенім-нанымдар бар. Оған қоса ата-бабамыз сенген Ұлы Жаратушыға деген сенімімізге кірбің түспес еді. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» – деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf st 2013
konf st 2013 -> Әож-024. 6: 004. 652 Кітапхана: абонент бөлімінің ОҚырмандарғА Қызмет көрсету жұмысын автоматтандыру
konf st 2013 -> Әож 17. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін гармоникалық баланс әдісімен шешу
konf st 2013 -> Денелердің еркін түсу үдеуін зерттеу еркін түсу үдеуін әРТҮрлі әдіспен өлшеу абдувалов А., Кадиримбетова А. К
konf st 2013 -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
konf st 2013 -> Әож 338. 482. 22(574) жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашағЫ
konf st 2013 -> ӘОЖ: 583. (257) Қарусыздандыру мен ядролық Қаруды таратпау басты міндет
konf st 2013 -> Әож 627. 886. 626/627 (075. 8) Жасанды арналардағы судың бұралып қозғалуына негiзделген құмқиыршықтас тұтқыштар
konf st 2013 -> Әож 7. 037. Тыныс жолы ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
konf st 2013 -> Алатаудың ЖӘне қаратау жоталарының топырақтары және олардың ауылшаруашылығында пайдаланылуы қалиева Ж., Мұсабеков Қ.Қ
konf st 2013 -> Мезофитті өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен медицинада қолданылуы қосжанова А., Ахауова Г.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет