Неліктен Алматыда құрылыс баяулап, жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру қысқарғанын қала әкімі Ерболат Досаев түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Үкімет отырысында әкім тұрғын үй құрылысы мен оны пайдалануға беру қарқынының төмендеуі 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жаңа талаптарына байланысты екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, нүктелік құрылысты болдырмау және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматының полицентрлік дамуы жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде тұрғын үйді пайдалануға беру 2023 жылы 2,5 млн-нан биыл 2 млн шаршы метрге дейін қысқарту көзделген", — деді Ерболат Досаев.

Жалпы, оның айтуынша, әкімдік құрылыс маусымының басталғанын ескере отырып, сәуір айының қорытындысы бойынша оң динамиканы күтеді.

Бұған дейін үкімет отырысында премьер-министр бізде қоқысты жерге көме салу, таудай қылып үйіп қою әдетке айналғанын айтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.