Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ


Электр энергиясын, жылу энергиясын өндіру, табиғи су өндірісі



жүктеу 3.14 Mb.
бет3/20
Дата07.03.2018
өлшемі3.14 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Электр энергиясын, жылу энергиясын өндіру, табиғи су өндірісі





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. % 2012 жылмен

Электр энергиясы, млн. кВт. сағ

1539,6

1598,3

1699,4

110,4

Жылу энергиясы , мың Гкал

3593,5

3468,3

3713,9

107,1

Табиғи су, млн. текше метр

39,4

39,5

36,9

93,5

Облыс бойынша Индустрияландыру картасы шеңберінде 2264 тұрақты жұмыс орнын құруымен жалпы сомасы 327,2 млрд теңгеге 40 жоба жүзеге асырылуда.

Бірінші бесжылдықта жалпы құны 257,9 млрд. теңгеге 40 жобаның ішінен 32 инвестициялық жоба іске қосылды, 1890 жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күнге 70%-дан жоғары жобалық қуатқа 21 жоба, 50%-дан жоғары – 5 жоба шықты, қалған жобалар жобалық қуатқа кезең-кезеңмен шығуда.

Екінші бесжылдықта 374 тұрақты жұмыс орындарын құруымен жалпы құны 69,3 млрд. теңгеге 8 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Соның ішінде 2015 жылы 115 тұрақты жұмыс орындары құрылатын жалпы құны 21,5 млрд. теңгеге 3 жобаны іске қосу көзделіп отыр:

сүт өнімдерін шығару цехының құрылысы («Жұмагулова Б.М.» ЖК);

бекіре балықтар және қара уылдырықтар шығару аквакешенінің құрылысы («Тәжірибелік-өнеркәсіп аква өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС);

газтурбиналық электр стансасы құрылысы (бірінші іске қосу кешені - 100 МВт, «Батыс Пауэр» ЖШС). Бұл жоба облысымызды электр қуатымен қамтуға және Ресей Федерациясының шекара аймақтарына экспорттауға мүмкіндік береді.

2016 жылы 204 тұрақты жұмыс орындар құруымен жалпы құны 47,4 млрд. теңгеге 4 жобаны іске қосу көзделіп отыр:

экологиялық К5 сыныпты мотор отыны өндірісі жөніндегі зауыт («Конденсат» АҚ);

шөлмектелген ауыз су өндіру бойынша кешен құрылысы («Фирма Родник» ЖШС);

ұсақ бетон бұйымдар өндіру зауытының құрылысы («СпейстройСервис» ЖШС);

құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер шығаруды игеру үшін теңіз кеме құрылысын дамыту («Орал зауыты «Зенит» АҚ).

Жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.



8-кесте

Сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі


Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

Мемлекеттік органдардың сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

жыл

тауарларда

жұмыспен қызметтерде

тауарларда

жұмыстарда

қызметтерде

2012

50,5

98,8

20

24,5

64,6

2013

93,3

99,5

18,9

68,1

79,2

2014

92,7

98,6

14,7

51,4

68,5


Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • бай табиғи ресурстары кен орындарының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);

  • облыстың тиімді геоэкономикалық орналасуы;

  • машина жасау, металлургия, құрылыс өндірісі мен тамақ өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;

  • жұмысшы мамандықтары бойынша сапалы кадрлар дайындау үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының болуы.

  • өңір экономикасы дамуының көмірсутекті шикізаттың дүниежүзілік баға жағдаятына жоғары тәуелділігі;

  • өнеркәсіп құрамындағы тау-кен өндіру өнеркәсібінің жоғары үлесі (90%);

  • жабдықтардың жоғары деңгейде тозғандығы (60-70%), тапсырыстың және айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қолданыстағы өндіріс қуаттылығының толық пайдаланылмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатер

  • отандық тауар өндірушілерге сыртқыэкономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер);

  • ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары (инвестицияларды тарту бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы, «Экспорттаушы 2020» бағдарламасы);

  • кластерлі үлгіде экономиканың дамуы (сондай-ақ, ИИДМБ шеңберінде 2015-2019 жылдары мұнай және газ шығару және өндеу, мұнай-газхимия, мұнай-газ машина жасау және қызмет көрсету кластерін құру жоспарлануда).




  • дүниежүзілік экономикаға бірігуге байланысты жергілікті экономиканың бәсекелестігінің төмендеуі.


Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кездесетін басты мәселелерге өндіріс тиімділігінің артуына бөгет болып отырған жабдықтардың жоғары деңгейде тозғандығы (60-70%), тапсырыстың (мемлекеттік тапсырыстарға және мұнай-газ компанияларының тапсырыстарына тәуелділігінде, бұлар өз кезегінде әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты) және айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қолданыстағы өндіріс қуаттылығының толық пайдаланылмауы. өңдеу секторындағы бөлек салалардың бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің жетіспеушілігі; өнімнің маусымдылығы (мысалы, құрылыс материалдарының) және ресей нарығындағы күшті баға бәсекелестігі.


Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды, онда еңбекке жарамды халықтың үштен астам бөлігі қызмет етеді және жалпы өңірлік өнімнің 3-4%-ын қалыптастырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде облыстың үлесі 2012 жылы - 3,7%-ды, 2013 жылы - 3,3%-ды, 2014 жылы 3,3%-ды құрады.

9-кесте

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млн.теңге



Көрсеткіштер

2012 ж.

НКИ

2011 ж. %-бен

2013 ж.

НКИ 2012 ж. %-бен

2014 ж.

НКИ 2013 ж. %-бен

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

73418,9

82,8

79678,3

104,6

84573,0

103,4

соның ішінде өсімдік шаруашылығы

26671,4

68,0

31119,6

111,1

34370,6

107,7

мал шаруашылығы

46567,9

96,5

48071,5

100,3

49567,5

100,2

қызметтер

179,7

99,2

487,2

2,7 е.

634,9

146,9

Облыстың ЖАӨ-де ауыл шаруашылығының үлесі 2014 жылы 2,7% құрады және 0,1%-ға өсті (2012 жылы – 2,6%). Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығы үлесінің шамалы болғанына қарамастан, облыстың барлық тұрғындарының 11,2%-ы аграрлық секторда жұмыспен қамтылған. Облыс халқының тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады және аграрлық сектордың тиімді дамуы ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Батыс Қазақстан облысында жалпы жер қоры 15,1 млн. га құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары – 12,8 млн. га, оның ішінде егістік жерлер - 0,6 млн. га, тыңайған жерлер - 1,1 млн. га, шабындық - 1,0 млн. га, жайылым - 10,1 млн. га, көпжылдық екпелер - 2,7 мың га.

Мал шаруашылығы

Облыс республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аса бағалы тектік тұқымды қоры бар, етті мал қазақтың ақбас және герефорд тұқымды еділбай тұқымды етті-майлы бағыттағы және ақжайық етті-жүнді тұқымды қой, көшім өнімді тұқымды жылқы және бірегей асыл тұқымды қазақтың бактриан түйесі бар ірі өңірлерінің бірі болып табылады.

Асыл тұқымды мал төлін ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және сатумен айналысатын 16 субъекті жұмыс істейді, оның ішінде 3-нің асыл тұқымды мал зауыты мәртебесі бар, 13-нің асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар. 4 шаруашылық қой өсірумен шұғылданады (19,1 мың бас), 11 - жылқы (5,2 мың бас), 1 шаруашылық түйе өсірумен айналысады (285 бас).

Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, қой шаруашылығында - 2,1%-ды, жылқы – 4,4%-ды, түйе шаруашылығында – 9,9%-ды құрайды.

Асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысатын 39 қожалықтары жұмыс істейді, солардың 30-ы қазақтың ақбас тұқымды (9,1 мың бас), 5 шаруашылық герефорд тұқымын өсіреді (740 мың бас), 1 шаруашылық калмақ тұқымды (10 бас) және 3 шаруашылық асыл тұқымды сүт бағытындағы мал (955 бас) өсіреді.

Етті мал шаруашылығында негізінен қазақтың ақбас сиыры және герефорд тұқымын өсіреді. Облыста өсірілетін ірі қара малының жетпіс пайызға жуығы қазақтың ақбас тұқымына жатады, ал герефорд тұқымы ет формаларын жақсарту және еттік малдың ет өнімділігін ұлғайту үшін пайдаланылады және республикада тек біздің облыста өсіріледі.

Облыстың сүтті ірі қара мал шаруашылығында қара-ала, қызыл-ала голштин және симментал тұқымды ірі қара малдары жоғары үлес салмаққа ие. Сүтті өнімділік бағытындағы мүйізді ірі қара малдар негізінен облыстың солтүстік аудандарында, Зеленов, Теректі, Бөрлі аудандарының агроқұрылымдарында асыл тұқымды сүтті малдар өсіріледі.

Қой шаруашылығы саласында еділбай, волгоград және акжайықтық тұқымдары ұсынылған. Барлық жоғарыда көрсетілген кең тараған тұқымдар бойынша, республикада және облыста да алды еділбай тұқымы. Бұл тұқым күрт континенттік климат құрғақ жағдайлы шөлейт және құрғақ далаға аса бейімделген.

Үйірлі жылқы асыл тұқымды көшім тұқымды жылқысымен, ал түйе тұқымы асыл тұқымды - қазақтың айыр өркешті бактриан түйесімен ұсынылады.

Облыста асыл тұқымды жылқы және түйенің ең құнды генефонды, сондай-ақ олардың ең көрнекті дарақ бастары сақталған.

Малдың өнімділік сапасын және тұқымын жақсарту, сондай-ақ олардың қалпына келтіру қабілетіне кеңінен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс қолданылады, сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру әдісі және жалпы табында асылдандыратын бұқалар пайдаланылады.

Ауылдық округтерде сиыр мен қашарларды қолдан ұрықтандырудың 160 пункттері жұмыс істейді, 2015 жылы қоғамдық табындарда 430 бас асыл тұқымды аталық бұқалар пайдаланылды.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен қолдау көрсетіледі, олардың көлемі мен түрлері жыл сайын артып келеді.

2011-2015 жылдарға есептелген «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыста 5,3 мың тонна ет экспорттауға міндет қойылды. 2014 жылы 1990,5 тонна ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 687,1 тонна сиыр еті, 1297,4 тонна ет өнімдері және 6,0 тонна қосымша өнімдер.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын орындау мақсатында, 11 мың бас ұстауға есептелген төрт мал бордақылау алаңдары салынды («Кроун Батыс» ЖШС, «Әлем» ШҚ, «Қамқор» ШҚ, «Бірлік» ШҚ).

5 шаруашылық («Мұқадес» ШҚ, «Нығмет» ШҚ, «Каукешев.А» ШҚ, «Арай» ШҚ, «Аманер» ШҚ ") жалпы сыйымдылығы 3600 бас мал бордақылау алаңдарын салуды жүргізуде.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығымен айналысатын барлығы 4242 субъекті тіркелген, соның ішінде 2890 мал шаруашылығы (68,2%) айналысады.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі өндірушілері халықтың аула шаруашылығы болып табылады. 2014 жылы барлық өндірілген өнімнің шаруашылықтардың үлесіне еттің – 57,6%, сүттің – 76,8% тиесілі.

Ет пен сүт өндірісінің негізгі үлесі тұрғындардың жеке шаруашылығына тиесілі, бұл өндірістің ұсақ тауарлық екені туралы мәлімдейді және осы саланың дамуын тежейтін басты факторы болып табылады.

Негізгі жұмыс мал шаруашылығын дамытуға мал басын көбейту, өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малы 456,2 мың басты құрайды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға, қой мен ешкі – 1075,4 мың бас (21,4%-ға), жылқы – 116,9 мың бас (29,2%-ға), құс – 937,0 мың бас (8,2%-ға) өсті.

10- кесте



Мал және құс басы

бас


Көрсеткіштер атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014/ 2012, %

Республикадағы үлесі 2014 ж., %

Мүйізді ірі қара малы

390406

417228

456236

116,9

7,5

Қой мен ешкі

885519

959888

1075376

121,4

6

Түйе

2980

2923

2884

96,8

1,8

Жылқы

90456

103180

116891

129,2

6,2

Құс

866160

931791

937000

108,2

2,7

1-сурет


Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Облыстың табиғи климаттық жағдайы мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болып табылады және бұл оңтүстік өңірлер үшін негізгі факторлары болып табылады. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында саланы мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады.

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды суландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына шаруа қожалықтары үшін 63 ұңғыма бұрғыланды және пайдалануға берілді.

Жыл өткен сайын мал шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мәселен, 2014 жылы «ҚазАгрофинанс» АҚ арқылы БҚО «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ және «ОралАгро» ЖШС лизингке 487 бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Қазіргі уақытта облыста 10152 трактор, 51 егіс кешендері, 1425 комбайн, 386 дестелегіш бар.

Өсімдік шаруашылығы облыста дәнді, майлы, азықтық дақылдар, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен ұсынылған.

Облыс бойынша өсімдік шаруашылығымен негізінен Бөрлі, Зеленов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының агроқұрылымдары айналысады.

Облыс климаты шұғыл континенталды болып ерекшеленеді, ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай артады. Ол күн мен түннің, қыс пен жаздың күрт температуралық қарама-қарсылығынан, қыстан жазға тез ауысуынан көрінеді. Бүкіл облыс үшін ауа райының тұрақсыздылығы және атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігі тән, қардың аздығы және күшті желмен қарды алқаптардан айдауы, ауа мен топырақтың өте құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық кезең бойы тікелей күн сәулесі жарығының көптігі және булану процестердің қарқындылығы. Қысы суық, көбінесе бұлтты, бірақ ұзақ емес, ал жазы ыстық және өте ұзақ.

Сонымен қатар облыстың солтүстік бөлігінде күн сәулесінің көп сағатын және құнарлы топырақты ұштастыра отырып жоғары сапалы астық қалыптасуына ықпал етеді: протеин мазмұны және ұн күшімен ол басқа елдердегі (және республиканың басқа да облыстарындағы) бидай дәнінен асып түседі.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша әртараптандыру өткізілуде. 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен облыс Әкімдігі арасында Меморандум жасалды, осыған сәйкес дәнді және майлы дақылдардың ауданы тұрақталынады, жемшөп, картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары кеңейеді.

Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты себу алаңы 2014 жылы 509,5 мың га құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 13,7%-ға кем, (590,4 мың га).

Егістік құрылымында астық алқаптары 321,0 мың га құрайды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 21,3%-ға аз (407,9 мың га).

Майлы дақылдар 37,1 мың га егілген немесе 2012 жылғы деңгейден 43,7%-ға азайды, (65,9 мың га), соның ішінде күнбағыс – 24,2 мың га.

Облыс халқының картоп және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын меншікті өндіріс алаңы артып келеді. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының алаңы 2014 жылы 10,3 мың га құрады, (картоп - 4,5 мың га, көкөніс дақылдары - 4,0 мың га, бақша дақылдары – 1,8 мың га), немесе 2012 жылдың деңгейінен (9,6 мың га) 7,3%-ға көп.

Соңғы жылдары мал шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты жемге сұраныс артуда. Мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету үшін 141,2 мың га алаңында азықтық дақылдар егілді, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен (108,6 мың га) 30,0%-ға көп.

11-кесте

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары

мың га


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 ж. %-бен

Барлық егіс алқабы

590,4

540,9

509,5

86,3

Дәнді дақылдар

407,9

355,2

321,0

78,7

соның ішінде бидай

283,3

242,2

219,0

77,3

Майлы дақылдар

65,9

55,7

37,1

56,3

соның ішінде күнбағыс

38,4

40,3

24,2

63,0

картоп

4,1

4,2

4,5

109,8

көкөніс дақылдары

3,9

3,9

4,0

102,6

бақша дақылдары

1,6

1,7

1,8

112,5

мал азықтық дақылдар

108,6

121,9

141,2

130,0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет