Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



жүктеу 3.14 Mb.
бет4/20
Дата07.03.2018
өлшемі3.14 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2014 жылы ылғал ресурстарын үнемдейтін технологиялар 286,4 мың га алаңында енгізілді немесе барлық дәнді дақылдар егістігінің 89,2%-ы. Тамшылатып суару жүйесі 291 га алаңында қолданылған, 2012 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті (283,6 га).

Маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністермен ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін облыста жалпы көлемі 24,1 мың ш. м. 60 жылыжай бар.

Күрт континенттік ауа-райы жағдайлары, яғни жиі қайталанатын құрғақшылық, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде жауын-шашынның болмауы өсімдік шаруашылығы саласы өнімдерін өндіруді кеңейтуін шектейді.

2014 жылы 39,3 мың га дәнді дақылдар есептен шығарылды, ол жалпы егістіктің 12,2%-ын құрайды. Қалған алқаптың гектарынан 7,9 ц/га, алынған астықты 223,8 мың тоннаны құрайды, 2012 жылғы деңгейден 173%.

Майлы дақылдардың жалпы жиналған көлемі 11,3 мың тонна, 2012 жылғы деңгейден 2,1 есе көп.

Картоп және бау-бақша өнімдері өндірісінің өсуі 2012 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 13,2-5,5% құрады.

12- кесте



Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі

мың тонна



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 ж.

% бен

Дәнді дақылдар

129,3

198,4

223,8

173,1

соның ішінде бидай

101,1

145,6

172,0

170,1

Майлы дақылдар

5,2

15,7

11,3

217,3

соның ішінде күнбағыс

4,4

13,8

9,4

213,6

Картоп

57,0

63,8

64,5

113,2

Көкөніс

54,4

56,8

57,4

105,5

Бақша дақылдары

24,1

24,6

25,5

105,8

Шикізат базасының дамуы және экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюімен, инвестициялық сектордың тартымдылығымен, тұтынушылық сұраныс өсімінің қолдауымен қайта өңдеу саласында тұрақты өсу серпіні жүруде.

Қайта өңдеу өнеркәсібі салалары арасында жақсы дамығаны астықты және етті қайта өңдеу. Ұн тарту өнеркәсібінде 5 ірі кәсіпорын және 20 диірмен жұмыс істейді, сүт саласында - 6 кәсіпорын, етті өңдеумен айналысатын 7 кәсіпорын құрылды, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу бойынша 4 ӘКК және 2 СДО құрылды. Орал қаласында және қала маңындағы аймақта (Зеленов және Теректі аудандары) ірі қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда қайта өңдеу саласында шұжық және еттен жасалған ұқсас өнімдер өндірісі -32,1%-ға, еттен жасалған консервілер – 0,1%-ға, өңделген сүт – 8,6%-ға, ұн – 13,5%-ға, жаңа піскен нан - 33,9%-ға, жарма 33,9%-ға ұлғайды. Пісірілген немесе консервіленген балық өнімдер өндірісі – 50,3%-ға, өсімдік майы – 71,1%-ға,сары май 68,3%-ға төмендеді.

2012-2014 жылдары 18 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды: жобалық қуаты жылына 3 тонна ет және шұжық өнімдерін шығаратын өндіріс цехының құрылысы, қуаттылығы тәулігіне 5 тонна кондитерлік бұйымдар шығаратын 2 цех, 12 мың басқа арналған шошқа өсіру кешені, қуаттылығы тәулігіне 15 тонна ет және шұжық өнімдерінің өндіру бойынша цех, айына қуаты 660 тонна спагетти және жайма-кеспесін шығаратын цех, қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңдеу цехын жаңғырту, қуаты тәулігіне 8 тонна кондитерлік бұйымдарды өндіру бойынша цех, 8,8 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы; тамшылатып суарумен 100 га игеру.

2014 жылы 643 жұмыс орны құрылуымен 637,1 млн. теңгенің 10 жобасы іске асырылды. Олардың ішінде жалпы сыйымдылығы 4,8 мың тонна 2 заманауи көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы бойынша жобалар Орал қ. («ОралАгроСервис» ШҚ ЖШС), сүтті–тауарлы фермасын құру (Бөрлі ауданының «Нұр» ШҚ), азықтық жемшөп өндірісі бойынша жоба (Зеленов ауданының «Асан Аул» ЖШС) және ірі қара мал мен ұсақ мал өсіру бойынша репродуктор шаруашылықтарын құру бойынша жобалары (Жаңақала ауданының «Мусса» ШҚ, Казталов ауданының «Муслим» ШҚ, Тасқала ауданының «Ищанов» ШҚ, Шыңғырлау ауданының «Баурым» ШҚ), суармалы жабдықтар мен картоп жинау техникасын сатып алу («Август» ШҚ), жаңбырлатып суару жүйесін енгізу («Предко» ШҚ).



АӨК бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша саланы дамытуды қолдау үшін бюджеттерден жыл сайын қажетті қаржы қаражаттар бөлу;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды инвестициялайтын қаржы институттарының жеткілікті болуы;

  • жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы.

  • саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

  • өндірістің ұсақ тауарлығы;

  • ауылшаруашылық мұқтаждықтарына пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымның әлсіз суландырылуы;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мал шаруашылығын дамыту;

  • дәстүрлі мал шаруашылығы саласының асыл тұқымдығын және өнімділік сапасын одан әрі жетілдіру;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту;

  • өнімдік және бейімделу қасиеттері бар (белгілері) зауыттық типтегі жануарлардың ғылыми негізделген селекциялық-асыл тұқымдық мақсатты бағытталған жұмыстар арқылы ерекшеленетін асыл тұқымды малдың жаңа желілер мен тұқымдастығын шығару.

  • мал басы санының азаюы, және тиісінше шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің азаюы;

  • шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі;

  • шекаралас елдерден әкелінетін өткір жұқпалы аурулардың жоғары ықтималдығы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері импортының өсуі;

  • өсімдік шаруашылығында құрғақшылықтың жиі қайталануы.

Саланың негізгі мәселелері:

жайылымдардың әлсіз суландырылуы өңірдегі дәстүрлі шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейді;

өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының болмауы;

балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қаржылық қолдаудың шарттарының тартымды еместігі;

ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыс экономикасы дамуының басымды бағыты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы (әрі қарай - ШОК) болып табылады.

2012-2014 жылдары облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16,7%-ға, белсенді ШОК субъектілерінің саны 11,7%-ға ұлғайды.

Ұйымдық-құқықтық нысаны кескінінде ШОК құрамының белсенді субъектілерінің үлесі жалпы тіркелген субъектілерінің санында (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдарында) 80,7% - ЖК, 12,3% - ШФҚ, 7,0% - заңды тұлғаларға келеді.

2012-2014 жылдары ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 23,5%-ға көбейді.

2014 жылы ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге көбейді.

Ұйымдық-құқықтық нысаны кескінінде ШОК субъектілерімен шығарылған өнімнің ең үлкен көлемі заңды тұлғаларға (2012 – 2014 жылдарында орташа – 87,5%), ШФҚ орташа есеппен - 4,6%, жалпы ШОК субъектілерімен шығарылатын өнім көлемінің 7,9%-н ЖК өндіреді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметке сәйкес ЖӨӨ-де ШОК үлесі 40,2 % құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республика аймақтары арасында 2 орынға ие.

13-кесте

ШОК дамуының көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

41213

45745

48088

ШОК субъектілерінің белсенді саны

бірлік

28141

30423

31437

ШОК субъектілерінің жалпы санында белсенділердің үлесі

%

68,2

66,5

65,4

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны

адам

79464

94470

98110

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім

млрд. теңге

284,8

1198,1

1158,2

2010 жылдан бері шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатымен облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (әрі қарай – «БЖК-2020») жүзеге асырылуда.

2012-2014 жылдары «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджет қаражатынан облысымызға 5,3 млрд. теңге бөлінді.

«БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде 3 жылда 235 жоба субсидияланды, 28 жоба бойынша ішінара кепілдік ұсынылды, 48 жоба бойынша жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді, 34 грант берілді.

14-кесте

«БЖК-2020» шеңберінде қаржылық қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Субсидиялау, соның ішінде барлық бағыттар бойынша

105

57

73

Кепілдік

2

3

23

Гранттар

9

18

7

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

6

25

17

«БЖК-2020» бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар нәтижесінде 3 жылда 14,2 мың жұмыс орындары сақталып және қосымша 1,9 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

2011 жылдан бастап «БЖК-2020» шеңберінде «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» 4 бағыты жүзеге асырылуда.

15- кесте

«БЖК-2020» шеңберінде компоненттер кескінінде

оқып шыққандар саны


Қолдау құралдары

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Бизнес кеңесші 1

752

821

948

Бизнес кеңесші 2

-

-

169

Топ-менеджментті оқыту

4

17

14

Іскерлік байланыстар

17

20

13

Аға сеньорлар




2

2

Жас кәсіпкерлер мектебі




140

60

Қаржылық емес қолдау шеңберіндегі «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша 2012-2014 жылдары 2 690 кәсіпкер, соның ішінде «Топ менеджментін оқыту» компоненті шеңберінде – 35 басшы, «Іскерлік байланыстар» компоненті шеңберінде – 50 кәсіпкерлер, шетелде тәжірибесін – 10 кәсіпкерлер өтті, «Аға сеньорлар» компоненті шеңберінде – 4 кәсіпкер, «Жас кәсіпкерлер мектебі» компоненті шеңберінде – 200 кәсіпкерлер оқудан өтті.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың басқа құралы ретінде 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (ЖҚЖК-2020) бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, шағын несие ресурстарына қол жетілімділікті жеңілдетуге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады. 2012-2014 жылдары бағдарламаның екінші шеңберінде ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және шағын несиелендіруге республикалық бюджет қаражатынан 5,2 млрд. теңге бөлініп, толық игерілді. Барлығы 3 жылда сомасы 5 243,8 млн. теңгеге 2 688 шағын несиелер берілді. 2 791 жаңа жұмыс орны ашылды. 3 467 адам оқытылды.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2012-2014 жылдар аралығында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 61 жоба мақұлданды, 3 жоба бойынша жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді, 6 кепілдік және 54 шағын несие берілді.



ШОК бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасау;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлерлікті дамыту қоры» АҚ, кәсіпкерлер қауымдастығы, кәсіпкерлерді қолдау орталығы;

  • Орал қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдау;

  • жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесінің, ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының өсуі.




  • ШОБ субъектілерінің кепілдік мүліктерінің, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • банктік несиелеудің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесі; несие мекемелерінің құжаттарды ұзақ мерзімде қарауы; салық салу саласында жеңілдіктердің болмауы; кредиттік қарым-қатынастар саласындағы жеңілдіктердің болмауы;

  • шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі және салалық теңгерімсіздігі.

  • кәсіпкерлердің хабардар болуының әлсіз деңгейі, білікті кадрлардың тапшылығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.




  • ШОБ қалалық жерлерде шоғырлануы;

  • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

ШОК-тың оң даму серпініне қарамастан, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар: материалдық-техникалық құралдарының қымбаттылығы, кепілдік мүлігінің болмауынан ШОК-тың несиелік ресурстарына қол жеткізу деңгейінің төмен болуы, ШОК-тың инновациялық белсенділігінің төмен болуы, орынжайды жалға беру құнының және жабдықтар бағасының өсуі, кәсіпкерлердің және жалдамалы мамандардың кәсіптік білімінің төмендігі, ШОК дамуына бағытталған ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік мақсатты бағдарламалар жобаларының деңгейінің төмен болуы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген гранттардың мақсатсыз пайдаланылуы.

ШОК-тың дамуына кедергі келтіретін қатерлі факторлар болып:

Мақсатты топ болып табылатын жергілікті тұрғындардың өніміне сұраныстың төмен болуы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің білімінің төмен болуы.



Аудандарда кәсіпкерліктің даму серпінінің төмен болуының негізгі себептеріне коммерциялық банктердің жобаларын аудандарда, ауылдарда жүзеге асыратын кәсіпкерлерді несиелеуге деген қызығушылығының төменділігі жатады. Тәжірибеде белгілі болғандай, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде қойылатын кепілдіктердің болмауынан және жобаның жүзеге асырылуынан туындайтын қауіп-қатерлерден сақтану мақсатында, коммерциялық банктер көбіне мұндай жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Аталған фактор кәсіпкерліктің ауылдық жерлерде дамуына кедергі келтіреді.
Сауда

2014 жылы облыстың бөлшек тауар айналымының көлемі 201,8 млрд.теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 109,7%. Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі.

Өңірдің көтерме тауар айналымы 2014 жылы 238,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 100,3%.

16-кесте


Бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі

млрд. теңге






Бөлшек тауар айналымының жалпы

көлемі


Көтерме тауар айналымының көлемі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 % 2013 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014-2013ж.ж. %

ҚР

4567,7

5474,3

6332,3

109,0

11832,5

14170,4

16210,0

106,2

БҚО

136,4

173,9

201,8

106,6

210,8

221,6

238,9

100,3

Сауда көлемінің даму динамикасында тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі - 51,9%, саудамен айналысатын кәсіпорындар 48,1% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 2014 жылы ең үлкен көрсеткіш 77,2% Орал қаласында байқалды, облыстың аудандарына 22,8% тиесілі.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде азық-түлік өнімдерінің үлесі - 28,8%, азық-түлік емес өнімдері 71,2% құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыста 6 мың сауда объектісі, соның ішінде 4,7 мың дүкен, 22 сауда үйлері жұмыс істейді.

Аймақта сауда базарларын оңтайландыру процесі басталып, әмбебап базарлардың саны мен аумағы қысқартылуда. Облыста барлығы жалпы көлемі 252,9 шаршы метрлік 7913 сауда алаңына арналған 32 сауда базары тіркелді (2014 жылдың басына – жалпы көлемі 171,1 шаршы метрлік 8229 сауда алаңына арналған 36 сауда базары).

Базарлардың басым бөлігі Орал қаласында (7588 сауда орнымен 25 бірлік) және Бөрлі ауданында (153 сауда орнымен 2 бірлік) орналасқан. Орал қаласында сауда кәсіпкерлеріне жалгерлік ақысыз орындар беретін коммуналдық базар жұмыс істеп тұр.



Сауда дамуының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы;

  • жылдық тауар айналымының өсуі;

  • бөлшек сауда базарында құрылған мықты қазақстандық ойыншылардың болуы.




  • инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;

  • жаңа дүкендер немесе жұмыс істеп тұрған дүкендерді кеңейту үшін алаңдардың жеткіліксіздігі;

  • отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі;

  • кәсіптік-техникалық, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша білім беру жүйесінің әлсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • қайта өңдеуші өнеркәсібін дамыту;

  • отандық өнім өндірісін өсіру;

  • әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

  • көлік-логистикалық орталықтары желісін дамыту;

  • бәсекелестікті, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру;

  • орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту.

  • шетел сауда желілері тарапынан отандық ойыншыларды ығыстыру және сіңіру;

  • шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.



Бөлшек сауда саласы әлі ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың пәрменді институты бола алған жоқ. Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы сияқты салада проблемалық мәселелер атап өтілуде;

көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар (алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен түсіндіріледі:

өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы;

бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соқтырады.

Ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын 10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 2 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда.

Бөлшек сауданы жаңғыртудың төмен мөлшерлемесінің негізгі себебі кәсіпкерлердің бизнес-құзыреті үшін ынталандырулардың жоқтығы болып табылады.

Алайда, қазіргі заманғы сауда объектілері мен нарықтарының қайта құру құрылысы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы есебімен қаржы шараларының болуы, осы құралдардың пайдалану облысындағы бөлшек және көтерме сауданы дамытуға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет