Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ



жүктеу 3.41 Mb.
бет13/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Тұрғын үйлерді іске қосу

жалпы ауданының шаршы м



Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2014 ж., %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

246 959

257 149

261 868

101,8

оның ішінде есебінен













бюджеттік қаражат

58 030

62 039

48 385

78,0

меншікті қаражат

188 929

195 110

198 394

101,7

банктердің кредиттері

-

-

1 293

х

басқа да қарыз қаражаттар

-

-

13 796

х

Салынған пәтерлер саны

2 653

2 429

2 602

107,1

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2013 жылы бір адамға 19,1 шаршы метрден ұлғайып, 2015 жылы 19,6 шаршы м құрады (2014 жылы – 19,5 шаршы м).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2013 жылы 13,7 млрд. теңгені құрады, 2014 жылы – 15,5 млрд. теңге, 2015 жылы – 19,4 млрд. теңге.

Көп пәтерлік үйлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метр пайдалы ауданы құрылысыныңорташа нақты құны 2015 жылы 104,7 мың теңге, тұрғындармен салынған тұрғын үйлер – 62,2 мың теңге құрады.

Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 2013-2015 жылдары 16,6 млрд. теңге бөлінді.

2013 жылы 25 мың шаршы м несиелік және 33,1 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал қаласында 8 көп пәтерлік тұрғын үй (812 пәтер), ауылдық жерлерде 8 бір пәтерлік, 9 бір-екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2,6 млрд. теңге бөлінді және 146 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды.

2014 жылы 28,2 мың шаршы м несиелік тұрғын үй, 27,8 мың кв.м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. 7 көп пәтерлік тұрғын үйлер (616 пәтер) және ауылдық жерлерде 44 бір-екі пәтерлік үйлер (47 пәтер) салынды. Инженерлік-коммуникациялық құрылысқа 2,9 млрд. теңге бөлініп, 218,5 км инженерлік желі жүргізу қамтамасыз етілді.

2015 жылы 37,9 мың шаршы м несиелік және 9,7 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал және Ақсай қалалырында 6 көппәтерлі тұрғын үйлер (730 пәтер), ауылдарда 5 бір пәтерлі үйлер салынды. Инженерлік желілерді салуға 1,3 млрд. теңге бөлінді, 20,9 км. инженерлік желілер пайдалануға берілді.

2013-2015 жылдар кезеңі аралығында тұрғын-үйлердің жалпы ауданы 766,0 мың шаршы м пайдалануға берілген.
Құрылыс бойынша SWOT – талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;

  • тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;

  • жеке тұрғын үй құрылысына бос жер учаскелерінің болуы.




  • қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).

  • тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;

  • қаражаттың жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, жалдамалы тұрғын үйлердің әлсіз қарқынмен дамуы;

  • тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру, тұрғын үй құрылыс құрамында қазақстандық үлесін арттыру;

  • жыл бойы бір қалыпты құрылысты ұйымдастыру;

  • жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.

  • қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;

  • мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы;

  • тұрғын үй құрылысы, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.



Қолданылып жатырған шараларға қарамастан бүгінгі күнде әлеуметтік бағытта және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуына әсер ететін бірқатар мәселелер бар;

жергілікті атқарушы органдар тізімінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына жеткіліксіз ақша аударылуы;

экономикалық белсенді халық бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай отыр;

халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.

Азаматтарға тұрғын үйге қол жетімділігі және оларды тұрғын үймен қамтасамыз ету тиімділігін арттыру тұрғын үй салу жолымен жүзеге асады.

Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен болашақта жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысының және қолжетімді құрал, сондай-ақ тұрғын үй несиесінің айырықша көлемінің ұлғаюы.

Сонымен қатар, халықтың көші-қоны секілді демографиялық жағдайларын күшейту, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйге көптеген тұрғындардың тапсырыс беруінің артуы үшін несиелік қорлар шектеулі. Облысымызда құрылыстың өсу қарқынына байланысты мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп үлгермеуде. 2016 жылдың басына тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 20,0 мың адамды (2013 жылы-15,9 мың адам) құрады.

Бұдан басқа мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігінің төмен деңгейлігі өзекті мәселе болып отыр.


Жолдар және көлік

Облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль және темір жол, әуе және су желілерінің тарамдалған желісі орналасқан.

2013-2015 жылдары әр түрлі жүк тасымалдары 1,6%-ға, жолаушылар - 2,5%-ға өсті. Жүк айналымы 3,7%-ға, жолаушылар айналымы 10,2%-ға көп.

39-кесте


Көліктердің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, мың тонна

38 868,0

39 987,8

39 499,5

өткен жылдың кезеңіне %-бен

108,5

102,9

98,8

Жүк айналымы, млн. ткм

2 634,4

2 723,6

2 731,0

өткен жылдың кезеңіне %-бен

108,6

103,4

100,3

Көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау, мың адам

425 757,6

428 310,3

436 337,4

өткен жылдың кезеңіне %-бен

105,8

100,6

101,9

Жолаушылар айналымы, млн. жкм

7 087,5

7 491,9

7 813,7

өткен жылдың кезеңіне %-бен

107,4

105,7

104,3



Автомобиль көлігі

Тасымалданған жалпы жүк көлемінің 99,9% және тасымалданған жалпы жолаушылар санының 99,9% автомобиль көлігінің үлесіне тиесілі.

2015 жылы автомобиль көлігімен 39,5 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2013 жылға қарағанда 1,8%-ға көп, жолаушылар – 435,9 млн.адам (2,4%-ға көп). Жүк айналымы 2721,7 млн.ткм құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға, жолаушылар айналымы – 7350,7 млн. жкм (6,5%-ға көп) өсті.

Қазіргі уақытта облыста 5 халықаралық (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук), 2 облысаралық (Атырау, Ақтөбе), 35 қалалық, 41 облысішілік, 23 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 13 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Орал қаласының автобус маршруттарында 676 бірлік, облысішілік маршруттарда 151 бірлік автобус пен шағын автобустар жұмыс жасап жатыр.

Орал қаласында 521 бірлік такси көлігі бар 35 такси компаниясы қызмет көрсетеді. Аудандарда 33 жолаушылар такси жұмыс жасайды, соның ішінде: Бөрлі – 16, Зеленов – 10, Ақжайық – 3, Сырым – 1, Тасқала – 2, Казталов – 1.

Облыстың 443 ауылдық елді мекенінің 239-ы (54%) автобус қатынасымен қамтылған.

2015 жылы Ақсай қаласында «АқсайСтройСервис и К» ЖШС автостанциясы жұмыс жасайды.

2015 жылы 6 әлеуметтік маңызы бар автобус маршрут бойынша жолаушылар тасымалы облыстық бюджет есебінен 40,0 млн. теңгеге субсидияланды. 23,5 мың жолаушылар тасымалданды.

2013-2014 жылдары Орал қаласында тасымалдаушы-кәсіпорындардың автобус парктері жаңартылды, 100 бірліктен астам жаңа автобус сатып алынып, нәтижесінде жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету деңгейі артты.

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен 2020 жылға дейінгі мерзімде 2 автостанция, 7 жолаушыларға қызмет көрсету пунктін салу және 15 такси тұрағын ашу қарастырылды.

Темір жол көлігі

Облыстың темір жол көлігіне Саратов (Ресей Федерациясы) және Ақтөбе (Қазақстан) қалалары арқылы «Батыс-Шығыс» магистралі қызмет көрсетеді.

Облыс аумағынан өтетін темір жолдың жалпы ұзындығы 431 км құрайды, соның інішде Орал темір жол бөлімшесі – 319,7 км, Жәнібек және Бөкей ордасы аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын Приволжск темір жолы (Ресей Федерациясы) -111 км.

Біздің облыс арқылы «Астана – Киев», «Алматы – Мәскеу», «Ташкент-Харьков» халықаралық жолаушылар пойыздары, облысаралық қатынастағы «Орал-Алматы», «Орал – Ақтөбе», «Орал – Астана» және «Орал – Озинки» және «Орал – Шыңғырлау» екі қала маңы пойыздары өтеді.

2015 жылы екі әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы «Орал-Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» пойыздарын тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға облыстық бюджеттен 120,0 млн. теңге бөлінді. 78,2 мың жолаушылар тасымалданды.

Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындары күзгі-қысқы лайсаң мезгілдерде қатты жамылғылы жолдың және тікелей темір жолдың жоқтығынан облыс орталығына жету үшін едәуір қиындықтарға тап болады.



Әуе көлігі

Облыс аумағы арқылы үш әуе дәлізі өтеді. Жалпы ұзындығы 1172 км транзиттік қатынаспен халықаралық жеті әуе трассасы жүзеге асырылады.

Орал қаласының әуежайы арқылы «Бек Эйр» және «СКАТ» әуекомпанияларымен облыс орталығын Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларымен байланыстыратын тұрақты әуе маршруттары іске асырылуда.

2014-2015 жылдары республикалық бюджет қаражаттары есебінен 6,3 млрд.теңгеге Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдары мен әуежайдың жолаушылар шығатын алаңын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағы 400 метрге (2800 м-ге дейін) ұзартылып, 3 метрге (45 м-ге дейін) кеңейтілді, сонымен қатар халықаралық стандарттар талаптары бойынша бұрынғыдан жетілдірілген жарық дабылды құралдарымен жабдықталды. Әуежайдың электрмен жабдықтау жүйелері бірінші санатты сенімділікте. Сондай-ақ апаттық-құтқару станциясының ғимараты салынды.

2015 жылы әуе көлігімен 131 мың тонна жүк тасымалданды. 332,4 мың адам тасымалданды, бұл 2013 жылға қарағанда 2,4 есеге көп.

Су көлігі

Су көлігі облыстың көлік саласындағы жұмыс көлемі бойынша көп мөлшерде орын алмайды.

Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау облыста Жайық өзені арқылы жеке кеме компаниялары, негізінен, «Флот» ЖШС және «Эсторал» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 623 км құрайды.

2015 жылы су көлігі кемелерімен 34,7 мың тонна жүк (2013 жылға қарағанда 42%), 18,0 мың жолаушы (2013 жылға қарағанда 46,3%) тасымалданды.

Автомобиль жолдары

Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,1 мың км құрайды, оның ішінде 1392,55 км – республикалық маңызы бар автожолдар.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5137,55 км құрайды, оның ішінде қара жамылғылы автожолдар – 1168,0 км (22,7%), қиыршық тасты автожолдар – 2176 км (42,4%), топырақты автожолдар – 1793,6 км (34,9%).

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрамына 63 көпір өткелі және 1142 су өткізгіш құбырлары.

2013-2015 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, қайта құруға, жөндеуге және күтіп-ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттен 15 241,0 млн.теңге бағытталды, соның ішінде 2013 жылы - 2524,8 млн.теңге, 2014 жылы – 7206,6 млн.теңге, 2015 жылы – 5509,6 млн.теңге.

2013-2015 жылдары жалпы ұзындығы 195,3 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (2013 жылы – 18,4 км, 2014 жылы – 60,9 км, 2015 жылы – 116 км).

«Жымпиты-Қаратөбе», «Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу, Қараөзен ауылына кірме жолымен», «Деркөл ауылынан Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолы қиылысына дейін», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдары учаскелерін қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қаратөбе (Қаратөбе ауылы) және Шыңғырлау (Шыңғырлау ауылы) аудан орталықтары облыс орталығы Орал қаласымен қатты жамылғылы жолмен қосылды.

«Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Ақсай-Шыңғырлау», «Жымпиты – Қаратөбе», «Орал-Кирсанов», «Бұлдырты ауылына кірме жол» және «Аңқаты-Сарыөмір», сондай-ақ республикалық маңызы бар «Чапаев-Жалпақтал-Казталов–РФ шек.», «Орал-Тасқала-РФ шек.» және т.б. автожолдар учаскелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.



Көлікті дамыту бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін тарамдалған автомобиль және темір жол, әуе және су желілері орналасқан;

  • көліктердің негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы.




  • негізгі құралдардың айтарлықтай моральды және физикалық тозуы (жылжымалы құрам мен инфрақұрылым);

  • көлік кешенінің негізгі құралдары мен инфрақұрылым ахуалы жеке сектор және мемлекет тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді;

  • қала маңындағы және облысішілік автобус маршруттарындағы жеке тасымалдаушылардың рұқсатсыз ұйымдаспаған жолаушылар тасымалдауы;

  • облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы (2015 жылдың қорытындысы бойынша 74%);

  • шалғай орналасқан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары тұрғындарын облыс орталығымен байланыстыратын тікелей теміржол қатынасының жоқтығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • инфрақұрылымды қамтуды дамыту үшін экономикалық белсенділік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;

  • автомобиль жолдары желісін сақтап қалу және дамыту.




  • автокөліктің жылжымалы құрамының тозуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді;

  • жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жағдайы пайдалану қозғалысының төмендеуіне, көліктерді пайдалану шығынының жоғарылауына, апаттық жағдайлардың өсуіне алып келеді;

  • инвестициялық белсенділік деңгейі мен экономикалық өсім қарқынының төмендеуі.

Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады. Үш аудан орталығының (Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов) облыс орталығымен әлі күнге дейін сенімді автомобиль қатынасы жоқ.

Негізінен облыстық және аудандық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдар V техникалық санатқа жатады. Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Сондықтан, инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2015 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 12,2 млн. текше метр құрайды, соның ішінде 12,0 млн. текше метр немесе 98,4% тұрғын үй жеке меншікте. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 2,2 млн. текше метрі немесе 18% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 31,2 мың текше метрі (0,3%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыста көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1,7 млрд.теңге бағытталды. 2013-2015 жылдары 102 үй жөнделді, соның ішінде 2013 жылы – 27 КПТҮ, 2014 жылы – 40 КПТҮ, 2015 жылы – 35 КПТҮ.

Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жүргізілді.



Электрмен қамту облыс инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. Элекр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылы 1594,7 млн.кВт.с (облыс қажеттілігі – 1843,4 млн.кВт.с) құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға аз.

40 - кесте



Электр қуаты өндірісі





2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2014 ж., %-бен

Электр қуаты өндірісі, млн. кВт. сағ

1 598,3

1 700,6

1 594,7

93,8

Облыста электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» АҚ газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.

Облыста электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде ұзындығы 20437 шақырым, кернеулігі 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ желілері, 3047 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жыл сайын трансформаторлық қосалқы стансалар және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеулер болып тұрады. 2013 жылы – 2867 км, 2014 жылы – 2022 км, 2015 жылы – 3001 км электр тарату желілері жөнделді.

Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100%-ды құрайды.

Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы - 80%, ауылдық жерлерде 90% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі. Облыста 443 елді мекеннің ішінде Бөрлі және Бөкей ордасы аудандардың 2 елді мекені электрмен жабдықталмаған.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша іс-шараларын табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Аймақтың экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарын тұтыну әдетте сол қарқынмен өседі, ішкі аймақтық өнім сияқты, өйткені экономикалық өсу өнім өндірісінің ұлғаюымен, ресурстарды тұтынуымен байланысты.

Осылайша, энергия үнемдеу облыс алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Электр тұтыну құрылымы көрсеткендей 69,1% өнеркәсіп секторына келеді, соның ішінде энергетикаға - 11,9%, көлік секторына – 5,2%, халыққа - 18%, ауыл шаруашылығына – 0,4%, экономиканың басқа салаларына – 12,5%.

Өнеркәсіп секторымен тұтынылатын энергия ресурстарының 52%-н облыстың 18 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары тұтынады.

Осылайша, облыстың электр тұтыну құрылымына жүргізілген талдау энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушылары өнеркәсіп, сонымен қатар электр және жылу энергиясын өндіру секторы екенін көрсетеді.

Тұрғын үй секторы электр энергиясының шамамен 24%-н және жылу энергиясының 26% тұтынады. Жылумен қамтамасыз ету көздерімен жылу энергиясын өндіру 2014 жылы - 3,7 млн. Гкал, 2015 жылы - 3,1 млн Гкал құрады.

Аймақтың тұрғын үй қорының 81,7%-ның жағдайы жақсы, жөндеуді қажет ететіні - 18% және апатты жағдайда – 0,3%.

Облыстың коммуналдық секторының инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі келесідей:

жылумен қамту – 62,2%-ның қалыпты жағдайда, жөндеуді қажет ететіні – 37,8%. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 282,6 км, соның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ – 225,4 км, «Аксайжылукуат» АҚ – 57,2 км;

электрмен қамту - 20%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 80%. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы –20 672,8 км, «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ – 20 437 км, «Аксайгазпромэнерго» АҚ – 235,8 км;

газбен қамту - 94%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 6%. Жалпы ұзындығы – 6640 км.

Бюджеттік секторда әлеуметтік маңыздылығы мен қаржыландырудың жетіспеушілігінен энергия үнемдеу маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні облыстың бюджеттік мекемелерінде 703 216 свет нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші - 24% немесе 168 771 свет нүктелері.

Облыста барлығы 2030 мемлекеттік мекеме бар, соның ішінде білім беру нысандары – 886 (398702 жарық нүктелері), денсаулық сақтау нысандары - 434 (197 307 свет нүктелері), мәдениет нысандары – 701 (105 151 свет нүктелері) және әлеуметтік қорғау нысандары - 9 (4056 жарық нүктелері).

Бүгінгі күні көше жарығында 22 494 сыртқы жарық нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші 35% немесе 7872 жарық нүктелері.

Батыс Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспарына сәйкес облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге 109 іс-шара қарастырылған, соның ішінде кәсіпорын қаражаты есебінен – 1,9 млрд.теңге.

Сонымен қатар бүгінгі күні қолда бар негізгі жабдықтардың техникалық артта қалуы және жоғары тозуы, жөндеу-құрылымдау, энергия үнемдеу жұмыстары бойынша іс-шараларды жүргізуге өз қаражаттарының жетіспеушілігі коммуналдық шаруашылық ұйымдары үшін ортақ мәселе.



Баламалы энергетика

Облыста электроэнергияға орталықтандырылған байланысы жоқ 79 шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 103 қондырғы, оның ішінде 91 күн батареясын және 12 жел қозғалтқышын орнатты.

Орал қ. жеке тұрғын үйлерге күн панелдерін қоюға «Инерт Газпром» ЖШС компаниясының мүмкіндігі бар. Аталған компаниямен жасақталған «Жиынтық қүаттылығы 2 МВт дейін күн электрстанциясының құрылысы» жобасы ұсынылып отыр. Электростанция көлемі 5 000 кв.м территориясында орналасады. 1200 үйге жуық қолдана алатын күн электростанциясы жылына 4,4 млн. кВт сағат электроэнергияны өндіруге мүмкіндігі бар.

Аталған жобаны іске асыру екі кезеңге жоспарлануда. Бірінші кезеңде кейіннен 2 МВт дейін өсуімен қуаттылығы 500 кВт күн электростанциясы салынады.

2014 жылы энергия көзін жаңғырту көздерінен 5,6 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Сумен қамту

Су көздерінің ластануынан, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауынан, сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз болуынан облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 89,2%-ды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 87,9%, Ақсай қаласы – 100%.

Қалалық коммуналдық су желілерінің жалпы ұзындығы 603,6 шақырымды құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 429,7 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 шақырым.

Тозығы жеткен жағдайдағы 270,2 шақырым су құбыры желілері бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 155,4 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 114,8 шақырым.

2013 жылы 18,9 шақырым су құбыры желілері ауыстырылды, 2014 жылы – 27,3 шақырым, 2015 жылы – 6,4 шақырым. 2013 жылы апаттық жағдай мен суды айыру саны 203 бірлік құрады, 2014 жылы – 109 бірлік, 2015 жылы – 90 бірлік.

Ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 2013 жылы 69,2%-дан 2015 жылы 76,5%-ға дейін өсті.

01.01.2016 ж. жағдайы бойынша 443 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 160-сы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі бар, 279 АЕМ орталықтандырылмаған сумен қамтуды пайдаланады, 4 АЕМ тасымалды суды пайдаланады.

Коммуналдық меншікте тұрған ауылдық елді мекендердегі су жүйесінің жалпы ауданы 1724 км. 717,3 км (41,6%) су құбыры жүйесінің тозығы жеткен жағдайда.

«Ақ Бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 7 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1055,6 млн.теңге бөлінді және игерілді. 86,7 шақырым су құбыры салынды және 126,6 шақырым жаңғыртылды. Екі мың данадан астам суды есептеу аспаптары орнатылды. Нәтижесінде 2,9 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 5,6 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.

2014 жылы 11 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1055,6 млн.теңге бөлінді және игерілді, 152,7 шақырым су құбыры желісі іске қосылды. Нәтижесінде 5,8 мың адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 6,1 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.

2015 жылы 2 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 661,4 млн.теңге бөлінді және игерілді, 160,5 шақырым жаңғыртылды.

41- кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет