Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ


Орталықтандырылған сумен қамтылуы



жүктеу 3.41 Mb.
бет14/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Орталықтандырылған сумен қамтылуы






2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

АЕМ сумен қамтылуы

34,7

35,9

36,1

Ауыл тұрғындарының сумен қамтылуы

69,2

75,1

76,5

Қала тұрғындарының сумен қамтылуы

83,0

100,0

100,0

Аталмыш салада негізгі проблема су құбыры желісінің тозуы болып табылады. Осыған байланысты қажетті көлемдегі және кепілді сападағы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сумен қамту жүйелерін жаңадан салуды жалғастыру және қолданыста барын жаңғырту қажет.



Суды бұру

2015 жылы қала тұрғындарының орталықтандырылған суды бұруға қол жетімділігі 83,7%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 81,0%, Ақсай қаласы бойынша – 100% құрайды.



Кәріздік желілердің ұзындығы 414,2 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 362,3 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 51,9 шақырымды құрайды. Ауыстыру қажет ететін кәріздік желілер 220,8 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 178,8 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 42 шақырымды құрайды.

Кәріздік желілер 30 жылдан астам пайдалануда және желілердің – 81%, кәріздік сорғы стансалардың - 75% жоғарғы тозу деңгейі негізгі проблемасы болып табылады.

Облыста 2 кәріздік құрылыс жұмыс істеуде. 2013 жылы кәріздік тазарту желісі арқылы 12 398 мың текше метр, 2014 жылы – 12 584 мың текше метр, 2015 жылы – 10 251 мың текше метр ағызылды. 2013 жылы - 1,8 шақырым, 2014 жылы – 12,4 шақырым, 2015 жылы 13,2 шақырым су бұру желілері ауыстырылды.

Жылумен қамту

Орал және Ақсай қалалары орталықтандырылған жылуды пайдалануда. Орал қаласының жылумен қамтуын 561 Гкал/сағ. қуаты бар қалалық ЖЭО және 14 қазандық қамтамасыз етеді, Ақсай қаласын 7 қазандық жылытады. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 99,8%, Ақсай қаласы бойынша - 100% құрайды. 2014 жылы жылумен қамту көздерінің жылу энергиясын өндіру 3,7 млн. Гкал, 2015 жылы 3,1 млн. Гкал құрады.

Саланың негізгі проблемасы 52,7% құрайтын желілердің тозуы болып табылады, оның деңгейі өткізіліп жатқан шараларға байланысты төмендеу үрдісі бар.

2013 жылы облыс бойынша 13,7 шақырым жылу желісі, 2014 жылы – 13,7 шақырым, 2015 жылы – 12,1 шақырым ауыстырылды.

2015 жылы магистралдық жылумен қамту желілерін айыру және апатты жағдайлар болған жоқ (2014 жылы – 9 жағдай)

Облыстың ауылдық елді мекендерін газдандыру жалғасуда. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету 2013 жылы 86,7%-дан 2015 жылы 92%-ға дейін, ауыл тұрғындарын 72,9%-дан 83,9%-ға дейін ұлғайды.

42- кесте



Табиғи газбен қамтылуы




2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Облыс тұрғындарының газбен қамтылуы, %

86,7

91,2

92

Ауыл тұрғындарының газбен қамтылуы, %

72,9

82,6

83,9

Облыстың елді мекендерін газдандыруға 2013-2015 жылдары мемлекеттік бюджеттен 9,7 млрд.теңге бағытталды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚФ өз қаражаты және бюджет қаражаты есебінен 2013 жылы – 2680,9 км, 2014 жылы – 3049,2 км, 2015 жылы 3226,5 км газ құбыры салынды. 264,2 мың адамы бар 260 АЕМ табиғи газға қосылды.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • өз электр энергиясы өндірісімен қамтамасыз етілуі;

  • электр энергиясын өндіру өнеркәсібі өсімінің артуы;

  • халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарғы үлесі;

  • коммуналдық шаруашылық нысандарындағы апаттардың қысқаруы.

  • электр желілері, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозуының жоғарғы деңгейі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • электр желілері, магистралдық және жылу, сумен қамту және суды бұру желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

  • инженерлік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту арқылы халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.




  • өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозығы жетуі және толықтай тоқтауы.



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың негізгі проблемалық мәселесі болып электр, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозығы жетуі, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының жаңа желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі: коммуналдық қызметтің қолданыстағы тарифтері желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындарын жаппайды; өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылым жүйелеріне қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтарының жеткіліксіздігі.


Экология және жер ресурстары

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер, элеваторлар ауа бассейнін негізгі ластаушылар болып табылады, облыс бойынша стационарлық көздерден ластану көлемі 2015 жылы 42,4 мың тоннаны құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 18%-ға азайды. Ластаушы көздер саны 10,2%-ға артты. 2015 жылы облыстағы кәсіпорындар мен барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемінен ластаушы заттардың 58,7% ұсталынды және зарарсыздандырылды.

43- кесте

Атмосфераға зиянды ластаушы заттардың шығарылуы көлемінің өзгеру серпіні





Өлшем бірлігі

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2014 ж. %-бен

Ластаушы заттарды шығаратын стационарлы көздер саны

бірлік

10360

10532

11415

108,4

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

мың тонна

60,4

44,7

42,4

94,9

соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындар бойынша

мың тонна

22,9

26,4

23,0

87,1

Ұсталынды және зарарсыздандырылды

мың тонна

34,8

40,8

58,7

143,9


Су ресурстарының ластануы, ағынды су қалдықтарының көлемі. Облыста ізінше жергілікті жер бедеріне жеткізетін ағынды суды тазалайтын қондырғылары, жинағыш және фильтр алаңы бар кәсіпорындар жұмыс істейді: КПО б.в., «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Ақсайжылуқуат» МКК, «Конденсат» ААҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, Орал мұнай құбырлары басқармасы.

Жайық өзеніне жіберілетін 2 шартты-таза су: “Батыс Су Арнасы” ЖШС ауыз су дайындайтын станциясынан, №2 ПР – 10/35 турбинасының салқындататын жүйесінен Орал ЖЭО болып отыр.

Үш ағынды суды жинағыш, соның ішінде екі Орал қаласының ағынды суларын және біреуі – Ақсай қаласының ағынды суын жинақтайтын орын бар.

Орал қаласының (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) ағынды сулары канализациялық тазалау қондырғыларында механикалық тазаланудан, қолдан жасалған тоғандарда табиғи биологиялық тазаланудан өтеді және №2 жинақтаушыға құйылады.

44 - кесте

Шығарындылар көлемі


Төгінділер түрлері

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2014 ж., %-бен

Өнеркәсіп төгінділері

Су бұру көлемі, мың текше м

3 691,1

3 446,9

2 762,7

80,2

Ластаушы заттар көлемі, мың тонна

11,3

12,4

14,5

116,9

Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар

Су бұру көлемі, мың текше м

7 760,3

6 567,1

8 783,5

133,8

Ластаушы заттар көлемі, мың тонна

2,24

2,3

3,62

157,4

Жерүсті су қоймаларына төгінділер

Су бұру көлемі, мың текше м

7 638,6

7 569,5

6 425,2

84,9

Ластаушы заттар көлемі, мың тонна

0,85

0,83

0,764

92,0

2015 жылы облыс бойынша өнеркәсіп төгінділері көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға азайған. Төгінділер көлемінің қысқаруы техникалық регламентке сәйкес ілеспе-пласт суларды тазарту үрдісінде техникалық суды аз пайдаланумен, жер бедеріне КПО б.в. ластанбаған аумағынан жаңбыр және қар суы төгінділерінің болмауы және қайталама пайдаланудың артуымен байланысты.

Ағынды сулардың төгінділерін жүзеге асырушы ірі кәсіпорындар КПО б.в., «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Ақсайжылуқуат» МКК, «Конденсат» ААҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, Орал мұнай құбырлары басқармасының «КазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы, «Жайықмұнай» ЖШС.

2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ағынды сулардың төгінділер көлемі ұлғайды (13%-ға), бұл Орал мұнай құбырлары басқармасының «КазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының «Сахарный» мұнай жылыту станциясы жатақханасының фильтрлері мен сужылытқыштарын ағынды сумен тазалауына байланысты. Басқа кәсіпорындарда ағынды сулардың төгінділер көлемі аз мөлшерде өсті немесе азайды («Батыс Су Арнасы» ЖШС, КПО б.в., «Ақсайжылуқуат» МКК).

Шығарындылары бар барлық кәсіпорындармен шекті жол берілетін сұраныс нормативтерінің жобасы дайындалды, ағынды сулардың төгінділері белгіленген лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Ағынды сулардың негізгі көлемі Орал және Ақсай қалаларында қалыптасады.

Радиациялық жағдай. Бүгінгі күнге облыс бойынша радиациялық жағдай тұрақты, облыс аудандарындағы гамма-фон сағатына 0,01-0,19 мкр/сағ құрайды. Облыста тоғыз кәсіпорын 13786,67 ГБк жиынтық белсенділікті 53 радиоактивті көздерді өз жұмыстарында қолданады. Облыс бойынша сәулені иондайтын және радиоактивті ластаушы иесіз қалған көздер табылған жоқ, уранды кен орындары жоқ.

Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Облыстың қатты тұрмыстық қалдықтары полигондар мен жинағыштарға, сондай-ақ ұйымдастырылған ауыл қоқыстары үйінділеріне шығарылады.

Облыс аумағында екі ҚТҚ полигоны жұмыс істейді, Орал және Ақсай қалаларында. Сонымен қатар облыста 415 әртүрлі елді мекеннің қоқыс немесе қалдықтарды орналастыратын орындары бар. Олардың бір бөлігінде (239) жерге орналастыру құжаттары бар, қалғанында (176) белгіленген тәртіпте ресімделген жерге орналастыру құжаттары жоқ.

Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық ынталылығы мен техникалық деңгейінің төмен болуы және қажетті жабдықтардың болмауы салдарынан, облыста пайда болатын ҚТҚ-ның 1,7 пайызы (2015 жыл мәліметі бойынша) ғана өңделіп, қайта пайдаланылады.

«Орал қаласы ҚТҚ полигоны құрылысы» ТЭН жасалуда (22,2 млн. теңге).

Сонымен қатар, қалдықтарды жинау және өңдеудің, сондай-ақ энергияны сақтау және экологиялық таза технологиялардың өсу қарқыны орын алып отыр, атап айтқанда:

«Талап» ЖШС - 2011 жылдан бастап пайдалануға жарамсыз сынапқұрамды, люминесцентты және энергия үнемдегіш шамдарды қабылдап, залалсыздандырады. Шамдарды залалсыздандыратын өз қондырғылары бар;

Орал және Ақсай қалаларында медициналық қалдықтарды өртеу тәсілімен зазалсыздандыруды «Талап» АҚ, «Облыстық аурухана» МКК және Бөрлі аудандық ауруханасы жүзеге асырады. Кәсіпорындардың медициналық қалдықтарды өртеуге арналған газды отынды пештері бар;

«Антей» ЖШС – полимер қалдықтарды өндеумен айналысады. Су құбырлары мен кәріз жүйесіне арналған люктар, полимер тақталар, полимер сыйымдылықтарды шығарады. 2015 жылы 14 тонна қалдық полимер қабылданып, өңделді;.

«СТН» ЖШС – мұнай негізінде емес бұрғылау қалдықтарын өңдеу бойынша алаңды іске қосты. Қосымша мұнай негізіндегі шламды және мазутталған топырақты өртеу тәсілімен зарарсыздандыратын қондырғы орнатылды. Аталған кәсіпорынмен «Жайықмұнай» ЖШС, «Урал ойл энд газ» ЖШС, «Карповский северный» ЖШС шламдары қабылданады. Өңдеуден кейінгі залалсыздандырылған қалдықтарды құрылыс материалдары және жол құрылысында қайталама материал ретінде пайдаланылады;

«А.Үсенов» ЖК қағаз қалдықтарын өңдейтін жабдық сатып алды. 2015 жылы өңдеуге 150 тонна қағаз қалдықтарын қабылдады;

«ВТС Уральск» ЖК және «Куксова» ЖК өз аумақтарында қағаз қалдықтарын (қаптама қағаз және қораптар, полимерлер) қабылдауды ұйымдастырды. 2015 жылы бұл жұмыстар едәуір жандандырылып, олармен 1660 тонна жиналып, облыс сыртына өңдеуге шығарылды;

КПО б.в. кәсіпорынның кеңсе ғимараттарында қағаз қалдықтарын бөлек жинауды ұйымдастырды, 2015 жылы - 42 тонна қайталама шикізат жиналды;

«БГС-Ақсай» ЖШС, «Альтаир» ЖШС, «Ареал» ЖШС, «Жайықсельстрой» ЖШС және басқалары сияқты облыстың ірі құрылыс кәсіпорындары құрылыс алаңдарының ауытқуын және шұңқырларын таза топырақпен толтырудың орнына құрылыс қалдықтарын («инертті» материалдар) қолданады. Осы мақсаттарға пайдаланылған қалдықтардың көлемі шамамен жылына 3 мың тоннаны құрайды;

«ҚазАрмапром» ЖШС және «Орал құю механикалық зауыты» ӨК металл қалдықтарын өздерінің құю өндірісіне қабылдап және қайта өңдейді. 2015 жылы 4,0 мың тонна металл сынығы өңделді. «Казармапром» ЖШС өндірістік ғимаратын жылытқыш ретінде металл шлактарын пайдалануда;

«Конденсат» АҚ шығарылатын шикізаттың зертханадан сапасын тексеруден өткізгеннен кейін мұнай өнімдерін құю технологиясына қайтаруды жүзеге асырады (жылына 2 тонна);

«Орал құс фабрикасы» ЖШС және «АҚАС» ЖШС шаруа қожалықтары мен тұрғындарға тыңайтқыш түрінде құстың саңғырығын өндіріп өткізеді, жылына 4,5 мың тоннадан кем емес;

2013-2015 жылдары табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен 341,3 млн. теңге бөлініп, игерілді (соның ішінде 2013 жылы - 97,0 млн. теңге, 2014 жылы - 115,8 млн. теңге, 2015 жылы -128,5 млн. теңге).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округінде Барбастау өзенінде суқоймасының бөгет ағаштарын және түп бекітпелерін күрделі жөндеу (81,7 млн. теңге) және Көшім өзенінің жағалауын тереңдету (108,7 млн. теңге) жұмыстары жүргізілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Бөрлі ауданының Облавка ауылында жағалауларды бекіту жұмыстары аяқталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасында Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар, өзен арнасын тереңдету және тазалау, зиянды заттарды төгуді тоқтату бойынша жұмыстарын жүргізу қарастырылады.

Облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту мәселесі бойынша 2009-2015 жылдары аралығында республикалық бюджеттің есебінен «БҚО Варфоломей су торабындағы су тарату ғимаратын қайта құру», «Үлкен Өзеніне Орал-Көшім жүйесінен бассейінаралық су жіберу арнасын қайта құру I және II кезеңі», «БҚО Казталов ауданыңдағы Фурманов каналының КП 190 - ПК 406 дейін күрделі жөндеу», «Үлкен өзендегі Айдархан су қоймасын қайта қалпына келтіру және қайта құру» бойынша жобалар іске асырылды. Ақпәтер ауылы маңында Үлкен Өзен өзеніне Орал-Көшім жүйесінен бассейнаралық су жіберу үшін Киров-Шежін каналын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы шараларды қолдану РФ-нан су мәселесі бойынша тәуелділікті азайтады, облыстың оңтүстік аудандарының су шаруашылығы жағдайын жақсартады және тасқын суларын жинақтайды.

«Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарына іргелес орналасқан аумақтардың экологиялық мәртебесін анықтау мақсатында елді мекендер және аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, тұрғындардың денсаулығын және дозалық жүктемені, радиоэкологиялық жағдайын және аумақтың экологиялық жағдайын Кешенді бағалау әзірленді. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы «Азғыр» және «Капустин Яр» полигондарына іргелес орналасқан елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша 2016 жылға арналған ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (Жол картасы) бекітілген.



Орман шаруашылығы

Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 216,7 мың га құрайды (01.01.2013 ж.– 215,5 мың.га, 01.01.2014 ж.– 215,5 мың.га. 01.01.2015 ж.– 215,3 мың.га).

Орманмен көмкерілген алқаптың көлемі 100,8 га (мемлекеттік орман қорының орман алқабынан 47%) немесе 2014 жылмен салыстырғанда мемлекеттік орманы қорының аумағында орын алған орман өрттеріне байланысты 2,1 мың га азайды (01.01. 2013 ж. – 102,9 мың га, 01.01.2014 ж.– 103,0 мың га, 01.01.2015 ж. – 102,9 мың га).

Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемін молайту мақсатында 2015 жылы ағаш егу жұмыстары мемлекеттік орман қоры аумағында 250 га аумақта (жоспар 250 га), жол жиектерінде орман жолақтарын құру 100 га, ағаш егу арқылы құм тоқтату жұмысы 150 га аумақта жүргізілді. Мемлекеттік орман қорында біржылдық орман екпелердің жерсінуі 49,8%-ды құрайды. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында және орманды қайта қалпына келтіру шараларына 3274,4 мың дана (жоспар 2500 мың дана) ағаш көшеттері мен орман егілімдері өсірілді. 4,2 мың кг (жоспар-2,5 мың кг) әртүрлі ағаш-бұталардың дәндері жиналды.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайтылуда. 2013-2015 жылдар аралығында 1 өрт сөндіру машинасы, 7 МТЗ тракторы, 12 УАЗ автокөлігі, 1 ВАЗ автокөлігі, 2 ГАЗ жүк автокөлігі алынды.

Екпелердің жоспарлы жерсінуіне қол жеткізу мақсатында топырақ дайындау шараларының сапасын арттыру бойынша, өсіріліп отырған ағаштардың түрлерін көбейту, жергілікті жерлерге бейімделген ағаш түрлерін өсіру шаралары атқарылуда. «Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны» РМҚК орман орналастыру мекемесімен дайындық жұмыстары аяқталды. Облыста орман орналастыру жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 2,8 мың га орманмен көмкерілген алқапты құраған 50 орман өрті оқиғасы орын алды.

Орманды өрттен қорғау мақсатында ұзындығы 2100 км минералды орман жолақтарын орналастыру және 7300 км қашықтыққа күту жұмыстары жүргізілді. Орман орам соқпақтарын кесу, тазалау жұмыстары 97 км және өрт қауіпіздігіне арналған және орман шаруашылығы жолдарын жөндеу жұмыстары 70 км қашықтықта жүргізілді.

Орман өртінің алдын алу мақсатында 3 дана өрт бақылау мұнараларын орнату жүргізілуде.

Орман жерлерінің көлемді болуы және дала өрттерінің орман өртіне ұласуы әуеден бақылауды қажет етеді, бұл бақылау өртті уақытылы сөндіруге ықпал етіп, шығынды азайтар еді.



Экология бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • «2014-2040 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

  • Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтап қалу туралы келісімге қол қою;

  • жыл сайын тазалау құрылымдарын кеңінен қолдану арқылы тұрақты көздерден шығарындыларды азайту;

  • 2,3,4 санаттарға мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатнама беру бойынша мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру, «Е-лицензиялау» бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлықпен күрес және бизнесті дамытуда кедергілерді азайту үшін қызметті көрсету мерзімін қысқарту және рәсімдерді оңтайландыру;

  • орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру құралдарымен және техникалармен жабдықтау;

  • бірегей табиғаттың болуы. Құрғақ далада сирек кездесетін флора мен фаунасы сақталған қорықтық аймақтардың болуы.

  • облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту мәселесі бойынша Ресей Федерациясына тәуелділігі;

  • Ириклин су қоймасынан Жайық өзенінің төменгі жағына маусымаралық кезеңде санитарлық мақсаттағы жіберілетін судың көлеміне тәуелділігі;

  • облыста жинақталған тұрмыстық қалдықтар көлемінің өсуі;

  • көптеген полигондардың және ауылдық ҚТҚ орындарының санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес болмауы;

  • орман шаруашылығы саласында мамандардың жетіспеуі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • бекіре тұқымдастарды қолдан көбейтудің балама түрлерін енгізудің шұғыл шаралары алынған жағдайда және осы арқылы тауарлы бекіре балығын өндіруді дамыту;

  • ҚТҚ морфологиялық құрамы 78 пайызға дейін қайталама заттардан тұрады. Коммуналдық қалдықтардың барлық көлемінен тиімді компонентерді теріп алғанда (резина және резинотехникалық бұйымдар, пластик материалдары, әйнек, қағаз и т.б.), көмуге арналған қалдықдар көлемі едәуір азаяды;

  • ҚТҚ өңдеу бойынша салаға бизнесті тарту;

  • орман өрттерін болдырмау үшін бақылауды күшейту, уақытылы сөндіру мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әуеден бақылау жүйесіне енгізу;

  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын орман шаруашылығы жұмыстарына тарту.

  • экологиялық жағдайдың күрт төмендеуі, өзеннің түбін құм басуы, жағасының шайылуы, жағалаудағы өсімдіктердің деградацияға ұшырауы және биологиялық алуантүрліліктің азаюы;

  • Қамыс-Самар өзендерінің, Қамбақты, Қашқар, Балықты Сакрыл көлдерінің кеуіп кетуі. Облыстың оңтүстік аудандарында инженерлік лимандардың және табиғи шабындықтарына су құйылмауы мал басының санының азаюына әкеледі;

  • орман өрттері;

  • орман шаруашылығы саласында еңбекақының төмен болуы салдарынан мамандардың жалақысы көп салаға ауысуы, жұмыстан шығып кетуі.



Маңызды экологиялық мәселелер:

Жайық, Деркөл, Шаған өзендерінің және Шалқар көлінің экожүйесін сақтау, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту нысандарын қайта құру және қалпына келтіру;

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, өңдеу және залалсыздандыру, жер ресурстарының ластануының алдын алу, ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу;

«Лира» нысанындағы ядролық жарылыстар нәтижесінде қалыптасқан, «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондары әсерінен пайда болған жерасты сиымдылықтарының экологиялық мәселелері;

Орал қаласында кәріздік тазалау құрылғыларын қайта құру, ағынды суларды тазалау тиімділігін арттыру.

Орман шаруашылығындағы мәселелер:

соңғы 20 жылдың ішінде орман ұйымдастыру шараларының жүргізілмеуі және орман шаруашылығы, орман қорғау, өртке қарсы шараларға жобалық-сметалық құжаттамасының әзірленбеуі орман шаруашылығын дамытуға теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде, орман шаруашылығы мекемелері тұздылығы жоғары алаңдарда, орман егуге жарамсыз, құнарсыз жерлерге егу жұмыстарын жүргізеді.

ауа райы жағдайына (құрғақшылық және ауаның жоғары температурасы, сонымен қатар облыс өзендеріне жайылма кезеңнен қорек келмеуі) байланысты орман өсімдіктерінің төмен өсімі (70%); орман өрті, оның себепшісі адамның іс-әрекеті және табиғи фактор болып келеді. Ірі орман өрттеріне сараптама нәтижесінің қорытындысы дала өрттерінің мемлекеттік орман қорына жалғануынан пайда болатынын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет