Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ



жүктеу 3.41 Mb.
бет6/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

АӨК бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша саланы дамытуды қолдау үшін жыл сайын бюджеттерден қажетті қаржы қаражатар бөлу;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды инвестициялайтын қаржы институттарының жеткілікті болуы;

  • жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы.

  • саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

  • өндірістің ұсақ тауарлығы;

  • ауылшаруашылық мұқтаждықтарына пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымның әлсіз суландырылуы;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мал шаруашылығын дамыту;

  • дәстүрлі мал шаруашылығы саласының асыл тұқымдығын және өнімділік сапасын одан әрі жетілдіру;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту;




  • мал басы санының азаюы, тиісінше және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару азаюы;

  • шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі;

  • шекаралас елдерден өте жұқпалы аурулар әкелінуі жоғары ықтималдығы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері импортының өсуі;

  • өсімдік шаруашылығында құрғақшылықтың жиі қайталануы.


Саланың негізгі проблемалық мәселері табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі, аймақта дәстүрлі жайылымдық мал шаруашылығын дамытуды тежейтін жайылымдардың әлсіз суландырылуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлылығы.

Қайта өңдеу секторын дамытуды тежейтін негізгі факторлар: шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымауы, ол қайта өңдеу қуаттарының толық емес жүктелуіне әкеп соғады; сондай-ақ өнімсіз делдалдардың (алып сатарлар) болуы өнімнің негізсіз қымбаттауына септігін тигізеді, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің және қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта төмен бәсекеге қабілеттілігі; импорттың едәуір көлемдерінің болу себебінен отандық азық-түлік өнімдерінің ішкі нарықта өткізуге байланысты қиындықтар.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыс экономикасы дамуының басымды бағыты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы (әрі қарай - ШОК) болып табылады.

2013-2015 жылдар аралығында тіркелген ШОК субъектілерінің 0,1%-ға төмендеді, бұл ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлердің азаюымен байланысты. Белсенді ШОК субъектілерінің саны 30,5%-ға өсті.

2013-2015 жылдар аралығында ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 14,8%-ға өсті.

2015 жылы ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2013 жылмен саластырғанда 2,7 есеге өсті.

16- кесте



ШОК даму көрсеткіштері


Көрсеткіш

Өлшем бірл.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

45 468

48 088

45 402

ШОК субъектілерінің белсенді саны

бірлік

30 337

31 437

39 603

ШОК субъектілерінің жалпы санында белсенділердің үлесі

%

66,7

65,4

87,2

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны

адам

92 323

98 110

106 011

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім

млрд. теңге

371,8

1 158,3

1 006,8

2010 жылдан бері шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатымен облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2015 жылы оның негізінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бірыңғай Бағдарлама) қабылданып, іске асырылуда.

2013-2015 жылдары Бірыңғай Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджет қаражатынан облысқа 6,7 млрд. теңге бөлінді.

Бірыңғай Бағдарлама аясында 3 жылда 268 жоба субсидияланды, 84 несие бойынша ішінара кепілдік ұсынылды, 45 жоба бойынша жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді, 48 грант берілді.

17- кесте

Бірыңғай Бағдарлама аясында қаржылай қолдау алған

жобалар саны


Қолдау құралдары

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Субсидиялау, соның ішінде барлық бағыттар бойынша

56

117

95

Кепілдік

3

23

58

Гранттар

22

10

16

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

25

17

3

2011 жылдан бастап Бірыңғай Бағдарлама аясында 4 - бағыт «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» жүзеге асырылуда.

18 - кесте

«Бірыңғай Бағдарлама аясында компоненттер кескінінде

оқып шыққандар саны


Қолдау құрылғылары

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Бизнес кеңесші 1

821

948

764

Бизнес кеңесші 2

64

169

125

Топ-менеджментті оқыту

17

14

14

Іскерлік байланыстар

20

13

15

Аға сеньорлар

2

2

2

Жас кәсіпкерлер мектебі

140

61



ШОК қаржылық емес қолдау шеңберіндегі «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша 2013-2015 жылдары 2597кәсіпкер, соның ішінде «Топ менеджментін оқыту» компоненті шеңберінде – 45 басшы, «Іскерлік байланыстар» компоненті шеңберінде – 48 кәсіпкер, шетелде тәжірибесін – 6 кәсіпкер өтті, «Аға сеньорлар» компоненті шеңберінде – 6 кәсіпкер, «Жас кәсіпкерлер мектебі» компоненті шеңберінде 201 кәсіпкер оқудан өтті.

Бірыңғай Бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар нәтижесінде 3 жылда 15,9 мың жұмыс орындары сақталып және қосымша 2,2 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

Мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтық түсімдер көлемі 14,4%-ға немесе 2013 жылы 43,1 млрд. теңгеден 2015 жылы 49,3 млрд. теңгеге дейін артып отыр (2014 жылы – 47,3 млрд. теңге).

Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың басқа құралы ретінде 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (ЖҚЖК-2020) бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, шағын несие ресурстарына қол жетілімділікті жеңілдетуге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады. 2013-2015 жылдары бағдарламаның екінші шеңберінде ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және шағын несиелендіруге республикалық бюджет қаражатынан 2,5 млрд. теңге бөлініп, толық игерілді. Барлығы 3 жылда шағын несие 1339 адамға берілді, 971 - өз ісін ашты, 1812 жұмыс орны құрылды, 368 адам өз бизнесін кеңейтті.
ШОК бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасау;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлерлікті дамыту қоры» АҚ, кәсіпкерлер қауымдастығы, кәсіпкерлерді қолдау орталығы;

  • Орал қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдау;

  • жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесінің, ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының өсуі.




  • ШОБ субъектілерінің кепілдік мүліктерінің, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • банктік несиелеудің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесі; несие мекемелерінің құжаттарды ұзақ мерзімде қарауы; салық салу саласында жеңілдіктердің болмауы; кредиттік қарым-қатынастар саласындағы жеңілдіктердің болмауы;

  • шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі және салалық теңгерімсіздігі.

  • кәсіпкерлердің хабардар болуының әлсіз деңгейі, білікті кадрлардың тапшылығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.



ШОК-тың оң даму серпініне қарамастан, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар: материалдық-техникалық құралдарының қымбаттылығы, кепілдік мүлігінің болмауынан ШОК-тың несиелік ресурстарына қол жеткізу деңгейінің төмен болуы, ШОК-тың инновациялық белсенділігінің төмен болуы, орынжайды жалға беру құнының және жабдықтар бағасының өсуі, кәсіпкерлердің және жалдамалы мамандардың кәсіптік білімінің төмендігі, ШОК дамуына бағытталған ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік мақсатты бағдарламалар жобаларының деңгейінің төмен болуы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген гранттардың мақсатсыз пайдаланылуы.

Аймақтың ШОК-тың дамуына кедергі келтіретін қатерлі факторлар:

Мақсатты топ болып табылатын жергілікті тұрғындардың өніміне сұраныстың төмен болуы;

ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің білімінің төмен болуы.

Аудандарда кәсіпкерліктің даму серпінінің төмен болуының негізгі себептеріне коммерциялық банктердің жобаларын аудандарда, ауылдарда жүзеге асыратын кәсіпкерлерді несиелеуге деген қызығушылығының төменділігі жатады. Тәжірибеде белгілі болғандай, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде қойылатын кепілдіктердің болмауынан және жобаның жүзеге асырылуынан туындайтын қауіп-қатерлерден сақтану мақсатында, коммерциялық банктер көбіне мұндай жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Аталған фактор кәсіпкерліктің ауылдық жерлерде дамуына кедергі келтіреді.
Сауда

2015 жылы облыстың бөлшек тауар айналымының көлемі 195,4 млрд.теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 90,8%. Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі.

Өңірдің көтерме тауар айналымы 2015 жылы 231,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 99,4%.

19 -кесте



Бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі

млрд. теңге





Бөлшек тауар айналымының көлемі

Көтерме тауар айналымының көлемі

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. %-бен

2014 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. %-бен

2014 ж.

ҚР

5474,3

6332,3

6555,8

97,5

14170,4

16210,0

16240,5

100,0

БҚО

173,9

201,8

195,4

90,8

221,6

238,9

231,9

99,4

Сауда көлемінің даму динамикасында халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі байқалады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі – 52,1%, саудамен айналысатын кәсіпорындар 47,9% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 2015 жылы ең үлкен көрсеткіш 72,1% Орал қаласында байқалды, облыстың аудандарына 27,9% тиесілі.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде азық-түлік өнімдерінің үлесі – 29,0% (2013 жылы – 23,2%), азық-түлік емес өнімдері 71,0% (76,8%) құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыста 5 мыңға жуық сауда объектісі, соның ішінде 4,6 мың дүкен, 5 сауда үйлері жұмыс істейді.

Аймақта сауда базарларын оңтайландыру процесі басталып, әмбебап базарлардың саны қысқартылуда. 2016 жылдың басында облыста барлығы жалпы көлемі 274,3 шаршы метр 7970 сауда алаңына арналған 34 рынок тіркелді (2014 жылдың басына – жалпы көлемі 171,1 шаршы метр 8229 сауда алаңына арналған 36 рынок).

Үлгісі бойынша аралас базарлар (жалпы санынан 46%), тауар ерекшелігі бойынша – әмбебап (62,5%), сату түрлері бойынша – бөлшек сауда (94,2%).

Базарлардың басым бөлігі Орал қаласында (7619 сауда орнымен 27 бірлік) және Бөрлі ауданында (168 сауда орнымен 2 бірлік) орналасқан. Орал қаласында сауда кәсіпкерлеріне жалгерлік ақысыз орындар беретін коммуналдық базар жұмыс істеп тұр.
Сауданың дамуы бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы;

  • тауар айналымының өсуі;

  • бөлшек сауда базарында құрылған мықты қазақстандық ойыншылардың болуы.




  • инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;

  • жаңа дүкендер немесе жұмыс істеп тұрған дүкендерді кеңейту үшін алаңдардың жеткіліксіздігі;

  • отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі;

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

  • отандық өнім өндірісін өсіру;

  • әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

  • көлік-логистикалық орталықтары желісін дамыту;

  • бәсекелестікті, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру;

  • орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту.

  • шетел сауда желілері тарапынан отандық ойыншыларды ығыстыру және сіңіру;

  • шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.



Бөлшек сауда саласы әлі ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың пәрменді институты бола алған жоқ. Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, салада проблемалық мәселелер байқалады;

ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы;

көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар (алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен түсіндіріледі:

өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы;

бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соқтырады.

Ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын 10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 2 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда.

Бөлшек сауданы жаңғыртудың төмен мөлшерлемесінің негізгі себебі кәсіпкерлердің бизнес-құзыреті үшін ынталандырулардың жоқтығы болып табылады.

Алайда, қазіргі заманғы сауда объектілері мен нарықтарының қайта құру құрылысы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы есебімен қаржы шараларының болуы, осы құралдардың пайдалану облысындағы бөлшек және көтерме сауданы дамытуға ықпал етеді.


Аймақаралық ынтымақтастық

Аймақаралық ынтымақтастық экономикалық қатынастардың маңызды факторы болып қалады, бұлардың негізінде түрлі өнеркәсіп салаларындағы өндірістік кооперацияның дәстүрлі қалыптасқан сұлбасы бар.

Батыс Қазақстан облысының іс жүзінде барлық аймақтармен сауда-экономикалық қатынастары бар. 2015 жылы басқа аймақтарға адамдар саны 50-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша тиеп-жөнелтілген өндірілген өнімнің көлемі 43 617,1 млн. теңге (2014 жылы – 65 540,1 млн.теңге) құрады. Өнеркәсіп өнімінің ең көп көлемі Алматы облысына (76,2%) жіберілді, ол табиғи газды жеткізумен түсіндіріледі. Аймақаралық қызметінің ең белсенді қатысушылары Астана қаласы (9,8%), Атырау (3,8%), Манғыстау (2,8%), ОҚО (3,4%), Карағанды (2,8%) облыстары болып табылады.

Аймақаралық ынтымақтастықта белгілі бір тауар түріне дистрибьюторлардың болуы (жосықсыз бәсеке) күрделі мәселе болып табылады. Тауарлық нарықта үлкен өндірістік компаниялардың дистрибьюторларының (өкілдерінің) болуына байланысты, көбінесе шетелдік, жергілікті өнім өндірушілер олармен бәсекелесе алмайды, өйткені сұранысқа ие болған кейбір тауарлардың бағалары олармен демпингтенеді.

Аймақаралық ынтымақтастық дамуының жақсаруы:

мәдениет және экономикалық әлеуеті туралы аймақаралық ақпараттық айырбастауды ұйымдастыру;

аймақтың көрме-жәрмеңке шараларын жыл сайын өткізу;

қауымдастық құрылымдарымен және бірлестіктермен (Батыс Қазақстан облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы) халықаралық және аймақаралық ынтымақтастық саласы бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде ақпарат алмасу және бірлескен ұсыныстарды құру;

аймақтар арасында тәжірибие алмасу үшін алаңдар ұйымдастыру арқылы жеке бастамаларды және өнеркәсіп әлеуетін дамыту;

аймақтық тауарөндірушілерді маркетингтік ілгерілетуді ұйымдастыру арқылы аймақаралық тауар айналымының үлесін арттыру.

20-кесте

Аймақаралық ынтымақтастық жүргізетін

облыс кәсіпорындары


Кәсіпорын атауы

Жеткізілетін өнім

Аймақ-серіктес атауы

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ

мұнайгаз жабдықтары

облыстар: Атырау және Маңғыстау

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ

навигациялық жабдық

Атырау облысы

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ

кеме және катерлер

Маңғыстау облысы

«Орал механикалық зауыты» ЖШС

иінді білік

облыстар: Ақтөбе, Алматы, Қостанай, ОҚО, СҚО

«Оралагрореммаш» АҚ

арнайы өрт сөндіру авто машиналары

облыстар: Ақмола, Алматы, Астана қаласы

«Орал құю-механикалық зауыты» ӨК

шойын бұйымдар

облыстар: Атырау, Маңғыстау

««Омега» прибор құру зауыты» АҚ

«Тазасу» қондырғылары

Барлық аймақтар, Шығыс Қазақстаннан басқа

«Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы» АҚ

силикатты кірпіш, ізбес

қалалар: Өскемен, Қарағанды

облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда



«Гидромаш-Орион-КТБҚ» ЖШС

темірбетон бұйымдары

облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау

«Стройкомбинат» ЖШС

керамзиттік қиыршық тас

қала: Астана

облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау



«Стеклосервис» ЖШС

әйнек

Қазақстаннның барлық аймақтары

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС

полиэтилендік құбырлар

облыстар: Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда

«Желаев нан өнімдер комбинаты» АҚ

ұн, макарон өнімдері

Қазақстаннның барлық аймақтары

«Кублей» ЖШС

консерв бұйымдары

Қазақстаннның барлық аймақтары

«Агропродукт – ЛТД» ЖШС

шұжық өнімдері

Қазақстаннның барлық аймақтары

«КроунБатыс» ЖШС

ет және ет өнімдері

облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік-Қазақстан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет