Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ


Аймақаралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау



бет7/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
#1294
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Аймақаралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілген өнімі көлемінің сандық артуы;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлер қауымдастықтары, кәсіпкерлерді қолдау орталығы;

  • Орал қаласында кәсіпкерлерді қолдау Орталықтарын құру;

  • ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін моноқалалар мен шағын қалалардың кәсіпкерлері үшін үлкен жеңілдіктер беретін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру;

  • кәсіпкерлікті қолдауға жыл сайын бюджеттік шығындарды арттыру.




  • кепілзаттық қамтамасыздың болмауы себебінен несиелік ресурстарына қолжетімділігін шектеу;

  • банк несиелерінің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемелері; несиелік мекемелерде құжаттарды қарауының көп уақыттылығы; салық салу саласында жеңілдіктердің болмауы; несиелік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;

  • жұмысшылар және меншік иелерінің тәжірибесінің болмауы, білікті мамандардың жеткіліксіздігі;

  • шағын және орта бизнеске қатысты ҚНА-дің жетілдірілмегендік мәселелері; заңды көмектің жетілдірілмегендігі немесе болмауы, кәсіпкерлердің біліксіздігі;

  • салалық теңгерімсіздік және шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • аутсорсинг және франчайзинг қағидалары негізінде ірі және орта кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациялық байланыстарды жолға қою;

  • шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;

  • нарықтағы сұраныс және ұсыныс, бәсекелестер, шикізат жеткізушілер, дайын өнімдерді өткізу және тендерлерде қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін құру;

  • шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту.

  • жұмыссыздықтың, бірқатар шағын және орта кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты әлеуметтік алаңдаушықтың артуы;

  • әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеу себебінен мердігерлік жұмыстар көлемінің азаюы;

  • ішкі нарықта импорттық тәуелділіктің өсуі.



Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдің проблемалары:

өңірлердің айтарлықтай қашықтығы, бұл көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын негіздей отырып өңіраралық тасымалдаудың жоғары көліктік шығындарына ұштастырады;

экономиканың көптеген салаларының төмен бәсекеге қабілеттілігі, тұтыну және инвестициялық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың үстемдігін негіздей және қазақстандық компанияларға қолда бар әлеуетін ішкі нарықта пайдалануға мүмкіндік бермейді.


Инновациялар

2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 857 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді. Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың саны 2015 жылы 35 бірлік құрады, соның ішінде 18 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібінде.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,1% құрады (2014 ж. – 6,6%).

Инновация саласының барлық түрлері бойынша жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалады және 13,2% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2015 жылы 18,4% құрады.

Инновациялық өнім көлемі 3316,7 млн. теңге құрады, соның ішінде өткізілген өнім сомасы 645,9 млн. теңге. Экспортқа шығарылған инновациялық өнім көлемі 38,8 млн. теңге құрады.

Өнімдік және үдерістік инновациялар шығыны 3956,6 млн. теңге құрады. Бұл ретте, кәсіпорынның өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған меншіктік қаражат шығындары 2812,9 млн. теңге құрайды, бұл инновациялық қызметті жүзеге асырудың барлық шығындарының 71,1%-ын құрайды.

21-кесте


Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Респонденттер саны, бірлік

646

768

857

Инновациялық белсенді кәсіпорындар саны, бірлік

34

51

35

Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі, %

5,3

6,6

4,1

Инновациялық өндірілген өнімнің көлемі, млн. теңге

9 009,9

5 996,5

3 316,7

Өнімдік және үдерістік инновациялар шығындары, млн. теңге

10 692,9

2 745,3

3 956,6

Инновациясы бар кәсіпорындардың саны 2014 жылы 51-ден 2015 жылы 35-ке дейін, өндірілген инновациялық өнім көлемі 5,9 млрд. теңгеден 3,3 млрд. теңгеге дейін азайды, бұл көптеген кәсіпорындардың алдыңғы жылдары инновациялық белсенділігі және инновациялық кезеңнің (2012-2014 жылдары) аяқталуына, сондай-ақ РФ рубль бағамының өзгеру әсерінен өндірістің және инновациялық жобаларға тапсырыстардың төмендеуімен байланысты.

Машина жасау, прибор құру, мұнай-химия және табиғатты қорғау технологиялары саласындағы инновациялық қызметті ынталандыру және қажетті жағдайлар жасау мақсатында облыста «Алгоритм» технопаркі жұмыс істейді. Технопаркке инновациялық инфрақұрылымды құру, сонымен қатар облыстың инновациялық үдерісін құрайтын - ғылыми әлеует, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпорындардың өзара әрекетін қамтамасыз ету мақсаты қойылған.

Облыста инновацияның дамуына септігін тигізетін бірқатар құрылымдар, қорлар, бизнес орталықтары жұмыс жасайды. Бұған «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ, ӘКК жанындағы инновация және инвестицияларды тарту орталығы, бизнес-инкубаторлар, фермерлерге, кәсіпкерлерге жәрдемдесу қоры және басқалар жатады. Олар консалтингтік, ақпараттық қызметтер, бизнес-жоспарлау және маркетингтік қызметтер көрсетеді.

Инновациялық гранттар беру мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен тұсаукесерлер, семинарлар, конференциялар үнемі өткізіледі. Ақпараттық-таныстыру жұмыстары (көрме қызметтері, бизнес-конференциялар, семинарлар, инвестициялауға әлеуетті инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру консалтингі) жүргізіліп отырады. Облыс әкімдігі және облыстағы ЖОО арасында инновацияларды дамыту, өнеркәсіп кәсіпорындарымен кооперацияны дамыту мәселелері жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Инновацияны дамыту және енгізу бойынша ведомстволық жоспар дайындалып, іске асырылуда.

«Алгоритм» технопаркі» ЖШС негізінде зияткерлік меншік құқықтары иегерлері - ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, жеке тұлғалардың ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында аймақтық коммерцияландыру орталығы (бұдан әрі - АКО) ұйымдастырылды.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Қазақ инновациялық технологиялар және басқару институтымен, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетімен ынтымақсатық туралы келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, облыста Инновацияларды дамыту жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) және «Алгоритм» технопаркі» ЖШС Қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері келесі ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар болып табылады: КПО б.в., «Жайық Мұнай» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және т.б. Қамқоршылық кеңесімен ҒТК-нің «Аэробот өндірісін ұйымдастыру» және «Көлік техникасы және технологиялық жабдықтар тораптарына арналған қайта-айналғыш сырғыту мойынтірек жаңа құрамын дайындау» жөніндегі 2 жобасы мақұлданды. ҒТК шеңберінде АКО-ның бастамасымен «Коммерцияландыру мәселелері бойынша келісілген ұсынбаларды игеру және жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы» құрылды.

Бұдан басқа, облыста жеткілікті станоктар паркі бар бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді.

Бұрынғы қорғаныс кешені зауыттарының кадрлық және техникалық әлеуеті сақталған. Аймақтың бірқатар кәсіпорындарда конструкторлық топтар бар, ҒЗТКД (ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық дайындаулар) қағидасы бойынша жұмыс сақталған.

Облыстың инновациялық дамуының алғышарттарына келесі факторлар жатады: машина және прибор құру саласында жоғары білікті мамандардың болуы; қорғаныс саласы кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті; қолданылмайтын өндірістік орындар; пайдалы қазбалары бар кен орындарының болуы.

Кәсіпорындармен жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті негізінде кебекәйнек, «Жабық су айналымы қондырғысында ерекше азықтандырылатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың аквамәдениеті» жобасы жүзеге асырылуда, сонымен бірге жасанды қиыршық тас жасап шығару жөніндегі жобаның тұсаукесері өткізілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттар беруге қолдау көрсетіліп келеді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2012-2015 жылдары 45 инновациялық жобаны іске асыруға 112 млн. теңге қаржы бөлінді.

Негізінен инновациялық жобалар кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на жолданған жобалар қолдау таппады.


Инвестициялар

2013-2015 жылдары өңірде инвестициялардың тұрақты өсуі байқалады. 2015 жылы ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесі 21,4%-ды құрайды, бұл 2013 жылғы деңгейден жоғары (2013 жылы - 10,9%).

2013-2015 жылдары негізгі капиталға инвестициялар шамамен 830 млрд. теңгені құрады. 2015 жылы республика бойынша жалпы көлемдегі облыс инвестициясының үлесі 5,2% құрады (2013 жылы – 3,2%).

22-кесте


Негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге



Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %

Негізгі капиталға инвестициялар

193 869,0

270 092,4

365 962,7

100,0

Нақты көлем индексі алдыңғы жылға, %

114,5

137,3

132,1

-

соның ішінде













республикалық бюджет қаражаты

24 654,0

32 096,9

25 700,2

7,0

жергілікті бюджет қаражаты

3 385,0

13 132,9

10 477,1

2,9

өз қаражаттары *

131 222,0

182 745,7

307 867,1

84,1

банктердің кредиттері

5 312,7

12 072,7

10 434,2

2,9

қарыз қаражаттар

29 295,3

30 044,2

11 484,1

3,1

* - кәсіпорындардың өз қаржысы, шетелдік кәсіпорындардың өз қаражатын қоса
Негізгі түсім немесе инвестициялардың 68,1% облыстың тау-кен өнеркәсібін дамытуға бағытталды. Бұл ретте, 2014 жылға қарағанда 2015 жылы инвестициялардың 32,1%-ға өсуі шетел инвесторларының қаражаттарын Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын игеруге салуымен байланысты.

23 - кесте



Пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша

негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге



Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы

193 869,0

270 092,4

365 962,7

100,0

соның ішінде:













Өнеркәсіп

135 780,0

194 711,5

287 676,1

78,6

соның ішінде:













тау-кен өнеркәсібі

117 809,8

164 542,7

249 157,0

68,1

өңдеу өнеркәсібі

7 921,6

12 148,3

20 626,1

5,6

электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау

5 308,5

13 822,9

12 870,1

3,5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

4 740,1

4 197,6

5 022,9

1,4

Құрылыс

1 394,9

2 425,4

5 617,3

1,6

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

728,9

695,2

545,3

0,1

Көлік және қоймалау

25 444,1

25 777,4

22 657,9

6,2

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

2 456,7

4 880,1

3 707,4

1,0


Білім беру

2 185,5

4 483,8

5 085,5

1,4

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

5 335,9

5 472,2

4 061,6

1,1

Қызметтердің басқа түрлерін көрсету

20 543,0

31 646,8

36 611,6

10,0

Қолайлы бизнес ахуалға, аймақтың инвестициялық тартымдылығына, табиғи және минералдық бай ресурстардың болуына, өңірдің қолайлы географиялық орналасуы мен қолайлы инвестициялық жағдайдың болуына қарамастан, инвестициялар құрылымы өзгеріссіз қалпында қалып отыр, яғни ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету және басқа салаларда қарқынды өсім байқалмайды. Ең ірі кәсіпорын-инвесторларының көбі мұнай-газ өнеркәсібінде шоғырланған.



Облыс аудандары аумағының инвестициялық тартымдылығы

Облыс аудандарының аумағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға мүмкіндік беретін ресурстық әлеуетке ие.

Бөрлі ауданында ірі Қарашағанақ мұнай-газ конденсат кен орны және Ақсай бор кен орындары бар.

Зеленов ауданында Чинарев мұнайгаз конденсат кен орны игерілуде, құрылыс құмын, құмды-қиыршық тас қоспасы, сазды (кірпіштік) шикізатын, Погодаев кен орнында керамзит сазын, Цыганов кен орнында кварцты құмын барлау және өндіру жұмыстары іске асырылуда.

Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» борлы-калий тұз кен орны, «Индер» кен орнында құмды-қиыршық тас қоспасы мен құм игерілуде.

Теректі ауданындағы Түксай кен орнында сазды керамзит шикізатын, цемент шикізаты бар Ақсуат кен орнында борды, Ақжайық кен орнында минералды суды және басқаларын өндіру ұйымдастырылған.

Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар кен орнында бор, сазды шикізат және опока қорлары бар, гидравликалық қоспа ретінде Шипов кен орнында табылған кремний сазын пайдалануға болады.

Зеленов, Теректі, Тасқала, Сырым және Бөрлі аудандарының ауыл шаруашылығы алқаптары өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе және Казталов аудандары мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөптік ауыл шаруашылығы алқаптарына ие.

Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандары шекара маңындағы аудандар болып табылады және Ресей Федерациясының облыстарымен шекараласады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемі немесе 53,9% Бөрлі ауданына салынды (197,9 млрд. теңге), бұл Қарашығанақ газконденсаты кен орнын игерумен байланысты. Зеленов ауданына 25,2% инвестициялар тартылды немесе 92,2 млрд.теңге, бұл Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орнын игерумен байланысты. Орал қаласына 15,4% немесе 56,3 млрд.теңге инвестициялар салаларды дамытуға бағытталды.

Теректі ауданына – 4,8 млрд.теңге (1,3%), Жаңақала – 3,5 млрд.теңге (1,0%), Казталов - 2,9 млрд.теңге (0,8%), Ақжайық – 2,8 млрд.теңге (0,8%) инвестициялар бағытталды.

2015 жылы Бөрлі ауданында 1084,8 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өнімнің жалпы көлемінен 83,3%. Өнеркәсіп өнімінің 8,4% - Орал қаласына, 7,6% Зеленов ауданына тиесілі.

Ресурстық-шикізаттық әлеуетке байланысты Бөрлі және Зеленов аудандарында тау-кен өндіру өнеркәсібі дамыған.

Машина жасау, металл өңдеу, құрылыс индустриясы, тағам, жеңіл өнеркәсібі саласының кәсіпорындары, негізінен Орал қаласында шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен шамамен 70% Орал қаласына тиесілі.


Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • табиғи және минералдық ресурстарға бай болуы салдарынан облыстың инвестициялық тартымдылығы;

  • қолайлы географиялық орналасуы;

  • машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарындағы жоғары білікті кадрлар;

  • қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті.




  • шарттық қатынастар мен заңдардың сақталуын қамтамасыз ететін заңнамалардың тұрақсыздығы және тетіктерінің болмауы;

  • инвестицияларды тарту бойынша (кедендік және валюталық режим) әлсіз бәсекелестік жағдайлар;

  • инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтар, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және өзгелері) инфрақұрылымдардың дамымағандығы;

  • инвестицияларды тартумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымдарды қалыптастыру;

  • экономиканың қайта өңдеу секторына өндіруші секторынан инвестицияларды қайта бөлу есебінен экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.




  • инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау;

  • негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлемінен өңірді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту;

  • инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнес және ғылымның өзара әрекеттесуінің әлсіздігі инновациялық дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы, технологиялар трансферті мен инновацияларды енгізудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі, ал бизнес құрылымдарда озық ғылыми жетістіктері мен перспективалары, оларды коммерцияландыру туралы ақпарат проблемасы бар.

Отандық зерттеулер мен әзірлемелер нақты нарықтық талаптар мен шарттарға әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікті сақтамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тәртібі жоқ.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді көрсететін проблемаларға инфрақұрылымның дамымауы, инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау, инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы және т. б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет