Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ



жүктеу 3.41 Mb.
бет8/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Әлеуметтік сала
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру.

2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста 157 балабақша, 52 «мектеп-балабақша» кешені және 261 шағын орталық жұмыс жасайды. 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар саны 465-тен 470 бірлікке дейін өскен.

Жалпы, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен (3-тен 6 жасқа дейін) қамтуда 97,9%-ға дейін арттырумен айқындалған оң беталыс байқалады (2013 жылы – 95,7%).

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың оң серпіні баланың бірінші сыныпқа қабылдануына дайындығын арттыруға және жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оның табысты бейімделуіне ықпал етті.

24- кесте

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму көрсеткіштері





2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 жыл 2014 жылға %-бен

Мектепке дейінгі ұйымдар - барлығы

469

465

470

101,1

оның ішінде: мемлекеттік

462

457

456

99,8

жеке

7

8

14

175,0

Балабақша саны

145

149

157

105,4

Мектеп -балабақша саны

39

52

52

100

Шағын орталықтар саны

285

264

261

98,9

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны, мың адам.

27,6

28,1

28,5

101,4

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %

95,7

97,5

97,9

х

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі білім беру ұйымдары желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.



Орта білім беру

Облыстың білім беру мекемелерінің саны – 393 мектеп, оның ішінде 389 - мемлекеттік, 4 - мемлекеттік емес.

Облыстың мектептерінде үшауысымдық оқу жойылды.

2014 жылы облыста 3 апатты жағдайдағы мектеп жұмыс жасады. 2015 жылы 3 нысан құрылысы есебінен (Теректі ауданының Госплемстанция ЖМ, Жаңақала ауданының Х.Нұрымғалиев және Абай атындағы ЖМ) облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептер жойылды.

Шағын жабдықталған мектептер санының көп болуы өңірдің білім беру жүйесінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан ауылдық жерлерде 330 (84,8%) мектеп орналасқан, оның 233-і немесе 70,6% - ШЖМ.

Аймақта жеткілікті жоғары білім денгейі байқалады. 2015 жылы 3116 мектеп бітірушісі ҰБТ түріндегі орта мектеп бойынша қорытынды аттестаттаудан өтіп, жалпы мектеп бітірушілердің 68,02%-ын құрады. ҰБТ орташа балы 83,62 құрады (2014 жылы - 81,25 балл), республикалық көрсеткіш –79,4 балл (республика өңірлері арасында 3-орын).

ҰБТ нәтижелерінің мониторингі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылғы бітірушілердің білім сапасы бойынша көрсеткіштері 2,37 балға жоғары.

Сондай-ақ, қала мектептері түлектерінің орташа ҰБТ көрсеткіші (86,51) ауыл мектептері түлектерінің ҰБТ нәтижелерінен (81,79) 4,72 балға жоғары екендігі байқалады. Қала және ауыл мектептерінің білім сапасы арасындағы айырмашылық ауылдық жердегі мектептердің көпшілігінің шағын жинақты болуы және материалдық-техникалық жағынан аз қамтылуымен түсіндіріледі.

Қабылданған шараларға қарамастан, білім беру сапасына кері әсер ететін факторлар бар. 139 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ, мектептердің 33,0%-да тамақтану бейімделген ғимараттарда ұйымдастырылған, тамақтану блоктарының тек 17,6%-ы қазіргі заманғы құрылғымен жабдықталған.

Облыстың мектеп жасындағы балаларының 100% тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Облыстың педагог кадрларының саны 11840 адамды құрайды, соның ішінде жоғарғы санатты – 1551, 1 санатты – 4125 адам, 2 санатты – 3376 адам.

25-кесте


Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің даму көрсеткіштері





2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 жыл 2014 жылға %-бен

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер - барлығы

410

401

393

98,0

оның ішінде: мемлекеттік

407

397

389

97,0

жеке

3

4

4

100,0

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны, мың адам

87,0

88,7

91,4

103,0

ҰБТ-ның орташа баллы

78,15

81,25

83,62

102,9

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны,

оларда:


38

38

38

38

оқушылар саны, мың адам

24,7

22,1

20,5

92,7

мамандар шығару, мың адам

8,3

7,4

7,3

98,6

2015 жылы жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 12 бірлікке артып (5,5%), 230 мектепті құрады, бұл барлық мектеп санының 59,1%-ын құрайды, жоспарлы индикатор бойынша 45%.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі 108 түзете-дамыта оқыту сыныптарында 590 оқушы білім алды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 10,5%-ға артық. Түзете-дамыта оқыту сыныптарының саны 12 бірлікке көбейді (12,5%).

Жалпы білім беретін мектептерде 197 арнайы педагог (110 дефектолог және 87 логопед) бірлігі енгізілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20 бірлікке немесе 11,3% -ға артық.

Балаларды инклюзивті біліммен қамту 3,7%-ға көбейіп, мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 58,3%-ын құрады, бұл да жоспарлы индикатордан жоғарғы көрсеткіш (55,0%).

Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.



Техникалық және кәсіптік білім беру.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 20,5 мың жалпы оқушы контингентімен 38 бірлікті құрайды, соның ішінде 27-сі мемлекеттік колледждер.

Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 77 мамандық пен 143 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда.

ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны 1917 адамды құрайды, оның ішінде 300-і өндірістік оқыту шеберлері.

Облыстың әр ауданында колледждер жұмыс жасайды, даярланатын кәсіптер мен мамандықтар тізімі облыс экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілген.

ТжКБ ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген 3380 түлектің 2575-і (76,2%) кәсіпорын базасында тәжірибеден өту орнымен қамтамасыз етілген.

2015 жылғы түлектердің кәсіби даярлық деңгейін тәуелсіз бағалау 56 мамандық және 93 біліктілік бойынша 5955 адамды қамти отырып, жүзеге асырылды. Сәйкестік сертификаттарын 5861 адам алды немесе қатысушылардың жалпы санынан 98,4%.

Сонымен қатар, ТжКБ саласында шешілмеген мәселелер де бар. 27 техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының 7-уі бейімделген ғимараттарда орналасқан, 4 оқу орнының жатақханалары жоқ.

Бизнес қауымдастығы мен оқу орындары арасындағы қарым-қатынастың дамуы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері базасында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуде қиындықтар орын алуда. Жұмыс берушілердің қатысуынсыз өндіріске қажетті мамандарды дайындау мүмкін емес. Сондықтан мамандарды дайындау, кәсіптік білім беру үрдісінде жұмыс берушілердің рөлін, жауапкершілігі мен құзырын ретке келтіру қажет және жеке сектордың қаржысын білім беруге тартудың заңнамалық негізін жасақтау қажет. Кадрларды дайындау үрдісіне, педагогикалық кадрлардың тағылымдамадан өтуіне және оқу орындардың материалдық базасын жақсартуға демеушілік көмекті көбейту.

Колледждерде оқу үдерісінің сапасын көтерудің кідіртуші факторларына қазіргі заманғы оқу әдебиетінің тапшылығы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі жатады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарын қажетті оқу құралдары мен техникамен әрі қарай жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері қарастырылуда.

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және сақтандыру шараларын жүргізу.

Облыста 998 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар немесе 0-ден 18 жасқа дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан 0,6%. Олардың ішінен 633 бала қорғаншылық және қамқорлық орындарында орналасқан, 160 бала – қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеленуде, 205-і білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 4 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленуде.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 224 балаға немесе 18,3%-ға азайды.
Білім беру бойынша SWOT- талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

  • мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жоғары қамтылуы;

  • мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер.




  • білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

  • балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

  • білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі толық дамымаған;

  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

  • колледж бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • білім беру нысандары құрылысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту;

  • электрондық оқытуды енгізу;

  • жеке балабақшалар ашу;

  • қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту;

  • отбасылық үлгідегі үйлерді ашу.




  • білім беру нысанының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы;

  • еңбекақының төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың кетуі;

  • саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымының материалдық және техникалық базасының айтарлықтай тозуына әкеліп соғады.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің көптігіне қатысты мәселелер орын алуда (2016 жылдың 1 қаңтарына – 21582 бала).

Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуiне әкелуі мүмкін.

Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы оқушы орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюiне әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру, апатты жағдайдың алдында тұрған мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажет.

Қазіргі заманғы оқу құрал-жабдықтарының болмауы себебінен аз жинақталған орта және негізгі мектептердің, кабинеттердің болуы білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізу сапасын төмендетуде.

Көптеген азаматтардың жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесіне немқұрайлы қарауы нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаймай отыр. Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың мәселелерін шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Электронды оқу жүйесін пайдаланушылардың төмен уәждемесі жүйені қолдану қызығушылығының төмендеуіне, жаңалықтарды елемеушілікке, жүйені енгізу мерзімінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Мамандандырылған тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу, оқу үрдісіне АКТ-ны міндетті қолдану туралы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту қажет.

12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқушылар контингентінің өсуі күтіледі. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылатын болады. 6 жастағы балаларға жағдай жасау, қосымша ойын бөлмелерін ашу қажет.


Денсаулық сақтау

2013-2015 жылдары мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін қайта құрылымдау жүргізілді.

26 - кесте

Денсаулық сақтау жүйесі

бірлік





2013 ж.

2015 ж.

ауытқу +/-

Барлық

медициналық ұйымдар

435

417

-18

Стационарлар

36

34

-2

Қалалық емханалар

5

6

+1

Дәрігерлік амбулаториялар

93

69

-24

Фельдшерлік пункттер

34

55

+21

Медициналық пункттер

256

250

-6

Шипажайлар

2

2

0

Орал қаласындағы басқа медициналық ұйымдар

9

8

-1

Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемі 2013-2015 жылдары 13,9%-ға артты (2013 ж. – 19,4 млрд.теңге, 2014 ж. – 21,9 млрд. теңге, 2015 ж. – 22,1 млрд. теңге).

Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру 2013 жылы 70,7%-дан 2015 жылы 77,61%-ға дейін 9,8% өсті.

2015 жылы медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан 720,3 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. «Облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК үшін: вакуумды инфильтрация процессоры, компьютерлік томограф, сәулелі терапияға арналған жабдықтарды жетілдіру кешені, эксперттік кластағы ультрадыбыстық диагностика аппараты; «Облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ МКК үшін: жүрекішілік және өңеш арқылы жүректің электрофизиологиялық зерттеулерін жүргізуге арналған кешен; қалалық емханалар үшін: кардиотокографтар, бейнекольпоскоп, лор комбайндары, ЭКГ холтеровтік мониторингтеу аппараттары, АҚ және ЭКГ мониторингтеу жүйелері сатып алынды.

2013-2015 жылдары 15 денсаулық сақтау объектісі салынды: 3 емхана, 12 дәрігерлік амбулатория. Орал қаласында 300 орынға арналған көпбейінді қалалық аурухана құрылысы жалғасуда.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасының артуы, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі, заманауи мамандандырылған білікті медициналық көмекке қолжетімділік, алдын алу шараларының өткізілуі, денсаулық сақтау индикаторларына қол жеткізу материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңғырту нәтижелері болып табылады.

Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, бұл жалпы өлім көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының артуы көрсеткішінде көрінеді.

27 - кесте



2013-2015 жылдардағы ана, нәресте және жалпы өлім көрсеткіштері





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға

%-бен

Ана өлімі

7,9

15,4

7,7

97,5

Нәресте өлімі

8,2

9,28

8,33

101,6

Жалпы өлім

9,3

8,86

8,66

93,5

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1,49 жасқа артты, 2013 жылғы 70,21 жастан 2015 жылы 71,7 жасқа дейін (2014 ж. – 71,14 жас).

Жалпы өлім көрсеткіші 2013-2015 жылдары 6,9%-ға төмендеді (2013 ж.- 9,3, 2014 ж. – 8,86, 2015 ж. – 8,66).

2015 жылы облыс бойынша ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді, көрсеткіш тірі туылған 100 мың нәрестеге – 7,7 құрады (2013 ж.-7,9, 2014 ж.- 15,4).

Нәресте өлімі көрсеткішінің 3 жылда 1,6%-ға өсуі байқалады (2013 ж. - 8,2, 2014 ж. - 9,28, 2015 ж. - 8,33). Нәресте өлімі себептерінің құрылымы бойынша: бірінші орында перинаталдық патология - 57%; екінші орында дамудың туа біткен ақаулықтары – 25,2%; үшінші орында жұқпалы аурулар – 5,6%. 2014 жылы нәресте өлімі себептерінің құрылымы бойынша бірінші орында перинаталдық патология - 40,8%; екінші орында дамудың туа біткен ақаулықтары - 32,5%; үшінші орында жазатайым оқиғалар – 10%.

Медициналық көмек сапасын жақсарту, диагностика сапасын арттыру, ана өліміне жол бермеу және нәресте өлімін төмендету мақсатында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ана және сәби өлімін төмендету жөніндегі Облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда. 2015 жылы облыс әкімі және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен облыстық штабтың 3 отырысы өткізілді.

Облыста 75 «дені сау балалар» кабинеті жұмыс жасайды. Ана сүтімен қоректендіру, перинаталдық көмек, балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін оқыту-тренингтік орталықтары құрылып, жұмыс жасауда.

Нәресте өліміне жол бермеу мақсатында учаскелік мейірбикелер және микроучаскелік мейірбикелердің патронаждық жұмысы нығайтылды, ауылдық округтердің әкімдіктерімен бірлесе нәрестенің денсаулығы және өміріне жауапкершілікті күшейту бойынша тұрғындармен ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Өткізілген шаралар ана және нәресте өлімін төмендетуге септігін тигізеді.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші (100 мың тұрғынға) 14% -ға артты (2013 ж. - 193,78; 2014 ж. - 228,7; 2015 ж. – 221,0). 2014 жылдан бастап өлім себептерін кодтаудың қайта қаралған халықаралық стандарттарына байланысты (аурудың шифрі) қан айналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші өсіп отыр.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлімді төмендету шеңберінде «алтын сағат» кезеңінде жұмыстың жаңа механизмдерін енгізу, ауруханаға дейінгі кезеңде уақтылы тромболизистік ем қолдану, ЖКС барысында шұғыл стенттеуді жүргізу, кардиохирургияда ЖММК-ні енгізу, қан айналым жүйесі ауруларын анықтауға скрининг жүргізіледі.

Онкопатологиялардан өлім көрсеткіші (100 мың тұрғынға) 3 жылда 5,3%-ға төмендеді (2013 ж. – 101,64; 2014 ж. – 101,4; 2015 ж. – 96,3).

2015 жылы 853 онкологиялық аурулармен сырқаттанған науқас сауықтыру іс-шараларымен, 282 науқас паллиативтік көмекпен қамтамасыз етілді. Амбулаторлық химиотерапия кабинетінде 272 науқас ем қабылдады.

Скринингтік тексерулер жүргізу (6 түрі) және науқастарды уақтылы анықтау, өңеш, ұйқыбезі ісігін емдеу кезінде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті (ЖММК) енгізу, 2013 жылдан бастап оңалту және паллиативтік көмек бөлімшелерінде диспансерлік топтағы науқастарды сауықтыру және қалпына келтіру, онкологиялық ауруларды ерте 1-2 сатыларында анықтаудың 0,4%-ға артуы, аурудың асқынған түрлерін (3-4 саты) төмендету есебінен көрсеткіш тұрақтанды. Онкопатологиялардан өлім құрылымында: бірінші орында өкпе обыры - 15%, екінші орында асқазан обыры –11,2%, үшінші орында өңеш обыры - 8,3%.

Туберкулезден өлім көрсеткіші (100 мың тұрғынға) 27,1%-ға кеміді (2013 ж. – 4,8; 2014 ж. – 4,3; 2015 ж. - 3,5).

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші (100 мың тұрғынға) 3 жылда 12,2%-ға төмендеді (2013 ж. – 66,5; 2014 ж. – 63,8; 2015 ж. – 58,4). Аурудың асқынған түрлері жоқ.

Облыс бойынша туберкулезден өлім көрсеткішін төмендету мақсатында барлық МСАК ұйымдарында қауіп-қатер топтарын флюорография әдісімен скринингтік алдын ала тексеріс арқылы уақтылы анықтау жүргізіледі.

Жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды ерте анықтау үшін микроскопия әдісі арқылы туберкулезге күдікті адамдар үшін диагностикалық алгоритмнің сақталуы бақыланады.

Амбулаторлық жағдайларда емделетін туберкулез науқастарына фтизиатрлар және МСАК дәрігерлері тарапынан апта сайын бақылау жүргізіледі.

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуының көрсеткіші 2015 жылы – 0,010 % құрады (2013ж. - 0,01, 2014 ж. - 0,01). 2015 жылғы көрсеткіштің қайта қаралған болжамды санының артуы - әрбір жылдың аяғына өсу қорытындысымен АИТВ-мен жұқпаланғандардың болжамды санын ескерумен 15-49 жастағы тұрғындар арасында АИТВ-нің таралу көрсеткіші есептеуінің өзгеруімен түсіндіріледі.

2015 жылы АИТВ/ЖИТС проблемасы жөнінде тұрғындар, жастар, оқушылар мен студенттер арсында санитариялық-ағарту және ақпараттық-білім жұмысы жүргізілуде, 90 семинар-тренинг, 5 кездесу өткізіліп, 3619 адам қамтылды. Халықтың осал топтары арасында профилактикалық бағдарламалар 22 аутрич-қызметкер арқылы жүзеге асырылады. Жастардың АИТВ/ЖИТС жөнінде ақпараттандырылуы 90% құрады.

Жалпы облыс бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК)100 түрі енгізілген, 2015 жылы травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы бойынша 872 ЖММК жүзеге асырылды.

2015 жылы Ұлттық скрининг шеңберінде тұрғындар арасында: қан айналым жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукома; онкоскрининг шеңберінде: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, қуықасты безі обыры, колоректалдық обыр, асқазан обыры және өңеш обыры, бауыр обырына скринингтік шаралар жүргізілді. 2015 жылы 226465 адам тексерілді, 5% анықталды, 99,9% «Д» есепке алынды.

Облыстың 35 медицина ұйымында (73%) онлайн-режиміндегі байланысты қамтамасыз ететін медициналық ақпараттық жүйе орнатылды, бұл арнайы мамандарға кезектілікті төмендетуге, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға және пациенттің электрондық картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Облыстың 50 медициналық ұйымында Пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі (ПҚжІА) енгізілді. 59 сарапшы дәрігер оқытылды.

2015 жылғы наурыз айында Call-орталығы ашылып, оған «қашық нүкте» арқылы 36 медицина ұйымы қосылды. Орталықта 2721 қоңырау және 585 өтініш өңделді.

2015 жылы диспетчер бөлімшесін автоматтандыруды қамтамасыз ету бойынша жедел жәрдем қызметі жетілдірілді, GPS-навигациясын орнату және облыс бойынша барлық жедел медициналық қызметті радиофикациялау аяқталды.

Облыстағы дәрігерлер саны - 1577, 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамту 24,9 құрайды. Орта медицина қызметкерлері - 5685, 10 мың тұрғынға қамту – 89,8.

2015 жылы 372 дәрігер және 2737 орта медицина қызметкері ел ішінде кәсіби біліктіліктерін арттырды, 11 дәрігер шет елде оқытылды.

Кадр ресурстарын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен Меморандумдар жасалды.

2015 жылы облыста 87 жас маман жұмысқа орналастырылды, олардың 54-і (62,1%) ауылға жолданды. 14 жас маман қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 9-ы – ауылда, 5-уі – Орал қаласында.

Негізгі индикаторлар және облыс халқының денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл бағытта қоғам денсаулығын сақтау мәселелері, профилактикалық шаралардың күшеюі, скринингтік зерттеулер, диагностиканың жетілдірілуі, негізгі әлеуметтік маңызды аурулардың емі және қалпына келтіру жөніндегі мәселелер бойынша сектораралық және ведомствоаралық әрекеттестіктің тиімділігі жоғарылайды.

Медицина ұйымдарының санын 45-ке дейін (90%) қамтумен МАЖ-ды (медициналық ақпараттық жүйе) одан әрі енгізу және жетілдіру.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін жүзеге асыру (сақтандыру медицинасын енгізу, корпоративтік басқару принциптері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жеке медицинаны енгізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет