Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ


Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама



жүктеу 3.41 Mb.
бет9/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • иммунизациямен жоғары қамтумен көптеген жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай;

  • стационарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілу;

  • заманауи медициналық технологиялар мен жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансфертінің (бұдан әрі -ЖММК) тәжірибесі;

  • көліктік медицинаның дамуы;

  • аккредиттеу жүйесінің енгізілуі.

  • МСАК-ты қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік тетіктерінің болмауы;

  • еңбек ынтасының және медицина қызметкерлерінің кәсіби төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

  • денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және денсаулық сақтаудағы мүмкіншілікті тікелей инвестициялар.

  • жұқпалы емес инфекциялық аурулардың артуы;

  • облыс аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;

  • контрафактілік дәрілік өнім.

Нәресте өлімі көрсеткішінің төмендемеуі, әлеуметтік-маңызды аурулармен тұрғындардың сырқаттану деңгейі: қатерлі ісік аурулары, қан айналым жүйесінің аурулары, тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктің жеткіліксіздігі облыстың денсаулық сақтау саласының басты проблемалары болып қалуда.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Облыстың еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2013 жылы 5,1%-дан 2015 жылы 4,9%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады, бұл орташа республикалық деңгейден төмен (5,0%). Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі (5,0%) қаладағы жұмыссыздық деңгейінен (4,8%) жоғары.

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2013 жылдан 2015 жылға дейін 69,8%-дан 70,1%-ға көбейді, жұмыспен қамту 94,9%-дан 95,1%-ға өсті (орташа республикалық көрсеткіш – 95,0%). 2015 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 118,8 мың адамды құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 4,2,%-ға аз. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2013 жылғы 39,2%-дан 2015 жылы 37,3%-ға дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 27,0%).

28-кесте



Еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 жыл 2014 жылға, %-бен

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам

333,4

333,6

335,2

100,5

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

316,5

316,8

318,8

100,6

жалдамалы қызметкерлер

192,4

196,7

199,9

101,6

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

124,0

120,1

118,8

98,9

Жұмыссыз халық, мың адам

16,9

16,8

16,4

98,1

қалалық жерлерде

7,4

7,6

7,5

99,7

ауылдық жерлерде

9,5

9,2

8,9

96,7

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,1

5,0

4,9

х

2013-2015 жылдары облыста 31330 жұмыс орны құрылды, еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2013 жылы 78,6%-дан (24314 адам) 2015 жылы 50,3%-ға дейін (21147 адам) азайды. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 23285 адам жіберілді.

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істейтін шетел азаматтарының жалпы саны 740 адам құрады (2014 жылы – 721 адам), заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы 99,1%-ды құрады (2014 ж. - 100%). 2015 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 964 рұқсаттама (2014 ж. - 776) берілді. 2015 жылдың ішінде жұмыс берушілермен жергілікті қызметкерлерге 310 қосымша жұмыс орны ашылды, 339 ҚР азаматтары қайта даярлау,біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

2015 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 97,0%-ды құрады (2013 ж. – 96,8%).

Облыс аумағында 9 медициналық-әлеуметтік мекемелер арнаулы әлеуметті қызмет көрсетеді, соның ішінде 6 жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 балалар мекемесі. Бұлар 457 қарттар мен мүгедектер, 652 психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер, 146 психоневрологиялық ауруы бар балаларға арнаулы қызмет көрсетуге арналған.

2015 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметпен 1405 адам қамтылды (2014 ж. 1399 адам қамтылды).

Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерінде арнаулы әлеуметтік көмек алушылар саны көбеюде.

Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру артып келеді. Мемлекеттік бюджеттен 2015 жылы 1146,8 млн. теңге (2014 ж. – 1135,7 млн. теңге), бір қамқорланушыны қамтамасыз ету шығындары артуда (2013 ж. – күніне 3310,3 теңге, 2014 ж. – 3464,1 теңге, 2015 ж. – 3491,3 теңге).

2015 жылы облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелері 127 жолдама берді. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мамандарының жұмысының нәтижесі болып отбасыларына қайтарылуы саналады, 2015 жылы отбасыларына 21адам (2014 ж. – 15 адам) қайтарылды.

Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету формаларының кеңеюіне байланысты әлеуметтік қызметті алуға мұқтаж адамдардың саны артуда. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің желісін, соның ішінде психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған МӘМ арттыру қажет. 2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезекте 184 адам тұр.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары дамып келеді. Үкіметтік емес секторда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2015 жылы жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 1,8 %-ды құрады (2013 жылы – 1,3%), немесе 2016 жылдың 1 қаңтарына 94 адам қамтамасыз етілді. Алайда үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы жеткіліксіз.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 3962 инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жасау міндет болып табылады. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 634 объектіге түгендеу жүргізілді, оның ішінде 569 нысан (89,7%) «бейімдеуге мұқтаж» деп айқындалды. 2015 жылдан объектілерді бейімдеу басталды және 145 объекті бейімделді. Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 33,1% құрады (2014 ж. – 16,8%).

Негізгі мәселе объектілерді бейімдеуге жергілікті бюджеттен қаржының бөлінбеуі болып табылады.

Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен аймақтың экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерий болып табылады.

Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты еңбекақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.

2015 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 116798 теңгені құрады және 2014 жылға қарағанда 6,9%-ға көп, нақты еңбекақы индексі 100,4% құрады.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, арнайы әлеуметтік көмек алатындар ішінен еңбекке жарамдыларын қоғамдық жұмысқа бағыттау 28,0% құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық пунктке (29,5%), ал 2013 жылмен салыстырғанда 4,9 п.п. аз (32,93%).

2016 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылар саны 729 отбасыны құрады, бұл 2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 23 отбасыға аз (2015 жылдың 1 қаңтарына – 752 отбасы).



Еңбек қызметіне байланысты жарақаттанушылық

2013-2015 жылдардағы өндірісте зардап шеккендердің талдауы көрсеткендей, жарақат алушылардың саны жыл сайын өзгеріліп отырады, сондықтан еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселесі –еңбек қатынастар саласындағы ең күрделі мәселе.

2013-2015 жылдары облыс бойынша 178 өндірістік жазатайым оқиға тіркелген (3 жылда орташа есеппен – 59), оның ішінде ауыр жарақатпен – 153 (3 жылда орташа есеппен – 51), өлім жағдайымен – 25 (3 жылда орташа есеппен – 8)

Өндірістік жазатайым оқиғадан барлығы 198 адам зардап шекті (3 жылда орташа есеппен – 66), оның ішінде өлім жағдайымен – 25 (3 жылда орташа есеппен – 8), ауыр жарақатпен – 189 (3 жылда орташа есеппен – 63).

1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 46,5% төмендеді (0,23 қарсы 0,46).

29-кесте


Өндірістік жарақаттанушылық


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

3 жылға орташа есеппен

Жазатайым оқиға саны

бірлік

56

69

53

59

Зардап шеккендер саны

адам

62

76

60

66

Олардың ішінде қаза тапқаны

адам

7

9

9

8

Ж/о жиілігі коэфф.




0,43

0,53

0,23

0,4

2015 жылы жарақаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеу динамикасы байқалады: 2013 жылға салыстырғанда жазатайым оқиғалар санының 5,4% төмендеуі, зардап шекендердің саны – 2,3%.

2015 жылы өндірістік жарақаттанушылықтың ең жоғарғы көрсеткшітері, келесі салаларда байқалады: құрылыс саласы – 20 адам (2013 ж. - 11 адам), бюджеттік саласының ұйымдарында – 15 адам (2013 ж. - 10 адам), шағын бизнесте – 6 адам (2013 ж. - 10 адам). Экономиканың осы салаларына зардап шегушілердің 68% келеді.

Өндірістік жарақаттанудың түрлерін қарастырған жағдайда, көбінесе қызметкерлер құлаудан және жол-көлік оқиғаларынан зақымданады.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын жағдайлардың негізгі себебі зақымданушының өрескел абайсыздығы, қауіпсіздік ережесін және еңбек қауіпсіздігін бұзуы, жұмыс өндірісінің қанағатсыз ұйымдастырылуы және т.б.

30-кесте


Қызмет салалары бойынша өндірістік жарақаттанушылық

адам


Салалар

Зардап шеккендер саны

Оның ішінде қаза тапқаны

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

3 жылда орташа есеппен

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

3 жылда орташа есеппен

Тау-кен металлургия өнеркәсібі

























Энергетика өнеркәсібі




9

2

4




3

1

1

Мұнай газ өнеркәсібі (өндіру, өңдеу)

5

7

5

6




1

3

1

Химия өнеркәсібі

























Құрылыс

11

18

20

16

5

2

4

4

Машина жасау

5

2

2

3













Автомобиль көлігі саласындағы кәсіпорындар

5

1

2

2




1







Теміржол көлігі кәсіпорындары




4

2

2













Шағын бизнес ұйымдары

10

10

6

9

2







1

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары

4

3

2

3







1




Ақпарат және байланыс кәсіпорыны

1




1

1













Ауыл шаруашылығы

5

2




2













Бюджеттік ұйымдар

10

15

15

13




2




1

Қаржылық ұйымдар

























Басқалары

6

5

3

5

1









Жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың себептерінің бірі болып жұмыс берушінің өндірістік нысандарды еңбек шарты бойынша аттестациялауға немқұрайлы қарауы болып табылады.

Облыс кәсіпорындарында еңбекті қорғауда және қауіптің алдын алу мақсатында маңызды бағыттардың бірі болып еңбекті қорғаудың басқару жүйесін енгізу (ЕҚБЖ), сонымен қатар еңбекті қорғаудың көпшілікке танылған стандарттары болып табылады.

Өндірісте жазатайым оқиғаларды және кәсіптік аурулар жайында ескерту үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды (құрылыс нормалары және ережелері, стандарттары, стандартты ережелер, гигиена нормативтері, техникалық регламенттер) еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласын қазіргі заманғы халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстар қорытындыларына сәйкестендіру қажет.

2015 жылы еңбек қатынастар саласы бойынша 484 тексерулер жүргізілді (2013 ж. - 745). Жүргізілген тексерулердің барысында 552 (2013 ж. - 1408) заң бұзушылық анықталды, соның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 496 (2013 ж. - 1201); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 35 (2013 ж. - 159), халықты жұмыспен қамту бойынша – 21 (2013 ж. - 48).

2015 жылы тексерістердің нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 283 (2013 ж. - 510) нұсқама берілді, соның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 240 (384); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 28 (87); халықты жұмыспен қамту бойынша – 15 (39).


31-кесте


Анықталған және жойылған бұзушылықтар


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Анықталған бұзушылықтардың саны

1408

396

552

Жойылған бұзушылықтардың саны

1318

376

532

Жойылған еңбек заңнамаларын бұзушылықтарының үлес салмағы, анықталған бұзушылықтардың жалпы санына

93,6%

94,9%

96,3%


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT- талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жұмыссыз халық саны 2013 жылдан 2015 жылға дейін 16,9 мың адамнан 16,4 мың адамға, аз қамтылған отбасылар санының 925 отбасыдан 729 отбасыға дейін азайды, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,7%-дан 3,1% дейін.

  • жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық пунктке төмендеді және 4,9 %-ды құрады;

  • «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда;

  • жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі.

  • әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектер, қарттар, мүгедек балалар санының артуы;

  • әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілерін бейімдеуді жүргізу;

  • еңбек инспекциясымен түсіндіру жұмыстары мен тексерулердің жүйелі түрде жүргізілуі;

  • кәсіпорын басшыларымен ынтымақтастық, оларды еңбекті қорғау мен қауіпсіздікке ынталандыру.

  • еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, еңбек нарығында дәрігерлер, мұнайшылар, электргаз дәнекерлеушілердің үлкен сұранысқа ие болуы;

  • қала және ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейлерінің сәйкессіздігі;

  • ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындары санының аздығы;

  • мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы;

  • мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары мүгедектердің өтініштері негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен дайындалады, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қалыптастырылады, сәйкесінше бюджетті қалыптастырғаннан кейінгі ЖОБ уақытылы орындалмайды;

  • кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздік бойынша білікті мамандардың болмауы;

  • еңбек міндеттерін атқаруда жұмысшылардың өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерінің төмендігі;

  • өндіріс құралдары мен өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының қанағатсыз жағдайы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • ауылдық жерлер тұрғындары үшін басымдығымен жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау;

  • жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы;

  • жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау;

  • бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу.

  • мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдарға максималды тәуелсіздікті, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби мүмкіндіктерді сақтау мен қол жеткізуге және олардың өмірінің барлық салаларына толық араласуына мүкіндіктер береді;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту;

  • еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіпорындардың жаңа деңгейге жетуі.

  • кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;

  • жасырын жұмыссыздық;

  • жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азамат мәртебесін және табыстар туралы анықтаманы ұсынуды талап етеді).

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі.

  • бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы;

  • психоневрологиялық үй-интернаттардағы кезектілік;

  • қатерлер

еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты жазатайым оқиғалары деңгейінің жоғарлығы.

Облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:

халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;

білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;

мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;

қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;

мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларда нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыру мардымсыз деңгейде қамтамасыз етілуде;

медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;

қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;

әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі.

кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын-алу жұмыстарының нашар ұйымдастырылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет