Жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi №924 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»



бет1/28
Дата17.01.2022
өлшемі1.03 Mb.
#86673
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

2010 - 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi № 924 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келiсiм бойынша) "Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.04 № 912 Қаулысымен.
      5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсiн.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 924 қаулысымен  
бекiтiлген     




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет