Жылдарға арналған кешенді даму жоспары ойық а. 2014 жыл Кіріспе



бет1/4
Дата13.01.2022
өлшемі185.5 Kb.
#57686
  1   2   3   4

Жамбыл облыстық мәслихатының

2014 жылғы 11 желтоқсанындағы

№ 33 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Талас ауданының Ойық

тірек ауылдық елді мекеннің

2014 - 2018 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ


Ойық а.

2014 жыл
Кіріспе
Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық тіректі ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары (ары қарай - КДЖ) осында тұратын халық пен іргелес жатқан аумақ тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында дайындалды.

Ойық ауылы аудан орталығынан 100 шқ. қашықтықта орналасқан және халық саны 2942 адамнан тұратын Ойық ауылдық округінің орталығы болып табылады. Аула саны – 480.

Ойық ауылының негізгі қызмет ету бағыты мал және егін ауылшаруашылық өнімін өндіру болып табылады.

Ойық ауылынын айналасында 5 ауылдық елді мекен орналасқан, атап айтқанда:

• С. Шәкіров ауылы – халық саны 1545 адам, қашықтығы 25 шқ.;

• Амангелді ауылы – халық саны 535 адам, қашықтығы 30 шқ.;

• Бостандық ауылы – халық саны 1666 адам, қашықтығы 35 шқ.;

• Талапты ауылы – халық саны 514 адам, қашықтығы 40 шқ.;

• Аққұм ауылы – халық саны 1456 адам, қашықтығы 45 шқ.;

• Бөлтірік шешен – халық саны 1227 адам, қашықтығы 30 шқ.;

• Көшек батыр ауылы – халық саны 553 адам, қашықтығы 35 шқ.

Аталған ауылдар Ойық ауылымен тығыз экономикалық байланыста, өйткені олардың бәрі аудан орталығы – Қаратау қаласына және облыс орталығы – Тараз қаласына өтеді, оның ішінде Ойық ауылы арқылы Тараз - Ұланбел автотрассасы өтеді, және де облысаралық жолаушыларды тасымалдау және ауыр жүк көліктермен тасымалдау жүргізіледі.

КДЖ елді мекендердің экономикалық қызметін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға, өткеру рыногына және елді мекендерге транпорттық қолжетімділікті кеңейтуге, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құруға және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет