Жылы неандертальдық баланың сүйегі табылған


Үйсін тайпаларының шығысындағы көршісі



жүктеу 0.76 Mb.
бет2/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5

14. Үйсін тайпаларының шығысындағы көршісі:

A) Дайлар.B) Қаңлылар.C) Ғұндар.D) Қытайлар.E) Сарматтар.



15. Ғұндардың ру көсемдері:

A) Түменбасылар.B) Ақсақалдар.C) Тархандар.D) Билер.E) Сұлтандар_



16. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа:

A) Сақтар.B) Қаңлылар.C) Үйсіндер.D) Ғұндар.E) Сарматтар.



17. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері:

A) Үйсін мен Қытайлар.B) Ғұндар мен Аримаспылар.

C) Сарматтар мен Аландар.D) Сарматтар мен Дауанилер.

E) Үйсіндер мен Ғұндар.



18. Үйсін қоғамындағы билеушілер мен əскербасыларының мөрлері:

A) Темірден жасалды. B) Балшық жəне тастан жасалды.

C) Күмістен жасалды. D) Ағаштан жасалды. E) Алтын жəне мыстан жасалды.

19. Үйсіндердің Ыстықкөл жағалауында орналасқан астанасы:

A) Шірік-Рабат.B) Битян.C) Қызыл Аңғар.D) Көк-Мардан.E) Қойлық.



20. Қаңлылардың Отырар-Қаратау мəдениетінің тарау аймағы:

A) Сырдың орта ағысы, Қаратау, Талас бойы.

B) Қуаңдария, Жаңадария аңғарлары. C) Есілдің сол жағалауы.

D) Əмударияның жоғарғы ағысы. E) Ташкент төңірегі.



21. Еділ (Аттила) жөнінде құнды дерек қалдырған:

A) Ктесий.B) Помпей Трог.C) Арриан.D) Геродот.E) Прииск.



22. Қаңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңындағы зерттелген қоныс:

A) ҚостөбеB) Көк-Мардан.C) Қызыл аңғар.D) Қойлық.E) Ақтөбе.



23. Ғұндарда бұйымның бетіне алтын түйіршіктермен дəнекерлеу əдісі:

A) Зерлеу. B) Кестелеу.C) Жапсыру. D) Оқа жүргізу. E) Безендіру.



24. Қаңлыларда қайтыс болған адамды киімімен жерлеу аймағы:

A) Отырар- Қаратау мəдениеті. B) Берел мəдениеті.

C) Қауыншы мəдениеті. D) Тасмола мəдениеті. E) Жетіасар мəдениеті.

25. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарайжылжуы басталған мерзім:

A) б.з.б. ІV ғ. B) б.з.б. ІІІ ғ. C) б.з. ІІ ғ. D) б.з.б. ІІ ғ. E) б.з. ІІІ ғ.

6 ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

1. Ерте орта ғасырларда ірге тіккен Қазақстандағы алғашқы феодалдық мемлекет:

A) Түргеш қағанаты. B) Жужан қағанаты. C) Ғұн мемлекеті.

D) Түрік қағанаты. E) Қаңлы мемлекеті.

2. «Теле» сөзінің мағынасы:

A) Ұйғыр.B) Қимақ.C) Түрік.D) Қарлұқ.E) Оғыз.



3. 552 жылы Жужан қағанатын жеңгеннен кейін Бумынға берілген атақ:

A) Жабғу.B) Бурхан.C) Ел-хан.D) Тархан.E) Елтебер.



4. Түріктердің Орта Азиядағы VI ғасырдың 60 жылдарындағы басты қарсыласы:

A) Иран.B) Византия.C) Жужан.D) Эфталиттер.E) Соғдылар.



5. VI ғ-дың 70-жылдары Түрік қағанатының батыстағы шекарасы жетті:

A) Иран шекарасына дейін. B) Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін.

C) Орал тауларына дейін. D) Каспийдің оңтүстік батысына дейін. E) Жайыққа дейін.

6. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарғандар:

A) Бек, уəзір.B) Даруға, басқақ.C) Селиф, бек.D) Қара бұдын.E) Бұрықтар, тархандар.



7. Шығыс Түрік қағанатының өмір сүрген уақыты:

A) 756 – 940 жж.B) 552 – 603 жж.C) 704 – 756 жж.D) 682 – 744 жж.E) 745 – 840 жж.



8. Түргештердің Іле бойындағы Кіші ордасы:

A) Мыңбұлақ.B) Күнгіт.C) Суяб.D) Карантия.E) Испиджаб



9. 748 жылы қытай əскерлері жаулап алған қала:

A) Суяб.B) Тараз.C) Баласағұн.D) Ашнас.E) Ташкент.



10. В.В. Бартольттың айтуынша Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы байланысты:

A) Өнерге.B) Араб шапқыншылығы.C) Қуаңшылыққа.D) Саудаға.

E) Түргеш қағанатының құлауына.

11. VIII ғасырдың бірінші жартысында қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуларының себебі:

A) Қимақ-қыпшақ тайпаларының ығыстыруынан.

B) Қарахан мемлекетінен жеңілулері.

C) Тан əскері жорығынан.

D) Ұйғыр қағанатынан жеңілулері.

E) Енисей қырғыздарының шапқыншылығы.



12. ІХ ғасырдың ортасында ислам дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен қарлұқтарға қарсы «ғазауат соғыс» жариялаған:

A) СоғдыларB) Хань əулеті.C) Қарахандықтар.D) Бұлғарлар.E) Самани əулеті.



13. «Қарлұқтар тұрған аймақ... халық неғұрлым жиі қоныстанған жəне ең бай жерлер...Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар» деп хабарлаған қолжазба:

A) «Худуд əл-алам».B) «Цянь Ханьшу».C) «Жылнамалар жинағы».

D) «Оғызнама».E) «Шыңғыснама».

14. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы:

A) Монғолдар.B) Татарлар.C) Қыпшақтар.D) Наймандар.E) Қидандар.



15. VIII ғ. ортасында қарлұқтар тарапынан Жетісудан Сыр бойына ығыстырылған тайпа:

A) Оғыздар.B) Қимақтар.C) Ұйғырлар.D) Қыпшақтар.E) Қидандар.



16. Оғыз мемлекетіндегі жабғудың кеңесшілері:

A) Күл-еркін.B) Ұлық.C) Сюбашы.D) Уəзір.E) Түменбасы.



17. 965 жылы Оғыздар Киев кінəзімен одақ құрды:

A) Хазарларға қарсы.B) Печенектерге қарсы.

C) Бұлғарларға қарсы.D) Қарлұқтарға қарсы.E) Соғдыларға қарсы.

18. Оғыз жабғуы Шахмəлік Хорезмді жаулап алды:

A) 1041 ж.B) 1092 ж.C) 1137 ж.D) 1007 ж.E) 985 ж.



19. Оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасынадейін, ал кейбір бөліктерінің Ұлытау баурайына дейін көшіп жүргенін айтқан ғұлама:

A) Қыпшақ сөздігінен.B) Ибн Хаукəл.C) Гардизи.D) Əл Жахиз.E) Əл-Бируни.



20. Қимақтардың VII ғасырлардың басында мекендеген аймағы:

A) Монғолияның солтүстік – батысы. B) Оңтүстік-батыс Сібір.

C) Сырдың төменгі ағысы, Арал бойы D) Жетісу. E) Арал маңы.

21. Қимақтардың екінші астанасы Карантия қаласы орналасқан жер:

A) Енисей өзенінің жағасы. B) Ертіс өзенінің бойы. C) Зайсан көлінің жағасы.

D) Алакөл көлінің жағасы. E) Талас өзенінің бойы.

22. Қимақтардың жеріне Х ғасырдың екінші жартысында шабуыл жасаған мемлекет:

A) Қарахан.B) Оғыз.C) Қарақытай.D) Найман.E) Қыпшақ.



23. Қимақ қағанатының əлсіреп, құлауына себеп болған:

A) Қыпшақ тайпалары көсемдерінің билік үшін таласуы.

B) Ел ішіндегі діни қайшылықтар.

C) Монғол шапқыншылығы.

D) Əлеуметтік-экономикалық жағдайдың əлсіздігі.

E) Халықтың қарсылығы.



24. Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны:

A) 10 B) 15 C) 20 D) 24 E) 29



25. Оғыз мемлекетіндегі қанқаш:

A) Ақсақалдар кеңесі.B) Халық жиналысы.C) Шонжарлар кеңесі.

D) Əскери бірлік.E) Жалпы жиналыс.

ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР № 7

1. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа:

A) Оғыз.B) Қарлұқ.C) Салжұқ.D) Қыпшақ.E) Түргеш.



2. 960 жылы Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған хан:A) Өзбек.B) Сатұқ Боғра.C) Білге Күл Қадырхан.D) Хасан Боғра.E) Мұса.

3. Түріктердің (қарахандардың) жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін айтқан ғұлама ғалым:

A) М. Қашғари.B) Ж. Баласағұни.C) Ибн Хаукəл.D) Рашид ад-Дин.E) Əл – Идриси.



4. Дінбасылар мен діни мекемелердің жер иелігі:

A) Вақф.B) Харадж.C) Иқта.D) Құшыр.E) Музари.



5. Дунай бойына жайғасқан қыпшақтарға венгрлердің берген атауы:

A) «Половшылар».B) «Скифтер».C) «Савроматтар».D) «Торктар».E) «Командар».



6. Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхаммед құлатқан жыл:

A) 1212 ж.B) 1214 ж.C) 1221 ж.D) 1213 ж.E) 1215 ж.



7. Қидандардың б.з.б. уақытта өмір сүрген аумағы:

A) Оңтүстік Қытай.B) Жетісу.C) Солтүстік Қытай.D) Оңтүстік Қазақстан.E) Мауераннахр.



8. Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі:

A) Тоқсоба.B) Яғма.C) Дурут.D) Елбөрілі.E) Етиоба.



9. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі:

A) Білге қаған мен Күлтегіннің кезі.

B) Маркус пен Құршақұз хандар кезі.

C) Хасан Боғра хан мен Əли Арсланның кезі.

D) Наркеш Дайын ханның кезі.

E) Бұйрық хан мен Даян ханның кезі.



10. 924 жылы құрылған Ляо мемлекетінің алып жатқан

территориясы:

A) Алтайдан Еділге дейінгі аралық.

B) Орхон өзенінен Алтайға дейінгі аралық.

C) Жетісудан Əмударияға дейінгі аралық.

D) Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі аралық.

E) Қазақстанның солтүстік-шығыс жерін.



11. Қыпшақ хандығының оң қанатының орталығы:

A) Тараз.B) Баласағұн.C) Карантия.D) Сарайшық.E) Сығанақ.



12. 1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлардан жеңіліс тапқан:

A) Оғыздар мен қимақтар.

B) Қарахандар мен салжұқтар.

C) Түргештер мен қарлұқтар.

D) Наймандар мен керейлер.

E) Қыпшақтар мен Хорезм.



13. Жікіл тайпасының тотемі:

A) Бөрі.B) Жылқы.C) Арыстан.D) Қой.E) Бура.



14. 1208 жылы қарақытайларды шығыста жеңген:

A) Ойраттар.B) Наймандар. C) Жалайырлар.D) Қимақтар.E) Қарахандар.



15. Батыс Қарахан мемлекетінің астанасы:

A) Баласағұн.B) Қашғар.C) Самарқан.D) Испиджаб.E) Үргеніш.



16. 1143 жылы Елюй Даши қаза болған соң, билік басына келген:

A) Інісі Иштеми.B) Баласы Иле.C) Қызы Бұсұған.D) Күйеу баласы Сарық.

E) Əйелі Табуян.

17. Қарақытай мемлекетінің Баласағұн маңындағы орталығы:

A) Битөбе.B) Карантия.C) Янгикент.D) Ғұз орда.E) Күнгіт.


18. Наймандардың астанасы Балықты орналасқан өзен:

A) ЕртісB) Хуанхэ.C) Іле.D) Керулен.E) Орхон.



19. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра ханның өмір сүрген жылдары:

A) 910-950 ж.ж.B) 942 -955 ж.ж.C) 915-955 ж.ж.D) 950-975 ж.ж.E) 925-960 ж.ж.



20. «Қыпшақтар даласы» атанған аймақ:

A) Ертіс пен Енисей аралығы. B) Қазақстанның оңтүстігі

C) Алтайдан Еділге дейінгі аралық. D) Оңтүстік Сібір.

E) Каратаудан Əмударияға дейінгі аралық.



21. Қарақытай мемлекетінің өмір сүрген уақыты:

A) ХІ ғ. – ХІІІ ғасырдың басы.B) 1125 – 1212 жж.C) 820 – 1005 жж.

D) 942 – 1212 жж.E) ІХ ғасырдың аяғы – ХІ ғасырдың басы.

22. «Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғғ. өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел... Олар тек Шыңғысхан... əсерінен əлсіреді. Олардың мəдениеті өте жоғары болып, көне

түрік жазуларын пайдаланған» - деп айтқан тарихшы:

A) Əбілғазы. B) Ибн Хаукəл. C) Əл-Марвази. D) Рашид ад-Дин. E) Гардизи.



23. Қарақытай мемлекетіндегі салық жинау жүйесі:

A) Зекет.тB) Жан басына. C) Мал басына. D) Түтін басына. E) Баж.



24. Керейіттердің батысындағы көршілері:

A) Татарлар.B) Меркіттер.C) Қидандар.D) Оғыздар.E) Наймандар.



25. Найман мен керейлердің мемлекеттік билік жүйесінде жақсы дамыған:

A) Сот ісін жүргізу. B) Іс-қағаздарын жүргізу. C) Дипломатия. D) Сауда.

E) Тайпаларды басқару.

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ (VI - IX ҒҒ.) МƏДЕНИЕТ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ № 8

1. VI – IX ғасырларда түріктердің қалалық мəдениеті дамыған аймақ:

A) Солтүстік Қазақстан.

B) Оңтүстік Қазақстан, Жетісу.

C) Шығыс Қазақстан.

D) Орталық Қазақстан.

E) Батыс, Шығыс Қазақстан.



2. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:

A) б.з.б. І мың жылдықта.

B) б.з.б. ІІ мың жылдықта.

C) б.з. І мың жылдықта.

D) б.з. ІІ мың жылдықта.

E) б.з.б. ІІІ мың жылдықта



3. Түріктердің жазба əдебиеті дүниеге келген кезең:

A) V ғ. B) VIII ғ. C) IX ғ. D) XI ғ E) IV ғ.



4. Қытайдың фарфордан жасалған ыдыстарытабылған ортағасырлық қала:

A) Құйрықтөбе. B) Тараз. C) Талғар. D) Суяб. E) Ақбешім.



5. Жібектің бүкіл Еуразияға əйгілі болған кезеңі:

A) VIII ғ .B) IX ғ. C) XIII ғ. D) IV ғ. E) VI ғ.



6. Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі:

A) Оңтүстік Қазақстан.

B) Мауараннахр.

C) Орталық Қазақстан.

D) Батыс Қазақстан.

E) Шығыс Қазақстан.



7. Кангу Тарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылды:

A) Жетісу қалаларынан.

B) Еділ бойындағы қалалардан.

C) Сырдария қалаларынан.

D) Əмудария қалаларынан.

E) Ертіс бойындағы қалалардан.



8. Түріктер кен қорыту ісімен таныс болды:

A) V ғасырдан. B) VIII ғасырдан. C) III ғасырдан. D) X ғасырдан. E) VII ғасырдан.



9. Махмуд Қашғаридің жазуына қарағанда Сайрам депаталған қала:

A) Испиджаб. B) Суяб. C) Тараз. D) Шаш. E) Ақбешім.



10. VII–VIII ғғ. арасында басталып, бітпей қалған Тараз қаласынан 40 км жерде орналасқан ғимарат:

A) Баба – Ата мешіті. B) Ақыртас. C) Айша – бибі кесенесі.

D) Боран мұнарасы. E) Көккесене.

11. Түрік сына жазуының көне ескерткіштері:

A) «Күлтегін» жəне «Төныкөк».

B) «Қорқыт ата» жəне «Оғызнама».

C) «Түрік шежіресі» жəне «Тарих».

D) «Кодекс Куманикус» жəне «Мухаббатнаме».

E) «Құтадғу білік» жəне «Диуани Хикмет».



12. VIII – IX ғғ. түрік жазуының өмірде қолданылу аясын

тарылтқан:

A) Соғды мəдениетінің ықпалы.

B) Араб билеушілерінің тыйым салуы.

C) Парсы жазуының кең түрде қолданылуы.

D) Ислам дінінің таралуына байланысты араб

жазуының түрік билеушілері арасында тез

қабылдануы.

E) Қытай жазуының кең тарауы.



13. Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен жəне IX-X ғасырларда ежелгі түрі кжазуымен жазғанын көрсетеді:

A) Түргештер.B) Қарлұқтар. C) Қидандар. D) Қарахандар. E) Қимақтар.



14. Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым:

A) Ж.Баласағұни. B) Ш.Уəлиханов. C) А.Н.Кононов. D) Қадырғали Жалаири.

E) К.Ақышев.

15. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:

A) Қытай. B) Византия. C) Жапония. D) Үндістан. E) Орта Азия.



16. «Оғызнама» дастанын XVII ғ. толық жазған:

A) Махмұд Қашғари. B) Жүсіп Баласағұни.C) Əбілғазы хан D) Ахмет Иүгнеки. E) Кутб.



17. Түріктерде қаза болған атақты адамның басына қойылатын мүсін тас:

A) Терракота. B) Балбал тас. C) Бағана. D) Сардоба. E) Үлкен тас.



18. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батыстағы елдерге қарай жолға шыққан уақыт:

A) Б.з.б. ІV ғасырдың аяғы. B) Б.з.б. І ғасырдың ортасы.

C) Б.з.б. V ғасырдың басы. D) Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғы.

E) Б.з.б. VІ ғасырдың ортасы.



19. XVII ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы қатынасының əлсірей бастауына əсер еткен басты оқиға:

A) Жиі болатын соғыстар. B) Жібектің жетіспеушілігі.

C) Теңіз жолдарының ашылуы. D) Əлеуметтік-экономикалық. байланыстың

E) нашарлай бастауы.



20. Иран шахына жібектен жасалған əшекейлі киімдер жіберген:

A) Түрік қағаны. B) Византия императоры. C) Қытай императоры.

D) Хорезм шахы. E) Кушан патшасы.

21. XІII – XIV ғғ. басында Жібек жолындағы сауданың бəсеңдеп, қалалардың əлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне себеп болған оқиға:

A) Монғол шапқыншылығы. B) Қытай еліндегі ішкі соғыстар.

C) Тауарлардың жетіспеушілігі. D) Басқа сауда жолының пайда болуы.

E) Керуендердің жиі тоналуы.



22. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

A) Қытай немесе болгар бұрышы. B) Қызанақ. C) Пияз.D) Сəбіз.E) Орамжапырақ.



23. Жібек жолының басы басталатын аймақ:

A) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені.

B) Янцзы өзені аймағы.

C) Қытайдың батыс аймағы.

D) Қытайдың Орталық аймағы.

E) Қытайдың Солтүстік аймағы.



24. Түрік жазуымен қатар ел ішінде кең түрде қолданылған жазу:

A) Араб. B) Ұйғыр. C) Қыпшақ. D) Соғды. E) Қимақ.



25. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар табылған қала:

A) Отырар.

B) Сайрам.

C) Сауран.

D) Қойлық.

E) Тараз.

9 IX Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XIII Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МƏДЕНИЕТІ

1. X-XII ғасырларда ірі жəне кіші қалалардың Сырдария,Шу, Талас өзендерін жағалай орналасуы қай саланың дамығанын көрсетті:

A) Қолөнердің. B) Сауданың. C) Егіншіліктің. D) Мал шаруашылығының.

E) Кен өңдеудің.

2. Терракота кеңінен қолданылған ғасырлар:

A) VIII-IX ғғ. B) IX-X ғғ. C) X-XI ғғ. D) XI-XII ғғ. E) XIII-XV ғғ.



3. Қазіргі кезде мұражайға айналған, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы орналасқан қала:

A) Сайрам. B) Отырар. C) Құлан. D) Түркістан. E) Тараз.



4. Х – ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар:

A) Бурух, Хурлуг. B) Испиджаб, Отырар. C) Алмалық, Лавар. D) Қапал, Ақтам.

E) Сүткент, Жент.

5. Х – ХІІ ғасырларда қыш құмырашылардың қол жеткен жетістіктерінің бірі:

A) Шыны (əйнек) бұйымдар жасау. B) Фарфор жасау.

C) Керамика жасау. D) Мүйізден əшекейлер жасау. E) Алтын бұйымдар жасау.

6. Қожа Ахмет Йасауи дүниеге келген қала:

A) Отырар. B) Қашғар. C) Баласағұн. D) Сайрам. E) Бұқара.



7. Ташнау дегеніміз:

A) Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы.

B) Мəрмəр тас. C) Жуынды су ағатын құбыр. D) Өрнектелген кірпіш. E) Оюланған темір.

8. Боран мұнарасы қай ғасырға жатады:

A) VIII-IX ғғ. B) IX-X ғғ. C) X-XI ғғ. D) XII-XIII ғғ. E) XIV-XV ғғ.



9. Ұлытау етегіндегі ортағасырлық қалалар:

A) Лавар, Ақтам. B) Бурух, Хурлуг.C) Басқамыр, Аяққамыр.

D) Ашнас, Жент. E) Балаж, Берукет.

10. X ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала:

A) Сығанақ. B) Суяб. C) Испиджаб. D) Йасы.E) Құйрықтөбе.



11. Тараз қаласының батысында 18 шақырым жердеорналасқан, сəулет өнерінің тамаша туындысы:

A) Бабаджа-қатын кесенесі. B) Алаша хан кесенесі. C) Жұма мешіті.

D) Көккесене. E) Түгіскен кесенесі.

12. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш қай қалада теңге соқтырды:

A) Отырар. B) Тараз. C) Суяб. D) Иасы. E) Шаш.



13. Оңтүстік Қазақстанда маңызды сауда орталығы болған, «көпестер» қаласы атанған қала:

A) Сығанақ. B) Испиджаб. C) Тараз. D) Ашнас. E) Йасы.



14. ХІ-ХІІ ғасырлардағы екі шығыс моншасы табылған қала:

A) Қойлық. B) Сығанақ. C) Йасы. D) Отырар. E) Янгикент.



15. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала:

A) Тараз. B) Сығанақ. C) Отырар. D) Алмалық. E) Испиджаб.



16. VIII-IX ғасырларда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:

A) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез

қабылдануы.

B) Соғды жазуы кең тарады.

C) Араб билеушілерінің тыйым салуы.

D) Орыс əліпбиі кең тарады.

E) Парсы жазуы кең тарады.

17. Орта ғасырдағы діни сəулет құрылысы:

A) Шеберханалар.B) Сарайлар.C) Моншалар.D) Мешіттер.E) Махаллалар.



18. Жазба əдебиеттің көрнекті өкілі, Қараханмемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын:

A) А. Йасауи. B) А. Иүгінеки. C) Рашид ад-Дин. D) Əбілғазы. E) С. Бақырғани.



19. ХI-XII ғасырларға жататын «қоржын үйлер» табылаған қала:

A) Баласағұн. B) Жанкент. C) Қойлық. D) Тараз. E) Құйрықтөбе.



20. «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дəулет бер» деген қазақ мақал-мəтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі:

A) Ж. Баласағұни. B) М. Қашғари. C) А. Иүгінеки. D) А. Йасауи. E) Əл-Фараби.



21. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған атағы:

A) Əмір. B) Мырза. C) Бек. D) Ұлы хас – хажип. E) Ғалым.



22. М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мəңгі өшпес мұра:

A) «Түрік тілдерінің сөздігі». B) «Құт негізі - білік».

C) «Ақиқат сыйы». D) «Даналық кітабы». E) «Оғызнама».

23. Х ғасырдан бастап Қазақстанда əдеби жəне ғылыми шығармалар жазылған тіл:

A) Қазақ.

B) Араб.

C) Парсы.

D) Түрік.

E) Қыпшақ.



24. Қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:

A) Христиан.

B) Будда.

C) Зороастризм.

D) Ислам.

E) Ламаизм.



25. Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан мен Жошы хан кесенелері қай ғасырдың сəулет өнерінің ескерткіші:

A) XVI-XVII ғғ.

B) XIII-XIV ғғ.

C) XIV-XV ғғ.

D) XV-XVI ғғ.

E) XVII-XVIII ғғ.

10 XIII-XV ҒҒ.1-ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

1. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасында жақсы қарым-қатынас орнағандығы туралы айтылған тарихи еңбек:

A) Тарихи Рашиди. B) Тарихи Абулхайырхани. C) Жамиғат тауарих.

D) Түрік шежіресі. E) «Монғолдың құпия шежіресі».

2. Келешек монғол ханы Темүжінді тəрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы:

A) Торы. B) Сарық. C) Маркус. D) Құршақұз. E) Жамұқа.



3. Шыңғыс хан əскери-феодалдық Монғол мемлекетін құрды:

A) XIII ғасырдың аяғында.

B) XV ғасырдың басы.

C) ХІІІ ғасырдың басында.

D) XIV ғасырдың аяғы.

E) XIII ғасырдың ортасы.



4. Ақ Орда мемлекетінің орталығы:

A) Сығанақ. B) Сауран. C) Сайрам. D) Сарайшық. E) Сарай Бату.



5. Азаматтық басқару билігін атқарған, түрік əулеттерінен шыққан жергілікті əкімдер:

A) Мəліктер. B) Уəзірлер C) Беклербек. D) Даруғалар E) Басқақтар.



6. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алған Шыңғысханның баласы:

A) Шағатай. B) Үгедей. C) Төле. D) Жошы. E) Жебе Ноян.



7. Шыңғыс хан əскерінің Қытайға жорық жылдары:

A) 1211 – 1215 жылдары.

B) 1219-1220 жылдары.

C) 1219-1224 жылдары.

D) 1207–1208 жылдары.

E) 1207-1209 жылдары.



8. Шыңғыс ханның өзін қорғайтын жасауыл қалай аталған :

A) Батыр. B) Кешіктен. C) Жасақ. D) Уəзір. E) Түмен.



9. «Отырар апаты» – деген:

A) 1218 ж. Шыңғысхан жіберген саудагерлердің

өлтірілуі.

B) 1218 ж. Шыңғысханның Отырарға шабуылы.

C) Қытайдың Отырарға шабуылы.

D) Арабтардың Отырарға басып кіруі.

E) Жошының Отырарды басып алуы.

10. Шыңғыс хан Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін:

A) Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.

B) Салықты кемітті. C) Сот жүйесін жетілдірді.

D) Отырар опатын ұйымдастырды. E) Хандарын мараппатады.



11. Шыңғысхан 1217 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға

аттандырды:

A) Жошыны. B) Жебе ноянды. C) Шағатайды. D) Үгедейді. E) Батыйды.



12. Батый ханның Алтын Орданы билеген жылдары:

A) 1236-1242 жж. B) 1227 – 1255 жж. C) 1312-1342 жж.

D) 1342- 1357 жж. E) 1255-1266 жж.

13. Алтын Орда Монғол империясынан бөлініп, өз алдына тəуелсіз мемлекет болды:

A) Өзбек хан кезінде. B) Батый хан кезінде. C) Жошы хан кезінде.

D) Жəнібек хан кезінде. E) Берке хан кезінде.

14. 1266 – 1280 жылдары Алтын Ордада билік басында болған :

A) Меңгу-Темір. B) Өзбек. C) Жəнібек. D) Сасы Бұға. E) Тоқа Темір.



15. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін – деп жариялаған хан:

A) Батый.B) Берке.C) Өзбек.D) Тохты.E) Мөңке.



16. Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды:

A) Орда Ежен мен Шайбани хан. B) Үгедей мен Шағатай.

C) Мөнке мен Төле. D) Ерзен мен Мұбəрак. E) Мүбəрак пен Өзбек.


Каталог: uploads -> doc -> 0ab2
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0ab2 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет