Еуропалық ғалымдар Марста жер асты шөгінділерінен үлкен мұзды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызыл планетаның экваторлық белдеуінен мұз табылған.

Мұз қабаты шамамен 300 метр тереңдікте орналасқан және тау жыныстары, шөгінділермен жабылған. Оның қалыңдығы – 4 километр. Сарапшылар бұл мұздың бүкіл планетаны тереңдігі үш метрге дейінгі мұхитпен қамтуға жеткілікті дейді.

  • Жапония Айға кемесін қондырған бесінші ел болды
  • Марс секілді нысан мен Жердің соқтығысуынан пайда болған: Ғалымдар Айдың нақты жасын айтты

Марста соңғы үш миллиард жыл ішінде лава ағынынан мұз пайда болған. Содан кейін ол жанартау күлінің қалың қабатымен жабылған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.