Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Білімдік сала:



жүктеу 43.44 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі43.44 Kb.

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы

Білімдік сала: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: 7 саны және цифры.7 санының жасалуы, 1-ді қосу.



Мақсаты:

а) 7 саны және цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; санды және реттік санау дағдасын жетілдіру; 9 цифрын табу және бейнелеуді үййрету;

ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) жинақылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

І. Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Құрметті қонақтар!


Балалар бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.

Балалардың к/ңіл күйлері көтеріледі.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

ІІ. Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге өте көп құртақандар келіпті, бірақ олар өз орындарын шатастырып алыпты. Енді сіздерден көмек сұрап жатыр. Бәріміз бірге әр қайсысын берілген андар арқылы орындарын тауып берейікші.

  • Ал, сендер осы сандар туралы санамақ білесіңдер ме?


ІІІ. Енді осы құртақандарға тағы бір құртақанның қосылғысы келіп тұр екен!

  • Қосамыз ба?

  • Олар қалайша жетеу болып шықты?

  • Иә, дұрыс. Бүгін біз сендермен 7 саны және цифрымен танысамыз.

-Кемпірқосақ неше жолақтан тұратынын бүлу үшін жолақтарды санайық.

- Түстерін атап беріңдерші?

Осы 7 түсті, 7 цифры деп белгілейді.

(7 саны туралы тақпақ оқу)

Жазда шөпті шабар,

Қыста тыным табар,

Шалғы бар әр үйде,

7-ге ұқсас бәрі де.
Енді қарындашпен 7 санын ауда жазып көрейік.
ІV. Дәптермен жұмыс.

  1. тапсырма.

«7 санын бастыр»
V. Сергіту сәті.
2 – тапсырма

VI. «Қай сан жетіспейді?»
Тілдік , саусақ жаттығуы.
3-тапсырма.

VII. «Жүк машиналарды топтастыр»
4 тапсырма.

VIII. «Жазбаны суретпен қос»



Балалар орындарына орналастырады.

1-6 дейін тура және кері санайды.
1 дегенім-бесік, шықтым одан өсіп,

2 дегенім-елім, далам, тауым, көлім,

3 дегенім-үміт, үміт артар жігіт,

4 дегенім-төзім, төзе білем өзім,

5 дегенім-бақыт, бағалайтын уақыт,

6 дегенім-ақыл, тыңдағаның мақұл.


Балалар ойланып жауап береді.

-7 дегеніміз, 6 және 1.

Балалар 7 санын педагогпен бірге ауада салады.
7 санына байланысты тапсырманы орындайды.


Тиісті сандарды жазады.

Тапсырманы қызығушылықпен орындайды.


Рефлексиялық-

түзетушілік

IX. Балалардың 7 санын қаншалықты

түсініп, меңгергенін тексеру

шарларды кемпірқосақтың

түстері мен бояу керек.

-Шар жетті ме? Неге? Өйткені

кемпірқосақтың түсі 7-еу, ал

шар 6-ау.

Тағы 1 шардың суретін салыңдар.

Сабақты қорытады және балаларды сабақта белсенділік танытқаны

үшін мадақтайды.

Құртақандарды шығарып салады және оларды кері қарай санайды.

Бесінші құртақан кетті, төртінші...

үйіне қайтып бара жатыр.

7 санымен және

цифрымен

танысқандарын

айтады.

Құртақандарды

кері тәртіппен

санап, шығарып

салады.

Күтілетін нәтиже:

Жанғыртады: 7 саны және цифрын;

Түсінеді: 7 цифрының жазылуы туралы түсінікті;

Қолданады: 7 саны көлемінде тура және кері санауды, 7 заттан тұратын топ

құрауды, 7 цифрын тануды.


Каталог: uploads -> doc -> 0d06
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d06 -> Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл – көсір. «Абылай» шағын орталығы Дайындаған


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет