Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды полицейлер іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скрин

Желіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп, кейін оны бірнеше рет ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ер адамның жедел жәрдем жүргізушісінің аулаға көлікті қойғанына көңілі толмайтынын айтқанын байқауға болады. 

  • Атырауда әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдемнің жұмысына наразы
  • "Маша мен аю" мультфильміндегі көлікке ұқсайды": Алматы облысының тұрғыны шақыртуға кеңестік жедел жәрдем көлігі келгеніне ашуланды

Жағдайға қатысты Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген қарағандылық тұрғынды анықтады. Оны ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған көлік жүргізушісі жауапқа тартылған болатын.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.