¦жымдыќ шарт



жүктеу 1.44 Mb.
бет1/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.44 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

«____________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» МКМ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының ____________ облыстық ұйымы» ҚБ


«____________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» МКМ

мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ____________ облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2018-2020 жылдарға жасалған

әлеуметтік әріптестік туралы

КЕЛІСІМ

____________ қ-сы

Мазмұны
Бірінші тарау. Жалпы ережелер

Екінші тарау. Еңбек шарты

Үшінші тарау. Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен

біліктілігін арттыру

Төртінші тарау. Жұмысшылардың босауы және олардың еңбекпен



қамтылуына септік ету.

Бесінші тарау. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Алтыншы тарау. Еңбек ақы мен еңбек нормалары

Жетінші тарау. Кепілдіктер мен өтемақылар

Сегізінші тарау. Еңбек пен денсаулықты қорғау

Тоғызыншы тарау. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері

Оныншы тарау. Кәсіподақтың міндеттемелері

Он бірінші тарау. Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру және жастар саясаты.

Он екінші тарау. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қақтығыстары мен ереуілдерді ескерту мен алдын-алу бойынша Келісім тараптарының іс қимылдарын үйлестіру.

Он үшінші тарау. Келісімнің орындалуына бақылау жүргізу. Тараптардың жауапкершілігі



Келісімнің қосымшалары:


  1. Жұмыс берушілер актілері мен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы шешімдер қабылдағанда сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірін ескеру мен келісім алу тәртібі (№1 қосымша).

  2. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі туралы Ереже (№2 қосымша).

  3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы (№3 қосымша).

  4. Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін берілетін жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы, бір аптадағы қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы (№4 қосымша).

  5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сыйақы төлеу, материалдық көмек беру және лауазымдық жалақыларына қосымшалар белгілеу Ережелері (№5 қосымша).

  6. Толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт үлгісі (№6 қосымша).

  7. Арнайы киім, аяқ киім мен өзге де жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз етілетін жұмысшылар лауазымдары мен кәсіптер тізбесі (№7 қосымша).

  8. Қызметкерлерге тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін беру нормалары мен оларды тарату шарттары (№8 қосымша).

  9. Сабын, тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер тізбесі (№9 қосымша).

  10. Еңбек қорғау жөніндегі Келісім (№10 қосымиша).

11. Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы Ереже (№11 қосымша);

12. Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ереже (№12 қосымша).

13. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісім комиссиясы туралы Ереже (№13 қосымша).

14. Оқыту келісім оқыту шартының жобалық үлгісі (№14 қосымша).

____________'>Бірінші тарау

Жалпы ережелер
1.1. Осы келісім «____________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» МКМ (ары қарай - Басқарма) мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының ____________ облыстық ұйымы» ҚБ (ары қарай - Кәсіподақ) арасында жасалған «____________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» МКМ мемлекеттік өкілетті орган болып табылатын барлық білім беру ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттейтін құқықтық акт болып табылады.

1.2. Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (ары қарай - ҚР ЕК), өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, Әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған.

1.3. Келісімнің тараптары:

- Білім басқармасы бағынысындағы білім мекемелері мен ұйымдарының Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлері атынан олардың өкілі - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ____________ облыстық ұйымы» ҚБ;

- білім беру ұйымдары (білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, ары қарай – Жұмыс берушілер) олардың өкілі болып табылатын – Білім басқармасының басшысы.

1.4. Кәсіподақ мүшесі емес қызметкерлер, өздерінің жазбаша өтініші бойынша, Кәсіподақты жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарында мүдделерін танытуды сұранып, осы келісімге қосыла алады. Кәсіподақ өз мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің, олар Кәсіподақтың есепшотына әр ай сайын өз жалақыларының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қаржы аударып отырған жағдайда, мүддесін танытып, осы келісімнің күшін таратады.

1.5. Осы келісімнің күші білім беруді басқару органдарына, білім және ғылым ұйымдарына, жұмыс берушілерге, Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлерге және оған қосылған тұлғаларға таратылады.

1.6. Осы Келісімнің негізгі ережелері қалалық және аудандық салалық келісімдерге, сондай-ақ Білім басқармасының қарамағындағы, Кәсіподақтың құрамында мүшелікке қамтылған, ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлер арасында жасалатын ұжымдық шарттарға міндетті түрде енгізілетін негіздер болып табылады.

Еңбек және ұжымдық шарттардың талаптары қызметкерлердің еңбек заңдылығымен және осы Келісіммен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс.

1.7. Осы Келісімнен туындайтын ережелер ең төменгі болып табылады, сондықтан қалалық және аудандық келісімдерді, сала ұйымдарындағы ұжымдық шарттарды жасағанда алынып тасталмайды немесе төмендетілмейді.

Келісімдер жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін ұжымдық шарттармен қабылданған міндеттемелері мен кепілдіктерін жоғарылату құқықтарын шектемейді.

1.8. Қызметкерлерге бірмезетте бірнеше Келісімдердің күші таратылатын жағдайда қызметкерлерге мейлінше қолайлы әрі оңтайлы шарттар көзделген Келісім талаптары қолданылады. Ұжымдық шарттарда қызметкерлер үшін Келісімдерде көзделген шарттардан қолайлы әрі оңтайлы жағдайлар көзделгенде қызметкерлер үшін ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады.

Келісімнің күші жүретін мерзімде қабылданған және қызметкерлердің жағдайын жақсарта түсетін нормативтік-құқықтық актілер қабылданған жағдайда, Келісімнің сәйкес нормаларының аясы арта түседі және сол нормативтік-құқықтық актілердің күшіне енген мезгілден бастап қолданылады. Егер мұндай нормативтік-құқықтық актілер қызметкерлердің жағдайын нашарлатса, Келісімнің талаптары мен шарттары қолданылады.

1.9. Тараптар осы келісім мәтіні, оған қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде, білім беру ұйымының басшысы тарапынан қызметкерлердің назарына жеткізілуі қажеттігі туралы келісті.

Кәсіподақ қызметкерлерге осы келісім ережелерін түсіндіріп, олардың жүзеге асырылуына септік етуге міндеттенеді.

1.10. Осы Келісімді жасау бойынша келіссөздер жүргізу, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ, оны жүзеге асуын бақылау, ағымдағы мәселелерді қарау мен туындайтын даулы жағдайларды шешу үшін, әр тараптан тең құқылы негізде 5 адамнан, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі екіжақты комиссия құрылады.

Егер тараптар туындаған дау бойынша өзара қолайлы шешімге келе алмаса, ондай дау еңбек дауын шешу жөніндегі қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіппен шешілуі мүмкін.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі екіжақты комиссияның сапалық құрамын Тараптар өз бетінше дербес анықтайды.

Комиссия туралы Ереже, оның жұмыс тәртібі мен құзыреті комиссияның алғашқы отырысында қаулымен бекітіледі.

Комиссия өз отырыстарын қажетіне қарай, бірақ күнтізбелік жылдан кемінде екі рет өткізуі тиіс.

1.11. Осы Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар комиссия мен осы Келісімге қол қойған басшыларды жазбаша түрде хабарландырады. Тараптар берілген ақпаратты талқылайды да тиісті шешім қабылдайды.

1.12. Келісім күші білім мекемесі, оның ішінде Білім басқармасы және Кәсіподақ ұйымдық өзгеріске ұшыраған (бірігу, қосылу, бөліну, жіктелу, қайта құрылу) жағдайларда сақталады.

1.13. Осы келісімге енетін қандай да бір білім беру ұйымының меншік иесі ауысқанда келісімнің күші 3 ай мерзімге сақталады. Меншік құқықтары ауысатын үш айлық мерзім ішінде Кәсіподақ пен меншіктің жаңа иесі осы келісімді қалдыру немесе жаңа келісім жасасу туралы келіссөздер жүргізуді бастауға құқылы.

1.14. Білім мекемесі жойылған жағдайда келісімнің күші осы ұйымның барлық қызметкерлерімен еңбек шарты тоқтатылғанға дейін сақталады.

1.15. Тараптар осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастама көтеруші тарап екінші тарапқа Келісімді жасау тәртібіне сәйкес келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

Келісімге тараптардың қабылдап енгізген өзгертулері мен толықтырулары жеке хаттамамен және қосымша келісіммен рәсімделеді әрі ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

1.16. Келісім күшінің таралу мерзімі ішінде тараптардың ешқайсысы өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуға құқығы жоқ.

1.17. Осы келісім бойынша алынған міндеттемелерді қайта қарау білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуіне алып келмеуі тиіс.

1.18. Осы келісім оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

1.19. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларын құру міндеттілігі туралы келісімге келді. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек даулары, еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралуы мүмкін.

Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы тұрақты жұмыс жасайтын орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіне ие, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері болып табылатын әрбір білім беру және ғылым мекемесінде, кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінен тең құқылы жағдайда жасақталады.

Сонымен қатар, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдерімен Білім басқармасында және әкімшілік аумақтық бірліктер бойынша – аудан, қала, облыс деңгейінде құрылуы мүмкін. Олар нақты мекемеде (ұйымда) құрылған келісу комиссиялары құрылатын негізде жасақталады және жұмыс атқарады.

Барлық санаттағы жеке еңбек даулары білім беру ұйымында құрылған келісу комиссиясында, сондай-ақ аудандық, қалалық немесе облыстық деңгейде құрылған келісу комиссияларында да қаралуы мүмкін.

Келісу комиссиясының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру тәртібі келісу комиссиялары туралы ережемен белгіленеді. (№13 Қосымша)

1.20. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі актілері бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылданатыны туралы келіседі:

1) ішкі еңбек тәртіп ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) жұмыс кестелері;

4) демалыс кестелері;

5) педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі;

6) педагогикалық қызметкерлердің қолданыстағы біліктілік санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестациясын тағайындау туралы шешімі;

7) біліктілік санатын төмендету туралы шешім;

8) еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатын актілер:



  1. еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бұйрықтар;

  2. жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

  3. жұмысшыларға мереке және демалыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар;

  4. штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

  5. көтермелеулер мен тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

  6. сыйақы беру, қосымша төлем тағайындау мен материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтар;

  7. толық емес жұмыс күні режимін енгізу туралы бұйрықтар;

  8. күнделікті жұмысты бөлшектеу туралы бұйрықтар;

  9. жұмыс уақытының жиынтықталған есебін қолдану туралы бұйрықтар.

1.21. Тараптар, жұмыс берушінің төмендегі актілері мекеме (ұйым) кәсіподақтық қызметке алынған Аумақтық құрылымдық бөлімшенің (Кәсіподақ Филиалының) Атқару комитетімен келісе отырып қабылданатыны туралы келісімге келді:

  1. жұмыс күшінің жаппай бір мезетте 5-тен 10 адамға дейін босауына алып келетін жұмысшылар саны немесе штаттың қысқаруы туралы актілер;

  2. қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін көтеру нысандарын, қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізбесін, әр күнтізбелік жылға оқумен қамтылатындардың санын белгілеу.

1.22. Ұйымның жойылуы мен 10 адамнан артық жұмыс күшінің бір мезетте жұмыстан босауы туралы актілер Кәсіподақтың Облыстық Комитетімен келісіледі.

1.23. Кәсіподақ органынан келісім алынған жағдай кәсіподақ органы төрағасының қолы қойылған құжаттың болуымен анықталады. Кәсіподақ келісімі мен дәлелді пікірі осы келісім тараптарының өзара келіскен Тәртібі бойынша сұралады (№1 қосымша).


Екінші тарау

Еңбек шарты

2.1. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту мен бұзу тәртібі ҚР ЕК, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, білім мекемелерінің Жарғыларына (ережелеріне) сәйкес жасалады және қызметкерлердің жағдайын қолданыстағы еңбек заңдылығымен, сондай-ақ Бас, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен, осы ұжымдық шартпен қол жеткен жағдайлармен салыстырғанда төмендетпеуі тиіс.

2.2. Еңбек шарты жұмысшымен жазбаша түрде екі данада жасалып, оның әрқайсысына жұмыс беруші мен жұмысшы қол қояды. Еңбек шарты оларды есепке алу кітабында тіркеледі. Тараптардың қолы қойылып, мекеменің мөрімен расталған еңбек шартының бір данасы жұмысшының қолына беріледі. Еңбек шартының бір данасын табыс ету жағдайы жұмысшының еңбек шарттарын есепке алу кітабына қол қоюы арқылы нақтыланады. Еңбек шарты жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға негіз болып табылады.
2.3. Жұмыс сипаты тұрақты болып табылатын жұмыстарға еңбек шарты шектеусіз мерзімге немесе бір жылдан кем болмайтын мерзімге жасалуы мүмкін. Аталған ереже еңбек шарты қызметтерді біріктіріп (қоса) атқару шартымен жасалған қызметкерлерге таратылады.

Еңбек шартының мерзімі аяқталғанда тараптар оны шектеусіз мерзімге немесе бір жылдан кем болмайтын мерзімге созуға құқылы.

Еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда тараптардың ешқайсысы бір жұмыс күнінің (ауысымының) барысында еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабарландырмаса, ол еңбек шарты, ҚР Еңбек кодексінің 51 б. 2 т. көзделгеннен өзге жағдайларда, осыған дейін жасалған мерзімге жасалған деп есептеледі.

Бір жылдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзарту екі реттен аспауы тиіс.

Еңбек қатынастары 2 рет ұзартудан кейін жалғасқан жағдайда еңбек шарты шектеусіз мерзімге жасалған болып есептеледі.

Еңбек шарты бір жылдан кем мерзімге тек қандай да бір нақты жұмысты атқарған жағдайда, жұмыста уақытша жоқ қызметкерді алмастырғанда, маусымдық жұмыстарды атқарған мерзімге жасалады.

Жұмыс беруші мен зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмысберушілер қолданыстағы еңбек шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жыл сайын ұзартып және бұйрық шығарып отыруға құқылы. Осы жағдайда бұл еңбек шартын ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24 т.т. сәйкес (зейнеткерлік жасқа жету) бұзу болып есептелмейді және өтемақы төлемі берілмейді. Жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т. сәйкес өтемақы төлемін еңбек шартын ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24 т.т сәйкес бұзған жағдайда ғана жүргізеді.

Сонымен қатар жұмыс беруші мен зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмысберушілер қолданыстағы еңбек шартын оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзып, оны жыл сайын қайта жасауға құқылы. Бұл жағдайда еңбек шарты ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24 т.т. сәйкес (зейнеткерлік жасқа жету) бұзылды деп есептеледі де жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т. сәйкес, осы Келісіммен және (немесе) Ұжымдық шартпен белгіленген мөлшерде, өтемақы төлемін жүргізеді. Осы ретте зейнет жасына жеткен қызметкермен жасалған еңбек шартының біржылдық мерзімі аяқталғанда еңбек шарты ҚР ЕК 49 б. 2 т.т. және 51 б. Сәйкес, яғни еңбек шарты мерзімінің аяқталуына орай бұзылады және өтемақы төлемі жүргізілмейді.



Зейнет жасына жеткен қызметкермен жасалған еңбек шарты жыл сайын ұзартылған жағдайда, еңбек шарты бір жылдық мерзімге жасалады да, аталған қызметкерге еңбек заңдылығымен көзделген барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер, өтемақылар (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, сауықтыру жәрдемақысы және т.б.) сақталуы тиіс.

2.4. Жұмыс қабылданған жағдайда төмендегі санаттағы қызметкерлерге сынақ мерзімі белгіленбейді:

- мүгедектер;

- жас мамандар;

- Жұмыс беруші анықтайтын, өзге тұлғалар.
2.5. Егер еңбек шартын тоқтату немесе бұзу күнінде Қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе өзге демалыста немесе уақытша еңбекке жарамсыз болса, ол Қызметкермен еңбек шарты, ҚР ЕК 52 б. 1 т. 1), 18), 20) және 23) т.т. көзделген және уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастырған жағдайлардан өзге жағлдайларда, жұмысқа шыққан алғашқы күні бұзылады.
2.6. Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары, оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының мөлшері, жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

Еңбек шартындағы жағдайлар тек тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде ғана, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Білім беру ұйымдарының басшылары жұмысшыларды және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін қызметкердің еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, сол өзгерістер енгізілгенге дейінгі бір ай бұрын, жазбаша түрде ескертуге міндетті.

Мүгедек азаматпен жасалатын Еңбек шарты олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындарына қатысты шарттарды қамтуы тиіс.


2.7. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің (педагогикалық жұмыстың) көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.

Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылындағы сыныптар, топтар мен оқу жүктемесін анықтау үшін ағымдағы оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кеткенге дейін жүргізіледі.

Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді кезекті демалысқа кеткенге дейін олардың жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруы тиіс. Оқу жылы басталғанда нақты оқу жүктемесі, білім беру ұйымының штаттық құрамының өзгеруіне, оқушыларды жасақтау нәтижелеріне, оқу жоспарларының өзгеруіне байланысты, алдын ала бөлінген оқу жүктемесінің мөлшерімен сәйкес келмеуі мүмкін.

2.8. Осы мекеме негізгі жұмыс орны болып табылатын мұғалімдер үшін жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесін белгілегенде, оның ағымдағы оқу жылындағы жүктеме мөлшері мен сыныптарда, топтарда жүргізетін пәндердің сабақтастығы сақталады. Мұғалімдерге жаңа оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында, сондай-ақ кезекті оқу жылына әкімшіліктің бастамасымен, оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сай сағаттардың қысқарып, сынып сандарының азаюынан өзге жағдайларда, төмендетіле алмайды.

Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі бірінші және екінші жартыжылдықта әртүрлі болуы мүмкін.

Мұғалімдерге оқу жүктемесінің мөлшері заңдылықпен нормативті түрде белгіленген артық немесе кем болып белгіленуі тек олардың жазбаша келісімімен жүргізіледі.

2.9. Осы мекемеде жұмыс істеп оқытушылық қызметті негізі жұмысынан тыс атқаратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де білім мекемелері мен ұйымдары, мекемелер мен ұйымдардың (білім беруді басқару органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) педагогикалық қызметкерлері үшін оқу сағаттары, осы білім мекемесі негізгі жұмыс орны болып табылатын мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы ставкасынан кем емес мөлшерде, қамтылған жағдайда ғана беріледі.

Тараптар білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне (директорлар, меңгерушілер және олардың орынбасарлары), өкілетті органның келісімі бойынша, біріктіріп атқару шартымен 9 сағатқа дейінгі мөлшерде қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін екендігі туралы келісті. Басшы қызметкерлерге аталған қосымша педагогикалық жүктеме осы білім мекемесі негізгі жұмыс орны болып табылатын мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы ставкасынан кем емес мөлшерде, қамтылған жағдайда ғана беріледі.
2.10. Бала күтіміне байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі, демалыста отырған мұғалімдер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге мұғалімдерге беріледі.

2.11. Жұмыс емес мереке және демалыс күндеріне оқу жүктемесі жоспарланбайды.

2.12. Мұғалімнің еңбек шартындағы немесе басшы бұйрығындағы оқу жүктемесінің оқу жылы ішінде артуы немесе кемуі тек қана:

а) тараптардың өзара келісімі бойынша;

б) жұмыс берушінің бастамасы бойынша келесі жағдайларда:

- оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша оқу сағаттары азайғанда, сынып (топтар) саны қысқарғанда;

- өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесі уақытша артқанда (мұндай жағдайда жұмысшының келісімінсіз арттырылған оқу жүктемесімен жұмыс істеу ұзақтылығы күнтізбелік жыл бойында бір айдан аспауы тиіс);

- жұмыс тоқтап қалып, сол уақытқа жұмысшыға сол немесе өзге мекемеде, бірақ сол жергілікті жерде, олардың мамандығы мен біліктілігіне сай бір айға дейін өзге жұмыстар жүктелсе (табиғи жағдайларға байланысты сабақтың тоқтату, карантин және өзге де жағдайлар);

- еңбек дауын қарайтын органмен бұрын соңды осы оқу жүктемесін орындаған мұғалім жұмысқа қайта орналасқанда;

- бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдің демалысын мерзімінен бұрын үзіп немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралғанда жүргізіледі.

2.13. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын елеулі өзгертуге, ережеге сай, тек жаңа оқу жылына еңбек жағдайларының ұйымдық немесе технологиялық өзгеруімен (сынып комплектілерінің, топтардың немесе оқитындар (тәрбиеленушілер) санының өзгеруі, оқу жоспарлары бойынша оқу сағаттарының өзгеруі, тәжірибе жүргізу, мекеме жұмысының ауысымдылығының өзгеруі, сондай-ақ білім бағдарламаларының өзгеруі және т.б.) байланысты, бірақ қызметкер жұмысының еңбек функциясы өзгерместен жалғасқан жағдайда (белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) жол беріледі.

Оқу жылы ішінде еңбек шартын елеулі өзгертуге тек ерекше, яғни тараптардың қалауынан тыс, жағдайларда ғана жол беріледі.

Еңбек шарттарына елеулі өзгерістердің енгізілетіні туралы қызметкер жұмыс беруші тарапынан жазбаша түрде кемінде бір ай бұрын ескертілуі тиіс.

Егер жұмысшы жұмысын жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, жұмыс беруші мекемеде оның біліктілігі және денсаулық жағдайына сәйкес өзге жұмысты жазбаша түрде ұсынуға, ал ондай жұмыс болмаған жағдайда, қызметкер өз біліктілігі мен денсаулық жағдайына байланысты атқара алатын – бос тұрған төменгі лауазым немесе төмен ақылы жұмысты ұсынуға міндетті.

2.14. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі жұмысшымен еңбек шартын жасағанда оны осы ұжымдық шартпен, мекеме Жарғысымен (Ережемен), ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және мекемеде қолданылатын өзге де локальды нормативтік актілермен жазбаша түрде таныстыруға міндетті.

2.15. Жұмысшымен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. Еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен ҚР ЕК 52 б. көзделген кез-келген негіз бойынша бұзылғанда, 1), 12), 21), 20) және 20) тармақшалармен көзделген жағда йлардан басқа, Жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымның кәсіподақ комитетінің алдын-ала дәлелді пікірін алуға міндетті.



2.16. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшылары жұмысқа қабылдау барысында ҚР «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 13 шілде 2009 жылғы №338 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипатталамарын басшылыққа алады.

Бұл ретте ҚР Конституциясының 77 бабы 3 тармағының 5 тармақшасымен және Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 43 бабымен көзделген жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды, егер қызметкер жұмысқа, олардың жағдайын нашарлататындай жаңа талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгенге немесе қолданыстағы актілерге өзгертулер енгізілгенге дейін қабылданса, сондай-ақ, қабылданған мезгілде қызметкер қойылған талаптарға сай болса, мұндай қызметкер бастапқы қабылдаған лауазым бойынша өзінің педагогикалық қызметін жалғастыруға толық құқығы бар.

2.17. Тараптар, аудан орталықтары мен қалалардан шалғай орналасқан елді мекендерде тиісті педагогикалық білімі бар білікті кадрлар болмаған жағдайда, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын орындау мақсатында, ерекше жағдай ретінде, білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі мен аттестациялық комиссиясының шешімдеріне сәйкес ол сабақтарды жапсарлас және (немесе) өзге пәндердің мұғалімдеріне жүргізуге мүмкіндік беру туралы келісті.

2.18. Егер мекемеде қызметкерлер туралы жеке мәліметтерді сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығарылмаған болса білім беру ұйымдарының басшылары 2018 жылдың 1 ақпанына дейін аталған бұйрықтарды шығару туралы міндеттеме қабылдайды.

Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының «Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы» 21 мамыр 2013 жылғы N94-V Заңына сәйкес қызметкердің жеке мәліметтерін жинауды, өңдеу мен қорғауды қамтамасыз етуге және төмендегі талаптарды сақтауға міндеттенеді:


  1. Қызметкердің жеке мәліметтерін, оның жазбаша келісімінсіз, үшінші тарапқа хабарламау;

  2. Қызметкердің жеке мәліметтерімен танысуға тек арнайы өкілетті тұлғаларға ғана рұқсат беру. Бұл ретте аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындауға қажетті мәліметтерін ғана алу құқығына ие болуы тиіс және конфиденциалдық шартты сақтауға міндетті;

  3. Қызметкердің мекеме аясындағы жеке мәліметтерін беруді жұмыс берушінің актісіне сәйкес, онымен жұмысшыны таныстыра отырып, жүргізеді.


Үшінші тарау

Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру
3. Тараптар келесі шарттар бойынша өзара келісімге келді:

3.1.1. Білім басқармасы білім беру ұйымдарының қажеттілігі үшін кадрлардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлаудың қажеттілігін анықтайды.

3.1.2. Білім басқармасы Кәсіподақпен келісе отырып кәсіби даярлық, қайта даярлау мен біліктілік көтеру нысандарын, қажетті мамандықтар мен кәсіптер тізбесін, әр күнтізбелік жылға оқушылар санын белгілейді.

3.2. Жұмыс беруші келесі міндеттемелер алады:

3.2.1. Барлық қызметкерлердің кәсіби даярлығын, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

3.2.2. Бюджет қаражаты есебінен әр бес жылда кемінде бір рет білім беру ұйымдарының педагогикалық және медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отырады.

3.2.3. Жұмысшылардың босауы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы бір мезетте болған жағдайда босайтын жұмысшыларды жаңа жұмыс орындарына орналастыру мақсатында жедел оқытуды жүзеге асырады.

3.2.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарға жолданумен байланысты шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережесі» басшылыққа алынады.

Қызметкерді біліктілігін көтеруге жолдағанда, оның жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша жалақысын сақтайды және, егер жұмысшы біліктілігін көтеруге басқа жерге жолданса, оған жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша жалақысын сақтайды, сондай-ақ қызметтік іссапарға жолданатын тұлғаларға, қолданыстағы заңдылықпен көзделген тәртіппен және мөлшерде, іс сапар шығындарын (сөткелік, оқу орнына бару және қайту, баспанада тұру) төлейді.

Іссапар шығындары келесі тәртіппен төленеді: іссапарға жолданатын қызметкерге іссапарға шығар алдында жол жүру шығындарын, тұрғын үйді жалға алу және сөткелік шығындарды өтеу бойынша тиесілі шығындар шегінде қаржылай аванс беріледі. Қызметкер іс сапардан келгеннен соң бес күннің ішінде нақты жұмсалынған іс сапар шығындары бойынша аванстық есеп тапсыруға міндетті. Аванстық есепке белгіленген тәртіппен рәсімделген іс сапар куәлігі, тұрғын үйді жалға алу мен жол жүру шығындары туралы құжаттар тіркеледі.

Егер іссапарға жолданған қызметкерге тиісті шығындары үшін қаржылай аванс берілмеген болса, қызметкердің іссапармен байланысты шығындары іссапар аяқталғаннан соң қызметкер тарапынан тиісті растау құжаттары тапсырылғанда өтеледі. Егер қандай да бір объективті себептермен іссапар шығындарын іссапар аяқталған мезетте өтеу мүмкін болмаса, аталған шығындар үш ай мерзім ішінде өтелуі тиіс.
 Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, мынадай тәртiппен шығыстар өтеледi:

1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;

2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны (тәулiкақының орнына үстемеақы) төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.


      Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда, іссапарға жолданған қызметкердің пікірін ескере отырып, қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеменiң басшысы шешедi.





Каталог: uploads -> Социальное%20партнерство
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
Социальное%20партнерство -> Жылдарға арналған Ұжымдық шарты шартқа қол қойғандар
Социальное%20партнерство -> Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет